Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 қазандағы N 1000 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңына , "Қазақстан Республикасы Yкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiне Алматы облысындағы Үлкен Алматы өзенiнiң бассейнiнде iрi ауқымды сел тасқыны өтуiнiң зардабын жою жөнiндегi авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргiзу үшiн 2006 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердiң аумағындағы табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң төтенше резервiнен 95000000 (тоқсан бес миллион) теңге бөлiнсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi бөлiнген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады