Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қарашадағы N 1054 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрi Ермұхамет Қабиденұлы Ертiсбаевқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi арасындағы Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Yкiметi мен
Армения Республикасының Yкiметi арасындағы
Мәдениет саласындағы ынтымақтастық туралы
келiсiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Армения Республикасының Үкiметi,
      екi ел арасындағы қалыптасқан достық қатынастарды одан әрi дамытуға және нығайтуға ұмтыла отырып,
      мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниет бiлдiре отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi.

1-бап

      Тараптар мәдениеттiң өзара мүдденi бiлдiретiн салаларындағы ынтымақтастықты, атап айтқанда:
      театр, музыка ұжымдарымен, жекелеген солистермен және орындаушылармен алмасуды;
      кинематография саласындағы ынтымақтастықты: кино шығаратын, кино көрсететiн ұйымдар және кәсiпорындар туралы ақпарат алмасуды, кинофильмдермен алмасуды, кинофестивальдар және кинофорумдарға қатысуды, кинематографиялық ұйымдардың, шығармашылық одақтардың және кино өнерi қайраткерлерiнiң тiкелей байланыстарына жәрдемдесудi;
      Тараптардың бiрi ұйымдастыратын халықаралық фестивальдарға қатысуды, көркемөнер көрмелерiмен және халық шығармашылығы көрмелерiмен алмасуды көтермелей отырып дамытады.

2-бап

      Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес Тараптар екi елдiң мұражайлары, кiтапханалары және мұрағаттары арасындағы ынтымақтастықты және ақпаратпен алмасуды көтермелейдi.

3-бап

      Тараптар тиiстi мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың жекелеген мамандарының қатысуымен мәдени мұраны сақтау мәселелерi бойынша екi жақты семинарлар мен симпозиумдар ұйымдастырады.

4-бап

      Тараптар өз өкiлдерiнің Тараптар мемлекеттерiнде ұйымдастырылатын мәдениет мәселелерi жөнiндегi халықаралық конференцияларға, кездесулерге және конкурстарға қатысуына жәрдем көрсетедi.

5-бап

      Тараптар мәдениет қайраткерлерiнiң кездесулерiн өткiзудi, көркемдiк бiлiм беру саласында тәжiрибемен және мамандармен алмасуды, сондай-ақ бiрлескен мәдени бағдарламаларды көтермелейдi.

6-бап

      Осы Келiсiмде көзделген қызметтiң барлық түрлерi Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылуға және қаржыландырылуға тиiс. Бұл ретте, егер әрбiр жекелеген жағдайда шығындарды қаржыландырудың өзге тәртiбi келiсiлмесе, әрбiр Тарап осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты барлық шығыстарды дербес көтередi.

7-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн, олар оның ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке Хаттамалармен ресiмделедi және осы Келiсiмнiң 8-бабында белгiленген тәртiппен күшiне енедi.

8-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнiнен бастап күшiне енедi. Осы Келiсiм бес жыл бойы қолданыста болады және егер Тараптардың бiрде-бiреуi кезектi бес жылдық кезең аяқталардан алты ай бұрын өзiнiң осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату ниетi туралы екiншi Тарапқа хабарламаса, келесi бес жылдық кезеңге ұзартылады.

      2006___жылғы "___"________ ________қаласында әрқайсысы қазақ, армян және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнге жүгiнетiн болады.

       Қазақстан Республикасының            Армения Республикасының
         Yкiметi үшiн                           Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады