Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлердiң тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 11 қарашадағы N 1075 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы N 1326 Қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008.12.31. N 1326 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiнiң (Салық кодексi) 224-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану келiсiм-шарты шеңберiнде қызметiн жүзеге асыратын, сол келiсiм-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы     
Үкіметінің          
2006 жылғы 11 қарашадағы    
N 1075 қаулысымен      
бекітілген      

  Қазақстан Республикасының аумағында жер қойнауын пайдалану
    келісім-шарты шеңберінде қызметін жүзеге асыратын, сол
  келісім-шарттың талаптарына сәйкес импортталатын тауарлары
қосылған құн салығынан босатылатын салық төлеушілердің тізбесі

Р/с
N

Салық төлеуші

1

"Арман" бірлескен кәсіпорны

2

"Маерск Ойл ГмбХ" компаниясының қазақстандық филиалы

3

"Қазгермұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

4

"Қуатамлонмұнай" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

5

"АДЖИП ККО" компаниясының қазақстандық филиалы

6

"Теңізшевройл" бірлескен кәсіпорны

7

"Қазақтүрікмұнай" бірлескен кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады