Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 971 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысына  мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      "II. Шығындар" деген бөлiмде:
      13 "Басқалар" функционалдық тобында:
      217 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      010 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервi" бағдарламасында:
      100 "Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервi" кiшi бағдарламасында "7422214" деген сандар "3596978" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шұғыл шығындарға арналған резервi" кiшi бағдарламасында "10957578" деген сандар "14782814" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады