Қазақстан Республикасының Үкiметi
ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Жоба
Қазақстан Республикасының
ЗAҢЫ
"Мемлекеттiк сатып алу туралы"
Осы Заң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласында өздерiнiң қызметтерiн жүзеге асыру процесiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1. Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) бiртектi тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер - бiрдей болмаса да, белгiлi бiр функцияларды орындауына және өзара алмастырушы болуына мүмкiндiк беретiн ұқсас сипаттамалары бар және ұқсас компоненттерден тұратын тауарлар, жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер;
2) демпингтiк баға - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу мақсатында көрiнеу төмен баға бойынша тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер ұсынылатын конкурс қатысушысының конкурстық ұсыным бағасы;
3) жұмыстар - үйлердi, ғимараттарды және өзге де объектiлердi салуға, қайта құруға, бұзуға немесе жөндеуге, шикiзат кен орындарын жайластыруға байланысты кез келген жұмыстар, оның iшiнде құрылыс алаңын дайындау, топырақты алу, үй-жайлар тұрғызу, жабдықтарды, материалдарды және инженерлiк желiлердi құрастыру, әрлеу жұмыстары, сондай-ақ егер осындай қызметтердiң құны құрылыстың немесе шикiзат кен орынын жайластырудың өз құнынан аспаса, мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа сәйкес құрылысқа және шикiзат кен орындарын жайластыруға көрсетiлетiн iлеспе қызметтер (бұрғылау, геодезиялық жұмыстар, спутниктiк түсiрiмдер, сейсмикалық зерттеулер, геологиялық жұмыстар, құрылыс немесе өндiрушi жабдықтарды жалға алу);
4) конкурстық комиссия - осы Заңда көзделген конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн сатып алуды ұйымдастырушы құратын алқалық орган;
5) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету - конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi осындай өтiнiмдердi берудiң түпкi мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өзiнiң өтiнiмiн қайтып алмауы немесе өзгертпеуi, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуы, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз етудi белгiленген жағдайларда енгiзуi үшiн кепiлдiк ретiнде салатын ақша кепiлi немесе банктiң кепiлдiк мiндеттемесi;
6) конкурстық құжаттама - конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу талаптары мен тәртiбi қамтылатын, конкурсқа қатысуға өтiнiм дайындау үшiн ықтимал өнiм берушiге табыс етiлетiн құжаттама;
7) көрсетiлетiн қызметтер - тапсырыс берушi, нәтижесiнде ол материалдандырылған затты (нәрсенi) емес, қажет етiлетiн нәтижеге қол жеткiзетiн оның мұқтаждығын қанағаттандыруға бағытталған, ықтимал өнiм берушiнiң кәсiпкерлiк қызметi;
8) қаулы - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып өткiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын заңсыз деп тану, қайта қарау не күшiн жою туралы, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды жасасуды не тiркеудi тоқтата тұру туралы шешiмдi рәсiмдейтiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының актiсi;
9) мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылайтын есеп комитетi, iшкi бақылау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган, сондай-ақ мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
10) мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың аффилиирленген тұлғалары - еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғаларға акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi тiкелей не жанама түрде тиесiлi заңды тұлғалар;
11) Мемлекеттiк сатып алу бюллетенi - өткiзiлуге дайындалып жатқан және өткiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы мәлiметтер жарияланатын мерзiмдi баспасөз басылымы (бұдан әрi - Бюллетень). Бюллетеньдi шығару құқығы уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен берiледi;
12) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерi - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар;
13) өнiм берушi - тапсырыс берушiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шартта келiсiм-шарт жасасушы агент ретiнде әрекет ететiн кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
14) сараптама комиссиясы, сарапшы - сатып алуды ұйымдастырушы құратын тиiсiнше алқалық орган, не сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелiгiн әзiрлеуге қатысу, сондай-ақ ықтимал өнiм берушiлер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiне сәйкес келуiне қатысты сараптамалық қорытындылар дайындау үшiн сатып алуды ұйымдастырушы анықтайтын жеке тұлға;
15) сатып алуды ұйымдастырушы - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу рәсiмдерiн орындау үшiн тапсырыс берушi осы Заңға сәйкес анықтаған тапсырыс берушi не заңды тұлға;
16) тапсырыс берушiлер - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша ауылдық елдi мекендерде орналасқан әлеуметтiк саланың мемлекеттiк мекемелерi мен мемлекеттiк кәсiпорындарын қоспағанда, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, мемлекеттiк мекемелер, сондай-ақ мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
17) тапсырыс берушiлер тiзiлiмi - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласында реттеу және бақылау мақсаттары үшiн уәкiлеттi орган қалыптастыратын тапсырыс берушiлердiң тiзбесi;
18) тауарлар - қатты, сұйық немесе газ тәрiздес күйдегi заттар (нәрселер), оның iшiнде шикiзат және жартылай фабрикаттар, бұйымдар, жабдық, сондай-ақ тауарларды жеткiзуге iлеспе қызметтердi қоса алғанда, егер осындай iлеспе қызметтердiң құны Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес операциялар мен мәмiлелер жасасуға мүмкiн тауарлардың өздерiнiң құнынан аспаса, электр энергиясы;
19) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу - жеке тұлғалардан жеке еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетiлетiн қызметтердi қоспағанда, тапсырыс берушiлердiң жұмыс iстеудi қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не тапсырыс берушiнiң жарғылық қызметiн орындауы үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi осы Заңда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген тәртiппен жүзеге асырылатын сатып алуы;
20) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызмет - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын жоспарлау, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды атқару, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласында мамандарды даярлау және (немесе) бiлiктiлiгiн арттыру жөнiнде қызметтер, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу субъектiлерiне консультациялық, ақпараттық қызметтер көрсету;
21) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт - осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, жұмыс iстеудi, сондай-ақ мемлекеттiк функцияларды не тапсырыс берушiнiң жарғылық қызметiн орындауды қамтамасыз ету үшiн тауарды жеткiзу, жұмыстарды орындау, қызметтердi көрсету туралы тапсырыс берушi мен өнiм берушi арасында жасалған азаматтық-құқықтық шарт;
22) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың атқарылуын қамтамасыз ету - осы Заңда көзделген жағдайларда ықтимал өнiм берушi не өнiм берушi енгiзетiн ақша кепiлi, ақшаны ұстап қалу не банктiң кепiлдiк мiндеттемесi;
23) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен жүргiзу рәсiмi - осы Заңда белгiленген талаптарды сақтай отырып, сатып алуды ұйымдастырушы, тиiстi комиссия, ықтимал өнiм берушi жүзеге асыратын тауарларды, жұмыстарды, көрсететiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыруға және өткiзуге байланысты дәйектi iс-шаралардың өзара байланысты кешенi;
24) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзiлiмi - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласында реттеу және бақылау мақсаттары үшiн уәкiлеттi орган қалыптастыратын тиiстi қаржы жылы жасалған және күшiне енген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың тiзбесi;
25) терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлердiң (жеткiзушiлердiң) тiзiлiмi - конкурстың белгiлi бiр жеңiмпазы бола тұра тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартқан бiлiктiлiк талаптар бойынша анық емес ақпарат берген ықтимал өнiм берушiлердiң, сондай-ақ заң күшiне енген сот шешiмi негiзiнде уәкiлеттi орган қалыптастыратын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы олармен жасасқан шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындамаған не тиiсiнше орындамаған өнiм берушiлердiң тiзбесi;
26) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласында реттеу және бақылау мақсаттары үшiн уәкiлеттi орган қалыптастыратын, осы Заңға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс берушiлер сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi;
27) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесi - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласындағы қызметтердi жүзеге асыру процесiнде бiртұтастықпен және өзара байланыстылықпен айқындалатын жиынтығы мен олардың қарым-қатынасы;
28) уәкiлеттi орган - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесiн реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган және оның аумақтық бөлiмшелерi;
29) ұйғарым - тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың анықталған бұзушылықтарын жою және осы бұзушылыққа жол берген адамдарға Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауапкершiлiк шараларын қолдану туралы талап ресiмделетiн мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының актiсi;
30) шартты баға - конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердi ескере отырып есептелген және конкурстың жеңiмпазын анықтау мақсатында конкурсқа қатысушылардың конкурстық бағалық ұсыныстарын бағалау және салыстыру кезiнде жаңа пайдаланылатын конкурсқа қатысушының конкурстық ұсыныстарының бағасы;
31) ықтимал өнiм берушi - тауарларды жеткiзудi, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетудi жүзеге асыруға қабiлеттi кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (мемлекеттiк мекемелердi қоспағанда, егер олар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе), заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциум);
32) ықтимал өнiм берушiнiң аффилиирленген тұлғасы - осы ықтимал өнiм берушi қабылдайтын шешiмдi анықтауға және (немесе) шешiмге, оның iшiнде шарттың немесе өзге де мәмiленiң күшiне қарай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзi жөнiнде сол ықтимал өнiм берушiнiң осындай құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға.
2. Осы Заңның 3), 7) және 18) тармақшаларында көрсетiлген ұғымдарды Қазақстан Республикасының бәсекелестiк және монополистiк қызметтi шектеу туралы заңнамасында көзделген ұқсас ұғымдарға қайшы келмейтiн бөлiгiнде табиғи монополия субъектiлерi пайдаланады.
2-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнама
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасынан тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
3-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу принциптерi
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды құқықтық реттеу:
1) сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшаны оңтайлы және тиiмдi жұмсау;
2) осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, ықтимал өнiм берушiлерге тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiне қатысу үшiн тең мүмкiндiк беру;
3) ықтимал өнiм берушiлер арасындағы адал бәсекелестiк;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесiнiң жариялылығы мен ашықтығы принциптерiне негiзделедi.
4-бап. Өнiм берушiнi таңдауды және онымен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
туралы шарт жасасуды регламенттейтiн осы Заңның нормаларын
қолданбай жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
1. Мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу:
1) егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген жалпы жылдық сома айлық есептiк көрсеткiштiң екi мың есе мөлшерiнен аспаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тiркелген бағалар, тарифтер, алымдар және төлемдер бойынша тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыру, сондай-ақ органдардың, олардың уәкiлеттiк берiлген органдарының тергеу қызметтерiн жүзеге асыру үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу:
жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асыратын органдарға құпия түрде жәрдем көрсетуге келiсiм берген адамдар көрсететiн қызметтерi;
қызметтiк үй-жайларды, көлiктiк және өзге де техникалық құралдарды, мүлiктердi сатып алу;
жасырын кәсiпорындар мен ұйымдар құру;
қажеттi ғылыми-техникалық немесе өзге де арнайы бiлiмi бар лауазымды адамдар мен мамандар көрсететiн қызметтер;
4) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және шет елден сатып алынатын стратегиялық маңызы бар өнеркәсiптер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын тауарларды сатып алу;
5) iргелi және қолданбалы ғылыми зерттеулердi жүргiзу жөнiндегi қызметтердi сатып алу;
6) мемлекеттiк кәсiпорындардың, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың тауарларды Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тiзбесi бойынша кейiннен қайта өңдеу және (немесе) iске асыру мақсатында оларды сатып алуы;
7) өкiлдiк шығыстармен байланысты тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
8) көрмелер, семинарлар, конференциялар, кеңестер өткiзу және оған қатысу үшiн тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу, сондай-ақ көрмелердiң, семинарлардың, конференциялардың, кеңестердiң материалдарын сатып алу;
9) қағаз және (немесе) электрондық түрiндегi мерзiмдi басылымдарды, сондай-ақ ақпаратты шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
10) шет елде қызметкерлердi ұйымдастыру және (немесе) дайындау, қайта алу;
11) рейтингтiк агенттiктер көрсететiн қызметтердi, қаржылық қызметтердi сатып алу;
12) мамандандырылған кiтапханалардың қызметтерiн сатып алу;
13) лизингтiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде тауарларды кейiннен лизингке бере отырып сатып алу;
14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы бағалы қағаздарды, үлестердi сатып алу;
15) жарналардың, оның iшiнде жаңадан құрылатын заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы кез келген түрлері;
16) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
17) мемлекеттiк наградаларды, Қазақстан Республикасы Парламентi депутатының омырау белгiсiн, мемлекеттiк сенiм таңбаларын, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары (оның iшiнде қызметтiк және дипломатиялық) мен жеке куәліктерін, шетелдiктiң Қазақстан Республикасында тұруға ыхтиярхатын, азаматтығы жоқ адамның куәлiгiн дайындау жөнiндегi қызметтерді сатып алу;
18) Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын тiзбе бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
19) Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының дизайны, оларды жасау, сақтау, жеткiзу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ олардың дизайны мен оларды жасау үшiн қажеттi тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
20) мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық және мемлекеттiк ұйымдар, қызметтерi қайырымдылық және халықаралық сипаттағы шетелдiк үкiметтiк емес қоғамдық ұйымдар мен қорлар Қазақстан Республикасының Yкiметiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне өтеусіз негізде ұсынатын грант ақшаларын, сондай-ақ оларды беру туралы келiсiмдерде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алудың өзге рәсiмдердi көзделген жағдайларда осы гранттарды бiрлесiп қаржыландыруға бөлiнген ақшаны пайдалануға байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
21) мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысына байланысты қызмет көрсетулерді сатып алу;
22) медициналық көмектiң кепiлдi көлемiн көрсетуге байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
23) Қазақстан Республикасының азаматтарын шет елде емдеудi ұйымдастыру және (немесе) емдеу жөнiндегi көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
24) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтердi сатып алу;
25) мәдени құндылықтарға жататын тауарларды, оның iшiнде мұражай заттары мен мұражай жинақтамасын, сондай-ақ сирек және құнды басылымдарды, қолжазбаларды, тарихи және мәдени ескерткiштер сияқты мемлекет қорғауына алған және мемлекеттiк мұражай, кiтапхана, мұрағат қорларын, кино-, сурет қорын және өзге ұқсас қорларды толықтыруға арналған тарихи, көркемдік немесе өзге де мәдени маңызы бар көшiрмелердi қоса алғанда, мұрағат құжаттарын сатып алу;
26) сатып алынатын тауарларға, көрсетiлетiн қызметтерге қатысты айырықша құқықтары бар тұлғадан тауарлар, көрсетiлетiн қызметтер сатып алу;
27) табиғи монополия субъектiлерiнен реттелетiн қызметтердi сатып алу;
28) мемлекеттік монополия субъектiлерiнен олардың қызметiнiң негiзгi мәні бойынша тауарлар, көрсетілетін қызметтер сатып алу;
29) сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер белгілі бір нарықта үлесі жүз процентке тең, осы нарықта үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектісінің тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
30) төтенше жағдайлардың салдарларын оқшауландыру және (немесе) жою үшiн, электр энергетикасы объектiлерiндегi, тiршiлiктi қамтамасыз етудiң коммуникациялық жүйелерiндегi, темiр жол, әуе, автомобиль, теңiз көлiгi объектiлерiндегi, тазарту құрылыстарындағы, мұнай құбырларындағы, газ құбырларындағы аварияларды жою үшiн, сондай-ақ тез арада қалпына келтiрудi талап ететiн жүру жолында коммуникациялардың, тетiктердiң, агрегаттардың, қосалқы бөлшектердiң және материалдардың сынуы, iстен шығуы туындаған кезде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
31) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша сатып алынуы стратегиялық маңызы бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi стратегиялық маңызы бар сатып алуға жатқызу тәртiбiн өңiрлiк және салалық ерекшелiктерге сүйене отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды;
32) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша өнiм берушiлер болып белгiленген мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар немесе олармен аффилиирленген заңды тұлғалар жүзеге асыратын, осы мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары бойынша белгiленген, өздерiнiң шарттық мiндеттемелерiн орындау үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
33) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ оларға жеке меншiк құқығында тиесiлi мүлiктi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен сатып алу;
34) Қазақстан Республикасы шетелдiк мекемелерiнiң, сондай-ақ тапсырыс берушiлердiң оқшау бөлiмшесi шет мемлекеттiң аумағында өз қызметiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
35) халықаралық ақпараттық ұйымдардың көрсететiн қызметтерiн сатып алу;
36) мемлекеттiк органның мемлекеттiк кәсiпорынға қатысты, қызметiнiң негiзгi мәнi бойынша басқару органының функцияларын жүзеге асыратын осындай мемлекеттiк кәсiпорыннан жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуы;
37) монетарлық қызметтi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
38) Мемлекет басшысын және өзге де қорғалатын тұлағаларды, coндай-ақ қорғалатын тұлғаларға арналған объектiлердi қорғау және қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу;
39) халықаралық және шетелдiк төрелiк сот және сот органдарында мемлекеттiң мүдделерiн қорғау мен бiлдiру жөнiндегi консультациялық және заң қызметтерiн сатып алу өнiм берушiнi таңдауды және онымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды регламенттейтiн осы Заңның нормаларын қолданбай жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу осы Заңның 3-бабында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды құқықтық peттeу принциптерiн сақтай отырып жүзеге асырылуы тиiс.
5-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесi
Мемлекеттiк сатып алу процесi:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң номенклатурасын жоспарлауды;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеудi және бекiтудi;
3) өнiм берушiнi таңдауды және онымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуды;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың орындалуын өзiне қамтиды.
6-бап. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң
номенклатурасын жоспарлау
1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланатын номенклатурасын тапсырыс берушi жыл сайын әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Тиiстi қаржы жылына арналған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланатын номенклатурасы мына мәлiметтердi:
1) Қазақстан Республикасының тиiстi стандарты болған кезде осындай стандартқа сiлтеме жасай отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң атауын;
2) сандық және құндық көрсеткiштерiн қамтуы тиiс.
7-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын осы Заңның 6-бабына сәйкес қалыптасқан тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланатын номенклатурасы негiзiнде тапсырыс берушi әзiрлейдi және бекiтедi.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспары мынадай мәлiметтердi:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн бөлiнген соманы қоса алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жоспарланатын номенклатурасын;
2) осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлi мен мерзiмiн;
3) тауарларды жеткiзудiң, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудiң жоспарланған мерзiмi мен орнын қамтуы тиiс.
3. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын тапсырыс берушi тиiстi бюджет (бизнес-жоспар, кiрiстер және шығыстар сметалары) бекiтiлген күнiнен бастап он жұмыс күнi iшiнде бекiтiледi.
Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оны уәкiлеттi органға бередi.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарын әзiрлеу және бекiту, сондай-ақ оны уәкiлеттi органға беру уәкiлеттi орган анықтаған тәртiппен және нысанда жүзеге асырылады.
5. Тапсырыс берушi бекiтетiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарына өзгерiстер енгiзуге тапсырыс берушiнiң құқығы бар және тапсырыс берушi тиiстi шешiм қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде уәкiлеттi органға бередi.
8-бап. Өнiм берушiнi таңдау және онымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
туралы шарт жасасу
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шешiмдi тапсырыс берушi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық жоспары бекiтiлгеннен кейiн қабылдайды.
2. Тапсырыс берушiнiң қызметiн үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында соңғысы Қазақстан Республикасының Үкiметi келесi жылдың бiрiншi тоқсанына белгiлейтiн тiзбе бойынша күнделiктi және апталық қажеттiлiктi, ағымдағы жылдың бiрiншi тоқсанында тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу көлемiнен осы шарт бойынша аспайтын көлемде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың қолданылуын ұзартуға құқылы.
3. Өнiм берушiнi онымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу үшiн таңдауды осы Заңның 14-бабында көзделген тәсiлдермен сатып алуды ұйымдастырушы жүзеге асырады.
4. Сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде тапсырыс берушi не осы Заңға сәйкес тапсырыс берушi белгiлеген заңды тұлға әрекет етедi.
Тапсырыс берушiнiң сатып алуды ұйымдастырушы не бiрыңғай сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде өзге заңды тұлғаны анықтау жағдайын, сондай-ақ тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi конкурс тәсiлiмен бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi бiрыңғай мемлекеттiк сатып алу жүргiзу мақсатында бiрнеше тапсырыс берушi үшiн бiрыңғай ұйымдастырушыны белгiлеуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi оларға қатысты өзi құрылтайшысы (уәкiлеттi орган) не акционерi болып табылатын заңды тұлғалар үшін сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi оларға қатысты ол мемлекеттiк басқару органы болып әрекет ететiн оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттiк мекемелер және заңды тұлғалар үшiн сатып алуды ұйымдастырушы ретiнде әрекет етуге құқылы.
5. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi жасайды.
9-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындау
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды орындауды тапсырыс берушiлер мен өнiм берушiлер тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасасқан шарттар бойынша олар қабылдаған мiндеттемелерге сәйкес жүзеге асырады.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тапсырыс берушi мен өнiм берушi көрсетiлген шарт бойынша қабылдаған мiндеттемелердi толық орындаған жағдайда атқарылған болып саналады.
3. Тапсырыс берушiнiң не өнiм берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындамауы не тиiсiнше орындамауы (уақтылы орындамауы, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жетiспеушiлiгi, міндеттемелердің мазмұнында белгiленген басқа да талаптарды бұза отырып) Қазақстан Республикасының заңдарында, сондай-ақ жасалған шартта көзделген жауапкершілікке соқтырады.
10-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесiне байланысты шектеулер
1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесiне байланысты мынадай шектеулер белгiленедi:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу процесiне қатысатын ықтимал өнiм берушiнiң лауазымды немесе сенiм бiлдiрген адамының жақын туыстарының (ата-анасы, балалары, бала асырап алушылары, асырауға алған балалары, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек ағалы-iнiлерi мен апалы-сiңлiлерi, атасы, әжесi, немерелерi) немесе жекжаттарының (ерлi-зайыптылардың аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы және балалары) соңғыларының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу процесiне қатысатын тапсырыс берушiнiң не сатып алуды ұйымдастырушының мүдделерiн бiлдiруге құқығы жоқ;
2) тапсырыс берушiге не сатып алуды ұйымдастырушыға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды дайындау жөнiнде консультациялық қызметтер, сондай-ақ техникалық-экономикалық негiздемелер және (немесе) жобалау-сметалық құжаттамалар әзiрлеу жөнiнде қызметтер көрсеткен ықтимал өнiм берушiнiң және (немесе) оның қызметкерi көрсетiлген қызметтерге байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы жоқ;
3) ықтимал өнiм берушi мен оның аффилиирленген тұлғасының бiр конкурсқа (лотқа) қатысуға құқығы жоқ. Ықтимал өнiм берушiлердiң аффилиирленгендiгiн анықтау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
4) сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды тапсырыс берушiнiң мүддесiне орай жүзеге асыратын болса, тапсырыс берушi ықтимал өнiм берушi ретiнде мұндай сатып алуға қатысуға құқығы жоқ;
5) атқарушы органның басшылары, сондай-ақ басқару функцияларын жүзеге асыратын ықтимал өнiм берушiнiң басқару органының басшылары мен мүшелерi, сондай-ақ ықтимал өнiм берушiнiң қатысушылары, акцияларының бақылау пакетi бар ықтимал өнiм берушiнiң акционерлерi терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзiлген заңды тұлғаларды басқаруға, құруға, олардың жарғылық капиталына қатысуға байланысты қандайда бiр қатынастары болмауы тиiс;
6) осы Заңға сәйкес қалыптастырылатын терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiнде тұрған ықтимал өнiм берушi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға құқығы жоқ;
7) ықтимал өнiм берушiнiң немесе ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) мүлкiне тыйым салынбауы тиiс, ықтимал өнiм берушiнiң немесе ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) қаржы-шаруашылық қызметi Қазақстан Республикасының заңнамасына не Қазақстан Республикасының резидентi емес ықтимал өнiм берушi мемлекетiнiң заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиiс.
2. Тапсырыс берушi, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия осы баптың 1-тармағында белгiленген шектеудi бұзу фактiсiн анықтаған жағдайда, ықтимал өнiм берушi одан әрi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi. Осы баптың 1-тармағында көзделген шектеулердi бұзу фактiсiн анықтау тиiстi хаттамамен ресiмделедi.
3. Осы баптың 1-тармағындағы бұзушылыққа жол берген ықтимал өнiм берушi, жеткiзушi осы Заңда белгiленген тәртiппен терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзiлуi тиiс.
11-бап. Ықтимал өнiм берушiге қойылатын бiлiктiлiк талаптары
1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында және 4-тарауда көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi тиiс.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға үмiткер ықтимал өнiм берушi мынадай бiлiктiлiк талаптарға сәйкес келуi:
1) құқық қабiлеттiлiгi (заңды тұлғалар үшiн), iс-әрекет қабiлетi (жеке тұлғалар үшiн) болуы;
2) төлем қабiлетi болуы, салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша мерзiмi өткен берешегiнiң болмауы;
3) банкроттық не таратылу рәсiмдерiне жатпауы тиiс.
3. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi осы баптың 2-тармағында көзделген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа, жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн қажеттi материалдық және еңбек ресурстарының болуы туралы арнайы бiлiктiлiк талабына сәйкес келуi тиiс.
4. Көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi осы баптың 2-тармағында көзделген жалпы бiлiктiлiк талаптарынан басқа, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi орындау үшiн кәсiби бiлiктiлiгi бар мамандардың болуы туралы арнайы бiлiктiлiк талабына сәйкес келуi тиiс.
Материалдық және техникалық ресурстарды пайдалану талап етiлетiн қызметтердi көрсеткен кезде мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi осы баптың 2 және 4-тармақтарында көзделген бiлiктiлiк талаптарынан басқа, осы баптың 3-тармағында белгiленген арнайы бiлiктiлiк талабына сәйкес келуi тиiс.
5. Төлем қабiлетi туралы талап кепiлдiк мiндеттеме түрiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жарияланған сомасының жүз процентiне тең мөлшерде Қазақстан Республикасының бiр не бiрнеше резидент банктерiнен шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ұсынған ықтимал өнiм берушiге:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiммен бiрге конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi ықтимал берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмге бередi;
2) ықтимал өнiм берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт бойынша мiндеттемелердi толық орындау үшiн жеткiлiктi мерзiмге бiр көзден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу тәсiлiмен жүзеге асырған кезде оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн анықтау сатысында қолданылмайды.
6. Ықтимал өнiм берушi осы бапта көзделген бiлiктiлiк талаптарына оның сәйкес келуiн растауға сатып алуды ұйымдастырушыға тiзбесiн Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтетiн тиiстi құжаттарды ұсынады.
7. Қазақстан Республикасының резидент емес-ықтимал өнiм берушiсi мемлекеттiк сатып алу процесiне қатысу үшiн осы бапта көзделген бiлiктiлiк талаптарға оның сәйкес келуiн растауға Қазақстан Республикасының резиденттерi ұсынатын құжаттарды не оларға ұқсас құжаттарды ұсынады.
8. Халықаралық рейтингтiк ұйымдардың рейтингтiк бағалауы бар не қор немесе тауар биржасының ресми листингiне қосылған не халықаралық аудитор ұйымының оң аудиторлық қорытындысы бар тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлер үшiн, лицензиялауға жататын қызмет түрлерiне арналған лицензияның болуы туралы талапты қоспағанда, олардың осы бапта көзделген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуiн растау мақсатында көрсетiлген ұйымдардың тиiстi құжаттарын ұсыну жеткiлiктi болады. Осындай ұйымдардың тiзiлiмiн, сондай-ақ олар беретiн құжаттардың нысаны мен мазмұнын Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
9. Осы баптың 2, 3, 4-тармақтарында белгiленген бiлiктiлiк талаптары ықтимал өнiм берушi жұмыстарды орындау бойынша қосалқы мердiгер не өткiзiлетiн мемлекеттiк сатып алудың мәнi болып табылатын қызметтердi көрсету жөнiнде бiрлесе орындаушы ретiнде тартуды көздейтiн жеке және заңды тұлғаларға да қолданылады.
Ықтимал өнiм берушi қосалқы мердiгерлердi (бiрлесiп орындаушыларды) тартқан жағдайда, ықтимал өнiм берушi сатып алуды ұйымдастырушыға олардың осы бапта белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды осы баптың 6-тармағында көзделген тәртiппен табыс етедi.
10. Осы бапта көзделмеген бiлiктiлiк талаптарын белгiлеуге жол берiлмейдi.
12-бап. Ықтимал өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес
келмейдi деп тану негiздемелерi
1. Ықтимал өнiм берушiнi бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тану негiздемелерi мыналар:
1) ықтимал өнiм берушi ықтимал өнiм берушiнiң және ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн құжатты (құжаттарды) бермеуi не тиiсiнше ресiмделген құжаттарды бермеуi;
2) ықтимал өнiм берушi өзiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн, сондай-ақ ол тартқан қосалқы мердiгердiң (бiрлесiп орындаушының) сәйкестiгiн растау үшiн берген құжаттарда қамтылған ақпараттың негiзiнде бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмеу фактiсiнiң анықталуы;
3) бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат беруi болып табылады.
2. Ықтимал өнiм берушiнi осы баптың 1-тармағында көрсетiлмеген негiздемелер бойынша бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмейдi деп тануға жол берiлмейдi. Осы жолсыздықтарға жол берген тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
13-бап. Ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат беру салдарлары
1. Ықтимал өнiм берушi беретiн бiлiктiлiк талаптары бойынша ақпараттың растығын тапсырыс берушi не сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың кез келген кезеңiнде белгiлей алады.
2. Тапсырыс берушi не сатып алуды бiрыңғай ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат берген фактiнi белгiлеген күннен бастап осы фактiлердi растайтын құжаттардың көшiрмесiн қоса бере отырып, ықтимал өнiм берушi бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат берген барлық белгiленген фактiлер туралы уәкiлеттi органға хабарлауға мiндеттi. Осындай белгiленген фактiлердiң растығына ықтимал өнiм берушiнiң жалған ақпарат бергенi туралы шешiм қабылдаған тұлғалар жауап бередi.
3. Бiлiктiлiк талаптары бойынша жалған ақпарат берген ықтимал өнiм берушiлер терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзiледi.
14-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлдерi
1. Осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларды, сатып алу мынадай тәсiлдердiң бiрiмен:
1) конкурс ашық не жабық (екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып);
2) баға ұсыныстарын сұрату;
3) бiр көзден сатып алу;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесi арқылы;
5) ашық тауар биржалары арқылы жүзеге асырылады.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәсiлiн тапсырыс берушi уәкiлеттi органмен келiспей осы Заңға сәйкес таңдайды.
3. Тапсырыс берушi осындай мемлекеттiк сатып алуды тiкелей тапсырыс берушiнiң филиалымен (өкiлдiгiмен) тапсырыс берушiнiң атынан жүзеге асырған жағдайда, өзiнiң филиалының (өкiлдiгiнiң) қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жылдық көлемiне сүйене отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін анықтауға құқылы.
15-бап. Тапсырыс берушiлердiң тiзiлiмi
1. Тапсырыс берушілер тізілімін жүргізуді уәкілетті орган жүзеге асырады.
2. Тапсырыс берушiлер тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер мүдделi тұлғаларға төлем төлеместен танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
3. Тапсырыс берушiлер тiзiлiмiн ұстау, сондай-ақ оны жүргiзу тәртібiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
16-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмi
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiн жүргiзудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тізілімінде қамтылған мәліметтер мүдделі тұлғаларға төлем төлеместен танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
3. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар тiзiлiмiнiң мазмұнын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
4. Мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәлiметтерден тұратын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар шарттардың бөлек тiзiлiмiне енгiзiледi, оны жүргiзу тәртiбiн мемлекеттiк құпияны сақтау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша уәкiлеттi орган белгiлейдi. Мұндай мәлiметтерге қол жеткiзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
17-бап. Терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер
(жеткiзушiлер) тiзiлiмi
1. Терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiн уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне бiлiктiлiк талаптары бойынша оның жалған ақпарат беру себебiнен енгiзiлген ықтимал өнiм берушi осындай фактi белгiленген күннен бастап бiр жыл iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындамаған не тиiсiнше орындамаған ықтимал өнiм берушi осындай фактi белгiленген күннен бастап екi жыл iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысуға жiберiлмейдi.
Терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер осы Заңда белгiленген мерзiм өткеннен кейiн көрсетiлген тiзiлiмнен алынып тасталады.
3. Терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер мүдделi тұлғаларға төлем төлеместен танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
4. Терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiнiң мазмұны, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
5. Уәкiлеттi орган ықтимал өнiм берушiнi (жеткiзушiнiң) терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзген күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде оған тиiстi хабарламаны осындай хабарламаны жөнелту мен алу фактiсiн растайтын тәсiлмен ұсынады.
6. Ықтимал өнiм берушiнi (жеткiзушiнiң) терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзу туралы шешiмге олар сот тәртiбiнде шағымдана алады.
18-бап. Тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмi
1. Тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiн жүргiзудi уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
2. Тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнде қамтылған мәлiметтер мүдделi тұлғаларға төлем төлеместен танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
3. Тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзiлiмiнiң мазмұнын, сондай-ақ оны жүргiзу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
2-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу жүйесiн мемлекеттiк реттеу
19-бап. Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
саласындағы құзыретi
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласындағы құзыретiне:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;
2) осы Заңның нормаларын қолданбай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыратын ауылдық елдi мекендерде орналасқан әлеуметтiк саланың мемлекеттiк мекемелерi менi мемлекеттiк кәсiпорындарының тiзбесiн бекiту;
3) оларды кейiн қайта өңдеу және (немесе) сату мақсатында мемлекеттiк кәсiпорындар, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар сатып алатын тауарлар тiзбесiн бекiту;
4) Қазақстан Республикасының халықаралық келiсiмдерiне сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн қалыптастыру;
5) сатып алынуы стратегиялық мәнi бар тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн бекiту;
6) стратегиялық маңызды өндiрiстер үшiн шикiзат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағында өндiрiлмейтiн және шетелде сатып алынатын тауарлардың тiзбесiн бекiту;
7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды маңызды стратегиялық мәнi бар болатындарға жатқызу тәртiбiн айқындау;
8) тапсырыс берушiлер қызметiн үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында келесi жылдың бiрiншi тоқсанына күн сайынғы және апта сайынғы тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер тiзбесiн бекiту;
9) демпингтiк бағаны есептеу тәртiбiн белгiлеу;
10) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесiн бекiту, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтерді электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесi арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу;
11) құпиялық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiн сақтауды талап ететiн Қазақстан Республикасының қорғанысын, құқықтық тәртiптi және ұлттық қауiпсiздiк қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәртiбiн белгiлеу;
12) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк қолдау көзделетiн отандық ықтимал өнiм берушiлер санатын белгiлеу, сондай-ақ осындай қолдау шараларын белгiлеу;
13) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру және жүргiзу ережесiн белгiлеу;
14) мәлiметтерi ықтимал өнiм берушiлердiң осы Заңда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растау үшiн пайдаланылатын халықаралық рейтингтiк ұйымдардың, қор, тауар биржаларының, халықаралық аудиторлық ұйымдардың тiзбесiн бекiту;
15) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше шарттарын белгiлеу;
16) кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерi болып табылмайтын жеке тұлғалардан көрсетiлетiн қызметтердi, сондай-ақ оларға жеке меншiк құқығында тиесiлi мүлiктi сатып алуды жүзеге асыру тәртiбiн белгiлеу жатады.
20-бап. Уәкiлеттi органның құқықтары мен мiндеттерi
Уәкiлеттi органның құқықтары:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң субъектiлерiнен қажеттi есептiлiктi, ақпаратты және материалдарды сұратады және алады, қажет болған жағдайда ұсынылған есептiлiк деректерiнiң дұрыстығын тексередi;
2) сараптамалар мен консультациялар жүргiзу үшiн мемлекеттiк органдар мен өзге ұйымдардың мамандарын тартады.
2. Уәкiлеттiк органның мiндеттерi:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз етедi;
2) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстарды қорытады және әзiрлейдi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыретi шегiнде нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесi субъектiлерiнiң қызметiн реттеудi жүзеге асырады;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң жұмыс iстеуi туралы ақпаратты жинауды, қорытуды және талдауды, сондай-ақ осы Заңда көзделген тiзiлiмдердi жүргiзудi жүзеге асырады;
5) тапсырыс берушiлердiң; тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттардың; терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлердiң (жеткiзушiлердiң); тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзiлiмдерiн жүргiзу тәртiбiн белгiлейдi;
6) осы Заңға сәйкес сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нарығына зерттеу жүргiзедi;
7) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша есептiлiк нысанын әзiрлейдi, сондай-ақ оны жасау мен ұсыну тәртiбiн белгiлейдi;
8) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу мәселелерi бойынша әдiстемелiк материалдарды әзiрлейдi және бекiтедi;
9) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу саласында мамандар даярлау тәртiбiн белгiлейдi;
10) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес ақпараттық жүйелердi қолдана отырып, электрондық қызметтер көрсетедi.
21-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылау
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын бақылауды бақылау субъектiлерiн жоспарлы және жоспардан тыс тексеру арқылы мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жүзеге асырады.
2. Бақылау субъектiлерi тапсырыс берушi, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы), ықтимал өнiм берушiлер, жеткiзушiлер, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң қатысушылары, сондай-ақ ашық тауар биржалары болып табылады, олардың қызметiн реттеу осы Заңға сәйкес уәкiлеттi органның құзыретiне жатады.
3. Бақылау субъектiлерiне қатысты жоспарлы тексерулер күнтiзбелiк жыл iшiнде кемiнде бiр рет жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары жоспардан тыс тексерулердi мынадай жағдайларда:
1) бақылау субъектiлерiнiң әкiмшiлiк құқық бұзушылық сипаттарын қамтитын iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасағаны туралы ақпараттың түсуi;
2) бақылау объектiлерiнiң мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының жазбаша өкiмдерi мен қаулыларын орындамағаны туралы ақпараттың түсуi;
3) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты жинау, қорыту және талдау нәтижелерi бойынша жүзеге асыруға құқылы.
5. Жоспардан тыс тексеру ықтимал өнiм берушiнiң, жеткiзушiнiң не олардың уәкiлеттi өкiлдерiнiң тапсырыс берушiнiң, сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптама комиссиясының (сарапшының), комиссияның iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне), шешiмдерiне шағыммен жазбаша өтiнiш жасаған жағдайда жүзеге асырылады. Бұл ретте осындай шағымды қарау осы Заңның 52-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
6. Бақылау iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде бақылау субъектiсi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұзғандығы анықталған кезде, мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары бақылау субъектiсiне орындауға мiндеттi нұсқамалар немесе қаулылар жiбередi не тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып жасалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы күшiне енген шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап арызбен сот органдарына шағымданады.
7. Бақылау iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде бақылау объектiсi қылмыс құрамының сипаттарын қамтитын iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер) жасаған фактiсi анықталған кезде, мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары осындай фактi анықталған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде көрсетiлген iс-әрекеттi (әрекетсiздiктi) жасағаны туралы ақпаратты және осындай фактiнi растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге мiндеттi.
8. Егер, бақылау iс-шараларын өткiзу нәтижесiнде бақылау субъектiсi мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының нұсқамаларын не қаулыларын орындамағаны анықталса, мемлекеттiк қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершiлiк шараларын қолданады.
9. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарының iс-әрекеттерiне, сондай-ақ шешiмдерiне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
3-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу
22-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың негiзгi тәсiлi болып табылады.
2. Сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырады және өткiзедi.
3. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу ашық не жабық конкурс, сондай-ақ екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен өткiзiле алады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу ол туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияны құрайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ғана жүргiзiледi. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу рәсiмi осы Заңның 24-бабының 2 және 3-тармақтарының, 25-бабының, 30-бабының 1-тармағының, 33-бабының 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу үшiн осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
4. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi ашық не жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi болып табылмайтын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi бөлiктерге (лоттарға) бөлуге құқылы.
Бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi ашық не жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада бiртектi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi оларды жеткiзу (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi.
Бiртектi тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiрнеше түрлерiн ашық не жабық конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүргiзген кезде, сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi олардың бiртектi түрлерi бойынша және оларды жеткiзу (орындау, көрсету) орны бойынша бөлiктерге (лоттарға) бөлуге мiндеттi.
Конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру әрбiр лот бойынша жүзеге асырылады. Конкурс жеңiмпазы тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң әрбiр лоты бойынша анықталады.
5. Конкурсқа конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссия анықтаған, конкурстық құжаттаманың бiлiктiлiк және өзге талаптарына сәйкес келетiн және тиiсiнше, конкурсқа қатысушы болып танылған ықтимал өнiм берушiлер қатысады.
Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу мынадай:
1) конкурстық комиссия конкурсқа қатысушы екi ықтимал өнiм берушiден кем деп таныған кезде;
2) конкурсқа қатысушылардың барлық конкурстық ұсыныстарын қабылдамаған кезде;
3) конкурс жеңiмпазының тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан бас тартқан жағдайда өтпей қалды деп танылады.
23-бап Конкурстық құжаттама
1. Конкурстық құжаттаманы сатып алуды ұйымдастырушы әзiрлейдi және тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не ол уәкiлеттiк берген тұлға бекiтедi.
2. Конкурстық құжаттама жеткiзiлетiн тауардың, орындалатын жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тапсырыс берушiнiң қажеттiлiгiне сәйкес келетiнiн анықтауға, оның iшiнде:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң сапасына, техникалық сипаттарына, олардың қауiпсiздiгiне;
2) тауарлардың функционалдық және пайдалану сипаттарына (тұтыну қасиетiне);
3) тауарларды жеткiзу мөлшерiне, орауына, тиеуiне, мерзiмiне және бекетiне, санына, кепiлдiк берiлген мерзiмiне;
4) жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер нәтижелерiне байланысты талаптарды қамтуы тиiс.
Конкурстық құжаттама осы конкурстың мәнi болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сома туралы мәлiметтi де қамтуы тиiс.
3. Негiзгi (орнатылған) жабдықты жиынтықтай түсу, жаңғырту және жабдықтай түсу үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiндегi жағдайларды қоспағанда, конкурстық құжаттамада тауар белгiлерiне, қызмет көрсету белгiлерiне, фирма атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсiп үлгiлерiне, тауардың шыққан орнының атауына және өндiрушiнiң атауына сiлтемелердiң болуына жол берiлмейдi.
4. Конкурстық құжаттамада неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау мақсатында конкурс жеңiмпазын анықтау кезiнде конкурстық комиссия ескеретiн мынадай өлшемдердiң көзделуi:
1) сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тиiстi нарығында жұмыс тәжiрибесiнiң болуы;
2) ықтимал өнiм берушiлер ұсынып отырған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасының талаптарына сәйкес келуi;
3) конкурсқа қатысушыда мемлекеттiк стандарттардың талаптарына сәйкес сертификатталған менеджмент жүйесiнiң бар болуы тиiс.
5. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада мынадай қосымша өлшемдердi:
1) тауарлардың функционалдық, техникалық және сапалық сипаттамасын;
2) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және оларды жөндеуге арналған шығыстарды көздеуге құқылы.
6. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiнiң (конкурсқа қатысушының) конкурстық бағалық ұсынысына қолданылатын, осы баптың 4, 5-тармақтарында көрсетiлген әрбiр осындай өлшемнiң проценттiк маңызын көрсетуге мiндеттi.
7. Конкурстық құжаттамада қамтылған мәлiметтер мен құжаттар, сондай-ақ оны конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлерге беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
8. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу осы Заңның 26-бабының 2-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
9. Сатып алуды ұйымдастырушының мамандары, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiктерiн әзiрлеуге қатысатын мамандар, олар конкурстық құжаттаманы әзiрлеген кезде жiберген осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарын бұзғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкке тартылады.
24-бап. Ықтимал өнiм берушiлердi тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс
тәсiлiмен жүзеге асыру туралы хабардар ету
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ашық конкурс тәсiлiмен жүзеге асырған кезде, сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн соңғы күнге дейін кемiнде отыз күнтiзбелiк күн iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ашық конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру туралы хабарландыруды Бюллетеньде және уәкiлеттi органның ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етедi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қайталама мемлекеттiк сатып алуды ашық конкурс тәсiлiмен жүзеге асырған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн соңғы күнге дейiн кемiнде он бес күнтiзбелiк күннiң iшiнде мемлекеттiк сатып алуды ашық конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру туралы тиiстi хабарландыруды Бюллетеньде және уәкiлеттi органның ресми сайтында жариялауды қамтамасыз етеді.
Сатып алуды ұйымдастырушы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды ашық конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру, қайталама жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ осындай сатып алудың қорытындылары туралы ақпаратты Бюллетеньге және уәкiлеттi органның ресми сайтына қосымша ретiнде басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға құқығы бар.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жабық конкypc тәсiлiмен өткiзген кезде, сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн соңғы күнге дейiн кемiнде отыз күнтiзбелiк күннiң iшiнде ол жабық конкурсқа қатысуға шақыратын ықтимал өнiм берушiлер атына ықтимал өнiм берушi осындай шақыруды алғандығын растайтын шартпен жазбаша хабарлама жiбередi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi қайталама мемлекеттiк сатып алуды жабық конкурс тәсiлiмен жүзеге асырған жағдайда, тиiстi жазбаша хабарламаны сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушi осындай шақыруды алғанын растай отырып өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн соңғы күнге дейiн кемiнде он бес күнтiзбелiк күннiң iшiнде ол жабық конкурсқа қатысуға шақыратын ықтимал өнiм берушiлер атына жiберуi тиiс.
3. Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудан Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген негiздемелер бойынша бас тартуға құқылы. Бұл ретте мұндай шешiм ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiм беретiн соңғы күннен кешiктiрмей қабылдануы мүмкiн.
Сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi бас тарту туралы шешiмдi қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру туралы хабарландыруды не тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жабық конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру туралы хабарламаны жариялау үшiн белгiленген тәртiппен тапсырыс берушiнiң тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудан бас тартқандығы туралы хабар беруi тиiс.
Сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүзеге асырудан бас тартқандығы туралы шешiмдi қабылдаған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ықтимал өнiм берушiлерге олардың конкурсқа қатысуға өтiнiмдерiне енгiзген қамтамасыз етудi қайтарып беруге мiндеттi.
25-бап. Конкурстық құжаттаманы беру
1. Ашық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған немесе жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жiберген күннен бастап сатып алуды ұйымдастырушы мүдделi ықтимал өнiм берушiлердiң уәкiлеттi өкiлдерiне конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн беруге мiндеттi. Бұл ретте конкурстық құжаттаманың көшiрмесi берiлген ықтимал өнiм берушiлер сатып алуды ұйымдастырушының тиiстi журналында мiндеттi тiркеуге жатады.
Конкурстық құжаттаманың көшiрмесi, егер мұндай төлемдi сатып алуды ұйымдастырушы белгiлесе және ол туралы конкурс өткiзу туралы хабарландыруда не жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарламада қамтылса, ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттаманы бергенi үшiн төлем төлегеннен кейiн берiледi. Көрсетiлген төлемнiң мөлшерi сатып алуды ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн жасауға арналған шығыстарынан артпауы тиiс.
2. Конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн ашық конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланғанға және жабық конкурсқа қатысуға шақыру туралы хабарлама жiберiлгенге дейiн беруге жол берiлмейдi.
26-бап. Конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру
1. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру туралы сұрау салумен өтiнiш бiлдiруге, бiрақ конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi өткенге дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей құқылы. Сатып алуды ұйымдастырушы сұрау салуды алған күннен бастап үш күнтiзбелiк күн iшiнде оған жауап беруге және сұрау салу кiмнен келiп түскенiн көрсетпестен, мұндай түсiндiрудi сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмелерiн берген барлық ықтимал өнiм берушiлерге хабарлауға мiндеттi.
2. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiм берудi соңғы мерзiмi өткенге дейiн бес күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей өзiнiң бастамасы бойынша немесе сатып алуды ұйымдастырушы конкурсты құжаттаманың көшiрмесiн берген ықтимал өнiм берушiнiң сұрау салуын жауап ретiнде конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзуге құқылы. Конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзу конкурстық құжаттаманы бекiту сияқты тәртіппен ресiмделедi.
Енгiзiлген өзгерiстердiң мiндетті күші бар және олар туралы конкурстық құжаттамаға өзгерiстер енгiзiлген күннен бастап бip жұмыс күнiнен аспайтын мерзiмде сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген ықтимал өнiм берушілердің барлығына хабарланады. Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдер берудің түпкi мерзiмiн сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушілер осы өзгерiстердi конкурсқа қатысуға өтiнiмдерде есепке алу үшiн он күнтізбелік күннен кем емес мерзiмге ұзартады.
3. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманың ережелерiн түсiндiру үшiн ықтимал өнiм берушілермен конкурстық құжаттамада көрсетiлген белгiлi жерде және тиісті уақытта кездесу жүргiзуге құқылы. Бұл ретте сатып алуды ұйымдастырушы олардың шығу көздерiн көрсетпей берiлген конкурстық құжаттаманы түсіндіру туралы ықтимал өнiм берушiлердiң сауалдарын, сондай-ақ осы сауалдарға жауаптарды қамтитын, ықтимал өнiм берушілермен кездесу хаттамасын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысан бойынша жасайды. Хаттама ықтимал өнiм берушiлермен кездесу жүргiзген күннен бастан екі жұмыс күннен кешiктiрмей конкурстық комиссияға және сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттаманың көшiрмесiн берген барлық ықтимал өнiм берушiлерге жiберiледi.
27-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм
1. Конкурсқа қатысуға өтiнім конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiнiң конкурстық құжаттамада көзделген талаптарға және шарттарға сәйкес тауарды жеткiзудi, жұмысты орындауды, қызметтi көрсетудi жүзеге асыруға келiсiмiн бiлдiру нысаны болып табылады.
2. Конкурсқа қатысуға үміткер ықтимал өнiм берушi конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде конкурсқа қатысуға өтiнiм бередi.
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмде қамтылуы тиiс мәлiметтер мен құжаттарды, сондай-ақ оны беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Конкурсқа қатысуға өтiнiшi конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiнiң осы Заңның 10-бабында көзделген шектеулердi бұзбағандығы туралы, ықтимал өнiм берушiнің тапсырыс берушiмен не сатып алуды ұйымдастырушымен осы Заңда көзделмеген өзapa қарым-қатынастары болмағанын растауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен осы Заңның 43-бабының 6-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бұзуға келiсiмi міндетті түрде болуы тиiс.
28-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiм беру
1. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлер сатып алуды ұйымдастырушыға конкурстық құжаттамада көрсетiлген оларды берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн бередi.
Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өзiнiң өтiнiмiн дайындауға және беруге, сондай-ақ осы Заңның 26-бабының 3-тармағына сәйкес сатып алуды ұйымдастырушы өткiзетiн кездесуге қатысуға байланысты барлық шығыстарды көтередi. Тапсырыс берушi, сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, сараптама комиссиясы (сарапшы) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындыларына қарамастан, осы шығыстарды өтеуге мiндеттеме алмайды.
2. Конкурсқа қатысуға өтiнiм конкурстық құжаттамаға сәйкес онда көрсетiлген мерзiм iшiнде күшiнде қалады.
3. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмнiң қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлердi осы мерзiмдi нақты уақыт кезеңiне ұзартуды сұрауға құқылы. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, мұндай сұрау салуды орындамауға құқылы.
4. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi енгiзген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi қайтарып алуға құқығын жоғалтпастан, конкурстық құжаттамада көзделген оларды берудiң түпкi мерзiмi аяқталғанға дейiн өзiнiң конкурсқа қатысуға өтiнiмiн өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы. Мұндай өзгерту немесе қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға өтiнiмiн берудiң түпкi мерзiмi аяқталғанға дейiн алғанда жарамды болып табылады.
5. Конкурсқа қатысуға өтiнiм, оны берудiң түпкi мерзiмi аяқталғаннан кейiн ашылмайды және ықтимал өнiм берушiге қайтарылады.
29-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету
1. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген нысанда, тәсiлмен, шарттарда және әрекет ету мерзiмiмен конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу үшiн бөлiнген және осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың конкурстық құжаттамасында көзделген соманың бiр процентi мөлшерiнде конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi.
Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi осы баптың 3-тармағында көзделген конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудiң кез келген түрін таңдауға құқылы.
2. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi, егер ол екi кезеңдi рәсiмдердi пайдаланып конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың бiрiншi кезеңiне қатысса конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етпейдi.
3. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiмдi таңдау бойынша:
1) тапсырыс берушiнiң не тапсырыс берушi осы Заңға сәйкес айқындаған заңды тұлғаның банктiк шотында орналастырылатын ақша кепiлi не ақшаны ұстап қалу;
2) банктiң кепiлдiгi түрiнде бередi.
4. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi сатып алуды ұйымдастырушы мынадай жағдайларда, егер:
1) конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмiн керi қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) конкурсқа жiберiлген ықтимал өнiм берушi (конкурсқа қатысушы) өз конкурстық баға ұсынысын белгiленген мерзiмде табыс етпесе не керi қайтарып алса;
3) ықтимал өнiм берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан бас тартса не тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасып, осы Заңның 43-бабының 4-тармағында көзделген жағдайларда шартты орындауды қамтамасыз етудi енгiзбесе қайтармайды.
Бұл ретте конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз ету сомасы тиiстi бюджеттiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң, мемлекеттiк кәсiпорынның, акцияларының (үлестерiнiң) елуден көбiрек процентi мемлекетке тиесiлi заңды тұлғалардың және олармен аффилиирленген заңды тұлғалардың кiрiсiне есептеледi.
5. Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға енгiзiлген өтiнiмдi қамтамасыз етудi мынадай жағдайлардың бiрi басталған күннен бастап:
1) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енсе;
2) конкурс жеңiмпазын анықтамай тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу рәсiмi аяқталса, оның iшiнде тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды конкурс тәсiлiмен жүргiзуден бас тартқан жағдайда;
3) конкурсқа қатысуға өтiнiм берудiң соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қайтарып алса үш жұмыс күнi iшiнде ықтимал өнiм берушiге қайтарады.
30-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу
1. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi конкурстық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде, уақыт пен орында ашады.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм берушi немесе оның уәкiлеттi өкiлi конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашқан кезде қатысуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдер салынған конверттердi ашу кезiнде конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлер, сондай-ақ олардың өкiлдерi аудио немесе бейнетүсiрiлiмдердi жүргiзуге құқылы. Осы ереже тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жабық конкурс тәсiлiмен жүзеге асыру жағдайына қолданылмайды.
Конкурсқа қатысуға үмiткер қатысып отырған ықтимал өнiм берушiлер, сондай-ақ олардың өкiлдерi конкурстық комиссияның қызметiне араласуға құқығы жоқ.
2. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасын оларды ашу күнiнен кейiнгi бiр жұмыс күнiнен кешiктiрмей жасайды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасына конверттердi ашу рәсiмiне қатысқан барлық мүшелер, сондай-ақ конкурстық комиссия хатшысы қол қояды.
Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасының көшiрмесiн ашу рәсiмi кезiнде қатысқан ықтимал өнiм берушiлерге ашу күнiнен кейiнгi екi жұмыс күнiнен кешiктiрмей берiледi, қатыспағандарға - олардан жазбаша сауал салу алынған күннен бастап екi жұмыс күнi мерзiмiнен кешiктiрiлмей жiберiледi.
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi ашу хаттамасында қамтылған мәлiметтер конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде конкурсқа қатысуға өтiнiм берген ықтимал өнiм берушiлердiң барлығына төлем төлеместен танысу үшiн қол жетiмдi болуы тиiс.
31-бап. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарау (конкурсқа қатысуға рұқсат беру)
1. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қарауды конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлер арасында конкурстық құжаттаманың бiлiктiлiк және өзге де талаптарына сәйкес келетiн ықтимал өнiм берушiлердi анықтау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану мақсатында жүзеге асырады.
2. Қажет болған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлiгi болып табылатын техникалық ерекшелiкке сәйкес келуiне қатысты сараптама комиссиясын құруға не конкурстық комиссиясының сараптама қорытындысын дайындау үшiн сарапшыны анықтауға құқылы.
Сатып алуды ұйымдастырушыда тиiстi бейiндегi мамандары болмаған жағдайда, тапсырыс берушi не тапсырыс берушi осы Заңға сәйкес айқындаған заңды тұлға сарапшылар ретiнде мемлекеттiк қызметшiлердi не бейiнi сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге сәйкес келетiн өзге мамандарды жұмысқа тартуға құқылы. Мемлекеттiк қызметшiлер сарапшылар ретiнде өтеусiз негiзде, ал өзге мамандар - ақылы да, өтеусiз де негiзде тараптардың уағдаластығы бойынша тартылады.
Сарапшылардың конкурстық комиссия шешiм қабылдаған кезде дауыс беруге құқығы жоқ. Бұл ретте оның негiзiнде заңсыз шешiм қабылдаған қорытындыны берген сарапшылар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi.
Сарапшылар есебiнде ақылы негiзде тартылатын тұлғаларды таңдау осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
3. Конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарау кезiнде конкурстық комиссия:
1) конкурсқа қатысуға өтiнiмдi қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңiлдету үшiн олардың өтiнiмдерiне байланысты конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлерден материалдарды және түсiндiрулердi жазбаша нысанда сұратуға;
2) конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде қамтылған мәлiметтердi нақтылау мақсатында тиiстi мемлекеттiк органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажет ақпаратты жазбаша нысанда сұратуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiруге байланысты сұрау салуларға және конкурстық комиссияның өзге iс-әрекеттерiне жол берiлмейдi. Конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтiрумен конкурсқа қатысуға өтiнiмдi жетiспейтiн құжаттармен толықтыруға, конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмде берiлген құжаттарды ауыстыруға, тиiсiнше ресiмделмеген құжаттарды сәйкестендiруге бағытталған конкурстық комиссияның ic-әрекеттерi түсiндiрiледi.
Конкурстық комиссия, егер берiлген өтiнiмнiң мәнiне тиiспей өзгертуге болатын грамматикалық немесе арифметикалық қателер болса, конкурсқа қатысуға өтiнiмдi конкурстық құжаттаманың талаптарына жауап беретiн өтiнiм ретiнде қарайды.
4. Конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушi, егер:
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердiгерi не бiрлесiп орындаушысы бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келмесе;
2) осы заңның 10-бабының талаптарын бұзса;
3) оның конкурсқа қатысуға өтiнiмi конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейдi деп айқындалса, конкурсқа қатысуға жiберiлмейдi (конкурстың қатысушысы болып танылмайды).
Егер ықтимал өнiм берушi осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген негiздемелер бойынша конкурсқа қатысуға жiберiлмеген жағдайда, онда:
конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы хаттамада оны қайтарудың дәлелдерi көрсетiледi, олар осындай өтiнiмдi табыс еткен ықтимал өнiм, берушiге осы Заңның 33-бабында айқындалған тәртiппен хабарланады;
осы Заңның 10-бабының талаптарын бұзған ықтимал өнiм берушi туралы мәлiметтер белгiленген тәртiппен терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзiлуге тиiс.
5. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға арналған өтiнiмдердi қарау нәтижелерi бойынша мыналарды:
1) бiлiктiлiк талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сай келетiн, конкурсқа қатысуға жiберiлетiн ықтимал өнiм берушiлердi (конкурсқа қатысушыларды);
2) конкурсқа қатысуға жiберiлген әрбiр ықтимал өнiм берушiге (конкурсқа қатысушыға) қолданылатын, осы Заңның 23-бабының 4-тармағына сәйкес конкурстық құжаттамада көзделген өлшемдердiң проценттiк маңызын айқындайды және конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттаманы ресiмдейдi.
6. Конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ хатшысы қол қояды.
Сатып алуды ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамаға қол қойған күннен бастап үш жұмыс күнiнiң iшiнде көрсетiлген хаттаманың көшiрмесiн конкурстық құжаттамада белгiленген мерзiмде конкурсқа қатысуға өтiнiм берген барлық ықтимал өнiм берушiлерге жiбередi.
7. Конкурстық комиссияның конкурсқа қатысуға жiберу туралы шешiмiне осы Заңның 52-бабында белгiленген тәртiппен шағым жасалуы мүмкiн.
32-бап. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру (конкурс)
1. Конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада белгiленген күн конкурсқа жiберiлген ықтимал өнiм берушiлер (конкурсқа қатысушылар) сатып алуды ұйымдастырушыға сатып алуды ұйымдастырушының тиiстi журналында тiркелетiн конкурстық баға ұсыныстарын табыс етедi.
2. Конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру жөнiндегi конкурстық комиссияның отырысына мұндай ықтимал өнiм берушiлердiң өкiлдерi дыбыс және бейне түсiрудi жүргiзу құқығымен қатыса алады.
3. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға жiберiлген ықтимал өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) конкурстық баға ұсыныстарын, егер:
1) конкурстық баға ұсынысының бағасы демпингтiк болып табылса, Демпингтiк бағаны айқындау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
2) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болған жағдайларда қабылдамайды.
Конкурсқа қатысуға жiберiлген және осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық конкурстық баға ұсынысын табыс еткен ықтимал өнiм берушi (конкурсқа қатысушы) терiс пиғылды ықтимал өнiм берушi болып танылады және осы Заңда белгiленген тәртiппен терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзiлуi тиiс.
4. Конкурстық комиссия конкурс жеңiмпазын конкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттамада көрсетiлген өлшемдердiң проценттiк мәнiн қолдануды ескере отырып есептелген ең төмен шартты баға негiзiнде айқындайды.
33-бап. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары
туралы хаттама
1. Конкурсқа жiберiлген ықтимал өнiм берушiлердiң (конкурсқа қатысушылардың) конкурстық баға ұсыныстарын бағалау мен салыстыру нәтижелерi бойынша конкурстық комиссия отырысқа қатысқан конкурстық комиссияның барлық мүшелерi, сондай-ақ хатшысы қол қоятын конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманы ресiмдейдi.
2. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың көшiрмесiн тапсырыс берушi конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын шығарғаннан кейiн конкурсқа қатысуға өтiнiмдi табыс еткен кез келген ықтимал өнiм берушiнiң талабы бойынша табыс етiледi. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жабық конкурс тәсiлiмен өткiзген жағдайда хаттамадан үзiндiнiң көшiрмесiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сатып алу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен ұсынылады.
3. Тапсырыс берушi конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын шығарған күннен бастап конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары туралы ақпаратты Бюллетеньде және уәкiлеттi органның ресми сайтында жариялау үшiн жiберуге міндеттi.
4. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтер мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамада қамтылған мәлiметтер танысу үшiн ақы төлемей барлық мүдделi тұлғаларға қол жетiмді болуы тиiс.
34-бап. Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өтпедi деп
тану салдарлары
1. Егер конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу өтпедi деп танылса, тапсырыс берушi:
1) конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды қайтадан өткiзу туралы;
3) бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру туралы шешiмдер қабылдауға құқылы.
2. Конкурсқа тек бiр ғана ықтимал өнiм берушi жiберiлуге не конкурсқа қатысушының тек бiр ғана конкурстық баға ұсынысы қалуға байланысты конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өтпедi деп таныған жағдайда тапсырыс берушi мұндай конкурсқа қатысушымен бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы. Бұл ретте бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт мұндай конкурсқа қатысушының өтiнiмiнде көзделген шарттарда жасалады және онымен жасалған шарттың бағасы мұндай конкурсқа қатысушының баға ұсынысында мәлiмделген бағадан аспауы тиiс.
35-бап. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып,
конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу ерекшелiктерi
1. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу:
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң егжей-тегжейлi ерекшелiктерiн толық тұжырымдау, олардың техникалық және (немесе) өзге де сипаттамаларын анықтау қиын және ықтимал өнiм берушiлердiң ұсыныстарын сұрау не туындаған мәселелер бойынша олармен келiссөз жүргiзу қажет болған;
2) ғылыми зерттеулер, эксперименттер, iздестiрулер жүргiзу немесе әзірлемелер жасау қажет болған жағдайларда өткiзiледi.
2. Екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу мынадай дәйектi кезеңдердiң жиынтығын бiлдiредi:
1) бiрiншi кезеңде мынадай iс-шаралар жүзеге асырылады:
сатып алуды ұйымдастырушы сараптама комиссиясын құрады не сарапшыны айқындайды;
сараптама комиссиясы не сарапшы тапсырыс берушi қажеттiлiгiнiң негiзiнде сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге техникалық тапсырма қалыптастырады;
Бюллетеньде және уәкiлеттi органның ресми сайтында екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы хабарландыруды жариялайды;
сатып алуды ұйымдастырушы екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлерге техникалық тапсырманы бередi;
конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлер екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, техникалық тапсырмаға сәйкес әзiрленген техникалық ұсыныстар бередi;
сараптама комиссиясы не сарапшы екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурсқа қатысуға үмiткер ықтимал өнiм берушiлердiң техникалық ұсыныстарын қарайды және олармен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық, сапалық және (немесе) өзге сипаттамаларына, оларды жеткiзудiң (орындаудың, көрсетудiң) шарттық талаптарына қатысты мәселелердi талқылайды;
сараптама комиссиясы не сарапшы сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң техникалық ерекшелiгiн әзiрлейдi;
сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзiрлейдi және оны тапсырыс берушiнiң бiрiншi басшысы не ол өкiлеттiк берген тұлға бекiтедi;
сатып алуды ұйымдастырушы бiрiншi кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған ықтимал өнiм берушiлерге екi кезеңдi рәсiмдердi пайдалана отырып, конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың екiншi кезеңiне қатысуға шақыру жiбередi;
2) екiншi кезеңде конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу үшiн көзделген iс-шаралар жүзеге асырылады.
4-тарау. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
36-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асырудың негiздемелерi
1. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу тапсырыс берушi үшiн егжей-тегжейлi ерекшелiктерiнiң елеулi маңызы жоқ тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге жүргiзiледi, бұл ретте баға шешушi шарт болып табылады.
2. Егер белгiлi бiр тауарды, не белгiлi бiр жұмысты, көрсетiлетiн қызметті мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құны жағынан тиiстi қаржы жылына арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген айлық есептi көрсеткiштiң төрт мың еселенген мөлшерiнен аспаған жағдайда ғана баға ұсыныстарын сұрату тәсiлi қолданылады.
3. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiн қолдану мақсатында қаржы жылы iшiнде белгiлi бiр тауарды, белгiлi бiр жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алудың жылдық көлемiн олардың ең болмаса бiреуiнiң мөлшерi осы баптың 2-тармағында белгiленгеннен кем болатындай бөлiктерге бөлшектеуге жол берiлмейдi.
37-бап. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
ұйымдастыру мен өткiзу
1. Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын ұсынуды аяқтау күнiне дейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тапсырыс берушiнiң ресми сайтында, ал тапсырыс берушiде мұндай сайт болмаған кезде - уәкiлетті органның ресми сайтына сатып алуға бөлiнген сомаларды көрсетпей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi жоспарланған мемлекеттiк сатып алу туралы ақпаратты, сондай-ақ ықтимал өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарын ұсынудың басталу және аяқталу мерзiмi туралы ақпаратты орналастыруға мiндеттi.
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы ақпарат танысу үшiн барлық мүдделi тұлғаларға тегiн қол жетiмдi болуы тиiс.
3. Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзу туралы ақпаратты орналастырумен бiр мезгiлде кем дегенде екi ықтимал өнiм берушiден сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге жазбаша баға ұсыныстарын сұратуға құқылы.
4. Кез келген ықтимал өнiм берушi, оның iшiнде баға ұсыныстарын табыс ету туралы сұрау жiберiлмеген ықтимал өнiм берушi өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейтiн тек бiр ғана баға ұсынысын беруге құқылы.
Баға ұсынысы сатып алуды ұйымдастырушыға жазбаша нысанда берiледi және сатып алуды ұйымдастырушының тиiстi журналында тiркелуi тиiс.
5. Осы Заңның 45-бабының 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, сатып алуды ұйымдастырушы мен ықтимал өнiм берушi арасында оның баға ұсынысына қатысты келiссөздер жүргiзiлуiне жол берiлмейдi.
6. Баға ұсынысын табыс ету мерзiмi аяқталғаннан кейiн табыс етiлген баға ұсыныстары қаралмайды.
7. Егер баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмiнiң iшiнде баға ұсыныстары табыс етiлмеген не бiр ғана баға ұсынысы табыс етiлген жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмiн бес жұмыс күнiне ұзартады.
Баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi бiр жұмыс күнi iшiнде сатып алуды ұйымдастырушы тапсырыс берушiнiң ресми сайтында баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмiн ұзарту туралы ақпаратты орналастырады.
8. Сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын табыс ету мерзiмi аяқталған күннен кейiнгi күннiң iшiнде ықтимал өнiм берушiлердiң белгiленген мерзiмде табыс еткен баға ұсыныстарын салыстырады.
9. Сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi беруші ең төмен баға ұсынымы негiзiнде айқындалады. Егер ең төмен баға ұсынысын бiрнеше ықтимал өнiм берушi табыс еткен жағдайда баға ұсынысы басқа ықтимал өнiм берушiлердiң баға ұсыныстарынан ертерек түскен ықтимал өнiм берушi жеңiмпаз болып танылады.
10. Ықтимал өнiм берушiлердiң осы тауарды сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық баға ұсыныстары қабылданбайды. Баға ұсыныстарын өзге негіздемелер бойынша қабылдамауға жол берiлмейдi.
Егер ықтимал өнiм берушiлердiң белгiленген мерзiмде табыс етiлген барлық баға ұсыныстары тауарды, жұмысты, көрсетiлетiн қызметтi сатып алу үшiн бөлiнген сомадан артық болса мұндай сатып алу өтпедi деп танылады және сатып алуды ұйымдастырушы баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi қайтадан мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырады.
11. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын сатып алуды ұйымдастырушының уәкiлеттi тұлғасы ықтимал өнiм берушiлер баға ұсыныстарын табыс етудi аяқтаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде бекітедi. Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы ақпарат сатып алуды ұйымдастырушы оларды бекiткен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде тапсырыс берушiнiң ресми сайтында, ал тапсырыс берушiде мұндай сайт болмаған жағдайда - уәкiлеттi органның ресми сайтында орналастырылады.
Баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын жариялау туралы талап тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алуды жүзеге асыру туралы мәлiметтер мемлекеттiк құпияларды құрайтын жағдайларға қолданылмайды.
12. Тапсырыс берушi баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын бекiткен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде ең аз баға ұсынысын ұсынған ықтимал өнiм берушiге тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын табыс етедi.
Ықтимал өнiм берушi оған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасы табыс етiлген күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде оған қол қоюға не оған қол қоюдан дәлелдi бас тартуын жазбаша нысанда ұсынуға мiндеттi.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоюдан бас тартқан ықтимал өнiм берушi терiс пиғылды ықтимал өнiм берушi болып танылады және осы Заңда белгiленген тәртiппен терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзiлуi тиiс.
13. Егер ықтимал өнiм берушi тапсырыс берушiге қол қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты белгiленген мерзiмде табыс етпесе, тапсырыс берушi:
1) дәл сондай баға ұсынысын ұсынған ықтимал өнiм берушiмен, ал мұндай ықтимал өнiм берушi болмаған кезде, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қоюдан жалтарған ықтимал өнiм берушi ұсынған бағадан кейiнгi ең төмен баға ұсынысы болып табылатын ықтимал өнiм берушiмен шарт жасасуға;
2) баға ұсынысын сұрату тәсiлiмен қайтадан тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыруға құқылы.
5-тарау. Бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
38-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге
асырудың негiздемелерi
Бір көзден алу тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi мемлекеттiк сатып алу, егер:
1) қандай да бiр өнiм берушiден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алған тапсырыс берушiде бiрiздендiру, стандарттау немесе қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетiлетiн қызметтермен үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол тапсырыс берушiден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындайтын;
2) конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу өтпей қалды деп танылса. Бұл ретте осы ереже конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
3) күн сайын және (немесе) апта сайын тұтынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алудың қорытындылары шығарылғанға дейiнгi кезеңге тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қажет болған және тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт күшiне енген жағдайларда жүргiзiлуi мүмкiн.
39-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру
1. Бiр көзден тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде ықтимал өнiм берушi сатып алуды ұйымдастырушыға ықтимал өнiм берушiнiң осы Заңда белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, оның ұсынған тауарларының, жұмыстарының, көрсететiн қызметтерiнiң сипаттамасын, сондай-ақ ұсынып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсететiн қызметтерiне арналған бағаның негiздемесiн табыс етедi.
Осы Заңның 38-бабының 2) тармақшасына сәйкес бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырған кезде, конкурсты ұйымдастырушы бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға қатысу үшiн шақырған, өтпей қалды деп танылған конкурстың қатысушысы оның бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды сатып алуды ұйымдастырушыға табыс етпеуге құқылы.
2. Сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушi табыс еткен құжаттардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алу мәнiне қатысты өзге де талаптарға сәйкес келу тұрғысынан қарайды. Қажет болған жағдайда сатып алуды ұйымдастырушы ықтимал өнiм берушiнiң сатып алынатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi берудi жүзеге асыру мүмкiндiгiн айқындау мақсатында қосымша ақпарат пен құжаттарды сұратуға құқылы.
40-бап. Бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары
туралы хаттама
Бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде сатып алуды ұйымдастырушы тиiстi хаттама жасауға мiндеттi, онда мынадай ақпарат қамтылуы тиiс:
1) бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды қолданудың негiздемесi;
2) бiр көзден сатып алу тәсiлiмен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң қысқаша сипаттамасы;
3) ықтимал өнiм берушiнiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келуi туралы;
4) тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасалатын өнiм берушiнiң атауы мен орналасқан жерi және осындай шарттың бағасы.
Тапсырыс берушi бiр көзден алу тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде осы хаттаманың көшiрмесiн уәкiлеттi органға бередi.
6-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесi және ашық тауар
биржалары арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн
қызметтердi мемлекеттiк сатып алу
41-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесi арқылы тауарларды,
жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды
жүзеге асыру
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесi арқылы тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiппен және тауарлардың, жұмыстардың, көрсетiлетiн қызметтердiң тiзбесi бойынша жүзеге асырылады.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесi арқылы тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң депозитарийi әкiмшiлiк ететiн бiрiктiрiлген электрондық ақпараттық дерек қоры қалыптастырылады.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi электрондық мемлекеттiк сатып алу жүйесiнiң депозитарийi уәкiлеттi органның ведомстволық бағыныстағы ұйымы болып табылады.
42-бап. Ашық тауар биржалары арқылы тауарларды мемлекеттiк
сатып алуды жүзеге асыру
1. Ашық тауар биржалары арқылы мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2. Егер биржалық тауарлар тiзбесiне енгiзiлген тауарларды мемлекеттiк сатып алудың жылдық көлемi құндық мәнде тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгiленген төрт мың еселенген айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнен аспаған жағдайда, тапсырыс берушi, егер өзге ең аз көлем Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасында айқындалмаса, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың өзге тәсiлiн таңдауға құқылы.
7-тарау. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт
43-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасу
1. Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын шығарған күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына қол қояды және ықтимал өнiм берушiге жiбередi.
Конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындыларын шығарған жағдайда, тапсырыс берушi конкурс жеңiмпазына конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттаманың бiр данасын және конкурстық құжаттамаға сәйкес жасалған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын жiбередi.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасының резидентi емеспен жасасқан жағдайда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын ескере отырып, ол ұсынған нысанда ресiмдеуге жол берiледi.
3. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт осы Заңның 52-бабының 2-тармағында көзделген тапсырыс берушiнiң, сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның iс-әрекетiне (әрекетсiздігiне) шағымдану үшiн белгiленген он жұмыс күнiнен бұрын емес мерзiмде және осы Заңның 37-бабының 12-тармағында көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудың мерзiмiн қоспағанда, ықтимал өнiм берушiге тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасын берген күннен бастап отыз күнтiзбелiк күннен кешiктiрiлмейтiн жасалуы тиiс.
4. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн жағдайларда өнiм берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасқан күннен бастап 10 жұмыс күнi iшiнде тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзуге мiндеттi. Осы талаптар баға ұсынысын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу нәтижелерi бойынша айқындалған өнiм берушiлерге, сондай-ақ осы Заңның 11-бабының 5-тармағында белгiленген жағдайларда қолданылмайды.
5. Жұмыстардың орындалу мерзiмi келесi (кейiнгi) қаржы жылында аяқталатын мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар, сондай-ақ әзiрленуiнiң технологиялық мерзiмi ұзақ тауарларды, келесi (кейiнгi) қаржы жылында жеткiзуге себепшi болатын тауарларды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттар бiр қаржы жылынан асатын мерзiмге жасалуы мүмкiн. Мұндай шарттарды жасасудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
6. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартта конкурс тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға аффилиирленген тұлғалардың қатысу фактiлерi анықталған, осы Заңның 10-бабында көзделген шектеулердi бұзған, сондай-ақ сатып алуды ұйымдастырушының ықтимал өнiм берушiге осы Заңда көзделмеген көмек көрсеткен жағдайда, тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты кез келген кезеңде бұзғаны туралы мәлiметтер болуы тиiс.
44-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару
1. Егер ықтимал өнiм берушi осы Заңда белгiленген мерзiмде тапсырыс берушiге қол қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты бермеген немесе тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасып осы Заңның 43-бабының 4-тармағында анықталған жағдайларда тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi енгiзбеген жағдайда мұндай ықтимал өнiм берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарған болып танылады.
2. Ықтимал өнiм берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты жасасудан жалтарды деп танылған жағдайда тапсырыс берушi:
1) конкурсқа қатысуға олар енгiзген өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстайды және уәкiлеттi органға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған ықтимал өнiм берушiнi терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлердiң (жеткiзушiлердiң) тiзiлiмiне енгiзу үшiн тиiстi мәлiметтер бередi;
2) сотқа мұндай ықтимал өнiм берушiнi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы, сондай-ақ тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарудан келтiрiлген шығындарды өтеу туралы талаппен өтiнiш бiлдiруге құқылы;
3) конкурстық баға ұсынысы (конкурстық баға ұсынысының шартты бағасы) конкурс жеңiмпазының конкурстық баға ұсынысынан (конкурстық баға ұсынысының шартты бағасынан) кейiн неғұрлым аз конкурсқа қатысушымен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы. Бұл ретте тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасу конкурсқа мұндай қатысушы үшiн мiндеттi болып табылады. Конкурстық баға ұсынысы (конкурстық баға ұсынысының шартты бағасы) конкурс жеңiмпазының конкурстық баға ұсынысынан (конкурстық баға ұсынысының шартты бағасынан) кейiн неғұрлым аз конкурсқа қатысушы шарт жасасудан жалтарған жағдайда тапсырыс берушi олар енгiзген конкурсқа немесе аукционға қатысуға өтiнiмдi қамтамасыз етудi ұстайды және уәкiлеттi органға тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған ықтимал өнiм берушiнi терiс пиғылды ықтимал өнiм берушiлер (жеткiзушiлер) тiзiлiмiне енгiзу үшiн тиiстi мәлiметтер бередi.
45-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа өзгерiстер енгiзу
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, өнiм берушiнi таңдауға негiз болып табылатын ұсыныстардың мазмұнын өзгертуi мүмкiн қандай да бiр өзгерiстер және (немесе) жаңа талаптар (шарт сомасын азайтуды қоспағанда) енгiзуге жол берiлмейдi.
2. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың жобасына немесе қол қойылған тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа өзгерiс енгiзу өнiм берушiнi таңдауға негiз болып табылған сапа мен басқа талаптардың өзгермейтiн шартымен шарт сомасын азайту бөлiгiнде рұқсат етiледi. Тапсырыс берушi тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейiн шарт сомасын азайту мақсатында ықтимал өнiм берушiмен келiссөздер жүргiзуге құқылы. Бұл ретте ықтимал өнiм берушi мұндай азайтуға келiспеуге құқылы, бұл тапсырыс берушiге конкурс жеңiмпазы деп танылған ықтимал өнiм берушiмен шартқа қол қоюдан жалтаруға құқық бермейдi. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың орындалу процесiнде осыған ұқсас сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетiлетiн қызметтерге бағаларды азайту жағына өзгерсе, онда тапсырыс берушi мен өнiм берушiнiң өзара келiсiмi бойынша тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартқа сапа мен өнiм берушiнi таңдауға негiз болып табылған өзге шарттарға қатысты осы тармақшада көзделген ережелердi ескере отырып тиiстi өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн.
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартқа:
1) осындай өзгерiстiң сомасына мемлекеттiк сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамаға енгiзiлген тиiстi өзгерiстердiң, сондай-ақ бюджет және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасында белгiленген тәртiппен қабылданған осындай өзгерiстiң сомасына ақша бөлу туралы шешiмнiң негiзiнде жұмыстарды мемлекеттiк сатып aлу туралы шарт сомасын ұлғайту бөлiгiнде;
2) осы тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы жасалған шартта көрсетiлген тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң бiр бiрлiгi үшiн бағаның өзгермеуi шартымен сатып алынған тауарлардың, көрсетiлген қызметтердiң көлемiнде қажеттiлiктiң азаюына немесе артуына байланысты шарттың сомасын азайту немесе арттыру бөлiгiнде. Жасалған мемлекеттiк сатып алу туралы шартты мұндай өзгерту осы тауарларды, көрсетiлетiн қызметтердi сатып алу үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың жылдық жоспарында көзделген соманың шегiнде жол берiледi;
3) егер өнiм берушi онымен жасалған тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы шартты орындау процесiнде тауардың бiрлiгiне берiлетiн бағаның өзгермеуi шартымен, онымен жасалған тауарды мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың мәнi болып табылатын тауарды берудiң неғұрлым үздiк сапалы және (немесе) техникалық сипаттамаларын немесе мерзiмiн және (немесе) шарттарын ұсынған жағдайда өзгерiстер енгiзуге жол берiледi.
46-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi
мемлекеттiк сатып алу туралы шарттың күшiне енуi
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт оған тапсырыс берушi мен өнiм берушi қол қойғаннан не осы Заңның 43-бабының 4-тармағында айқындалған жағдайларда соңғысы шарттың орындалуын қамтамасыз етудi толық енгiзгеннен кейiн күшiне енедi. Егер тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарт тiркеуге жатса, онда ол Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркеуге жататын тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шартты тапсырыс берушi оны жасасқаннан кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал осы Заңның 43-бабының 4-тармағында айқындалған жағдайларда өнiм берушi шарттың орындалуын толық енгiзгеннен кейiн бес жұмыс күнiнен кешiктiрмей тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу туралы шарттарды тiркеу жөнiндегi уәкiлеттi органға тапсырады.
8-тарау. Арнаулы ережелер
47-бап. Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше шарттары
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру мен өткiзудiң өзге рәсiмдерi мен мерзiмдерiн белгiлеудi талап ететiн ерекшелiктердi қоспағанда, жұмыстарды мемлекеттiк сатып алу осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Жұмыстарды мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше шарттарын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
48-бап. Қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк
қажеттерiн қамтамасыз етуге арналған тауарларды, жұмыстарды,
көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алудың ерекше
шарттары
Құпиялылық режимiн сақтауды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгi мен қорғаныс қабiлетiнiң кепiлдiгiн қамтамасыз ететiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды өткiзудiң ерекше шарттарын белгiлеу талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, қорғаныс, құқықтық тәртiп және ұлттық қауiпсiздiк қажеттiлiгiн қамтамасыз ету үшiн тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Осындай мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
49-бап. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi
(консорциум) қатысуының ерекше шарттары
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуға заңды тұлғалардың уақытша бiрлестiгi (консорциумы) қатысуының ерекше шарттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
50-бап. Тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген
түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше
шарттары
Тауарлардың, көрсетiлетiн қызметтердiң жекелеген түрлерiн мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асырудың ерекше шарттарын Қазақстан Республикасының Yкiметi белгiлейдi.
51-бап. Отандық ықтимал өнiм берушiлердiң жекелеген санаттарын қолдау
1. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi, тауарлар өндiретiн, жұмыстар орындап, қызметтер көрсететiн, Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын ұйымдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары айқындаған отандық ықтимал өнiм берушiлердiң өзге де санаттары мемлекеттiк қолдауға жатады.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген отандық ықтимал өнiм берушiлердiң санаттарын мемлекеттiк қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
9-тарау. Қорытынды ережелер
52-бап. Тапсырыс берушiнiң, сатып алуды ұйымдастырушының,
конкурстық комиссияның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне)
шағымдану
1. Ықтимал өнiм берушi егер мұндай iс-әрекеттер (әрекетсiздiктер) ықтимал өнiм берушiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзса, тапсырыс берушiнiң, сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдануға құқылы.
2. Мемлекеттiк қаржылық бақылау органдарында тапсырыс берушiнiң, сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алуды жүргiзудiң кез келген сатысында, бiрақ:
1) мемлекеттiк сатып алу бюллетенiнде конкурс тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап;
2) бiр көзден алу тәсiлiмен жүргiзiлген тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап;
3) баға ұсыныстарын сұрату тәсiлiмен тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып қорытындыларын бекiткен күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жол берiледi.
Көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн тапсырыс берушiнiң, сатып алуды ұйымдастырушының, комиссияның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану сот тәртiбiмен ғана жүзеге асырылады.
53-бап. Дауларды шешу
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi мемлекеттiк сатып алу процесiнде туындайтын барлық даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешiледi.
54-бап. Осы Заңды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Осы Заңның бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
55-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi
1. Осы Заң 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
2 "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы
Заңының
(Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., N 9, 96-құжат; 2004 ж., N 14, 83-құжат; N 17, 101-құжат; 2005 ж., N 6, 7-құжат; N 23, 105-құжат; 2006 ж., N 10, 52-құжат; N 12, 71-құжат) күшi жойылды деп танылсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi