Қазақстан Республикасының білім беру және мәдениет ұйымдарын атау мен қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қыркүйектегі N 944 Қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы ұйымдарды, темiр жол станцияларын, әуежайларды, сондай-ақ физикалық-географиялық объектiлердi атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскрипциясын өзгертудiң тәртiбiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы N 281  қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес бiлiм беру және мәдениет ұйымдарына белгiлi қоғам қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, көрнектi композиторлардың, жазушылардың, мәдениет қызметкерлерiнiң, Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлсiн.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бiлiм беру ұйымдары қайта аталсын.

      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы    
Үкiметiнiң        
2006 жылғы 29 қыркүйектегi 
N 944 қаулысына     
1-қосымша     

Белгiлi қоғам қайраткерлерiнiң, ғалымдардың, көрнектi композиторлардың, жазушылардың, мәдениет қызметкерлерiнiң, Кеңес Одағы Батырларының есiмдерi берiлген бiлiм беру және мәдениет ұйымдарының тiзбесi

Ақтөбе облысы бойынша

      Мұғалжар ауданы Қандығаш қаласының балалар музыка мектебiне - көрнектi композитор Ахмет Жұбановтың есiмi;
      Ойыл аудандық өнер және өлке тарихы музейiне - қоғам қайраткерi Шығанақ Берсиевтiң есiмi;

Алматы облысы бойынша

      Қаратал ауданы Кiшiтөбе ауылының Новая жизнь орта мектебiне - ғалым-жазушы, Кеңес Одағының Батыры Мәлiк Ғабдуллиннiң есiмi;
      Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының орта мектебiне - Наурызбай батыр Құтпанбетұлының есiмi;

       Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Үржар ауданының Ақшоқы орта мектебiне - тiл маманы-лингвист, профессор Тұрағұл Қоңырдың есiмi;
      Абай аудандық балалар өнер мектебiне - әншi-композитор Жәнiбек Кәрменовтiң есiмi;

Батыс Қазақстан облысы бойынша

      Казталов ауданы Казталов аудандық мәдени-демалыс орталығына - Қазақ КСР-iнiң еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi - Сағит Садықовтың есiмi;
      Сырым ауданы Жымпиты ауылдық округiнiң Өлеңтi жалпы бiлiм беретiн орта мектебiне - қоғам қайраткерi Жанша Досмұхамедовтiң есiмi;
      Орал қаласының N 38 орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың есiмi.

Қазақстан Республикасы  
Үкiметiнiң       
2006 жылғы 29 қыркүйектегi
N 944 қаулысына     
2-қосымша     

Қайта аталған бiлiм беру ұйымдарының тiзбесi

Ақтөбе облысы бойынша

      Мәртөк ауданының Нагорный орта мектебi - Саржансай орта мектебi;

Алматы облысы бойынша

      Үштөбе қаласының К.Д. Ушинский атындағы орта мектебi - жазушы Ілияс Есенберлин атындағы орта мектеп;
      Қаратал ауданы Жылыбұлақ ауылының Новый мир орта мектебi - Жылыбұлақ орта мектебi;
      Қаратал ауданы Үшкөмей ауылының Приморец орта мектебi - Үшкөмей орта мектебi;
      Қаратал ауданы Қарашеңгел ауылының Тельман атындағы орта мектебi - Қарашеңгел орта мектебi;

Шығыс Қазақстан облысы бойынша

      Ұлан ауданы Асубұлақ кентiнiң В.И.Ленин атындағы орта мектебi - Асубұлақ орта мектебi;
      Ұлан ауданы Бозанбай ауылының C.M.Киров атындағы орта мектебi - Бозанбай орта мектебi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады