Кейбiр акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының жарғылық капиталына беру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 қазандағы N 1020 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген iс-шаралар орындалғаннан кейiн заңнамада белгiленген тәртiппен "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлiк қоғамының (бұдан әрi - "Самұрық" холдингi" АҚ) жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және осы қаулыға қосымшада көрсетiлген акционерлiк қоғамдар (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн беру жолымен орналастырылатын акцияларды төлеудi қамтамасыз етсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен акционерлiк қоғамдардың "Самұрық" холдингi" АҚ-ның орналастырылатын акцияларын төлеуге берiлетiн акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне бағалау жүргiзудi қамтамасыз етсiн.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрлiгi осы қауылдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

     Акцияларының мемлекеттік пакеттері»"Самұрық" мемлекеттік
      активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі
   акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге
          берілетін акционерлік қоғамдардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді   - ҚР Үкіметінің 2006.12.28. N  1299 , 2007.10.17.  N 961 , 2007.12.29.  N 1403 Қаулыларымен.

Р/с
N

ӨҰйымның атауы

Акциялардың мемлекеттік пакеті, (%)

1

"ҚазҚуат" акционерлік қоғамы

100,00

2

"Екібастұз энергия орталығы" акционерлік қоғамы

100,00

3

Академик Ш.Ч. Чокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамы

50,00

4

"Бұқтырма су электр станциясы" акционерлік қоғамы

90,00

5

"Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы"
акционерлік қоғамы

100,00

6

"Шүлбі СЭС-сі" акционерлік қоғамы

92,13

7

"Өскемен су электр станциясы" акционерлық қоғамы

89,99

8  Алынып тасталды - 2006.12.28. N  1299 қаулысымен.

9

"Эйр Астана" акционерлік қоғамы

51,00

10

"Маңғыстау таратушы электр желісі компаниясы" акционерлік қоғамы

94,25

11

"Қазтеңізкөлікфлоты" ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» акционерлік қоғамы

50,00

12

"Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

100,00

13

"Майқайыңалтын" акционерлік қоғамы

25,00

14

"Павлодар әуежайы" акционерлік қоғамы

100,00

15

"Ақтөбе халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы

100,00

16  Алынып тасталды - 2006.12.28. N  1299 қаулысымен.

17  Алынып тасталды - 2007.12.29.  N 1403  Қаулысымен.

18

"А.Б. Бектұров атындағы Химия
ғылымдары институты" акционерлік
қоғамы


19

"Д.В.Сокольский атындағы Органикалық
катализ және электрохимия институты"
акционерлік қоғамы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады