"Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 20 қарашадағы N 1090 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

  Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың
2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы

      Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту мақсатында  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Үкіметі бір ай мерзімде Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін және бекітсін.
      3. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігіне жүктелсін.
      5. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі жарты жылда бір рет есепті кезеңнен кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын.
      6. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Президенті

Қазақстан Республикасы
Президентінің    
2006 жылғы          
N ___ Жарлығымен   
Бекітілген     

  Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Астана - 2006 жыл

МАЗМҰНЫ

1. Паспорт
2. Кіріспе
3. Туристік саланың қазіргі жай-күйі мен дамуына талдау   жасау
3.1 Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға
арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындылары
3.2 Халықаралық тәжірибені талдау
3.3 Туристік кластерді құру және дамыту жөніндегі шараларды іске асыру
3.4 Облыстардағы туризм дамуының жай-күйі
3.5. Туризм инфрақұрылымы
4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1 Туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін   дамыту
5.2 Қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және ілгерілеу
5.3 Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы
5.4 Балалар мен жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың және
туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы фактор
5.5 Туризм саласындағы инвестициялық саясатты қалыптастыру
5.6 Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету
5.7 Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету
5.8 Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық
5.9 Туризмді кластерлік дамыту шеңберіндегі өзара байланысты міндеттер кешенін шешуге мүмкіндік беретін халықаралық маңыздағы белсенді жобаларды іске асыру
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер
Бағдарламаға қосымша

  1. Паспорт

Атауы                        Қазақстан Республикасының туристік
                             саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға
                             арналған мемлекеттік бағдарламасы

Әзірлеу                      Қазақстан Республикасының туристік
үшін негіздеме               саласын дамытудың 2007-2011 жылдарға
                             арналған мемлекеттік бағдарламасы
                             Қазақстан Республикасы Президентінің
                             2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның
                             әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
                             елу елдің қатарына кіру стратегиясы"
                             атты Қазақстан халқына Жолдауын іске
                             асыру жөніндегі іс-шаралардың
                             жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан
                             Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31
                             наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген
                             2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан
                             Республикасы Үкіметі Бағдарламасын
                             орындаудың Желілік кестесінің
                             16-тармағына, 2006 жылғы 25 тамыздағы
                             N 822 Қазақстан Республикасының
                             әлеуметтік-экономикалық дамуының
                             2007-2009 жылдарға арналған орташа
                             жедел жоспарына сәйкес әзірленді.

Негізгі әзірлеуші             Қазақстан Республикасы Туризм және
                             спорт министрлігі

Бағдарламаның                Ішкі және кіріс туризмі көлемінің артуы
мақсаты                      есебінен мемлекет кірісінің және
                             халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты
                             өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге
                             қабілетті туристік индустрияны құру

Бағдарламаның                Қойылған мақсатқа сәйкес Бағдарламаның
міндеттері                   бірінші кезектегі міндеттері болып
                             мыналар табылады:
                             туризм инфрақұрылымын дамыту;
                             туристік саланы мемлекеттік реттеудің
                             тиімді тетігін жасау;
                             елдің туристік беделін қалыптастыру.

Іске асыру                   2007-2011 жылдар
мерзімдері                   Бірінші кезең: 2007-2009 жылдар
                             Екінші кезең: 2009-2011 жылдар 

Қажетті ресурстар            Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
және                         үшін 2007-2011 жылдарға болжанып
қаржыландыру                 отырған шығыстар мынаны құрайды:
көздері                      Республикалық бюджеттен 59 318 221 мың
                             теңге, оның ішінде:
                             2007 жылға - 2 329 668 мың теңге; 2008
                             жылға -20 637 405 мың теңге; 2009
                             жылға - 30 635 357 мың теңге; 2010
                             жылға - 2 774 656 мың теңге; 2011
                             жылға - 2 941 135 мың теңге;
                             және Қазақстан Республикасының
                             заңнамасымен шектелмеген басқа да
                             қаражат көздерінен тұрады. Бұл ретте
                             Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға
                             қажетті бюджеттік қаражаттың көлемі
                             тиісті жылға республикалық және
                             жергілікті бюджетті қалыптастыру
                             барысында нақтыланатын болады.

Бағдарламаны іске            Бағдарламаны іске асыру барысында
асырудан күтілетін           мыналар болжанып отыр:
нәтижелер                     Бірінші кезеңде (2007-2009 жылдар):
                              туристер ағынының тұрақты өсімі: ішкі
                             туризм бойынша туристер ағынының
                             тұрақты өсімін 2007 жылғы 3,3 млн.
                             2009 жылы 4,1 млн. дейін қамтамасыз
                             ету;
                              кіріс туризмінің көлемін 2007
                             жылғы 4,3 млн. 2011 жылы 7,9 млн.
                             дейін арттыру болжанып отыр.
                              Екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
                             ішкі туризм бойынша туристер ағынының
                             тұрақты өсімін 2010 жылғы 4,5 млн.
                             2011 жылы 4,7 млн. дейін қамтамасыз
                             ету;
                             кіріс туризмінің көлемін 2010 жылғы
                             9,5 млн. 2011 жылы 10,5 млн. дейін
                             арттыру болжанып отыр.
                              Шартты түрде орта есеппен бір шетелдік
                             турист өз сапары уақытында бюджетке
                             500-ге жуық АҚШ долларын енгізсе, 2007
                             жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде
                             кіріс туризмінен бюджетке 4,7 млрд.
                             АҚШ доллары түседі.
                              Бағдарлама ұлттық туристік өнімнің
                             тартымдылығын арттыруға және
                             Қазақстанның әлемдік туристік нарық
                             жүйесіне кірігуіне, қызмет көрсетудің
                             халықаралық саудасы және экономиканың
                             кіріс секторы шеңберінде халықаралық
                             кәсіпкерлік пен іскери ынтымақтастықтың
                             маңызды саласы ретінде бәсекеге
                             қабілетті туристік индустрияны құруға
                             ықпал жасайды.

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының туристік саласын дамытудың 2007-2011
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - Мемлекеттік
бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген 2006-2008 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасын орындаудың Желілік кестесінің 16-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес әзірленді.
      Аяқталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекітілген Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды, халықаралық туристік байланыстар біршама кеңейді, туристік саланың заңнамалық және нормативтік құқықтық базасы жетілдірілуде. Бұл ретте туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы N 609 қаулысымен бекітілген Индустриалды-инновациялық дамудың 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының негізгі өлшемдерін есепке ала отырып іске асыруға басты назар аударылды.
      Жеті кластерлік бастаманың ішінде туристік саланың экономиканың басым секторларының бірі ретінде танылуы оны дамытуға жаңа серпін берді.
      Қазақстанның бүгінгі таңда әлемдік туристік қауымдастыққа ықпалдасуына және халықаралық туристік нарықта ұстанымын нығайтуына нақты мүмкіндігі бар.
      Аталған жағдай қызмет көрсету саласындағы, оның ішінде туризммен сабақтас секторларда: ауыл шаруашылығында, ұлттық табиғи парктерде, мәдениетте, көлік және коммуникациялық инфрақұрылымда және т.б. халықты жұмыспен қамту арқылы экономикалық өсімге ықпал ету мақсатында елдің бәсекеге қабілетті туристік индустриясын дамыту бойынша мақсаттар мен міндеттер қою үшін алғышарттар туғызды.
      Қалыптасқан оң үрдістер саланың кезек күттірмес міндеттерін де, сонымен қатар оның даму болашағын ескере отырып, ұзақ мерзімді міндеттерін шешуге де мүмкіндік береді. Барынша маңызды міндеттердің бірі Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті әлемнің 50 елінің қатарына кіру стратегиясында анықталған, атап айтқанда, 2011 жылдың аяғына қарай Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуы.
      Сөйтіп, Мемлекеттік бағдарлама экономиканың басым секторы ретінде саланы орнықты дамытуды қамтамасыз етудің негізгі проблемаларын қамтиды. Қазақстан Республикасының теңдесі жоқ табиғи және мәдени әлеуетіне негізделген қазіргі туристік индустрия туризмнің туристік қызмет көрсетудің халықаралық саудасы жүйесіне оралымды енуінің жүйе жасаушы табиғи факторы және өзінің капитал сыйымдылығына қарамастан, салынған капиталға қайтарымы жөнінен тиімді және барынша серпінді дамушы сала болып табылады.
      Мұнда туристік саланы мемлекетаралық, мемлекеттік және жеке деңгейлерде жоспарлау мен орнықты дамытуда келісілген әрекеттерге, Қазақстан Республикасының туристік саланы дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіруге және туризмді дамытуға кең көлемде қолдауға үлкен маңыз беріледі.

  3. Туристік саланың қазіргі жай-күйі мен дамуына талдау жасау

  3.1. Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асырудың қорытындылары

      Аталған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру, халықаралық ынтымақтастық, заңнамалық нормативтік актілерді әзірлеу, туризм инфрақұрылымын дамыту, статистиканы, кадр, білім беру және өңірлік саясатты дамыту, туризм саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі шаралар қойылды.
      Бағдарламаны іске асыруда "Қазақстан Республикасы аумағында апатқа ұшыраған туристерге қажетті көмек көрсететін мамандандырылған қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 14 мамырдағы N 450 қаулысы, "Барлық санаттағы жерлерден ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру және кеңейту үшін жер учаскелерін алу (сатып алу), ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы бөгде үйлерді, ғимараттар мен нысандарды құлату, сыртқа шығару, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы жер учаскелерін, ғимараттар мен үй-жайларды ғылыми, туристік және рекреациялық қызметтер үшін жалға беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 ақпандағы N 240 қаулысы қабылданды.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және басқа да мүдделі министрліктермен және ведомстволармен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2002 жылғы 24 желтоқсандағы N 08-1/77 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 806 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының рұқсатнама беру тәртібі туралы жаңа нұсқаулығы қабылданды, онда еліміздің бұрынғы азаматтарын қоса есептегенде, 54 мемлекеттің шетелдік азаматтарына рұқсатнама беру ресімдерін оңайлату көзделген, "Туристерге медициналық қызмет көрсету және шұғыл көмек көрсетуді ұйымастыру жөніндегі 2003-2005 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 14 қазандағы N 746 бұйрығы шығарылды.
      Туристік сала үшін кадрлар даярлау жүйесін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Туризм және спорт агенттігінің 2004 жылғы 12 наурыздағы N 06-2-2/89 бұйрығымен Туристік ұйымдар қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, оларды аттестаттау және қоғамдық туристік кадрлардың түрлі санаттарын даярлау ережесі бекітілді.
      Экономиканың саласы ретінде туризмнің негізгі көрсеткіштеріне мониторинг жүргізудің Қазақстан Республикасында қалыптасқан әдіснамасы бүгінгі күні аталған сала дамуының, оның отандық экономикаға ықпалының және   сабақтас салалардың дамуына әсерінің деңгейін жеткілікті мөлшерде анықтауға мүмкіндік береді. Туризмнің дамуын талдау мынадай:
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің статистикалық есептілігі;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынатын төлем теңгерімінің "Сапарлар" бабы бойынша;
      Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің деректеріне негізделеді:
      Алайда бұл есепке алу барлық келетін және шығатын туристерді, атап айтқанда рұқсатнама режимі күшін жойған елдер (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері) бойынша қамти алмайды.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Статистика агенттігімен бірлесе отырып туризм саласындағы қызметтер және қызмет көрсету түрлерінің статистикалық номенклатурасы (ТҚҚСН), 2006 жылы ұлттық есептер жүйесіне Туризмнің қосымша шотын (ТҚШ) енгізу жобасын іске асыру үшін қосымша талдамалы зерттеулер жүргізілетін сауалнамалар мен кестелер әзірленді. Бұл туристік сала көрсеткіштерін нақты есепке алуға және экономиканың басқа секторларына туризм әсерінің экономикалық өлшемдерін анықтауға мүмкіндік береді.
      Туризм саласының соңғы үш жылдағы даму жай-күйі оның қарышты және тұрақты дамуымен сипатталады. Бұған кіру және ішкі туризм көлемінің өсу үрдісі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 29 желтоқсандағы N 1445 қаулысымен бекітілген Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде туристік саланы мемлекеттік реттеу жүйесінің құрылуы куә бола алады.
      Елдің туристік беделін қалыптастыруға және ұлттық туристік өнімді туристік қызмет көрсетудің әлемдік нарығына шығаруға айрықша назар аударылды: 2001 жылдан бастап осы уақытқа дейін Берлин (ГФР), Лондон (Ұлыбритания), Мадрид (Испания), Мәскеу (РФ) қалаларында, ал 2006 жылғы қаңтар айынан бастап Утрехт (Голландия) қаласында өткізілетін ірі халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелерге Қазақстанның жыл сайын қатысуы қамтамасыз етіліп келеді. Жыл сайын көрме алаңдары ұлғаюда, республиканың туристік   ұйымдарының өкілдіктері кеңеюде, жарнамалық-ақпараттық өнімнің сапасы артуда.
      Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның астанасы - Лондон қаласында 2004 жылы қараша айында Қазақстанның бірінші туристік өкілдігі ашылды.
      Бүкіләлемдік туристік ұйымның Іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген КІТF - Қазақстан халықаралық туристік жәрмеңкесі Алматы қаласында, "Белуха" халықаралық туристік фестивалі Шығыс Қазақстан облысында жыл сайын өткізіледі. 2005 жылы КІТF жәрмеңкесіне әлемнің 23 елінен 200-ден астам компания қатысты, ал 2006 жылы экспоненттер саны 30 елден 450 компанияны құрады Сонымен қатар негізгі мақсаты туристер ағынын елдің орталық және солтүстік өңірлеріне тарту, ел ордасы - Астананың III мыңжылдық қаласы ретінде беделін қалыптастыру болып табылатын "Астана-Демалыс" Халықаралық қазақстандық туристік көрме жыл сайын өткізіліп тұрады.
      Туристік бизнес кәсіпкерлері үшін бизнес-жоспарлар мен гранттар, техникалық көмек және инвестициялар тарту жөнінде инвестициялық жобалар жасау бойынша үйрету семинарларын жыл сайын өткізу қамтамасыз етілген. Қазақстанның туристік мүмкіндіктерін шетелде көрсету үшін инвестициялық жобалар каталогы, бағыттамалар, буклеттер мен қағаз және электрондық жеткізушілердегі басқа да жарнама-ақпараттық өнім шығарылған.
      Қазақстанның жағымды туристік беделін қалыптастыруға және туристік индустрияға инвестициялар тартуға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) жұмыс тобына қатысу көп жәрдемін тигізеді, оның шеңберінде 2005 жылы ШИК жұмыс тобының мүдделі мүшелері есебінен туризм жөніндегі шағын топ құрылған және ШИК веб-сайтында»"Қазақстандағы туризм"» Интернет-парағын 2006 жылдан бастап ашу туралы шешім қабылданды.
      Туристік қызметтердің негізгі жеткізушісі туристік ұйымдар болып табылады, оларды туристік қызметті жүзеге асыруға құқығы бар 860 туристік ұйым және 35 жеке кәсіпкер ұсынады. Қазақстанның туристік қызметтер нарығында 3,2 мыңға жуық адам, 1,5 мың білікті гид пен экскурсияшы жұмыс істейді. Туристік нарықтың барлық ұйымдарының 98,3 %-ын шағын кәсіпорындар (жұмыс істейтіндердің саны 50 адамға дейін) білдіреді. 250 адамнан аспайтын персоналы бар орта кәсіпорындар 1,3%, ал ірілер 0,4% құрайды. Талдауға қарағанда, туристік ұйымдардың көпшілігі шағын және орта кәсіпорындар болып табылады, олар әлем елдерінің көбінде инновацияларға негізделген экономикалық өсімнің күшті генераторы болып табылады. Қазақстанның туристік ұйымдары әлемнің 70 елімен ынтымақтаса жұмыс істейді. Бүгінгі таңда республика іс жүзінде барлық туризм түрлерін ұсынады.
      Жоғарыда көрсетілгендермен қатар ұлттық туристік нарықта шетелдер қатысатын 36 туристік ұйым, шетелдік компаниялардың екі филиалы жұмыс істейді.
      Тек қана туристік ұйымдардың қызметінен Қазақстан Республикасының кірісі 2005 жылы 5902,6 млн. теңгені құрады (1-қосымша).
      Тұтастай алғанда 2005 жылы Қазақстан Республикасы туризм индустриясының барлық субъектілерінің туристік қызметінен 30553,4 млн. теңге кіріс алды, мемлекет бюджетіне 6526,5 млн. теңге көлемінде салық төленген. Салыстыру үшін айта кетейік: 2004 жылы туризм индустриясының барлық субъектілерінің туристік қызметінен түскен Қазақстан Республикасының кірісі 26916 млн. теңгені құраған, ал бюджетке салық түрінде түскен түсімнің көлемі - 4742,3 млн. теңге, 2003 жылы - 17927 млн. теңгені құрап, салыққа 3816,2 млн. теңгеден астам түскен (2-қосымша).
      Төлем теңгерімінің "Сапарлар" бабының деректері бойынша резидент еместерге Қазақстанның көрсеткен қызметінің көлемі 2005 жылы 684,5 млн. АҚШ долларын құраған, Қазақстанның резидент еместерден алған пайдасы 667,1   млн. АҚШ долларын құраған. Елдің ІЖӨ-ге туризмнің салымы жедел деректер бойынша 2005 жылы 1,3 % құрады (3-қосымша).
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің және   Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша кіріс туризмі   көлемінің 2000 жылғы 1,5 млн туристен 2005 жылғы 4,3 млн-ға дейін тұрақты арту үрдісі байқалады. Ішкі туризм бойынша көрсеткіштер 2000 жылғы 941   мыңнан 2005 жылғы 3,2 млн. туристке дейін өсуде. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2000 жылдан бастап 2005 жылға дейінгі деректерін талдау кіріс туризмі географиясының 2000 жылғы 60 елден 2005 жылғы 161 елге дейін кеңейгенін көрсетеді (4-қосымша).
      Талдау көрсеткендей, резидент еместердің 44,2%-ы Қазақстанға таныстары мен туыстарының шақыруы бойынша (қонақ туризмі), 35,1%-ы әскери және кәсіби мақсаттармен (әскери туризм), 18,4 %-ы демалыс үшін және резидент еместердің тек аз ғана пайызы өзге мақсаттармен келеді.
      Жыл сайын шығыс туризмінің көлемі артуда (егер 2000 жылы туристік фирамалар шетелге 67360 туристі жіберсе, 2005 жылдың қорытындылары бойынша кеткен Қазақстан Республикасы азаматтарының саны 210692 туристі құрады).
      Бағдарламаның мақсатына сәйкес елде әр түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға»кең мүмкіндік беретін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешеннің жұмыс істеуі үшін жағдайлар жасалған, ұлттық туристік өнімнің сапасын қамтамасыз ету үшін стандарттар әзірленді және қабылданды. Қазақстан Республикасында туризмнің материалдық-техникалық базасын дамытуға инвестициялар тарту үшін жағдайлар айқындалды және жасалды.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2001 жылы туризм нысандарының жаңа негізгі құралдарына 22447,2 млн. теңге, 2002 жылы 28194,3 млн. теңге, 2003 жылы - 30115 млн. мың теңге инвестиция бөлінді.   Бұл туризм саласына инвестициялар тартуда оң үрдістер бар екендігін көрсетеді,   алайда инфрақұрылымды дамыту мен туристік индустрияға инвестицияларды ынталандыру үшін қабылданатын шаралар анық жеткіліксіз. Талдау көрсеткендей, елдің инфрақұрылымын дамытуға салынған инвестициялардың жалпы сомасынан туристік ұйымдардың қызметіне тек 139 млн теңге тартылды, бұл 0,46%-ды құрайды.
      Жергілікті атқарушы органдар өңірлік деңгейде туристік саланы дамытуға жеткілікті түрде назар аудармайды.
      Сонымен бірге туризмді дамыту көлік инфрақұрылымын дамытумен
тікелей байланысты. Елімізге туристер негізінен әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм   мақсатында көбінесе теміржол көлігі пайдаланылады, ал автокөлікті пайдалану туристер арасында аз таралған. Жыл сайын республикалық маңызы бар жолдар тізбесі толтырылып, олардың құрамында ірі туристік нысандарға апаратын жолдар салынуда.
      Кіріс және ішкі туризм көлемін ұлғайтудың негізгі факторы тармақталған көлік желісін дамыту және жолаушылар тасымалының барлық түрлерінің географиясын кеңейту болып табылады. Осыны ескере отырып, туризм саласындағы уәкілетті органның қолдауымен»"Қазақстан темір жолы"»ұлттық компаниясы"»Акционерлік қоғамы мен "Жолаушылар тасымалы" Акционерлік қоғамы ұлттық тасымалдаушы арқылы 2002 жылдан бастап Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент-Самарқанд-Үргеніш-Бішкек- Рыбачье-Алматы бағыты бойынша "Жібек Жолы меруерті" мамандандырылған пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның бірінші кезеңін іске асырады.
      Болашақта Тегеранға дейін екінші кезеңді, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округы арқылы Пекинге дейін үшінші кезеңді жүзеге асыру жоспарланып отыр.
      2003-2005 аралығындағы кезеңде Қазақстан Республикасының шетелдермен туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастығының нормативтік құқықтық базасы кеңейді. Қазіргі кезде туризм саласындағы 26 келісім қолданылуда. Жапония, Грекия, Франция, Катар, Сауд Арабиясы, Словения, Польша, Монғолия, Малайзиямен туризм саласындағы ынтымақтастық туралы келісім жобалары келісім-шарт агенттеріне келісу үшін жіберілді. Қазіргі уақытта Біріккен Ұлттар Ұйымының мамандандырылған мекемесі болып табылатын Бүкіләлемдік туристік ұйыммен және Бүкіләлемдік туристік ұйымға мүше елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерімен ынтымақтастық нығайтылды.
      Резидент еместерден ел экономикасына құйылып жатқан шетелдік валютаның ағынының тұрақты артуы есебінен елдің төлем теңгерімі жақсарғанын айта кету керек, туризм саласын қаржыландыру мәселесі шешілуде: 2001 жылдан бастап 26 млн. 111 мың теңге көлеміндегі қаражат республиканың халықаралық көрмелерге қатысу мен халықаралық туристік жәрмеңкелерді өткізуді қоса алғандағы туристік қызмет жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға бөлінді. 2003 жылдан бастап туристік іс-шараларды қаржыландыру көлемі Бағдарламаны қабылдауға байланысты 32 млн. теңгеге, 2004 жылы - 34 млн. теңгеге артты және 2005 жылы бөлінген қаражат сомасы 39,5 млн. теңгені құрады.

  3.2. Туристік кластерді құру және дамыту жөніндегі
шараларды іске асыру

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы "Бәсекеге қабілетті Қазақстанға, бәсекеге қабілетті экономикаға, бәсекеге қабілетті ұлтқа" деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Маркетингтік-талдамалы зерттеулер орталығы және "J.Е. Аustin Аssосіаtеs Inc." америка консалтингтік компаниясы "Қазақстан экономикасының қолданыстағы және әлеуетті болашағы бар секторларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оларды дамыту жөніндегі ұсынымдарды әзірлеу" жобасын іске асырды. Жобаның мақсаты елдің экономикалық өсімі үшін әлеуеті бар Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларының бәсекеге қабілеттігін арттыру болып табылады.
      Қорытындысында экономиканың бәсекеге қабілеттілігін және
әртараптылығын арттырудың индустриалдық негізін құру үшін шикізаттық емес жеті басымдықтың ішінде алғашқылардың бірі болып туризм анықталды.
      Сарапшылардың пікірінше, Қазақстанның бәсекелік артықшылығы бірегей мәдениетінде (мәдени-танымдық), бай табиғи әлеуетінде (экологиялық туризм), өсіп келе жатқан іскери белсенділігінде (іскери туризм), сондай-ақ спорт және хикаялы (шұғыл) туризм сияқты демалыстың белсенді түрлерімен шұғылдану мүмкіндігінде.
      Италия, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері мен Түркиядағы туристік орталықтар дамуының тәжірибесі айтарлықтай.
      Аталған елдердің туризм индустриясын дамыту негізінде туристік саланың инфрақұрылымын, көлікті және қызмет көрсету аяларын дамыту жатты.
      Туризм инфрақұрылымын дамыту бөлігінде Италиядағы (Рим, Венеция), Түркиядағы (Бодрум, Мармарис, Анталья), АҚШ-тағы (Лас-Вегас, Гавай аралдары), Египеттегі (Каир, Гиза, Александрия), Тайландтағы (Бангкок) туристік орталықтардың дамуын атап көрсетуге болады.
      Осы әлемдік туристік орталықтар туризмі инфрақұрылымының негізін қазіргі заманғы 3, 4, 5 жұлдызды қонақ үйлер, театрлар, ойын-сауық нысандары құрайды. Сонымен бірге осы туристік орталықтардың дамуында бай тарихи-мәдени мұра мен табиғи алғышарттардың рөлі маңызды болды.
      Осы өңірлердің туризм индустриясының тиімді дамуына мемлекеттің бизнестің кәсіпкерлер бастамашылығына қолдау көрсетуі, сондай-ақ туризм инфрақұрылымын дамыту саласындағы дамыған мемлекеттік-жеке әріптестік ықпал етті.
      Шетелдердің мысалы көрсеткендей, ұлттық парктерге келетін туристер (мысалы, Кенияда, Америкада, Қытайда) жыл сайын 1 млн.-ға дейін АҚШ долларын қалдырып кетеді. Қорықтарға, ұлттық парктерге тауарларды сату және ақылы қызмет көрсету есебінен өз бетінше ақша табуға рұқсат берілген. Ұлттық парктерден түсетін қаржы құралдары оларды дамытуға, сонымен қатар қорғау және қалпына келтіруге арналған іс-шараларға жұмсалады.
      Осыдан келіп, "Экономиканың басым секторларындағы пилоттық жобалардың жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 25 маусымдағы N 633 қаулысымен Алматы қаласы мен Алматы облысында "Туризм" пилоттық кластерін құру және дамыту жөніндегі жоспар (бұдан әрі - Жоспар) бекітілді.
      Туристік кластер құру мүмкіндігін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі туристік индустрияның одан әрі даму стратегиясын айқындау мақсатында Қазақстан өңірлерінің туристік әлеуетіне маркетингтік зерттеулер жүргізу үшін 65 млн. теңге көлемінде қаржылай қаражат бөлді. Аталған зерттеулерді жүргізу үшін стратегиялар әзірлеуде және туристік қызмет көрсетудің әлемдік нарығына туристік өнімді жылжытуда көшбасшылық орынды иеленуші "International consulting group on tourism "IPK" (бұдан әрі - "IPK International") компаниясы тартылды.
      Жүргізілген зерттеулер қорытындысы бойынша, елдің туристік индустриясын Қазақстанның бәсекелік артықшылықтарын есепке ала отырып дамыту стратегиясы және ұзақ мерзімге кластерлік бастамалар әзірленді, бірқатар жобаларды іске асыру көзделді, оның бірі осы Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу болып табылады.
      Жоғарыда аталған Кластерлік бастамаларды іске асыру жоспары шеңберінде жалпы жүйелік мәселелер шешілді:
      туристік сала Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 қыркүйектегі N 925 қаулысымен бекітілген Экономикалық қызметтің басым түрлері тізбесіне енгізілді, бұл әлеуетті инвесторларға инвестициялар туралы заңнамада көзделген жеңілдіктер мен артықшылықтарды пайдалануға мүмкіндік береді;
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 24 ақпандағы N 196 қаулысымен Қазақстан Республикасының резидент еместері мен резиденттеріне арналып республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін 0,1 - 0,2 ең төмен есептік көрсеткіш көлемінде бірыңғай төлем ставкалар белгіленді;
      2005 жылғы қазанның 18-19 аралығында қазақстан-ресей үкіметаралық бірлескен комиссиясының кезекті отырысында хаттамалық шешімге "Байқоңыр" ғарыш айлағында ішкі және кіріс туризмін дамыту жөніндегі іс-шаралар енгізілді;
      "IPK International" Халықаралық консалтингтік компаниясы туристік әлеуетке зерттеулер жүргізді;
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі 2004 жылдан бастап Туризмнің қосалқы шотын құру жөніндегі жұмыстарды жүргізіп келеді, сондай-ақ экономикалық қызмет түрлерінің (ЭҚТЖ) және экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің (ЭҚТӨЖ) қолданыстағы жіктегіштеріне өзгерістер енгізу туралы мәселе де қарастырылуда;
      Бүкіләлемдік туристік ұйымның және Еуропа үшін Бүкіләлемдік туристік ұйым комиссиясына мүше-елдердің Ұлттық туристік әкімшіліктерінің қолдауымен 2006 жылғы 25-27 сәуірде Алматы қаласында Еурокомиссияның 45-отырысы өткізілді;
      Дакар (Сенегал) қаласында 2005 жылы 25 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткен Бүкіләлемдік туристік ұйымның ХҮІ Бас ассамблеясында 2007 жылы Қазақстанды Бүкіләлемдік туристік ұйымның Атқару Кеңесінің құрамына ұсыну туралы мәселе енгізілді;
      Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 20 маусымдағы N 220 бұйрығымен Туризм саласындағы уәкілетті органның жанындағы туризм жөніндегі сараптама кеңесі бекітілді.
      2007-2008 жылдары Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әзірленген мастер-жоспарлары негізінде туристік кластерлерді құру мен дамыту жөніндегі шаралар қабылдау қажет және Қазақстан әлеуеті туристік мақсатта елдің барлық өңірлерін дерлік пайдалануға мүмкіндік бере алатындықтан, қалған өңірлердегі мастер-жоспарларды 2008 жылға дейін әзірлеу қажет. Бұл ретте іс-шараларды іске асыру барысында олардың қажетті деңгейде қаржыландырылуын қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек.
      Қазақстан экономикасының орнықты дамуы, елдің индустриалдық-инновациялық дамуы жөніндегі іс-шаралар кешенін іске асыру шетелдік капиталды белсенді түрде тартуға ықпал етеді. Сондықтан да орталық және өңірлік билік деңгейлерінің іс-қимылын нақты үйлестіруді қамтамасыз ету; жеке бастамалардың дамуына ықпал ету; саланың ақпараттық кеңістігін құру, қазақстандық турөнімнің ішкі және сыртқы нарыққа жылжуының тиімді жүйесін әзірлеу; инвестициялау және салық салу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық кесімдерді қабылдау мақсатында туристік индустрияны дамыту, мемлекеттік және жеке менеджменттің жоғары деңгейін қалыптастыру үшін шетелдік және ішкі инвестицияларды тартуға барлық алғышарттар бар. Әзірлену үстіндегі өңірлік мастер-жоспарлар шеңберінде іске асыру жоспарланып отырған туризмнің кластерлік дамуының негізгі бағыттары - осы.

  3.3. Облыстардағы туризм дамуының жай-күйі

      2001 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдар саланы дамытуға қажетті қаржылай қаражатты бөліп келеді, алайда, талдау көрсеткеніндей, облыстардағы туристік индустрияның дамуын тежеуші факторлардың бірі-әкімдіктердің экономикалық өсімді қамтамасыз ететін басымдықтардың бірі ретінде аталған салаға жеткіліксіз назар аударуы. Айталық, Туризмді дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған өңірлік және республикалық бағдарламасына Солтүстік Қазақстан облысында жыл сайын орта есеппен 400 мың, ал 2006 жылға - 329 мың теңге бөлінеді. Павлодар облысында жыл сайын - 500 мың, ал 2006 жылға алғаш рет 3,5 млн теңге көзделген. Қостанай облысында 1,5 млн. теңге шегінде бөлінеді. Бұл - аталған облыстарда әлеуетінің жеткілікті екеніне қарамастан, туристік саланы дамытуға мүмкіндіктің болмауына әкелді.
      Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында іскери туризм басымдық танытатын шығыс туризмінің көлемі өсіп келеді. Аталған өңірлерде, сондай-ақ Қарағанды, Жамбыл және Маңғыстау облыстарында шығу туризмі барынша дамыған. Негізінен бос уақыт пен демалыс, сондай-ақ іскери туризм осы өңірлердегі Қазақстан азаматтары сапарларының мақсаты болып табылады.
      Ішкі туризмнің барынша дамуы Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалады.

  3.4. Туризм инфрақұрылымы

      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы Қазақстан Республикасының аумағында 515 туристік нысан бар, оның ішінде: 273 мейманхана, 7 кемпинг, 36 санаторий, 15 санаторий-профилакторий, 12 профилакторий, 5 емдеу-профилакторий орталықтары, 4 пансионат, 29 демалыс аймағы, 27 демалыс үйі, 24 туристік база, 35 сауықтыру лагері, 4 тау шаңғысы базасы, 13 қонақ үй, 9 аңшылық үй, 1 балалар мен жасөспірімдер туризмі орталығы, 7 сауықтыру кешені, 6 мұражай, 2 кесене, 1 туризм жөніндегі мемлекеттік кәсіпорын және басқалары (клубтар, қолөнершілер қалашықтары) - 5.
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша 2005 жылғы қолданыстағы 385 мейманхана мен басқа да орналастыру орнының 340-ы жеке меншік нысанында, 22-сі мемлекет меншігінде, 23-і басқа мемлекеттердің меншігінде.
      Елде 5*, 4*, 3* санатындағы 78 мейманхана жұмыс істейді, қалған мейманханалар бірінші, екінші және үшінші санаттарға жатады.
      Республика бойынша орналастыру нысандарын пайдаланудан түскен кіріс 2005 жылы 23153,5 млн. теңгені құрады, аталған кәсіпорындар көрсеткен қызмет көлемі 20767,4 млн. теңге, оның ішінде - мейрамханалары бар қонақ үйлер - 17521,7 млн. теңге, мейрамханаларсыз қонақ үйлер - 2567,5 млн. теңге, жастар жатақханалары мен таудағы туристік базалар - 74,6 млн. теңге; кемпингтер, мотельдер, автофургондар мен автотіркемелерді қоюға арналған тұрақтарда көрсетілетін қызметті қоса алғанда - 5,8 млн. теңге, басқа да тұратын орындар - 597,8 млн. теңгені құраған (5-қосымша).
      Мамандандырылған орналастыру орындарында: 106 санаторий, пансионат, санаторий-профилакторийде 2005 жылы емдеу-сауықтыру қызметін 209,6 мың адам пайдаланған, 13 демалыс базасы мен үйінде, пансионаттарда 179852 адам демалған. Барынша танымал демалыс орындарына Сарыағаш (ОҚО), Қапал-Арасан (Алматы облысы), "Мойылды", "Баянауыл" (Павлодар облысы), "Жаңақорған" (Қызылорда облысы), "Щучье-Бурабай аймағы" (Ақмола облысы), "Каспий" (Маңғыстау облысы) және басқалары жатады. Сонымен қатар санаторийлік-курорттық нысандарды дамытуға жағдай жасау қажет.
      Туристік қызметке жасалған талдау Астана және Алматы қалаларына шекараның арғы жағынан келген туристер сапары іскери мақсатта екенін (іскери туризм) және олар сапалы, әрі толық қызмет көрсететін қонақ үйлерге тоқтағанды жөн санайтынын көрсетті. Елдің іскери орталықтары - ірі қалалардағы жоғары дамыған қонақ үйлердің одан әрі дамуы дәл іскери туризмге байланысты болады. Клейнуорта-Бенсонның сұраныс теориясының құрылымына сүйенсек, қонақ үй қызметтерінің артуына байланысты бизнес-турлардың да саны артады.
      Әуе көлігі саласында 
      Халықаралық туризмді дамытуға ықпал етуші негізгі факторлардың бірі жолаушыларды авиатасымалдау болып табылады. Қазіргі уақытта республикаға алыс шетелдің жеті авиакомпаниясы ("КLМ",»"Lufthansа", "Вrіtіsh Аіrlіnees", "Аsіаnа Аіr Аrаbіа", "Сhіnа South Аіrlіnеs", "Тurkish Аіrlіnеs") тұрақты ұшып тұрады. Ұлттық авиатасымалдаушы "Эйр Астана" Түркия, Германия, Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ұлыбритания, Үндістан, БАӘ, Нидерландыға тұрақты рейстер жасайды.
      Бүгінгі таңда Қазақстанның халықаралық авиатасымалдарға қол жеткізе алатын әуежайлары: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларында бар.
      Сапарлардың басым көпшілігінің әуе көлігін пайдалану арқылы жүргізілетінін ескерсек, авиапаркті жаңарту, туристік ағынның көбеюіне қатысты елеп-екшелген баға және тариф саясатын ескере отырып, жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау географиясын кеңейту, қызмет көрсету сапасын арттыру қажеттілігі туындайды.
      Статистикалық деректерге сүйенсек, 2005 жылы әуе көлігінің қызметін 248578 турист пайдаланған.
      Темір жол көлігі саласында
      Қазақстан аумағынан 132 бағдар бойынша өзімізде жасақталған жолаушылар поезы жүріп өтеді. Оның ішінде қала маңындық бағытта 69 бағдар бойынша; 49-ы жергілікті қатынас, 11-і мемлекетаралық қатынас, 3-еуі халықаралық қатынас бойынша жүреді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы аумағынан ТМД елдерінде жасақталған 17 жолаушылар поезы өтеді.
      Соңғы жылдары темір жол көлігі билет құнының қол жетімділігіне байланысты республика халқының негізгі жол жүру құралына айналды. Сонымен қатар "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының поездарындағы қызмет көрсету деңгейі әлемдік стандартқа сәйкес келмейді. Вагон паркінің біршама бөлігінің ұзақ уақыт пайдаланылуы және әбден тозуы, оларды ауыстыру немесе қайта жөндеу қажеттілігі жолаушылар тасымалының өзін-өзі ақтамайтындығымен және оларды субсидиялаудың мемлекеттік бюджет есебінен жүргізілуімен түсіндіріледі.
      Жолаушыларға темір жол көлігінде сервистік қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында бірқатар іс-шаралар көзделген:
      жолаушылар поезында жолаушыларға Қазақстан Республикасы аумағында да, сондай-ақ Ресей Федерациясының аумағында да ланч-бокстар жасау мен ұсыну бойынша технологиялық процесс жобасы қарастырылуда, ЖВ купе, РИЦ купе санатындағы вагондардың жолаушылары үшін безендіріліп, мамандандырылған ақпараттық буклет шығару бағдарламасының жобасы әзірленді.
      Статистика деректері бойынша 2005 жылы темір жол көлігін 44709 турист пайдаланған.
      Автокөлік саласында
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 желтоқсандағы N 1809 қаулысына сәйкес Республикалық маңызы бар жолдар тізбесіне ірі туристік нысандарға апаратын және туризмді одан әрі дамытуда біршама қызығушылық тудыратын мынадай жолдар енгізілуіне байланысты соңғы жылдары туристік мақсатта автокөлік белсенді түрде пайдаланылып жүр:
      1. Ташкент - Шымкент - Тараз - Алматы - Қорғас;
      2. Шымкент - Қызылорда - Ақтөбе - Орал - Самара;
      3. Алматы - Қарағанды - Астана- Петропавл;
      4. Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркіменстан шекарасы;
      5. Омбы - Павлодар - Семей - Майқапшағай;
      6. Астана - Қостанай - Челябі - Екатеринбург.
      Статистика деректері бойынша 2005 жылы қаларалық автобустардың қызметін 87615 турист, басқа да құрлықтағы жол құралдарын 53765 турист пайдаланған.
      2005 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша республикалық маңызы бар көпшілік пайдаланатын автомобиль жолдары бойында мынадай нысандар жұмыс істейді: 925 - АҚС, 108 - ТҚС, 62 - қонақ үй, 1124 - тамақтану және сауда орындары, 61 - автотұрақ.
      Су көлігі саласында
      Каспий теңізіндегі Ақтау порты Қазақстанды Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан және Иран порттарымен байланыстырады. Қазақстан Республикасын Ресей Федерациясымен және Қытай Халық Республикасымен байланыстыратын ішкі су жолдары байланыстары бар.
      Шығыс Қазақстандық Су жолдары республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жолаушылар тасымалдауға лицензиясы бар және туристік қызметке қатысы бар кемелерге Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы шлюздеу құнының 25% көлемінде жеңілдік орнатты. Бұл ретте аз мөлшерлі флотты шлюздеу Өскемен және Бұқтырма шлюздері арқылы жеңілдетілген тариф бойынша белгіленген кестемен 10 м дейінгі кемені шлюздеу 10%, ал 10 метрден ұзын кемені шлюздеу 20% бойынша жүргізіледі. Статдеректерге сәйкес 2005 жылы аталған кәсіпорын 276 туристке қызмет көрсеткен.
      Елдің басқа да су артериялары туристік мақсатта пайдаланылмайды. Сонымен қатар жүргізілген зерттеулер нәтижесінде Еуропадан келген туристердің Каспий теңізіне үлкен қызығушылығы жағажай туризмінде де және круиз ұйымдастыруда да байқалды. Осы мақсаттарда Каспий өңіріндегі елдер бойынша круиз ұйымдастыру үшін жолаушылар кемесін жасау немесе сатып алу туралы мәселені қарастыру қажет.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Мемлекеттік бағдарламаның мақсаты - ішкі және кіріс туризмі көлемінің артуы есебінен мемлекет кірісінің және халықтың жұмыспен қамтылуының тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрияны құру.
      Қойылған мақсаттарға сәйкес бірінші кезектегі міндеттер мыналар болып белгіленді:
      туризм инфрақұрылымын дамыту;
      туристік саланы мемлекеттік реттеудің тиімді тетігін құру;
      елдің туристік беделін қалыптастыру.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері

  5.1. Туристік қызметті мемлекеттік реттеу және қолдау жүйесін дамыту

      Бұл бағытта мынадай шараларды іске асыру қажет:
      Қазақстан Республикасының болашақта Бүкіләлемдік сауда ұйымына енетінін ескере отырып, туристік қызмет көрсетудің халықаралық саудасын мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілер жобасын әзірлеу;
      шығу және кіріс туризмін дамыту, көші-қон, рұқсатнамалық және тіркеу рәсімдерін, кеден және шекара бақылауын оңайлату мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру;
      туризм саласындағы статистикалық есеп пен есептілік жүйесін жетілдіру, Туризм жөніндегі ұлттық шоттар (ТҰШ) жүйесіне қосымша шот құру;
      туристік саланың төлем теңгерімін қалыптастыру әдістемесін Бүкіләлемдік туристік ұйымның ұсынымдарын және Біріккен Ұлттар Ұйымы Статистикалық комиссиясының шешімдерін ескере отырып жетілдіру;
      шет елдермен туризм саласындағы ынтымақтастықты саланың халықаралық шарттық базасының кеңеюі негізінде жандандыру;
      туристік және қонақ үйлік қызметтердің сапасын техникалық реттеудің белгіленген талаптарына сәйкес арттыру;
      туризм саласындағы қызметті мүдделі орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдар, сондай-ақ мемлекеттік және жеке меншік секторлар арасында жоғары деңгейде үйлестіру деңгейін қамтамасыз ету.
      Шығу және кіріс туризмін одан әрі дамыту мақсатында мыналарды дамыту қажет:
      мемлекеттік және жеке менеджменттің тиісті деңгейін қамтамасыз ету;
      орталық және жергілікті атқарушы органдардың туристік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі қызметін мемлекеттік қолдау және үйлестіруді қамтамасыз ету;
      жеке бастамалардың дамуына ықпал ету;
      шығу және кіріс туризмін дамыту үшін инвестициялау және салық салу мәселелері бойынша қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
      шетелдік туристер үшін рұқсатнамалық, кеден және тіркеу рәсімдерін оңайлату жөніндегі жұмысты жалғастыру.

  5.2. Қазақстандық туристік өнімнің маркетингі және ілгерілеуі

      Ұлттық турөнімнің маркетингін және ілгерілеуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан әлемге әйгілі халықаралық туристік көрмелерге қатысады және осындай көрмелердің республикада жыл сайын өткізілуін ұйымдастырады.
      Елді әлемдік туристік нарыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасының оң туристік беделін қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды одан әрі жүзеге асыру қажет.
      Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясын іске асыру және Қазақстанды туризм елі ретінде дамыту аясында мынадай шараларды қабылдау қажет:
      туризмнің экономикалық көрсеткіштері өсімінің жаңа бағыттарын қалыптастыру және оны кең көлемде мемлекеттік қолдау;
      халықаралық маңызы бар белсенді туристік жобаларды әзірлеу және іске асыру;
      көлік инфрақұрылымын және туристік қызметтер нарығын дамыту;
      халықаралық экономикалық ұйымдар мен одақтарға қатысу арқылы туризм саласындағы жаһандық экономикаға ықпалдасу;
      елдің еуразиялық тарихи дамуын және қазақстандық қоғамның көпұлтты, көпконфессиялы және мультимәдени сипатын, оның құндылықтарын, дәстүрлерін, асханасын, өнерін Қазақстан халықтары ассамблеясын, республиканың мәдени және академиялық күштерін тарта отырып белсенді пайдалану;
      Қазақстанды жұртқа танытудың және оны шетелдік жұртшылық өкілдерінің әкімшілік және мәдени-тарихи орталықтарымен таныстырудың пәрменді тетігін Бүкіләлемдік туристік ұйым, ЮНЕСКО (Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар ұйымы), әзірлеу; БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы), Бүкіләлемдік Банк, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және отандық даму институттарын пайдалану арқылы әзірлеу;
      Қазақстан Республикасындағы туризмнің мамандандырылған түрлерін дамыту жоспарын әзірлеу;
      "Атамекен" Қазақстан картасы секілді өңірлік деңгейде тақырыптық парктер салу мәселесін қарастыру;
      туристік қызметтердің ішкі және сыртқы нарығында қазақстандық турөнімді тиімді жарнамалық-ақпараттық қамтамасыз ету.

  5.3. Экологиялық туризм - тұрақты даму факторы

      Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту қажеттілігі тек экономикалық фактормен - жаңа жұмыс орындарын  ашу, шалғай өңірлердегі жергілікті қоғамдастықтарды дамытумен ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік тапсырыспен - халықтың денсаулық мәселесіне және бос уақытын пайдалану мәселесіне толық, әрі жүйелі түрде мән берумен де түсіндіріледі. Бүкіләлемдік туристік ұйым сарапшыларының деректері бойынша соңғы он жылда экологиялық туризмді ұйымдастыру барынша танымал және кез келген мемлекеттің тұрақты даму құралы болып табылады.
      Туристік әлеуетті зерттеу қорытындылары көрсеткендей, Қазақстанның экологиялық туризмді дамыту үшін үлкен мүмкіндіктері бар. Оның негізін Еуразия орталығындағы теңдесі жоқ табиғи жағдайлар мен ландшафттар, көптеген табиғи, тарихи ескерткіштер, түрлі тарихи кезеңдерде Қазақстан аумағынан орын тепкен халықтардың мәдени және этникалық мұрасы құрайды.
      Тұтастай алғанда, Қазақстандағы экологиялық туризмнің жағдайы тұрақталып келеді. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, заңды тұлға мәртебесіндегі Ұлттық ерекше қорғалатын аумақтар 2005 жылы 391,6 мың туристке қызмет көрсеткен, туристік топтардың келуінен түскен кіріс 2005 жылы 9,1 млн. теңгені құраған.
      Алайда экологиялық туризмнің басқа туризм түрлеріне қарағанда табиғи ортаға әлсіз әсеріне және кең дамыған инфрақұрылымды қажет етпейтініне қарамастан, осы бағыттың дамуы күрделі қиындықтарға ұшырауда, оның көп бөлігі рекреациялық-туристік инфрақұрылымның қалыптасу кезеңінде болуына байланысты.
      Қазақстандағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті шектелмеген, алайда оны қалыптастыру мен дамыту біршама капитал салымын және шығындарды қажет етеді. Экологиялық туризмге қажетті инфрақұрылымды жасау табиғаттың керемет жерлерінің тартымдылығын және қол жетімділігін туристер үшін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шығыс Қазақстан облысындағы Мұзтау тауы маңындағы Рахманов кілттері туристік кешенінің құрылысы, Алматы облысындағы тау шаңғысы курорттарының желісі және басқалары сияқты экологиялық туризм нысандары бойынша инвестициялық жобаларды іске асыруға инвестициялар мен жеке капиталды тарту үшін жағдайлар жасау қажет.
      Осы процесті жандандыруға бағытталған шаралар мыналар болып табылады:
      ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында экологиялық туризмнің инфрақұрылымын жасау және дамыту мақсатында Мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің және мемлекеттік табиғи резерваттардың техникалық-экономикалық негіздемесін, инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарларын әзірлеу бөлігінде түзету;
      Қазақстанның халықаралық ынтымақтастығын ТМД елдерінің Мемлекетаралық кеңесі аясында экологиялық туризм бөлігінде дамыту;
      Қазақстан ратификациялаған конвенциялар бойынша биологиялық әркелкілікті сақтау және Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау бөлігіндегі міндеттемелерді орындау.
      Сондай-ақ Бүкіләлемдік экологиялық саммитте 2002 жылғы мамыр айында қабылданған Квебек декларациясының ұсыныстарын іске асыруды қамтамасыз ету қажет:
      экотуризмді дамытудың ұлттық, өңірлік және жергілікті саясатын табиғатты, жергілікті мәдениетті қорғауды және жергілікті халықпен, жеке сектормен, үкіметтік емес ұйымдармен серіктестікте ұлттық дәстүрлер мен генетикалық ресурстарды сақтауды есепке ала отырып әзірлеу;
      табиғи ортаға кері әсер етудің алдын алу үшін қажетті реттегіш және мониторингтік тетіктерді әзірлеу;
      шағын және орта бизнес өкілдері үшін техникалық, қаржы және адам ресурстарын дамытуға қолдау жасауды қамтамасыз ету;
      қоршаған ортаны қорғауға жауап беретін үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыру.
      Аталған ұсынымдарды орындау мен қорғалатын табиғи аумақтардағы экологиялық туризмнің ерекше қажеттіліктерін қамтамасыз ету, халықтың өзіндік мәдениеті және дәстүрлерімен үйлесімділікте сирек кездесетін жануарлар мен өсімдіктерді сақтау, сондай-ақ турлардың географиясын үнемі кеңейтіп тұру Қазақстандағы туризмнің осы түрінің табысты дамуын батыл болжамдауға мүмкіндік береді.

  5.4. Балалар мен жасөспірімдер туризмі - ішкі туризмді дамытудың және туристік мәдениетті тәрбиелеудің негізін қалаушы фактор

      Бала жастан туризмнің әр түрімен айналысу азаматтық сезімді, туристік мәдениетті және қонақжайлылық идеологиясын жалпымемлекеттік идея ретінде қабылдау қабілетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді. Бұл жалпымемлекеттік идеяны іске асыру барысында табиғат пен қоғамға ең төмен салдар әкеле отырып, мемлекеттің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін экономиканың пәрменді секторы ретінде туризмнің дамуы мүмкін болады.
      Балалар мен жасөспірімдер туризмі туризмнің белсенді түрі бола отырып, мыналарға ықпал етеді:
      табиғатпен, есірткі және зиян әдеттердің баламасымен байланыстыру арқылы өскелең ұрпақты салауатты өмір салтына баулуға, ерік пен руханилыққа тәрбиелеуге;
      туған өлкені тануға, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет ескерткіштерімен танысуға ықпал етеді.
      Балалар мен жасөспірімдер (мектеп) туризмін дамытуды мектептік білім беру жүйесіндегі он жылдықта бұзылған құрылымды қалпына келтіру, көптеген пәндердің оқу бағдарламаларын және уақыт талабына сай жаңарту арқылы кешенді түрде жүргізу қажет:
      туристік білімнің жалпы білім беру деңгейін оқу бағдарламаларының тақырыптық жоспарларына туристік техника және дайындық сабақтарын енгізу арқылы Қазақстанның тарихи нысандарын, бірегей табиғи ескерткіштерін білу арқылы тұрған жерде және карта бойынша бағдарлау дағдыларын қалыптастыру арқылы жетілдіру;
      балалар мен жасөспірімдердің мектептен тыс туристік мекемелерінің желісін қалыпқа келтіру және кеңейту: балалар мен жасөспірімдер туризмі станцияларын республикалық буыннан аудандық буынға дейін, туристік клубтарды, балаларға арналған туристік базаларды жетілдіру.
      "Менің Отаным - Қазақстан" жобасын іске асыруға, сондай-ақ туризмнің белсенді түрлерін ұйымдастыру барысында гидтер және экскурсияшылар ретінде жастарды кеңінен тартуды қамтамасыз ету.

  5.5. Туризм саласындағы инвестициялық саясатты қалыптастыру

      Қазақстан Республикасының Үкіметі экономиканың басқа секторларына шетелдік және отандық инвесторларды тарту жөнінде бірқатар шаралар қабылдауда, бірақ туристік саланы дамытуға инвестициялар өте аз тартылуда. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша, 2004 жылы қонақ үйлерді, мотельдер мен кемпингтерді, санаторийлік-курорттық объектілер мен түрлі меншік нысанындағы демалыс мекемелерін дамытуға 35 млрд. 848 млн. 259 мың теңге көлемінде инвестиция тартылған, ал 2003 жылғы қаңтар - желтоқсанда (жедел деректер бойынша) негізгі жаңа құралдар үшін 36 млрд. 860 млн. 109 мың теңге көлемінде инвестиция тартылған.
      Шығыс Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында, Астана қаласында туризм инфрақұрылымын оның даму ауданында құру жөнінде ұсынымдар әзірленді. Алматы қаласында туристік нысандардың жағдайын зерделеу мен инфрақұрылым деректерінің банкін құру жөніндегі жұмыс жүргізіліп жатыр. Қостанай облысында қала және аудан әкімдеріне туризм инфрақұрылымы нысандарын, олардың жоспарына облыстың кәсіпкерлер мен шаруашылық етуші субьектілерінің қаражаты есебінен тиісті жылдағы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын қоса отырып салу ұсынылды.
      Туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу және инвестициялық ахуалды жақсарту үшін мемлекет есебінен мынадай шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету қажет:
      туристік индустрия нысандарының жұмыс істеуі үшін коммуникациялық жүйелерді салу;
      электро жеткізу желілерін жүргізу;
      сумен жабдықтау және суды қайтару жүйесін салу;
      телефон желісін төсеу немесе өткізу және жерсеріктік байланыспен қамтамасыз ету;
      жолдарды салу және қайта жаңғырту.
      Бірінші кезекте коммуникациялық жүйелерді жағажай туризмі және ойын-сауық индустриясы дамыған аудандарда, Қапшағай су қоймасында, Алматы облысындағы Алакөл көлінде, Маңғыстау облысындағы Каспий теңізі жағалауында, Жібек Жолының қазақстандық бөлігі - Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласында қамтамасыз ету қажет.
      Қазақстан Республикасында санаторийлік-курорттық істі дамыту ерекше маңызға ие, ол мынадай шараларды іске асыруды талап етеді:
      санаторийлік-курорттық нысандарды сертификаттау және жіктеу;
      санаторийлік-курорттық нысандардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
      санаторийлік-курорттық маңыздағы нысандардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз ету.
      Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын, сондай-ақ қаржылық қаражаттың шектеулілігін ескере отырып, мейманханалар, қонақ үйлер мен мотельдер желісінің бірінші кезектегі құрылысының басымдықтарын анықтау қажет. Сондай-ақ келесі өңірлерде 3*, 2* санатындағы қонақ үйлер желісі мен туркластар құрылысына бағытталған "Еурокемпинг" жобасын өңірлік деңгейде іске асыру аясында кемпингтер салудың басымдықтарын анықтау керек:
      Ақмола облысы - Көкшетау қ, Зеренді ауданының Зеренді қ. және Щучинск қ.;
      Алматы облысы - Текелі қ., Жаркент қ.;
      Жамбыл облысы - Тараз қ. ("Тектұрмас" архитектуралық кешенінің аумағында), Байзақ ауданы ("Ақыртас" көне қалашығының аумағында), Жуалы ауданының Б.Момышұлы ауылында;
      туркласс санатындағы мейманханалар, қонақ үйлер мен кемпингтер желісі құрылысын қамтамасыз ету:
      Шығыс Қазақстан облысында - Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында;
      Қызылорда облысында - Ұлы Жібек Жолының Шымкент-Самарқан трассасы бойында;
      Атырау облысы - Сарайшық қалашығында;
      Маңғыстау облысы - Маңғыстау ауданы Шетпе ауылында;
      Павлодар облысы - Баянауыл МҰТП аумағында.
      Бұл ретте туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында келесі мәселелерді шешу қажет:
      халықаралық бизнес - қоғамдастықтың Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы хабардарлығын арттыру және осы бағытта шетелдік ұйымдармен, оның ішінде Қазақстан Республикасының инвестициялық беделін арттыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмыс тобы арқылы ынтымақтастықты дамыту;
      туристік-этнографиялық кешендер, демалыс және ойын-сауық индустриясы түріндегі объектілердің құрылысы жөніндегі жобаларды шетелдік және отандық даму институттарының инвестициялауына ықпал жасау;
      туристік және кәдесый өнімі индустриясын Шағын бизнесті қолдау қорының және басқа да отандық даму институттарының мүмкіндіктері мен ресурстарын тарту арқылы құру және дамыту жөніндегі шараларды қабылдау;
      шығу туризмін дамыту үшін барынша тартымды болып табылатын аудандар мен әлемдік стандарттарға сәйкес келетін туристік инфрақұрылым салудың өңірлік Бас жоспарларын әзірлеу;
      шетелдік туристердің келу бағдары бойынша өткізілетін турларға ұлттық сипат беру ұлттық қолөнердің қайта жаңғыруына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал ететін болғандықтан, киіз үйлер дайындайтын кәсіпорындарды қайта жаңғырту және жаңадан салу.
      Инвестициялау институтын дамыту тиімділігі жүйелі мемлекеттік саясатты жүргізуге және туризм инфрақұрылымын дамыту жөніндегі мемлекеттік, жеке және туристік қоғамдық ұйымдардың бірігуіне байланысты болады. Болжамдарды ескерсек, 2011 жылдың соңына қарай елімізде 368300 орынға арналған қонақ үй салу қажет болады.

  5.6. Туризм қауіпсіздігін қамтамасыз ету

      Туризмді дамытудың негізін қалаушы шарттардың бірі туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету Бүкіләлемдік туристік ұйымы Бас ассамблеясының София қаласында (Болгария) 1985 жылы өткен 6 сессиясында мақұлданған Туризм Хартиясында, 1999 жылғы 1 қазанда Сантьягода (Чили) қабылданған Этикалық туристік кодексте көрсетілген.
      Туристің қауіпсіздігі мемлекеттің саясатына, туроператорлар мен турагенттердің турларды ұйымдастыру кезіндегі шараларына тікелей байланысты. Террорлық актілердің, эпидемиялар мен техногендік сипаттың салдарларының өскен жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.
      Туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
      туристік кадрларды арнайы дайындауды және туристерге қызмет көрсету кезінде туроператорлар мен турагенттердің қызметінде қауіпсіздік техникасы ережелерін, нормаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;
      туристік ортаны сақтау және қорғау;
      қорғану және қауіпсіздік мәселелері бойынша халықты және туристерді ақпараттандыруды қамтамасыз ету;
      туризмдегі ұйымдасқан қылмыскерлікке, лаңкестікке және адам саудасына, әйелдер мен балаларды еңбекке және нәпсі құмарлыққа пайдалануға қарсы күрес жүргізу;
      Қазақстанға шығу мүмкіндігінің алдын алу үшін туристік және өзге де көші-қон ағындарын, оның ішінде қызу жерлердегі транзиттер үшін, туристер түріндегі экстремистерді бақылауды күшейту;
      облыстар мен Астана және Алматы қалаларында туристерге көмек ретінде»"hot line" телефондық ақпараттық қызметін құру.

  5.7. Туристік саланы ақпараттық қамтамасыз ету

      Қазақстанның туристік әлеуетін бағалау бойынша жүргізілген зерттеулер қорытындылары және туризмді ұзақ мерзімді негізде дамыту стратегиясына қойылатын ұсыныстар туристік саланы одан әрі дамыту мақсатында оның біртұтас ақпараттық кеңістігін әлемдік тәжірибеде қолданылатын жаңа ақпараттық технологияларды енгізе отырып құру қажеттігін куәландырады.
      Бүгін жаһандану ғасырында, жаңа ақпараттық технологияларды енгізу аталған мәселені шешудің жаңа жолдарын іздестіру үшін қажет.
      Жаңаша технологияны қолдану Қазақстанның туристік мүмкіндіктері туралы қажетті барлық ақпаратты ұсынуға, туризм нысандарын, билеттер мен қонақ үйлердегі орындарды брондауға, клиенттің тілегі бойынша туристік қызметтер пакетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әлемдік туризмде виртуалды туризм деп аталатын бағыт пайда болды. Әлемнің кез келген нүктесіндегі әлеуетті туристке толыққанды ақпарат алу мен жеткізуде қазіргі заманғы технология мүмкіндігінің теңдесі жоқ. Бұл ретте ақпараттық орталықтардың мүмкіндігі туристік қызмет көрсетулер нарығын дамытуды мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары ретінде пайдаланылады.
      Мұндай орталықтар туризм дамуы жай-күйінің көрсеткіштерін және оның дамуының әлеуетті мүмкіндігін жүйелеу, туристік қызметтердің әлемдік нарығындағы отандық турөнімнің қолданылуы үшін сұраныстар мен ұсыныстарды қалыптастыру, туризм индустриясына жаңаша технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу, мемлекеттің туристік беделін нығайту мақсатында ірі халықаралық іс-шаралар мен форумдар ұйымдастыру жөніндегі қарқынды жұмысты жүргізуге мүмкіндік береді.
      Сонымен қатар, халықаралық сарапшылардың ұсынымдары бойынша туристік саланы дамытудың маңызды шараларының бірі оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі болып табылады. Республикамызда саланың ғылыми-әдістемелік базасы жоқтың қосы, ал Германия, Ұлыбритания сияқты дамыған елдерде ғылыми-зерттеу институттары және ұлттық туризмді дамыту болашағын зерттеу және болжамдау жөніндегі орталықтар және мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын орталықтар бар.
      Туристік саланы ақпараттық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету үшін мыналар қажет:
      туризммен сабақтас салаларда интерактивтік геоақпараттық жүйені енгізу мақсатында "Ақпараттық туристік орталық" деп аталатын акционерлік қоғам құру (диверсификациялық суб-секторлар);
      ел өңірлері бойынша туристік индустрия мониторингінің тетігін көлік жолдарына, инженерлік және инфрақұрылымдық нысандарға байланысты әзірлеу;
      ұқсас халықаралық желілермен одан әрі біріктіру мақсатында Қазақстан аумағында біртұтас туристік-ақпараттық желі құру;
      Бүкіләлемдік туристік ұйымның ресми тілдерінде берілетін қажетті ақпаратты орналастыра отырып, елдің туристік әлеуеті, Қазақстанның мәдениеті мен тарихы, туристік ұйымдар мен қонақ үй қызметтері, көлік қатынастары мен байланыстары, рұқсатнама алу тәртібі, тіркеу және әкімшілік рәсімдері туралы жаңарып отыратын деректер банкі бар біртұтас интернет-портал ашу.
      Сондай-ақ Қазақстанның туристік беделін қалыптастыру мақсатында халықаралық және отандық жетекші бұқаралық ақпарат құралдарын, теле-радиоарналарды пайдалана отырып, белсенді жарнамалық-ақпараттық жұмысты жүргізу жоспарланған. Бұнымен қатар, Германияда, Францияда, Жапонияда, Оңтүстік Кореяда және АҚШ-та туристік ақпараттық орталықтар ашу жоспарланып отыр.

  5.8. Туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастық

      Бүкіләлемдік туристік ұйыммен (БТҰ) өзара іс-қимылда болу халықаралық ынтымақтастықтың маңызды аспектісі болып табылады. Қазақстан БТҰ өткізетін іс-шараларға белсенді түрде қатысады. Туризмді дамытудағы және әлемдік туристік қауымдастық елдері арасындағы ынтымақтастықты орнатудағы бұл ұйымның рөлі баға жетпес және оның барлық мүшелері үшін маңызы зор. БТҰ Біріккен Ұлттар ұйымының арнаулы мекемесі болып танылғаннан кейін мұның мәні арта түсіп, аталған ұйымның әлемдегі туризмді белсенді жылжыту мен тұрақты дамытуды ұйымдастырудағы орнын күшейтті.
      Бүкіләлемдік туристік ұйыммен ынтымақтастық аясында Қазақстанға 1997 жылы елдің туристік әлеуетін алдын ала зерттеуде техникалық көмек көрсетілді, бұл зерттеу Туристік саланы дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған бағдарламасының негізіне алынды. Республикада "Экологиялық туризм - ТМД, Қытай және Монғолия елдерінің өтпелі экономикасын тұрақты дамытудың құралы", "Әлемдік туризмді дамыту тенденциясы және әдістемесі" атты БТҰ өңірлік семинарлары өткізілді.
      Халықаралық туризмді дамытудағы негізгі бағыт туризм саласындағы халықаралық туристік байланыстарды кеңейту және үкіметаралық келісімдерді іске асыру болып табылады.
      Осы бағытта мыналарды іске асыру қажет:
      туризм саласындағы бұрын жасалған үкіметаралық келісімдердің іске асырылуын қамтамасыз ету;
      республикамызға негізгі туристік ағынды бағыттайтын елдердегі Қазақстан Республикасы елшіліктерінің жанынан туристік өкілдіктер ашу;
      Қазақстанда ірі халықаралық форумдар, саммиттер, конференциялар мен семинарлар өткізуді бастамаға алу және өтуін қамтамасыз ету;
      Бүкіләлемдік туристік ұйымның Бас Ассамблеясының ХҮІІІ сессиясын 2009 жылы Астана қаласында өткізу мәселесін қарастыру;
      іргелес мемлекеттермен жасалған шекаралық ынтымақтастық аясында туристер үшін бірлескен туристік бағдарлар ұйымдастыру және шекара, кеден бақылауларының оңайлатылған рәсімдерін енгізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу;
      трансшекаралық туристік бағдарларды дамыту жөнінде Орталық Азия мемлекеттерімен, бірінші кезекте Қырғызстандағы Ыстықкөлмен өңірлік ынтымақтастықты дамыту;
      Бүкіләлемдік туристік ұйымның Атқарушы Кеңесіне 2007 жылы Қазақстанды шығару жөнінде шаралар қабылдау.

  5.9. Туризмді кластерлік дамыту шеңберіндегі өзара байланысты міндеттер кешенін шешуге мүмкіндік беретін халықаралық маңызы бар белсенді жобаларды іске асыру

      Туристік өнімнің және туризм индустриясының бәсекеге қабілеттілігін кластерлік дамыту арқылы арттыру кластерлік буындарды құру, өзара іс-қимыл жасау және әрекеттердің мастер-жоспар түріндегі басымдықты жоспарын жасау процесін жылдамдатуға көмектеседі. Қазақстанда туристік кластерлерді құру және дамыту аясында қазақстандық турөнімді әлемдік нарыққа шығару үшін белсенді де тұрақты маркетинг стратегиясы жоспарлануда.
      Еуропа мен Азияның түрлі нарықтарында жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетті:
      Орталық Азия тұтастай алғанда, оның ішінде Қазақстан әлі де болса жаңа халықаралық туристік бағыттар бөлігінде белгісіз болып қалып отыр;
      "Қазақстан" сөзі жиі танылады, бірақ әлі де арнаулы туристік беделі жоқ, десе де ол қызық естіледі және әуесқойлық тудырады;
      еруопалық және азиялық нарықта Қазақстанға келуге деген үлкен қызығушылық байқалады, бұл болашақта шетелдік туристер ағынын біршама ұлғайту мүмкіндігін көрсетеді.
      Халықаралық нарық үшін Қазақстанның негізгі турөнімдері мыналар болып белгіленген:
      "Шексіз даладан қар басқан тау шыңдарына дейінгі" бағдар бойынша саяхатқа шығуға мүмкіндік беретін құрама турлар және джипті пайдалана отырып, киіз үйде немесе трейлерде тұруға мүмкіндік беретін дала сахарасы.
      Қазақстанның халықаралық туристік нарықта табысты орын алуы үшін алдағы жылдары 2007-2011 жылдарға арналған бағдарлама аясында төмендегі деңгейлер бойынша үш басымдықты туристік нарық белгіленді:
      1. Бірінші басымдықты нарықтар:
      - Ресей;
      - Германия;
      - Ұлыбритания;
      - Оңтүстік Корея;
      - Түркия;
      - Қытай.
      2. Екінші басымдықты нарықтар:
      - Франция;
      - Жапония.
      3. Үшінші басымдықты нарықтар:
      - АҚШ;
      - Азия-Тынық мұхит өңірінің елдері.
      Осылайша, Қазақстанды Орталық Азия мен Еуразияның жүрегіндегі жаңа, әрі тартымды туристік бағыт ретінде жылжыту стратегиясын әзірлеу қажеттілігі туындайды.
      Экономиканың өсімі мен мемлекеттік кең көлемде қолдауды қамтамасыз етудің жаңа бағыттарын қалыптастыру жөніндегі міндеттер аясында маңызды рөл келесі белсенді жобаларды іске асыруға беріліп отыр:
      Алматы қаласы және Алматы облысын дамыту :
      даму бас жоспарлары және туристік кластерді құру мен дамытудың мастер-жоспарлары аясында Алматы қаласы және Алматы облысында туризм инфрақұрылымын дамытуға жағдайлар жасау;
      туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысын Қапшағай қаласында Диснейленд паркі және Лас-Вегас типтері бойынша қамтамасыз ету үшін техникалық-экономикалық негіздеме мен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу;
      туризм инфрақұрылымын құру және ілеспелі қызмет саласын қалыптастыру мақсатында "Қорғас" Халықаралық шекаралық ынтымақтастық Орталығы" АҚ жанынан одан әрі дамуы үшін жағдайлар жасау.
      Астана қаласы және Ақмола облысын дамыту:
      Шучинск-Бурабай курорттық аймағындағы ойын-сауық индустриясын қоса есептегенде, ілеспелі қызметтер саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
      "Бурабай" Ұлттық табиғи паркінде экологиялық туризм инфрақұрылымын дамыту;
      Ақмола облысы Аршалы ауданының Мартыновка ауылында (Астана қаласынан 30 км. қашықтықта) "Перғауындар ауылы" (Египет), "От-бос" кешені (Квебек, Канада) сияқты сақтардың көшпелі тұрмысын, олардың өзіндік мәдениеті мен дәстүрлерін танытуға бағытталған "Шеберлер сарайы" деп аталатын көрме орталығы бар "Шебер ауылы" этнографиялық кешенін салу
      Жібек жолы бойынша туризмді дамыту:
      Өзбекстанмен салыстырғанда мәдени құндылық басымдық танытатын Қазақстанның бәсекелік артықшылығы мынада: Жібек жолының қазақстандық бөлігі теңдессіз табиғат ландшафтарымен, эндемикалық флора және фаунамен және көшпелілердің тарихи-мәдени мұрасымен, әрі көне қалалар халықтарының мәдениетімен байланысты құрама турларды ұсына алуында.
      Аталған жобаны іске асыру үшін мыналар жоспарланып отыр:
      "Қорғас" және "Достық" шекара пункттерінен Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласына дейін жол бойы инфрақұрылымының объектілерін көрсете отырып жол картасын жасау;
      Түркістан қаласында, оның ішінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Бүкіләлемдік туристік ұйым және ЮНЕСКО-ның (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) Өңірлік Бағдарламасының "Жібек жолы: өңірлік ынтымақтастық және даму мақсатында әлеуетті нығайту" халықаралық жобасын іске асыру аясында қонақ үйлер желісі мен керуен-сарайлар салу және дамыту;
      "Жібек жолы меруерті" халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның I кезеңін Алматы - Тараз - Шымкент - Ташкент - Самарқанд - Үргеніш - Бішкек - Рыбачье - Алматы бағдары бойынша 2007-2008 жылдары іске асыру;
      "Жібек жолы меруерті" халықаралық туристік пойызын ұйымдастыру жөніндегі жобаның II кезеңін Алматы - Тегеран бағдары бойынша жүзеге асыруға байланысты мемлекетаралық келіссөздер жүргізу және бағдарды Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиясы арқылы 2008 жылдың аяғында ұзартуды қамтитын III кезеңін іске асыруға дайындау;
      мемлекетаралық келіссөздерді, оның ішінде туристік рұқсатнамаларды өзара мойындау және одан әрі мүше-елдер үшін бірыңғай туристік рұқсатнама енгізу мәселелері жөніндегі Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразия экономикалық қауымдастығы және Біртұтас экономикалық кеңістік аясында келіссөздер процесінің белсенділігін күшейту.
       Каспий теңізінде жағажай және круиз туризмін дамыту:
      Жобаны іске асыру мақсатында мыналар жоспарланып отыр:
      Ақтау халықаралық портында Ақтау қаласынан бастап Астрахань (Ресей), Махачкала (Дағыстан), Баку (Әзірбайжан), Энзели (Иран), Түркменбаши (Түркменстан) порттары арқылы Каспий теңізі бойынша халықаралық круизді дайындау және ұйымдастыру үшін жағдайлар жасау;
      Жағажай туризмін дамыту және Ақтау қаласында туризм және ойын-сауық индустриясының құрылысы мәселелерін қарастыру мақсатында Кендірлі аралында демалыс аймағын салу.
       "Қазақстан - ғаламшардың бірінші ғарыш айлағы" жобасы шеңберінде Байқоңыр қаласында ғарыш туризмін болашақта дамыту үшін жағдайлар жасау.
      Жобаны іске асыру 2008 жылдың соңына дейін Байқоңыр   қаласының маңында жаңа технологияны пайдалана отырып (планетарийлер, мұражайлар, ұшуларды басқарудың шағын орталықтары, кәдесыйлар сататын дүкен) ойын-сауық индустриясы бар туристік кешен құрылысын салу мәселесін қарастыруды ұйғарып отыр.

  6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландыру көздері

      2007-2011 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға мемлекеттік бюджеттен қажетті қаржы көлемі 59318221 мың.теңгені құрайды.
      Оның ішінде:
      2007 жылға - 2329668 мың теңге; 2008 жылға - 20637405 мың теңге; 2009 жылға - 30635357 мың теңге; 2010 жылға - 2774656 мың теңге; 2011 жылға - 2941135 мың теңге және Қазақстан Республикасы заңнамасымен шектелмеген басқа да қаражат көздері.
      Бұл ретте Мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға қажетті бюджеттік қаражаттың көлемі тиісті жылға республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру барысында нақтыланатын болады.
      Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар тиісті жылға арналған республикалық және жергілікті бюджетте көзделген қаражат есебінен және Қазақстан Республикасы заңнамасымен шектелмеген басқа да көздерден жүзеге асырылатын болады.

  7. Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтижелер

      Бағдарламаны іске асыру барысында мыналар болжанып отыр:
      Бірінші кезеңде (2007-2009 жылдар):
      туристер ағынының тұрақты өсімі:
      ішкі туризм бойынша туристер ағынының тұрақты өсімін 2007 жылғы 3,3 млн. 2009 жылы 4,1 млн. дейін қамтамасыз ету;
      кіріс туризмінің көлемін 2010 жылғы 4,3 млн. 2011 жылы 10,5 млн. дейін арттыру болжанып отыр (6-қосымша).
      Екінші кезеңде (2010-2011 жылдар):
      ішкі туризм бойынша туристер ағынының тұрақты өсімін 2010 жылғы 4,5 млн. 2011 жылы 4,7 млн. дейін қамтамасыз ету;
      кіріс туризмінің көлемін 2010 жылғы 9,5 млн. 2011 жылы 10,5 млн. дейін арттыру болжанып отыр.
      Орта есеппен бір шетелдік турист өз сапары уақытында бюджетке 500-ге жуық АҚШ долларын енгізген жағдайда 2007 жылдан 2011 жылға дейінгі кезеңде келу туризмінен бюджетке 4,7 млрд. АҚШ доллары түседі.
      Мемлекеттік бағдарламада берілген шаралар кешенін іске асыру туристер ағынын ел ішінде де, сонымен қатар шетелден де одан әрі көбейтуге ықпал жасайтын болады, ал ақырғы есепте ұлттық турөнімнің тартымдылығын біршама арттыруға және қызмет көрсетулердің халықаралық саудасы аясында халықаралық кәсіпкерлік пен іскери ынтымақтастықтың маңызды саласы ретінде Қазақстанның әлемдік туристік нарыққа бірігуіне әкеледі. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, бәсекеге қабілетті туристік база қалыптасатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.

Қосымша 1

       Қазақстан Республикасының туризм түрлері бойынша туристік ұйымдардың қызметінен түскен кірістері (мың. теңге)  

Жылдар бойынша  негізгі көрсеткіштер

2002 ж .

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

Туристік қызметтен түскен кіріс, барлығы

1694857,0

1716112,4

4108221,3

5902628,3

Көрсетілген туристік қызмет көлемі, оның ішінде

946239,0

1112520,1

1976543,2

3208760,1

шығу туризмі бойынша

172366,5

207336,0

446221,4

602567,6

кіріс туризмі бойынша

661639,9

666598,2

878975,7

2008550,3

ішкі туризм бойынша

112232,6

238585,9

651346,1

597642,2

Қосымша 2

 Туристік қызметтен түскен шоғырландырылған кіріс (мың теңге)  (Қағаз мәтініне қараңыз)

Қосымша 3

Қазақстандағы резидент еместердің және туризммен байланысты
шетелдік резиденттердің шығыстары көлемінің көрсеткіштері
(млн. АҚШ дол.)  
(Қағаз мәтініне қараңыз)

Қосымша 4

Қазақстан Республикасындағы туризм түрлері бойынша туристік
ағынның өсу динамикасы (мың адам)
(Қағаз мәтініне қараңыз)

Қосымша 5

            Орналастыру объектілерінің негізгі
           көрсеткіштерінің салыстырмалы   талдауы  

Жылдар бойынша  қолданыстағы объектілер саны

2002

2003

2004

2005

Қонақ үйлік кәсіпорындар және басқа да орналастыру объектілері

159

239

273

385 
оның ішінде-306 мейманхана; 
79-турбаза, 
мотель, қонақ үй және кемпинг

Бір мезгілдегі сыйысымдылығы (орын саны)

16389

22172

24257

33399

Орналастыру объектілерін пайдаланудан түскен кіріс (млн. теңге)

6976,5

14540,1

21286,8

23153,5

Бюджетке аударылған қаржы қаражатының сомасы (мың. теңге)

-

2890158,8

3663194,0

5317473,5

Қосымша 6

Туризмнің басым түрлері бойынша туристік 
ағынның арту болжамы 
(Қағаз мәтініне қараңыз)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады