Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228 және 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235 қаулыларына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 қарашадағы N 1107 Қаулысы

      "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 22 қарашадағы  Заңын  iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      1) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 1-қосымшада:
      II "Шығындар" бөлiмiнде:
      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:
      01 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" iшкi функциясында:
      213 "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      004 "Арнайы мемлекеттiк жәрдемақылар" бағдарламасында:
      104 "ҰОС қаза болған жауынгерлердiң жесiрлерi" кiшi бағдарламасындағы "116 114" деген сандар "121 114" деген сандармен ауыстырылсын;
      105 "Қайтыс болған ҰОС мүгедектерiнiң әйелдерi (күйеулерi)" кiшi бағдарламасындағы "338 581" деген сандар "358 581" деген сандармен ауыстырылсын;
      108 "Ұлы отан соғысы жылдарындағы тыл еңбекшiлерi" кiшi бағдарламасындағы "3 087 000" деген сандар "3 287 000" деген сандармен ауыстырылсын;
      110 "I және II топтағы мүгедектер" кiшi бағдарламасындағы "5 024 628" деген сандар "5 019 628" деген сандармен ауыстырылсын;
      113 "Алтын алқа", "Күмiс алқа" белгiлерiмен марапатталған немесе бұрын "Батыр-ана" атағын алған және "Ана даңқы" орденiмен марапатталған көп балалы аналар" кiшi бағдарламасындағы "5 634 441" деген сандар "5 434 441" деген сандармен ауыстырылсын;
      114 "Төрт немесе одан да көп бiрге тұратын кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар" кiшi бағдарламасындағы "8 549 996" деген сандар "8 529 996" деген сандармен ауыстырылсын;
      02 "Әлеуметтiк көмек" iшкi функциясында:
      007 "Балалы отбасыларға берiлетiн мемлекеттiк жәрдемақылар" бағдарламасында:
      100 "Бала тууға байланысты бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақылар" кiшi бағдарламасындағы "4 321 800" деген сандар "4 371 800" деген сандармен ауыстырылсын;
      101 "Бiр жасқа дейiнгi баланы күту yшiн төленетiн мемлекеттiк жәрдемақылар" кiшi бағдарламасындағы "6 339 665" деген сандар "6 289 665" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысында
      көрсетiлген қаулыға 130-қосымшада:
      2-тармақ "13-бабы;" деген сөздерден кейiн "Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы Заңының 12, 16-баптары;" деген сөздермен толықтырылсын; 
      көрсетiлген қаулыға  145-қосымшада :
      6-тармақ кестесiнiң 5-бағанындағы "2005 жылғы 10 наурыздағы
N 2-121/05" деген сөздер "2006 жылғы 25 қаңтардағы N 2-33/06" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Mинистрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады