Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қазандағы N 963 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.04.14 № 302 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң      
2006 жылғы 6 қазандағы
N 963 қаулысымен  
мақұлданды     

Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың
2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы

Астана, 2006 ж.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе
1.  Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының қазiргi жай-күйi және оның мемлекет экономикасындағы рөлi
1.1. Балық шаруашылығының жай-күйi
1.2. Балық шаруашылығы қоры
1.3. Өсiмдi молайту
1.4. Тауарлық балық өсiру (аквакультура)
1.5. Саланы ғылыми қамтамасыз ету
1.6. Балық ресурстарын мемлекеттiк басқару және қорғау
2.  Қазiргi кезеңдегi балық шаруашылығының негiзгi проблемалары
3.  Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының мақсаты мен мiндеттерi
4.  Тұжырымдаманы іске асыру жөнiндегi шаралар мен кезеңдер
5.  Күтiлетiн нәтижелер

Кiрiспе

      Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2007-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) Қазақстанның балық шаруашылығын тұрақты дамыту саласындағы 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған бiрыңғай мемлекеттiк саясатын қалыптастыру бағыттарын айқындайды.
      Осы Тұжырымдамада балық шаруашылығы су тоғандарының балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қалыптастыруға, сақтауға, өсiмiн молайтуға және ұтымды пайдалануға, балық шаруашылығын дамыту саласындағы әлемдiк практикада қолданылатын ең жаңа әдiстер мен қазiргi заманғы технологияларды ескере отырып, балық өндiру және балық өңдеу салаларын, тауарлық балық шаруашылығын дамытуға бағытталған негiзгi мақсаттар мен мiндеттер тұжырымдалған.

1. Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының қазiргi
жай-күйi және оның мемлекет экономикасындағы рөлi

1.1. Балық шаруашылығының жай-күйi

      Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар.
      Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
      Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
      Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады.
      Соңғы бес жылдағы балық және балық өнiмдерiнiң импорты 2005 жылы көлемi бойынша да, құны бойынша да ең жоғары болды және 2001 жылмен салыстырғанда 34,7 мың тонна және 16,0 миллион АҚШ долларының орнына сәйкесiнше 41,9 мың тонна және 23,3 миллион АҚШ долларына жеттi. 2005 жылы әкелiнген өнiм көлемi негiзiнен мұздатылған, дайын және консервiленген балық болды, яғни әкелiнген өнiмнiң 95 %-ын құрады.
      Балық саласын құрайтын өндiрушi және өңдеушi әлеуеттi қалпына келтiру және жаңарту, сондай-ақ кәсiпорындардың молықтыру кешенiн жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344  қаулысымен Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.
      Аталған Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi ретiнде мыналар анықталды:
      балық шаруашылығын тиiмдi дамыту үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
      балық саласын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
      балық ресурстарын қорғаудың, өсiмiн молайтудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
      құнды балық түрлерiнiң кәсiпшiлiк қорын қалыптастыру мен толықтыру және көл-тауарлы шаруашылықтарды дамыту үшiн жағдайлар жасау;
      балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.
      "Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шiлдедегi  Заңының қабылданған жаңа редакциясы саланың қазiргi экономикалық жағдайда дамуына мүмкiндiк бердi. Оны iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен елуден аса нормативтiк құқықтық кесiмдер бекiтiлдi, оның негiзгiлерi болып табылатындар:
      2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 Балық аулау  ережесi ;
      2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы;
      2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1456 Қазақстан Республикасында балық шаруашылығын жүргiзу  ережесi ;
      2005 жылғы 4 ақпандағы  N 102 Балық шаруашылығы су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп беру бойынша конкурс өткiзу ережелерi және конкурсқа қатысушыларға қойылатын бiлiктiлiк талаптары;
      2002 жылғы 10 сәуiрдегi  N 408 Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi және басқалар.

1.2. Балық шаруашылығы қоры

      Балық шаруашылығы қорының құрамына Каспий және Арал теңiздерiнiң қомақты су айдыны, Балқаш көлi, Алакөл көлдерiнiң жүйесi, Бұқтырма, Қапшағай, Шардара су қоймалары мен басқа да халықаралық, республикалық және жергiлiктi маңызы бар су тоғандары кiредi.
      Каспий теңiзiн қоспағандағы су тоғандарының жалпы ауданы 5 миллион гектар шамасында. Республика су тоғандарындағы жалпы балық аулау 1965 жылы 111,9 мың тоннаны құрады. 1990 жылдан бастап 2004 жылға дейiн балық аулау көлемi 80,9 мың тоннадан 36,6 мың тоннаға дейiн күрт төмендегенi байқалады. 2005 жылы балық қорларын қорғау және оңтайлы пайдалануға бақылауды күшейту нәтижесiнде республиканың су тоғандарындағы жалпы балық аулау көлемi 2004 жылмен салыстырғанда 12,2%-ға артты және 44,9 мың тоннаны құрады.

1.3. Өсiмдi молайту

      Антропогендiк әсерден (өзендер арналарын реттеу және басқа да шаруашылық iс-әрекеттер) болатын залалдың орнын толтыру мақсатында республикада республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып табылатын құнды балық шабақтарын (бекiрелер, тұқы, сазан, дөңмаңдай, ақ амур, ақсаха балық түрлерiнiң дернәсiлдерiн) өсiрумен және оларды табиғи су қоймаларына жiберумен айналысатын 7 балық питомнигi, 2 уылдырық шашу-өсiру шаруашылығы, 2 бекiре балық өсiру шаруашылығы және Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясы жұмыс iстейдi. Жыл сайын жiберiлетiн балық шабақтары мен дернәсiлдерi 143,6 миллион дананы, соның iшiнде Каспий теңiзiне жiберiлген бекiре шабақтары 6,0 миллионнан астам дананы құрады.
      Кәсiпорындардың қызметi мемлекеттiк тапсырыс және кәсiпорындардың өзiнiң шаруашылық қызметiнен түскен табыс есебiнен қаржыландырылады.

1.4. Тауарлық балық өсiру (аквакультура)

      Өткен ғасырдың 90-жылдарына дейiн тауарлық балық өсiрудiң келесi бағыттары: тоғандық балық өсiру (толық жүйелi және жайылымдық), судағы торлы балық шарбағы, көл-тауарлы, бассейндiк және бейiмделген су тоғандары мен жылу электр орталықтарындағы және су-реле электр станцияларындағы (бұдан әрi - ЖЭО, ГРЭС) жылы суларда балық өсiру жақсы дамыды. Бейiмделген су тоғандарында тауарлық балық бiр жылдық, екi және үш жылдық жайылымдарда өсiрiлдi. 1970 жыл мен 1990 жылдар аралығындағы кезеңде тауарлық балық өсiру көлемi 0,6 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейiн өстi немесе 14,2 eceгe дейiн артты. Тауарлық балық өсiру бойынша мұндай өсу қарқыны бұрынғы Одақ республикаларының бiрде-бiрiнде болған емес. Мысалы, Балқаш көлiнде 1 гектардан 3-тен 5 кг дейiн балық ауланса, ал тоған шаруашылығында бұл көрсеткiш 1,5 мың кг-нан 1,8 мың кг-ға дейiн ауытқиды. Тоған шаруашылықтарын қазiргi заманғы интенсивтi технологияларға көшiру арқылы бiр гектарға 10,0 мың кг және одан да көп тауарлық балық өсiруге жеткiзуге болады.
      Қазақстан Республикасының Қазақстанның кез келген облыстарында тауарлық балық өсiрудi дамытуға, бекiре өсiрудi қоса алғанда, зор мүмкiндiктерi бар, бiрақ оның дамуына кедергi келтiретiн бiрқатар себептерге байланысты аталған бағыт бүгiнгi күнге дейiн дамымай отыр.
      1990 - 2005 жылдар аралығында тауарлық балық өсiру мүлдем дамымады. 1990 жылы тауарлық балық өсiру 10 мың тоннаға дейiн жетсе, кейiнгi жылдарда тоған шаруашылықтарында тауарлық балық аулау 150 тоннаға дейiн қысқарды. Республиканың жаңа экономикалық қарым-қатынастарға көшу кезеңiнде тауарлық балық өсiрудi мемлекеттiк реттеу жүйесi болмады. Осы бағытты дамыту бойынша қандай да бiр бағдарламаның болмауы балық шаруашылығы субъектiлерiне саланың бұл секторында жан-жақты жұмыс жүргiзуге мүмкiндiк бермедi.
      Қазiргi таңдағы ескiрген технологияның пайдаланылуын, халықаралық ынтымақтастықтың төмен деңгейiн ескерсек, республикадағы тауарлық балық өсiру мен балық қорларын молайту балық саласының бiр бөлiгi ретiнде өте нашар дамыған.
      Тауарлық балық өсiру көлемi күрт төмендеуiнiң негiзгi себептерiне арнайы жемдердiң, тыңайтқыштардың, дәрiлiк препараттардың, электр энергиясы, су ресурстары мен жердi пайдалану құнының жоғары болуын жатқызуға болады, сондай-ақ республика аумағына балық отырғызу материалдарын (балықтардың дернәсiлдерi мен шабақтары және басқалар) және жемдiк ағзаларды тасымалдау кезiндегi жоғарғы кедендiк бажды жатқызуға болады.

1.5. Саланы ғылыми қамтамасыз ету

      Балық шикiзаттық ресурстарының қазiргi жай-күйiне талдау жасаудың және оларды оңтайлы пайдалану бойынша ғылыми негiзделген iс-шараларды қабылдаудың айрықша маңызы бар. Балық аулауды реттеу бойынша нақты ұсыныстар беруге, жаңа аулау құралдарын қолдануға, молықтыру кешенi және бекiре өсiру бойынша нақты стратегия жасау бөлiгiнде халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, бөгде қоныстанушылармен күрес жүргiзуге және басқаларға қатысты бiрқатар мәселелер шешiлмедi. Басқарушылық шешiмдердi қабылдау уәкiлеттi органдардан азаматтық-құқықтық қарым-қатынастар саласында, сол сияқты қоршаған ортаға әсерiне қатысты шешiмдер қабылдауда және олардан шығатын салдарға неғұрлым үлкен жауапкершiлiктi талап етедi, осыған байланысты саланы ғылыми қамтамасыз етудiң маңызы орасан зор.
      2004 - 2006 жылдар аралығындағы кезеңде балық ресурстарын есепке алу және кадастрын жүргiзудiң ғылыми негiзi салынды. Зерттеулер халықаралық, республикалық маңызы бар, сондай-ақ жергiлiктi маңызы бар барлық iрi балық шаруашылығы су тоғандары бойынша жүргiзiлдi. Нәтижесiнде балық ресурстары жай-күйiнiң бiрыңғай ақпараттық жүйесi қалыптастырылды, балық шаруашылығының молықтыру кешенiн дамыту бойынша ұсыныстар әзiрлендi.
      Тауарлық балық өсiру биотехникасын әзiрлеуге бағытталған зерттеулер өзектi болып отыр.
      Қазiргi таңда балық шаруашылығы ғылымы бiлiктi мамандарға зәру.
      Ихтиологиялық, соның iшiнде балық өсiру зерттеулерiнiң сапасы басқарушылық шешiмдердi қабылдау үшiн ұсыныстар беру бөлiгiндегi зерттеулер жақсартуды және қолданбалы болуына баса назар аударуды талап етедi. Сондай-ақ арнайы мамандандырылған жобалаушы ұйымдардың болмауына байланысты балық өсiру, соның iшiнде тауарлық бекiре өсiру шаруашылықтарын құру бойынша жобалық биологиялық-балық өсiру және техникалық-экономикалық негiздемелер әзiрленбейдi.

1.6. Балық ресурстарын мемлекеттiк басқару және қорғау

      Балық шаруашылығын мемлекеттiк басқару функцияларын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 18 шiлдедегi N 714  қаулысымен балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган ретiнде Балық шаруашылығы комитетi құрылды. Iрi балық шаруашылығы су тоғандарындағы балық ресурстарын тиiмдi қорғау және басқару үшiн Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi құрылды. Бассейндiк және облыстық аумақтық органдардың жанынан басқармалық шешiмдердi жедел қабылдау мақсатында балық ресурстары мен олардың мекен ету ортасының жай-күйiне үнемi бақылау жүргiзуге мүмкiндiк беретiн ихтиологиялық мониторинг қызметтерi құрылған.
      Сонымен қатар Балық шаруашылығы комитетiнiң балық кәсiпшiлiгi мәселелерiн реттеу бөлiгiнде функциясы шектелген. Балық кәсiпшiлiгiнiң, балық өнiмдерiн шығарудың, өңдеудiң және балық өнiмдерi қауiпсiздiгiнiң мониторингi толық дәрежеде жүргiзiлмейдi. Сондай-ақ сыртқы және iшкi нарықтағы маркетинг мәселелерiн, жоғары баға қойылған бәсекеге қабiлеттi тауарларды нарыққа шығаруды және басқаларды мемлекеттiк реттеудi талап етедi. Осыған байланысты балық шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның өкiлеттiктерiн кеңейту және оның құрылымын жетiлдiру қажет.
      Балық шаруашылығы комитетi құрылған мезеттен бастап Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 қаулысымен бекiтiлген 2004 - 2006 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын iске асыру шеңберiнде аумақтық органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру әлдеқайда жақсартылды, алайда аумақтық органдарды одан әрi жарақтандыру қажеттiгiн атап өту қажет. Ихтиологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн құрылған қызметтер арнайы зертханалық құрал-жабдықтар және қажеттi өлшеулердi, бақылаулық аулаулар мен шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етiлмеген.

2. Қазiргi кезеңдегi балық шаруашылығының негiзгi проблемалары

      Елiмiздiң балық шаруашылығының қазiргi жай-күйiне талдау жасау оның тиiмдi дамуына кедергi келтiретiн негiзгi мәселелердi анықтауға мүмкiндiк бередi.
      Қолданыстағы нормативтiк құқықтық базаның шеңберi балық өңдейтiн кәсiпорындардың өндiрiстiк қуаттылығы, шығарылатын өнiмдердiң түрi мен көлемi, шикiзатты жеткiзушi арналар мен өнiмдi өткiзу, персоналдар саны, экономикалық көрсеткiштер, сондай-ақ балық өнiмдерiн сатып алу және өткiзумен, көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсiпорындар бойынша ақпарат алуға мүмкiндiк бермейдi. Балық өндiрiсi бойынша маркетингтiк зерттеулер жүргiзiлмейдi, облыстар бойынша, балық және балық өнiмдерiнiң түрлерi жөнiндегi әлеуеттi сұраныс (қажеттiлiк) бойынша ақпарат жеткiлiксiз. Iшкi және сыртқы нарықтардағы маркетинг мәселелерi, жоғары баға қойылған бәсекеге қабiлеттi тауарлардың және басқалардың нарыққа шығарылуы зерттеудi талап етедi. Республика нарықтарындағы бағаны белгiлеуге, балық өңдеу кәсiпорындарының тиiмдiлiгiне, олардың түр-түрiне және балық өнiмдерi түрлерiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiне әсер ететiн факторлар анықталмаған.
      Балық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттiк саясатты тиiмдi iске асыруды қамтамасыз ететiн негiзгi факторлардың бiрi - жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар бiлiктi кадрлардың болуы. Балық саласының дамуына байланысты кәсiптiк және техникалық бiлiктiлiгi бар балық шаруашылығын басқарушыларға және балық шаруашылығында қызмет ететiн техниктерге деген қажеттiлiк артуда.
      Стратегиялық маңызы бар объектiлерде (CЭC, ГРЭС) және iрi су тоғандарында, мысалы Ақдала күрiш массивiндегi Тасмұрын және Бақанас магистральды арналарында балық қорғау құрылыстарының болмауы немесе талапқа сай болмауы Iле, Орал, Ертiс, Сырдария, Шу, Қаратал, Тобыл, Есiл және басқа өзендердегi балық қорларына өте үлкен залал келтiредi. Уылдырық шашу кезеңiнде балық шабақтары балық қорғаудың тиiмсiздiгiне байланысты күрiш шектерiне өтiп көп мөлшерде қырылады. Сондай-ақ су электр станцияларының суды жiберу және азайту режимдерiнiң реттелмеуiне байланысты уылдырық шашатын популяцияға үлкен залал келтiрiледi. Сонымен қатар бөген ауданындағы станциялардың өзi қазiргi заман талаптарына жауап беретiн балық өткiзетiн құрылғылармен жабдықталмаған және оларға балық түсуден қорғалмаған.
      Заңдарды күшейту бойынша қолданылып жатқан шараларға қарамастан, балық ресурстарының заңсыз кәсiпшiлiгi әлi де бар. Тәуелсiз зерттеулердiң мәлiметтерi бойынша тасадағы балық аулау үлесi өте жоғары және оларды азайту үшiн күрделi шаралар жүргiзудi талап етедi.
      Республикадағы балық өнiмдерi экспортының жаңадан мұздатылған өңделмеген балық экспорты түрiндегi шикiзат бағыттылығы айқын көрiнедi. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерi бойынша өңделген шикiзаттың iшiнде еуропалық нарықта коммерциялық құндылығы бар көксеркенің етi басым. Аталған агенттiктiң мәлiметтерi бойынша 2005 жылы республикадан әкетiлген балық өнiмдерi 33 мыңнан астам тоннаны, соның ішінде өңделмегенi 22,4 мың тоннаны, ал өңделгенi 11,2 мың тоннаны құрады.
      1993 жылға дейiн саланың өңдеушi базасының әлеуетi жоғары деңгейде болды. Өңдеу өнiмдерi үлкен сұранысқа ие болды және iс жүзiнде ТМД-ның барлық елдерiнде сатылды. Тек қана консервiленген өнiмдер өндiрiсi жылына 11,2 мың тонна дайын консервiленген өнiмдердi құрайтын 44,8 миллион банкаларды шығарды.
      Бiрақ экономикалық құлдырау кезеңiнде бар кәсіпорындар негiзгi өнiм түрлерiнiң көлемi мен түр-түрiн мейлiнше қысқартты. Құрал-жабдықтардың моральдық және табиғи тозуының салдары шығарылатын өнiмдердiң қазiргi заманғы сапа стандарттарына сай келмеуiне әкеп соқты. Негiзгi өндiрушi және өңдеушi құрал-жабдықтардың жоғарғы табиғи тозуы және қарқынды моральдық ескiру деңгейi бүгiнгi таңда балық өнiмдерiн күрделi өңдеу бойынша жабдықтарды 100% жаңартуды немесе жетiлдiрудi талап етедi.
      Нәтижесiнде консервiленген өнiм шығаратын неғұрлым iрi кәсiпорындар, мысалы, "Атыраубалық" акционерлiк қоғамы 2005 жылы, ал "Балқашбалық" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi 2003 жылы дайын өнiмдер шығаруды тоқтатты. Шығарылатын өнiм құны жоғары болуына байланысты және артта қалған технологияға байланысты өнiм нарығында бәсекелесе алмайтындықтан консервi жасайтын құрал-жабдықтар тоқтап тұр, осыған байланысты импорт өндiрiсiнiң өнiмдерiмен (теңiз өнiмдерi, мұхиттық шикiзат, Балтық маңы және Ресей өндiрушiлерiнiң пресервiлерi мен консервiлерi) алмастырылған.
      Кезiнде қуатты болған теңiз флоты қазiр жоқ, кейiнгi 5 жылда шабақ, майшабақ, тiкендi балық кәсiпшiлiгi жоқ, ересек итбалық пен ақүрпек аулау жүргiзiлмейдi. Аталған кезеңдегi теңiз кәсiпшiлiгi: 25 мың тоннаға дейiн шабақтарды, 2,5 мың тонна шағын балықтарды және 25 мыңнан астам Каспий итбалықтарының басын құрады.
      Қалыптасқан жағдайдың бiрден-бiр себебi балық шаруашылығы су тоғандарының (учаскелерiнiң) қысқа мерзiмге бекiтiлiп берiлуi және нәтижесiнде кәсiпкерлердiң балық ресурстарына кепiлдi тұрақты қол жеткiзуiнiң, ертеңгi күнге сенiмiнiң болмауы салаға инвестициялардың келуiн тежедi және биологиялық ресурстарға тұтынушылық қарым-қатынасты тудырды.
      1993 жыл мен 2003 жылдар аралығындағы кезеңде тауар-ақша қарым-қатынасының күрт төмендеуi, өңдеушi сектор кәсiпорындарының экономикалық байланыстарының үзiлуi дайын өнiмдi өткiзу нарығының жойылуына әкеп соқты. Жаңа нарықтық қатынастар жағдайында моральдық және табиғи тозған жабдықтарда шығарылған өнiмдер бәсекеге қабiлетсiз болды. Екiншi деңгейдегi банктердiң жоғарғы несиелiк ставкалары және жеңiлдетiлген несиелiк және лизинг тетiктерiнiң болмауы саланың техникалық қайта жарақтандырылу және даму процесiн тежедi.
      Тауарлық балық өсiру әлеуетiн 1990 жылға дейiнгi өсiрiлген балық көлемi бойынша бағалауға болады. Мысалы, 1970 жыл мен 1990 жылдар аралығындағы кезеңде тауарлы балық өсiру көлемi 0,7 мың тоннадан 9,8 мың тоннаға дейiн өстi, яғни 14,2 есе артты. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 6 наурыздағы N 149  қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешенiн тұрақты дамытудың 2006 - 2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөнiндегi 2006 - 2008 жылдарға арналған бiрiншi кезектегi шаралар бағдарламасына сәйкес 2008 жылға дейiнгi кезеңде 238 көл-тауарлы, тоған және басқа балық өсiру шаруашылықтарын ұйымдастыру жоспарлануда. Балық отырғызу материалына қажеттiлiк алуан түрлi балық түрлерi шабақтарының 30 миллион данасын құрайды. Бiрақ балық отырғызу материалының өзiндiк құнының жоғары болуы, жеткiлiктi қуаттылықтың болмауы тауарлық балық өсiрудi дамытуды шектейдi.
      Тауарлық балық өсiру көлемi күрт төмендеуiнiң негiзгi себептерiне арнайы жемдер, тыңайтқыштар, дәрiлiк препараттар, электр энергиясы, су ресурстары мен жердi пайдалану құнының жоғары болуы, сондай-ақ республика аумағына балық отырғызу материалдарын (дернәсiлдердi, балық шабақтарын және басқаларды) және қоректiк организмдердi әкелу кезiндегi кедендiк баж ставкаларын жатқызуға болады.
      Басқа мемлекеттердiң тәжiрибесiне сүйенсек, ғалым-мамандардың зерттеулерiнiң нәтижесi жыл сайынғы әлемдiк ауқымдағы кәсiпшiлiк бойынша пайдаланылатын шығындар флотта өндiрiлетiн өнiмнiң бағасынан айтарлықтай артық екенiн көрсеттi. Әлемдiк балық аулау флоты жоғары күрделi шығындар кезiнде де өсуiн жалғастыруда; оның қалдық бағасы 400 миллиард доллардан астам; пайдаланудың шығындары (еңбек, отын, жөндеу жұмыстары, сақтандыру, аулау құралдары және жабдықтау) шамамен 100 миллиард долларды құрайды; күрделi шығындар жылына 40 миллиард доллар, ал балық аулаудан түсетiн табыс, мысалы 1997 жылы шамамен 80 миллиард доллардай болды. Тiптi күрделi шығындарды есепке алмағанның өзiнде әлемдiк балық кәсiпшiлiгi пайдасыз болып табылады.
      Демек, көптеген жағдайларда iрi ауқымдағы кәсiпшiлiк балық аулау жәрдем қаражат немесе мемлекеттiк қолдаудың басқа түрлерiне байланысты ғана мүмкiн болып отыр. Бүгiнгi таңда көптеген елдерде, ЕО қосқанда, Жапония және Норвегияда балық шаруашылығы маңызды қаржылай қолдау тауып отыр.
      Қаржыландыру көздерiне байланысты субсидиялардың бiрнеше нысандары бар: бюджеттiк (iшкi - дамыту үшiн демеу қаржылар, мемлекеттiк инвестициялар; сыртқы - шетелдiк аймақтарға қол жеткiзудi қаржыландыру, нарықты дамытуға ынталандыру), бюджеттен тыс (жеңiлдетiлген кредит беру, қарыздарға кепiлдiк беру мен қайта құрылымдау, отынға төленетiн салықтан босату, жеделдетiлген амортизация), салааралық (кеме жасауға қаржылық көмек, өндiрiстiк инфрақұрылымдарды дамыту), iшкi ренталық төлемдердi төмендетуге бағытталған субсидиялар (ресурстарды пайдаланушылардың субсидиялары). Субсидиялар мөлшерi әлемдiк балық аулаудың барлық табысының 20-25% құрайды. Салыстыру үшiн: бидайдан жасалатын тағамдық өнімдер өндiрiсiне жұмсалатын орташа әлемдiк субсидиялар (саудалық шараларды қосқанда) өнiм бағасының 48%, күрiш және басқа дәндi дақылдардан - 36%, зәйтүннен - 24%, қанттан - 24%, сиыр етiнен - 35%, шошқа етiнен - 22%, құс етiнен - 4%, қой етiнен - 45%, жұмыртқадан - 14 % құрайды.
      Балық аулауға жұмсалатын субсидиялардың көп бөлiгi дамыған елдердiң үлесiне келедi. Балық шаруашылығы саласындағы бұл елдердiң және ҚХР жалпы субсидиялар көлемiндегi үлесi 75%-ды құрайды.

3. Балық шаруашылығын дамыту тұжырымдамасының
мақсаты мен мiндеттерi

      Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың мақсаты табиғи су тоғандарының биоресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану арқылы балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты қызмет етуi негiзiнде саланың бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру, тауарлық балық өсiрудi дамытуға жағдайлар жасау болып табылады. Осымен бiр мезгiлде экспортқа шығарылатын балық өнiмдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Еуроодақ мемлекеттерiнiң стандарттарына сай келетiн бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруды қамтамасыз ету және балық шаруашылығы кешенiн басқару құрылымын оңтайландыру үшiн жағдайлар жасалуы қажет.
      Тұжырымдалған мақсатқа қол жеткiзу Қазақстан Республикасының балық шаруашылығы кешенiн мемлекеттiк басқаруға және дамытуға кешендi көзқарас қалыптастыруды талап етедi және мынадай:
      балық шаруашылығын басқару жүйесiн одан әрі жетiлдiру;
      саланы дамытудың нормативтiк құқықтық базасын одан әрi жетiлдiру;
      тауарлық балық өсiрудi (аквакультураны) ұйымдастыру және дамыту, бекiре өсiрудi қоса алғанда және оны өсiру көлемiн 2015 жылға дейiн 10 мың тоннаға дейiн жеткiзу;
      кәсiпшiлiк балық аулаудың тұрақты шикiзат базасын қалыптастыру мен саланың қазiргi заманғы өндiрушi және өңдеушi базаларын құру;
      ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi жетiлдiру мен саланы мамандармен және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мiндеттерiн шешудi қарастырады.

4. Тұжырымдаманы iске асыру жөнiндегі шаралар мен кезеңдер

      Негiзгi мақсатқа қол жеткiзу және жоғарыда келтiрiлген мiндеттердi iске асыру мақсатында тиiстi салалық бағдарлама мен оларды iске асыру бойынша iс-шаралар жоспары аясында негiзгi бағыттар бойынша кешендi шаралар қабылдау қажет:
      заңнамалық базаны жетiлдiру, соның iшiнде балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану заңнамасына, балық шаруашылығы, әкiмшiлiк, су заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      балық шаруашылығын маркетингтiк зерттеулер;
      балық өндіруші, балық өңдеуші кәсіпорындарға, балық өсіру, соның iшiнде тауарлық балық өсiрумен айналысатын шаруашылықтарға мемлекеттiк қолдау көрсету мақсатында оларды ауыл шаруашылық өндiрушiлерiне теңестiру;
      балық шаруашылығы мамандарын даярлауға арналған мемлекеттiк тапсырыс аясында саланы кадрлармен қамтамасыз ету (елiмiздiң жоғарғы оқу орындарында мемлекеттiк гранттар мен кредиттердi арттыру, арнайы орта оқу орындарында мамандарды даярлау);
      бас тоғандардағы арнайы балық қорғау құрылыстарына талаптар мен нормаларды әзiрлеу. Стратегиялық маңызы бар, соның iшiнде ауыл шаруашылық маңызы бар объектiлердi (CЭC, CPЭC) және iрi бас тоғандарды қазiргi заманғы арнайы балық қорғау құрылыстарымен жарақтандыру;
      балық және балық өнiмдерiн заңсыз аулаумен және контрабандамен күрес бойынша шараларды күшейту;
      балық шаруашылығының балық өндiру мен балық өңдеу салаларын, тауарлық балық өсiрудi мемлекеттiк реттеу және қолдау көрсету;
      күрделi өңдеуден өткiзiлген қосымша құны жоғары балық өнiмдерiнiң экспортын ынталандыру;
      балық өндiрушi флотты арттыру. Кеме жасауды, аулау құралдарын және басқа да балық шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуды ынталандыру және мемлекеттiк қолдау көрсету;
      балық және басқа да су биологиялық ресурстарының өсiмiн молайту үшiн жағдайлар жасау;
      тағамдық және шаруашылық жағынан неғұрлым құнды балық түрлерiмен алмастыру мақсатында құндылығы аз балықтарды аулауға ынталандыру. Соңғы уақыттағы сұранысқа байланысты жалпы аулаудың 10-14%-нан аспайтын көксеркенiң санын реттеу бойынша шараларды қабылдау;
      тауарлық балық өсiрудi, балық өңдеудi дамыту;
      "қазақстандық брэнд" құру. Бекiре балық түрлерiнiң уылдырығын сатып алу, өңдеу және сатуға мемлекеттiк монополия енгiзу мәселесiн қарастыру;
      молықтыру маңызы бар кәсiпорындарды бәсекелес ортаға беру;
      саланы ғылыми қамтамасыз етудi күшейту. Балық шаруашылығы ғылымының мамандарын, соның iшiнде шетелде, даярлауды, олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру. Ихтиология және балық өсiру бойынша оқу құралдарын әзірлеу.
      Тұжырымдаманы iске асыру мақсатында балық шаруашылығы, балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы салалық (секторалдық) бағдарлама әзiрленедi және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысымен бекiтiледi, онда негiзгi мақсаттар мен мiндеттер, сондай-ақ оларды iске асыру бойынша нақты шаралар мен оларды iске асыру тетiктерi анықталады.
       Бiрiншi кезең (2007 - 2009 жылдар)
      Аталған кезең мынадай шараларды қамтитын 2007 - 2009 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында iске асырылуы тиiс:
      өңдеушi базаны, Каспий теңiзiндегi майшабақтардың, шабақтардың және теңiз итбалығының теңiз кәсiпшiлiгiн, тауарлық балық өсiрудi және бекiре өсiрудi дамытудың шараларын әзiрлеу және мемлекеттiк қолдау көрсету тетiктерiн жасау;
      Арал-Сырдария өңiрiнде балық шаруашылығын дамыту жөнiнде ұсыныстар жасау;
      балық шаруашылығы су тоғандарында, бас тоған құрылыстарында ихтиологиялық мониторинг және бақылаулар жүргiзудегi және оларды қазiргi заманғы зертханалық және басқа құрал-жабдықтармен, техникамен және жүзу құралдарымен қамтамасыз етудегi уәкiлеттi органның аумақтық органдарының ихтиологиялық қызметтерiнiң рөлiн арттыру. Балық шаруашылығының бассейндiк және облыстық басқармаларында ихтиологиялық зертханалар құру;
      табиғи су тоғандарын көл-тауарлы және басқа да бейiмделген шаруашылықтардың қатарына ауыстыру және оларды пайдалану режимiнiң тәртiбiн бекiту, сондай-ақ тауарлық балық өсiрудi (судағы торлы балық шарбағы, тоған, бассейндiк, жабық жүйедегi және басқаларды) құру және дамыту бойынша нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу;
      жыл сайын бекiрелердiң шабақтарын өсiру көлемiн 12-15 миллион данаға жеткiзу және оларды сағалық кеңiстiкке жiберу арқылы Атырау облысының бекiре зауыттарын қайта жаңарту және жетiлдiру;
      уылдырық шашу-өсiру шаруашылықтары және балық питомниктерi негiзiнде балық отырғызу материалын қолдан өсiруге бағдарланған инфрақұрылымы бар молықтыру кешенiн құру және қызметi мен өндiретiн өнiм түрлерi мемлекеттiң стратегиялық мүддесiне жауап бермейтiн кейбiр кәсiпорындарды бәсекелес ортаға беру;
      балық шаруашылығының мамандарын мақсатты даярлауға арналған гранттарды бөлу және одан әрi арттыру жолымен мамандарды (ихтиологтарды, балық өнiмдерiнiң технологтары, кәсiпшiлiк балық аулау инженерлерi, мемлекеттiк балық инспекторлары, ихтиопатологтар, гидробиологтар, балық өсiрушiлердi) даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;
      туризмдiк, спорттық, соның iшiнде "ұстап алу-жiберу" қағидаты бойынша және әуесқойлық балық аулауды, тауарлық балық өсiрудi және балық өнiмдерiн өндiрудi дамыту саласындағы қарым-қатынастарды реттеу бойынша қолданыстағы заңнамаға толықтырулар енгiзу;
      балық және басқа қоректiк организмдердi қолдан өсiру бойынша балық жемдерiн өндiру, көл-тауарлы, тоған, балық ұстайтын және басқа да бейiмделген шаруашылықтарды ұйымдастыру және пайдалану бойынша шағын және орта бизнес субъектiлерiне арналған салық салу жеңiлдiктерiн беру тетiктерiн әзiрлеу және заңды түрде бекiту;
      Каспий теңiзi және басқа трансшекаралық су тоғандарының биологиялық ресурстарын бiрлесiп игеру және қорғау жөнiндегi мемлекетаралық келiсiмдi әзiрлеу және келiсу, бекiре балықтарының түрлерiн және олардың мекен ету ортасын қорғау жөнiндегi халықаралық инспекция құру бойынша мәселенi пысықтау;
      республиканың негiзгi балық шаруашылығы өзендерiнде мелиоративтiк жұмыстар жүргiзу;
      Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясының базасы негiзiнде құрылған балық шаруашылығының селекциялық-генетикалық орталығында сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан балық түрлерiн сақтау мен өсiмiн молайту биотехнологияларын әзiрлеу.
       Екiншi кезең (2010 жылдан бастап 2012 жылдарға дейiн)
      Бұл кезеңде су тоғандарының тұрақты кәсiпшiлiк базасын құру, кәсiпкерлердiң балық шаруашылығын жүргiзу бойынша рөлiн арттыру және шығарылатын өнiмнiң, Еуропалық Одақ стандарттарына сай келетiн балық өнiмдерi экспортының сапасын жақсарту, тауарлық балық өсiру шаруашылықтарын тиiмдi басқару, аквакультураны дамыту, балық кластерлерiн, тауарлы бекiре өсiрудi құру, балық шаруашылығы су тоғандарын қорғау және өсiмiн молайту жүйесiн жетiлдiру көзделедi.
      2010 мен 2012 жылдар аралығындағы кезеңге арналған даму бағдарламасы мынадай шараларды қабылдауды талап етедi:
      балық шаруашылығы саласындағы заңнаманы одан әрi жетiлдiру;
      балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты жағалық инфрақұрылымын құру;
      балық өнiмдерiн биржалық, опциондық және фьючерстiк саудалауды дамытудың тетiктерiн әзiрлеу және iске асыру;
      жылына 12-15 миллион дана бекiре шабақтарын шығарумен айналысатын Атырау және Орал-Атырау бекiре өсiру зауыттарын толық өндiрiстiк қуатқа шығару;
      Қазақстанның әр түрлi өңiрлерiнде тауарлық бекiре шаруашылықтарын құру және оларды бекiре шабақтарымен қамтамасыз ету. Бекiрелердiң аналық-жөндеу бастарын қалыптастыру;
      молықтыру кешенiн балық өсiрудегi түбегейлi жаңа бағыттармен қамтамасыз ету;
      балық шаруашылығы үшiн халықаралық стандарттарға сәйкес келетiн мамандарды даярлау және қайта даярлау жүйесiн жетiлдiру;
      Каспий теңiзiнiң бөгде қоныстанушыларымен күрес бойынша шараларды әзірлеу және iске асыру. Олармен күрес бойынша бiрлескен мемлекетаралық зерттеулерге қатысу;
      қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға арналған шығындарды өтеуге субсидиялар бөлу және пайдалануға берiлген мезеттен бастап алғашқы үш жылда салық салуға жеңiлдiктер беру;
      "Балық және балық өнiмдерi" халықаралық көрмелерiн, балықтарды қорғау, өсiмiн молайту, өндiру, өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруды және аквакультураны дамыту мәселелерi бойынша семинарлар өткiзу;
      су қоймаларын пайдалану режимiн қамтамасыз ету және балық шаруашылығы талаптарына жауап беретiн суды шығындаудың заңнамалық тәртiбiн белгiлеу;
      жойылып кету қаупi төнген және республиканың Қызыл кiтабына тiркелген құнды балық түрлерiнiң өсiмiн жасанды молайту бойынша кешендi iс-шараларды әзiрлеу. Селекциялық-генетикалық орталықтар құру және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн аналық балық үйiрлерiн ұстауға жағдайлар жасау арқылы құнды балық түрлерi коллекциясының тектік қорын қалыптастыру;
      су тоғандарын (учаскелерiн) пайдаланушылардың Салина артемиясын, шаяндарды және басқа да гидробионттарды өндiру, өсiру мен пайдалану және оларды экспорттау тәртiбiн анықтау бойынша пайдалану туралы ереже әзiрлеу;
      су бассейндерiмен шектесетiн елдердiң мамандарын қатыстыру арқылы iрi балық шаруашылығы су тоғандарының ихтиоценозын қалыптастыруға бағытталған ғылыми негiздердi әзiрлеу.
       Үшіншi кезең (2013 жылдан бастап 2015 жылдарға дейiн)
      Аталған кезеңде мынадай шараларды қабылдау арқылы балық шаруашылығын тұрақты дамытуға және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын тиiмдi пайдалануға жағдайлар жасалады:
      су биоресурстарының бар қорлары мен табиғи су тоғандарының балық өнiмдерiн өндiру мен өңдеу және тауарлық балық шаруашылықтарын дамыту мен пайдалану бойынша кәсiпшiлiк қуаттылығының арасындағы тепе-теңдiкке қол жеткiзу және сақтау;
      балық шаруашылығы саласындағы нормативтiк құқықтық базаны тиiмдi және тұрақты дамыту мiндеттерiне сай келетiндей етiп одан әрi жетiлдiру;
      су биоресурстарын ұтымды пайдалану негiзiндегi ұзақ мерзiмдi және тиiмдi басқару тетiктерiн одан әрi iске асыру;
      табиғи су тоғандарының бар балық қорларын сақтау мен ұтымды пайдалану және өсiмдi жасанды молайту мен тауарлық балық өсiру бойынша шараларды күшейту арқылы кәсiпшiлiк балық аулаудың тұрақты шикiзаттық базасын қалыптастыру;
      көл-тауарлы, тоған және судағы торлы балық шарбағы шаруашылықтарындағы балықтарды өсiру биотехникасын одан әрi дамыту мен 2015 жылға қарай жасанды өсiру көлемiн 10 мың тоннаға дейiн жеткiзу;
      балық шаруашылығы саласына алдыңғы қатарлы технологияларды, ғылыми зерттеулердi және әзiрлемелердi енгiзу;
      балық өнiмдерiнiң iшкi нарығын және оның функционалдық құрылымын қалыптастыру үшiн жағдайлар жасау;
      iрi балық шаруашылығы су тоғандарындағы балық ресурстарын басқару бойынша стратегиялар мен iс-шараларды әзiрлеу.

5. Күтiлетiн нәтижелер

      Балық шаруашылығын басқару жүйесiн жетiлдiру саласында балық шаруашылығының маркетингтiк зерттеулерi, балық ресурстарының мониторингi ұйымдастырылады, балық ресурстарын басқару әдiстерi жетiлдiрiледi. Сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан балықтардың санын сақтау мен қалпына келтiру, балық және басқа да су жануарларын жасанды жолмен өсiру бойынша тауарлық балық шаруашылықтары мен индустриялық кәсiпорындарды дамыту және олардың қызмет етуi саласындағы қарым-қатынастарды реттеу бойынша шаралар қабылданды.
      Саланы дамытудың нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру бағытында балық және басқа да су биологиялық ресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк, қылмыстық, салық, су заңнамасына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жолымен заңнамаларды жетiлдiру бойынша жұмыстар жүргiзiледi. Балық шаруашылығын басқарудағы уәкiлеттi және аумақтық органдардың рөлi, соның iшiнде су тоған құрылыстарын бақылау, мелиорациялық және балық шабақтарын құтқару жұмыстарын жүргiзу бойынша рөлi күшейтiледi, балық аулау туризмi, әуесқойлық және спорттық балық аулауды дамыту саласындағы қарым-қатынастар реттеледi. Тауарлық балық өсiрудi (судағы торлы балық шарбағы, тоған, бассейндiк, жабық жүйедегi және басқалар) құру және дамыту, сондай-ақ табиғи су тоғандарын көл-тауарлы және басқа бейiмделген шаруашылықтар қатарына ауыстыру мен оларды пайдалану режимiнiң тәртiбiн бекiту бойынша нормативтiк құқықтық база құрылады.
      Тауарлық балық аулауды дамыту қажеттiгi күннен күнге өсiп келе жатқан балық аулау қысымына байланысты ресурстардың шектеулiлiгiмен сипатталады. Сонымен қатар республикадағы көптеген ұсақ су тоғандарының әлеуетi пайдаланылмайды, көл-тауарлы, тоған және интенсивтi технология бойынша балық өндiре алатын басқа да балық өсiру тyрлерi дамымаған. Осыған байланысты аталған бағытты дамытуға, соның iшiнде аталған саладағы қарым-қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны әзiрлеу, балық өсiру технологиялық құрал-жабдықтарын, балық жемдерi мен биоқосымшаларды және балық отырғызу материалын әкелуге (импорт) жеңiлдiктер белгiлеу жолымен мемлекеттiк қолдау көрсету шаралары жүзеге асырылады. Осы шаралар 2015 жылға қарай республикадағы жасанды жолмен өсiрiлетiн балық деңгейiн 10 мың тонна тауарлық балық өнiмдерiне дейiн жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
      Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi жетiлдiру, сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан балық және басқа да су жануарларының түрлерiн сақтау және қалпына келтiру бойынша шаралар қабылдау саласында балық шаруашылығының селекциялық-генетикалық орталығында сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан балық түрлерiн сақтау және өсiмiн молайтудың биотехнологиялары енгiзiледi. Сондай-ақ Қазақстан теңiз кәсiпшiлiк объектiлерiнiң жағдайын бағалау, бөгде қоныстанушылармен күрес, балық ресурстарын қорғау өсiмiн молайту және пайдалану бойынша мемлекетаралық бiрлескен зерттеулер мен iс-шараларға қатысады.
      Жоғары сапалы және бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi шығару үшiн қазiргi заманғы өндiрушi және өңдеушi салаларды құру мақсатында балық шаруашылығының балық өндiретiн және балық өңдейтiн салаларын, тауарлық балық өсiрудi, балық жемдерiн, кеме жасауды, ау-құралдарын және балық шаруашылығының басқа инфрақұрылымын шығаруды реттеу және мемлекеттiк қолдау көрсету бойынша шаралар қабылданады. Осыған байланысты, жалпы алғанда, бәсекеге қабiлеттi, қосымша құны жоғары болатын өнiм шығаруға мүмкiндiк беретiн және отандық балық өнiмдерi сапасының имиджiн құратын Каспий теңiзiндегi шабақ, майшабақ және теңiз итбалығының теңiз кәсiпшiлiгiн, тауарлы балық өсiрудi және бекiре өсiрудi дамытуға жекелеген бағыттарды қаражаттандыру, әкелiнетiн тауарлар мен қызметтерге арналған төлемдердiң немесе салықтық баждың, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес басқа да артықшылықтардың төменгi немесе нөлдiк ставкаларын белгiлеу жолымен мемлекеттiк қолдау көрсету тетiгi жасалады.
      Осы Тұжырымдаманы iске асыру нәтижесiнде су биологиялық ресурстарын басқару саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылауды жүйелеу, Тұжырымдамада келтiрiлген негiзгi мiндеттердi шешуге бағытталған iс-шараларды әзiрлеудi және iске асыруды аяқтау, Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған әрекеттердi республикалық және өңiрлiк деңгейде үйлестiру, саланың қазiргi жай-күйi жөнiндегi ақпаратты талдау мен бағалауды жүйелеу көзделедi. Нәтижесiнде өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуiне, өркениеттi бәсекеге қабiлеттi нарықтық орта қалыптастыруға және сыртқы нарықта бәсекеге қабiлеттi ел ретiндегi Қазақстанның рөлiн арттыруға жағдай жасайды.
      Саланың, соның iшiнде балық өсiру және балық аулауды реттеуге қатысты, заңнамалық базасы жетiлдiрiледi. Су биологиялық ресурстарын зерттеу, сақтау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы құқықтық нормаларды бiркелкi түсiнуге және қолдануға мүмкiндiк туады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады