"2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы Заңына , "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және жергiлiктi атқарушы органдардың резервтерiн пайдалану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1405 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлiгiне Астана қаласы, Абай даңғылы, 33 мекен-жайы бойынша орналасқан ғимаратты (Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының бұрынғы ғимаратты) материалдық-техникалық жарақтандыруға, ақпараттық-техникалық қамтамасыз етуге, ағымдағы жөндеуге және ұстауға 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң резервiнен 150000000 (бiр жүз елу миллион) теңге бөлiнсiн.