Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегi Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерiс енгiзiлсiн:
1) көрсетiлген қаулыға 7-қосымшада :
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында, реттiк нөмiрi 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелер қызметкерлерiнiң санын айқындау жөнiндегi нормативтердi әзiрлеу.";
7-тармақта:
"Тiкелей нәтижелерi" деген абзацта:
"1500", "4", "12" және "1000" деген сандар тиiсiнше "4930", "6", "14" және "1400" деген сандармен ауыстырылсын;
"- ақпараттық қауiпсiздiк және мемлекеттiк құпияларды қорғау мәселелерi жөнiнде бюллетеньдер дайындау - 1000 дана" деген сөздерден кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- мемлекеттiк құпияларды қорғау жөнiндегi бөлiмшелер қызметкерлерiнiң санын айқындау жөнiндегi нормативтердi әзiрлеу.";
2) көрсетiлген қаулыға 8-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнің 5-бағанында, реттiк нөмiрi 2-жолдың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"- зертхананы жарақтандыру үшiн қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлерiн сатып алу - 2 бiрлiк.";
7-тармақтың "Тiкелей нәтижелерi" деген абзацында "шуыл генераторлары - 89 бiрлiк, бұл ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарымен жарақтандыруға жататын мемлекеттiк органдардың сұрау салуы жалпы санының 26%-ын құрайды;" деген сөздерден кейiн "зертхананы жарақтандыру үшiн қорғалған орындаудағы сертификатталған АЖО компьютерлері - 2 бiрлiк;" деген сөздермен толықтырылсын;
3) көрсетiлген қаулыға 9-қосымшада:
"Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң реттiк нөмiрi 1-жолының 5-бағаны мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) Шредер сатып алу.".
7-тармақтың "Тiкелей нәтижелерi" деген абзацында "115 қызметкер үшiн нысанды киiм-кешек сатып алу және тiгу (тозған киiм-кешектi ауыстыру)." деген сөздерден кейiн "Шредер сатып алу - 1 бiрлiк." деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі