Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1129 Қаулысы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222  қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпы ұлттық жоспарын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 26-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Министрліктер, ведомстволар және мүдделі ұйымдар:
      1) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын;
      2) жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 10 қаңтарға және 10 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі жылына екі рет, жарты жылдықтың қорытындылары бойынша 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның іске асырылу барысы туралы ақпаратты ұсынсын.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары К.Қ.Мәсімовке жүктелсін.
      5. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі
 

       Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2006 жылғы»29 қарашадағы
N 1129 Қаулысымен   
бекітілген       

Қазақстан Республикасының техникалық реттеу
жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ Мазмұны

1. Бағдарламаның паспорты
2. Кіріспе
3. Техникалық реттеу жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау
4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері
5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі
5.1 Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы дамыту және жетілдіру
5.2 Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру
5.3 Қазақстандық сертификаттарды шетелде тану үшін жағдайлар туғызу
5.4 Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен
стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру
5.5 Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық
шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру
5.6 Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік
бақылауды дамыту және жетілдіру
5.7 Менеджмент жүйелерін халықаралық стандарттар негізінде енгізу
5.8 Стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті растау саласындағы
халықаралық ынтымақтастықты кеңейту
5.9 Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау, техникалық реттеу
саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру
6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже
8. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың
2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

  1. Бағдарламаның паспорты

Бағдарлама атауы         Қазақстан Республикасының техникалық
                         реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009
                         жылдарға арналған бағдарламасы.

Бағдарламаны әзірлеу «   "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан
үшін негіздеме           Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы
                         N 603 Заңы 6-бабының 4)-тармақшасы,
                         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006
                         жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен
                         бекітілген Қазақстан Республикасы
                         Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы
                         "Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті
                         елу елінің қатарына кіру стратегиясы" атты
                         Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан
                         Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008
                         жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру
                         жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық
                         жоспарын орындаудың желілік кестесінің
                         26-тармағы.

Бағдарламаны әзірлеуге   Қазақстан Республикасы Индустрия және  жауапты мемлекеттік      сауда министрлігі.
орган

Бағдарламаның мақсаты    Өнім мен үдерістердің адам өмірі мен
                         денсаулығы және қоршаған орта үшін
                         қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
                         тұтынушыларды өнім қауіпсіздігіне қатысты
                         адастыратын әрекеттердің алдын алу,
                         өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру,
                         сондай-ақ саудада техникалық кедергілерді
                         жою.

Бағдарламаның негізгі    Техникалық реттеу саласындағы заңнаманы
міндеттері               өнеркәсібі мен экономикасы дамыған
                         шетелдердің ұқсас жүйелерімен жақындастыру;
                         мемлекеттік стандарттарды халықаралық
                         талаптармен үйлестіру;
                         техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік
                         саясатты іске асыру;
                         техникалық нормалау мен стандарттау
                         мәселелері бойынша тиімді жұмыс атқару
                        үшін жағдай жасау;
                         Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен
                         (бұдан әрі - ДСҰ), ДСҰ-ға мүше елдермен, 
                        техникалық реттеу мен санитарлық және
                         фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС)
                         саласындағы өңірлік және халықаралық
                         ұйымдармен үнемі байланыста болу үшін
                         ақпараттық желіні дамыту;
                         техникалық регламенттер талаптарының
                         сақталуын мемлекеттік бақылауды дамыту
                         және жетілдіру;
                         отандық кәсіпорындардың халықаралық
                         стандарттарға көшуіне жағдай жасау;
                         халықаралық стандарттау, аккредиттеу,
                         сәйкестікті растау және сапа менеджменті
                         жөніндегі жұмыстарды кеңейту;
                         техникалық реттеу жүйесін насихаттау және
                         техникалық реттеу саласында кадрлардың
                         біліктілігін арттыру және оларды қайта
                         даярлау.

Бағдарламаның іске       2007 - 2009 жылдар.
асырылу мерзімі

Бағдарламаны             Қаржыландыру көздері: 
қаржыландыру көлемі      1 814 110 000 теңге сомасында республикалық
және қаржыландыру көзі   бюджет қаражаты:
                         2007 жылы - 650 635 000 теңге;
                         2008 жылы - 576 150 000 теңге;
                         2009 жылы - 587 325 000 теңге.
                         Қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылына
                         қалыптастыру арналған кезінде
                         республикалық бюджетті нақтыланатын болады.

Бағдарламаны іске        Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:
асырудан күтілетін       біртекті өнім топтарына және үдерістерге
нәтижелер                қойылатын арнайы талаптарды
                         регламенттейтін, Қазақстан Республикасы
                         Үкіметінің қаулысы мәртебесіндегі 80-нен
                         кем емес техникалық регламенттер әзірлеуге
                         және сараптама жүргізуге;
                         стандарттар негізінде отандық өнімнің
                         бәсекеге қабілеттілігін арттыруға;
                         адам өмірі мен денсаулығы үшін өнім мен
                         үдерістердің қауіпсіздігін арттыруға;
                         осы кезеңде қолданылып жүрген мемлекеттік
                         стандарттардың санын 1300-ден 2009 жылы
                         2000-ға дейін көбейтуге;
                         ұлттық стандарттарды халықаралық
                         стандарттармен үйлестіру процентін 53%-дан
                         65%-ға дейін ұлғайтуға;
                         техникалық реттеу саласындағы нормативтік
                         құқықтық актілер мен стандарттардың
                         мемлекеттік қорының нормативтік базасын
                         электронды режімдегі халықаралық, өңірлік
                         және ұлттық стандарттармен толықтыру
                         есебінен 47000-нан 50000 бірлікке дейін
                         ұлғайтуға;
                         техникалық реттеу саласындағы нормативтік
                         құқықтық актілер мен стандарттардың
                         мемлекеттік қорын арнайы жабдықпен және
                         техникамен жарақтандыруға;
                         техникалық реттеу саласында стандарттау,
                         сәйкестікті бағалау (растау), сапа
                         менеджменті және аккредиттеу аясындағы
                         жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне өтуге;
                         менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар
                         санын 2009 жылы 450-ден 1500-ге дейін
                         арттыруға;
                         стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті
                         бағалау (растау) жөніндегі халықаралық,
                         өңірлік және ұлттық ұйымдармен
                         ынтымақтастықты кеңейтуге;
                         техникалық регламенттердің міндетті
                         талаптарының сақталуына мемлекеттік
                         бақылауды жетілдіруге;
                         өткізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері
                         бойынша кәсіпорындар, мемлекеттік органдар
                         үшін ұсынымдар шығаруға;
                         жұмысына Қазақстан қатысатын халықаралық
                         техникалық комитеттердің санын 2009 жылы
                         7-ден 14-ке дейін көбейтуге;
                         ДСҰ-ның СТК және СФС шараларын қолдану
                         жөніндегі келісімдері бойынша
                         хабарламаларды өңдеу үшін (келіп түсуіне
                         қарай) СТК/СФС жөніндегі ақпарат
                         орталығының 15 аумақтық бөлімшелерін
                         құруға;
                         техникалық реттеу саласында мамандардың
                         біліктілігін арттыруға қол жеткізіледі.

  2. Кіріспе

      Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасы»"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы N 603 Заңы 6-бабының 4)-тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 наурыздағы N 222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы»"Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіру стратегиясы" атты Қазақстан халқына Жолдауын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын орындаудың желілік кестесінің 26-тармағына сәйкес әзірленді.
      Осы Бағдарлама Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 148  қаулысымен бекітілген іс-шараларының орындалуы Қазақстан Республикасының стандарттарды әзірлеудің, қолданудың және сәйкестікті растаудың халықаралық тәжірибесіне көшуі үшін жағдай жасалуын қамтамасыз еткен Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйелерін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының жалғасы болып табылады.
      Осы Бағдарлама стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау (растау), менеджмент жүйесінде жұмыстарды жетілдіруді қоса алғанда, мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытуға және көрсетілген бағыттарда жұмыстарды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған.
      Бағдарламаның іс-шаралары 2007-2009 жылдар кезеңін қамтиды, орташа мерзімді сипатқа ие.

  3. Техникалық реттеу жүйесінің қазіргі жай-күйін талдау

      Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі салаларда техникалық реттеу аясындағы заңнаманы өнімнің нарықта еркін айналуы, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды адастыратын іс-әрекеттерді болдырмау үшін Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі - ДСҰ) талаптарымен үйлестіру қажеттігімен тікелей байланысты.
      Шет елдердің техникалық реттеу жүйесі бір ізге түсірілген, пайдалану үшін жеңіл және тәжірибеде өзінің тиімділігін дәлелдеген.
      Шетелдік практикада өнімді өндіру мен сату саласында мемлекеттің регламенттеу және реттеу қызметі заңнамалық деңгейде іске асырылады.
      Мемлекет жалпыұлттық сипаты бар: азаматтардың өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаны қорғау, өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету сияқты салаларда орындалуы міндетті кесімдерді шығарады.
      Бұл талаптар жоғарғы құқықтық мәртебесі бар құжаттарда белгіленеді және олар тек құқықтық қатынастарға ғана қатысты болып қоймай, сондай-ақ техникалық нормаларды қамтиды. Еуропалық Одақта олар ЕО Заңдары, Директивалар, Ұлыбританияда - Парламент кесімдері. Міндетті талаптарды қамтитын құжаттардың ортақ атауы - "Техникалық регламент".
      Техникалық кедергілерді болдырмау жолында алғашқы қадамдар 1986 жылы жасалды, онда 12 еуропалық ел тауарлардың еркін қозғалысын қамтамасыз ету бойынша мынадай тетіктер туралы келісті:
      үйлестірілмеген өнімге қойылатын талаптар туралы өзара келісім;
      саудада жаңа кедергілер пайда болуының алдын алу;
      техникалық үйлестіру;
      сәйкестікті бағалау процедураларын екі жақты келісу.
      Бұл тетіктер стандарттардың техникалық үйлестірілуіне қатысты»ескі тәсіл ретінде белгілі Еуропалық Қоғамдастыққа мүше барлық елдердің ұлттық техникалық заңнамасын үйлестірудің бастамасына негіз болды.
      Құрылыс және құрылыс жабдықтары, ауыл шаруашылығы және орта ауыл шаруашылығын механикаландыру құралдары, фармацевтикалық өнім, тағам өнімдері және т.б. салаларда»ескі тәсілдің шамамен 200 директивасы істеліп шығарылды.
      Алайда»ескі тәсіл»техникалық заңнаманы сәйкес келтіру мәселесінде елеулі роль атқарса да осы тәсіл негізін қалаған нақты техникалық нұсқаулықтармен нақты өнімге арналған тіке директиваларды әзірлеу қағидаты директиваларды енгізудің ауыр, қымбат және ұзақ мерзімді процедуралары салдарынан жалпы рыноктың дамуын тежеді.
      1995 жылы Еуропалық Комиссия»"Ақ кітапты" жариялады, ол арқылы директивалар арқылы техникалық үйлестіру үшін стандарттарды қолдануға қатысты»"жаңа тәсіл" атанған ішкі рынокты бірізділеуге арналған жаңа әдістемені қолдану шешімі қабылданған 1997 жылы бір кесіммен Рим трактатын өзгертуге әкелді.
      "Жаңа тәсілдің" іргелі қағидаты - негізінен жалпы сипатты, кез келген нақты техникалық нұсқаулықтарды шығарып тастаумен, негізгі талаптардың»аз санымен заңнамалық қол сұғуды шектеу.
      Негізгі талаптар тұтынушылар мен қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты және міндетті болып табылады. Тексерілуге өнімнің осы талаптарға сәйкестігі ғана түседі.
      Бірақ іс-әрекеттің нақты саласында негізгі талаптарды белгілеген жағдайда»жаңа тәсіл»директиваларында оның көмегімен негізгі талаптар сақталуы тиіс және мүмкін тәсілдер көрсетілмейді.
      Бұл қызметті үйлестірілген стандарттар атқарады, оларда негізгі талаптар орындалуының практикалық әдістеріне қатысты және өндірушілерге өнімнің осы талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етуде көмек ретінде анықталған нақты нұсқаулықтар бар.
      Үйлестірілген стандарттарды еуропалық стандарттау органдары (СЕN, CENELEC, ЕТSІ) әзірлеп бекіткен және олардың қолданылуы ерікті. Ұлттық стандарттау органдары үйлестірілген стандарттарды ұлттық деңгейде енгізуі керек.
      Бұл үйлестірілген стандарттарды баяндайтын»кейбір ұлттық стандарттарды әзірлеу жолымен жүзеге асырылуы керек. Үйлестірілген стандарттарды баяндау Қоғамдастыққа мүше барлық елдерде бірдей жүзеге асырылады.
      Қазіргі уақытта шамамен 22»жаңа тәсілдегі еуропалық директива мен 3072 үйлестірілген стандарттар құрылған. Әр директива үйлестірілген стандарттардың нақты тізімімен ілестіріледі.
      Қолданыстағы техникалық реттеу жүйелерін реформалау Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина, Молдова Республикасы және Қырғыз Республикасымен жүзеге асырылып отыр және ол үшін сәйкес заңдар қабылданды.
      Қазақстанда қолданыстағы техникалық реттеу жүйесі халықаралық жүйеден кәсіпкерлікті дамыту және тікелей шетелдік инвестицияларды тарту, шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны шет елдердің рыногына жылжыту жолында елеулі әкімшілік кедергілердің бірі болып табылатын міндетті құжаттардың көптігімен және оларды әзірлеу процесінің мөлдір еместігімен ерекшелінді.
      Міндетті техникалық нормалар стандарттарда және өзге де нормативтік құжаттарда: фармакопейлі баптарда; экологиялық, өрт, санитарлық, құрылыс, ветеринарлық, энергетикалық, табиғатты қорғау және көлік ережелері мен нормаларында белгіленді. Барлық нормативтік құжаттарда міндетті талаптар айқындалмаған.
      Міндетті құжаттардың көп түрлілігі және сәйкестікті растаудың халықаралық модульдерін жеткіліксіз пайдалану отандық өндірушілерге өнім өндіруде қиындықтар, Қазақстанның сауда серіктестері тарапынан түсінбеушілікті, жеткізілетін өнімнің сапасына сенімсіздікті тудырады.
      Осылайша Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуы техникалық реттеу жүйесін реформалаумен тікелей байланысты.
      Қойылған мақсатқа жету үшін Қазақстан Республикасында өнімдердің, үдерістердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейтін және 2005 жылғы 13 мамырда қолданысқа енгізілген "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы әзірленді.
      "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін іске асыру жөніндегі бірінші кезектегі шаралар ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 1 тамыздағы N 800  қаулысымен бекітілген сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу ережесі, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі N 718  қаулысымен бекітілген саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты құру және оның жұмыс істеу ережесі қабылданды.
      Уәкілетті орган бекіткен және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген стандарттау және сәйкестікті растау саласындағы мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің 14 нормативтік құқықтық кесімі қолданысқа енгізілді.
      Мемлекеттік стандарттау және сертификаттау жүйелері мемлекеттік техникалық реттеу жүйесіне реформаланды, техникалық реттеу жүйесінің құрылымына кіретін бөлімшелер инфрақұрылымы қайта құрылды.
      Қатарына Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда, Көлік және коммуникация, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Қаржы, Денсаулық сақтау, Қоршаған ортаны қорғау, Ішкі істер, Қорғаныс, Ауыл шаруашылығы, Энергетика және минералдық ресурстар министрліктері, Ақпараттандыру және байланыс, Жер ресурстарын басқару агенттіктері, ҰҚК кіретін 14 мемлекеттік органда техникалық регламенттерді әзірлеуге және сараптауға арналған техникалық реттеу саласындағы Сараптық Кеңестер құрылды.
      Қазақстан Республикасының заңдарын "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 мамырдағы N 468  қаулысымен Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық кесімдеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заң жобасы енгізілді. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Заң Институтымен бірлесіп техникалық реттеу саласындағы бірінші кезектегі бес нормативтік құқықтық кесімнің жобасы әзірленді.
      Жоғарыда аталған заңдардың қатарында техникалық реттеу жүйесін құру негіздері қарастырылған "Мұнай туралы", "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы", "Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы", "Электр энергетикасы туралы", "Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы", "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы", "Лицензиялау туралы" және басқа Қазақстан Республикасы заңдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жоспарланып отыр және қауіпсіздіктің жалпы талаптары анықталады.
      Өнімнің біртекті топтарына және/немесе олардың жанар май-энергетикалық кешенінде өмірлік циклдің процестеріне қойылатын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекітілген арнайы (елеулі) талаптарды белгілеу міндеттері техникалық регламенттерде регламенттелуі тиіс.
      Республикада техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры (бұдан әрі - қор) қалыптастырылды. Егер қордың өсуін өткен жыл ішінде динамикалық түрде қарастыратын болсақ, қордың нормативтік құжаттарының саны 2004 жылы 39 000, оның ішінде 600-ден астамы мемлекеттік стандарттар және 6000 халықаралық стандарттар, 2005 жылы 45 мыңға дейін, оның ішінде 1000-нан астам мемлекеттік стандарттар, 6000-нан астам халықаралық стандарттарға өсті, 2006 жылғы жағдайы бойынша қорда 47 мыңнан астам саналатын нормативтік құжаттардың атаулары, оның ішінде 1300-нан астам мемлекеттік стандарт, 20 000 мемлекетаралық стандарт; 8 мыңнан астам халықаралық стандарттар мен 10 мың ұлттық стандарттар бар.
      Алайда, бар қор шетелдік техникалық регламенттермен толықтырылмаған, сондай-ақ Қазақстанда қолданыстағы нормативтік құжаттарды халықаралық талаптармен үйлестіру жөнінде жұмыстар жүргізу үшін шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарымен жеткілікті толықтырылмаған. Шет мемлекеттердің бар халықаралық және ұлттық стандарттары және басқа нормативтік құқықтық кесімдер мемлекеттік тілге аударылмаған. Алдағы кезеңде қорды кеңейту және жаңарту қажет.
      Қорды кеңейту және жаңарту жөніндегі, сондай-ақ ақпарат алмасу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін толық көлемде қордың ақпараттық жүйесінің техникалық жабдықталуын жаңғырту және оны дамыту жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
      Қазіргі уақытта республикада стандарттау және сәйкестікті бағалау (растау) саласында техникалық реттеу жүйесінің негіз құраушы стандарттарын халықаралық баламалармен үйлестіру жөніндегі жұмыстар жүргізіліп жатыр, сондай-ақ ұйым стандарттарын әзірлеу басталды. Осы жұмыстарды жалғастыру қажет.
      Жүргізілген талдау көрсеткендей мемлекеттік стандарттарды жаңарту қарқыны соңғы 3 жыл ішінде артып отыр. Егер 2004 жылдың басында үйлестіру пайызы негізінен негіз құраушы стандарттар есебінен тек 17 % құраса, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2004 жылғы 6 ақпандағы N 28-ө өкімімен бекітілген ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру жөніндегі жұмыстардың 2004 жылға арналған жоспарын орындағаннан кейін үйлестіру пайызы 43%-ке дейін, ал 2005 жылдың соңына қарай 53%-ға өсті. 2008 жылдың аяғына дейін мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкес үйлестіруді 65% деңгейге дейін жеткізуді қамтамасыз ету қажет.
      Стандарттар ерікті мәртебеге ие болған (стандарт таңдаудағы еріктілік) техникалық реттеу жүйесінің реформалануына байланысты техникалық регламенттерге елеулі талаптарды енгізу үшін стандарттардың үлкен санын қайта қарау және қайта өңдеу керек.
      Салалардың стандарттар әзірлеуге жеткіліксіз мүдделілігі стандарттауда ғылымның даму белсенділігінің төмендеуіне негізгі себеп болып табылады.
      Жалпы алғанда 2001-2006 жылдар арасында стандарттау, сертификаттау, метрология және сапа жүйелері саласында "Стандарттау, сапа жүйесі, сапаны басқару жүйесі, біріктірілген менеджмент жүйесінің үлгісі, сапа пирамидасы, сертификаттау, тұрақты даму, қоршаған ортаны басқару жүйесі, мониторинг және бағалаулар, экологиялық аудит", "Қазақстан Республикасы жанармай-энергетикалық кешенінің кәсіпорындары үшін біріктірілген сапа менеджментінің үлгісін әзірлеу", "ІSО 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарттарын Қазақстан Республикасы энергетика кәсіпорындарында қолдану кезінде туындайтын мәселелерді талдау және оларды шешу жолдары", "Біріктірілген менеджмент жүйесінің үлгісін әзірлеу және оны мұнай-газ саласы кәсіпорындары үшін енгізу алгоритмі үлгісін әзірлеу",»ІSО 9000 халықаралық стандартына сәйкес құрылған сапа менеджменті жүйелерімен НАССР қағидаттары негізінде тамақ өнімінің сапасын басқару жүйелерінің өзара әрекеті. НАССР қағидаттарына негізделген сапа менеджменті жүйесін және оны енгізу алгоритмін құру жөнінде ұсынымдар тақырыптары бойынша қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізілді. Зерттеулер нәтижелері кәсіпорындарға халықаралық стандарттарды енгізуде елеулі көмек көрсетеді, алдағы уақытта да қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді жалғастыру қажет.
      Экономиканың түрлі салаларында стандарттау жөнінде жұмыстар жүргізу мақсатында республикада әрекет ету саласына мемлекеттік стандарттарды әзірлеу және халықаралық стандарттауға қатысу кіретін 49 стандарттау жөніндегі техникалық комитет құрылды. Алайда стандарттау жөніндегі балама техникалық комитеттерді қамтылмаған салаларда да құру қажет.
      Қазақстан Республикасы 1994 жылдан бастап Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымның (бұдан әрі - ІSО) мүшесі болып табылады, Халықаралық электротехникалық комиссияда (бұдан әрі - МЭК) бақылаушы мәртебесіне ие. ІSО шеңберінде Қазақстан 7 стандарттау жөніндегі халықаралық техникалық комитеттің жұмысына және мұзға төзімді теңіз мұнай-газ құрылғыларына стандарттар әзірлеу жөніндегі топтың жұмысына қатысады.
      Қазақстан Республикасында қолданыстағы стандарттар және сәйкестікті растау процедуралары туралы ДСҰ-ға мүше мүдделі елдерді ақпараттандыру үшін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ведомствосына қарасты»"Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі N 718  қаулысымен Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталық (бұдан әрі - Ақпараттық орталық) құрылды.
      Ақпараттық орталық қызметіне ДСҰ Хатшылығының, ДСҰ-ға мүше елдер қолданатын техникалық регламенттер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, оларға өзгерістер мен өнімнің, үдерістердің сәйкестігін растау процедуралары туралы хабарламаларын өңдеу кіреді.
      Қазіргі уақытта Ақпараттық орталық қажетті бағдарламалық өнімдермен, библиографиялық және толық мәтінді дерекқорлармен жеткілікті түрде жабдықталмаған.
      Республикада түрлі ведомстволар әзірлеген 26 жіктеуіш қолданыста, олардың 12-і мемлекеттік мәртебеге ие, олар Ресей Федерациясының 31 мемлекеттік жіктеуіштерімен салыстырғанда экономиканың барлық секторларының талаптарын қанағаттандырмайды. Қазіргі кезде техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері бойынша автоматтандырылған ақпарат жүйесін құру және енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Республикада жетіспейтін жіктеуіштерді әзірлеу, сондай-ақ депозитарийді және техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.
      Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау саласында 150-ден астам аккредиттелген сертификаттау жөніндегі орган және 400-ден астам аккредиттелген сынақ зертханалары қызмет атқарады, олардың негізгі бөлігі жеке меншік түрінде.
      Республиканың сертификаттық сынақтар жөніндегі бар сынақ қоры жеткіліксіз, өйткені өнімнің барлық номенклатурасын қамтымайды және республикада тым тең дәрежеде таратылмаған.
      Ол үшін сынақ зертханаларын құру және қызмет ететін сынақ зертханаларын сертификаттық сынақтар жүргізу жөніндегі қажетті жоғары технологиялық жабдықпен жарақтау қажет.
      Бұдан басқа, республикада халықаралық деңгейде танылған және халықаралық сарапшылар тізілімдерінде тіркелген сарапшы-аудиторлар саны жеткіліксіз.
      Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі - аумақтық бөлімшелер) өнімді өткізу кезеңінде техникалық регламенттер талаптарының сақталуына, сондай-ақ аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының іс-әрекеттеріне қызметтерінің аккредиттелген талаптарға сәйкестігін белгілеу мақсатында, олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің талаптарын сақтауын тексеру мақсатында мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды, сондай-ақ мемлекеттік органдар өз құзыреттері шегінде жүзеге асырады.
      Соңғы жылдары бірнеше рет қайта құрылуы және санының аздығы салдарынан мемлекеттік бақылау қызметі Қазақстанда өндірілетін және сатылатын өнімдердің елеулі көлемін тексерістермен қамтуда өзінің жылдамдығы мен қабілеттілігін жоғалтып отыр.
      Қазақстан Республикасы аумағына техникалық реттеу жүйесі енгізіліп отырған және өнімге қойылатын міндетті талаптар олардың әлеуетті қауіптілігі және халық өміріне, мүлкіне және қоршаған ортаға келтіретін қауіп-қатері ескеріле отырып анықталатын жағдайда мемлекеттік бақылау органдарының да жұмыс бағыты өзгеруі тиіс.
      Тексеру нәтижелерін талдау 2005 жылдың ішінде 2004 жылмен салыстырғанда тексерудің 3%-ға төмендегенін, 2003 жылмен салыстырғанда 98%-ға өскенін көрсетеді.
      Тексерудің жалпы санының өткен жылдың сәйкес деңгейіне төмендеуі үстіміздегі жылдың 13 мамырынан бастап "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының енгізілуімен түсіндіріледі, 37-баптың 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті өнімнің өткізілу сатысында техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
      Жалпы алғанда 2003-2005 жылдар аралығында 16 544 тексеру жүргізілді, 8452 бұзу фактісі анықталды, әкімшілік айыппұл салу туралы 4531 нұсқама жазылды.
      Тексеру нәтижелері бойынша жүргізілген талдау өткен есептік кезеңмен салыстырғанда тексеру санының тек азайғанына байланысты көрсеткіштердің төмендегенін көрсетеді, ал анықталған бұзушылық фактілері кәсіпкерлердің әр уақытта өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты техникалық реттеу саласындағы, заңнама талаптарына тиісті көңіл аудармайтындықтарын көрсетеді.
      Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндірісте сапа менеджменті жүйесінің болуына тікелей байланысты болады. Республикада қазіргі уақытта ISO халықаралық стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін 450-ден астам кәсіпорын сертификаттады. Сындарлы нүктелерді талдау және бақылау қағидаттары (НАССР) негізінде сапа менеджменті жөнінде жұмыстар әлсіз жүргізіліп жатыр және ОНSАS 18001 пен SА 8000 халықаралық стандарттарына сәйкес менеджмент жүйелерін енгізу жөніндегі жұмыстар қанағатсызданарлық жүргізіліп отыр.
      Сапа менеджменті жүйесін енгізуде кәсіпорындардың төмен қызығушылығының негізгі себептерінің бірі сапа саласындағы саясаттың әлсіз насихатталуы мен ғылыми-әдістемелік қордың жоқтығы болып табылады. Отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруды қамтамасыз ету үшін жақын және кейінгі жылдарда кәсіпорындарда, еңбек қауіпсіздігі мен әлеуметтік жауаптылық саласында сапа менеджменті жүйелерін және қоршаған ортаны қорғауды енгізу мен сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға мемлекеттік көмек қажет.
      Отандық кәсіпорындарды бәсекеге қабілетті өнім өндіруге ынталандыру мақсатында»Сапа саласындағы конкурстар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы N 384 қаулысына сәйкес негізіне сапа жөніндегі еуропа сыйақысы қабылданған Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурстар және "Қазақстанның ең үздік тауарлары" республикалық көрме-конкурс өткізілді. 2006 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 9 қазандағы N 194  Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға арналған конкурс және "Алтын Сапа" республикалық көрме-конкурсы өткізілетін болады. Бұл өткізілетін конкурстардың қазақстандық тауар өндірушілерді дамытуда мәні мен рөлінің артатындығын білдіреді.
      Конкурстардың негізгі мақсаты мен міндеттері оларды импортпен бәсекелестік күреске тарту, рынокқа ие болу, отандық өнімге сенімнің жетіспеушілігін жою, кәсіпорындардың өнімнің сапасын арттыру жөніндегі жұмысын жандандыру, өндірісті сапаны басқарудың қазіргі заманғы тәсілдері негізінде ұйымдастыру, бәсекелестік ортаны дамыту, кәсіпорындардың басшыларын және мамандарын сапа жүйесін енгізуге және өздері шығаратын өнімнің халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігіне бағыттау болып табылады.
      Бағдарлама осы жұмыстардың жалғастырылуын қарастырады.
      Қазіргі уақытта техникалық реттеу жүйесі халықаралық талаптарға, оның ішінде Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі ДСҰ келісімдерінің талаптарына жеткілікті түрде сәйкестендірілмеген.
      Қазіргі таңда бұл проблема мемлекеттік органдар тарапынан реформалау проблемасын техникалық реттеу саласында бірыңғай саясат құруға кері әсер ететінін толық түсінбеумен, Қазақстан кәсіпорындары мен ұйымдарының ІSО халықаралық техникалық комитеттерінің жұмысына мүдделілік танытуымен, халықаралық тізілімдерде тіркелген сарапшы-аудиторлардың болмауымен, өнімнің жеке түрлерінің сапасын бақылауға арналған сынау базасы мен қазіргі заманғы жабдықтың болмауымен, техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілік деңгейінің жеткіліксіздігімен, мемлекеттік инспекторлардың санының аздығымен, қазіргі заманғы ғылым мен техника талаптарына жауап беретін техникалық заңнаманың және нормативтік құжаттардың жетілдірілмеуімен, республикалық, мемлекетаралық және халықаралық деңгейлердегі ақпаратпен және нормативтік құжаттармен жылдам алмасу үшін қажетті жағдайлардың болмауымен байланысты болып отыр.
      Осы Бағдарламада қарастырылған Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйелерін дамыту оларды ұқсас халықаралық жүйелермен техникалық регламенттер мен нормативтік құжаттар қатарын әзірлеу және үйлестіру жолымен, техникалық реттеу нысандары мен әдістерін, оның ішінде стандарттау, өнімнің сәйкестігін растау рәсімін өзгерту саласында жетілдіру, сондай-ак ақпараттық қамтамасыз ету саласында іс-әрекетті жетілдіру арқылы жақындастыруға ықпал етеді.

  4. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері

      Бағдарламаның мақсаты өнім мен үдерістердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұтынушыларды өнім қауіпсіздігіне қатысты адастыратын әрекеттердің алдын алу, өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сондай-ақ саудада техникалық кедергілерді жою болып табылады.
      Бағдарламаның міндеттері:
      техникалық реттеу саласындағы заңнаманы өнеркәсібі мен экономикасы дамыған шет мемлекеттердің балама жүйелерімен жақындастыру;
      мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
      техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
      техникалық нормалау мен стандарттау мәселелері бойынша тиімді жұмыс атқару үшін жағдай жасау;
      Дүниежүзілік сауда ұйымының Хатшылығымен (бұдан әрі - ДСҰ), ДСҰ-ға мүше елдермен, техникалық реттеу мен санитарлық және фитосанитарлық шаралар (бұдан әрі - СФС) саласындағы өңірлік және халықаралық ұйымдармен үнемі байланыста болу үшін бірыңғай ақпараттық желіні дамыту;
      техникалық регламенттер талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру;
      отандық кәсіпорындардың халықаралық стандарттарға көшуіне жағдай жасау;
      халықаралық стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті растау және сапа менеджменті жөніндегі жұмыстарды кеңейту;
      техникалық реттеу жүйесін насихаттау және техникалық реттеу саласында кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау.
      Қойылған міндеттерді іске асыру отандық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сапасын арттыру мен ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.

  5. Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетігі

      Бағдарламаны іске асыру мынадай бағыттар бойынша:
      техникалық реттеу саласында заңнаманы дамыту және жетілдіру;
      қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру;
      Қазақстандық сертификаттарды шетелдерде тануы үшін жағдай жасау;
      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту;
      СТК және СФС шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру;
      техникалық регламенттердің міндетті талаптарының сақталуын мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру;
      халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйелерін енгізу;
      стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
      техникалық реттеу мәселелерін насихаттау, техникалық реттеу саласында мамандарды даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша жүзеге асырылатын болады.

  5.1 Техникалық реттеу саласында заңнаманы дамыту және жетілдіру

      Қалыптасқан халықаралық тәжірибені және ТМД елдерінде қабылданған тәжірибені ескере отырып және "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес талаптарының міндеттілігі күшіне қарай республикада Үкімет қаулыларының мәртебесінде қабылданатын, қауіпсіздік деңгейін регламенттейтін, ал стандарттарда қауіпсіздіктің берілген деңгейін қамтамасыз ететін көрсеткіштерді сынау нормалары мен әдістемелері, сондай-ақ сапа көрсеткіштері жазылған техникалық регламенттерді әзірлеу болжанады.
      Осылайша қауіпсіз өнімді қолдану мен өнім сапасы мәселесінде бизнесте мемлекеттік араласу мен қоғам мүддесін қорғау балансы қамтамасыз етіледі.
      Міндетті және ерікті талаптарды белгілеу кемсітушіліктің болмау қағидатымен: отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметтерге қойылатын талаптар теңдігі қағидатымен жүзеге асырылады.
      Қолданыстағы заңнама мен нормативтік құжаттарға оларды "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында талдау жүргізу, техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарын дайындау, өнімдер мен үдерістерге қойылатын арнайы талаптарды регламенттейтін техникалық регламенттерді әзірлеу, оларға халықаралық талаптарға сәйкестікке сараптама жүргізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен бекіту.

  5.2 Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру

      Техникалық реттеу жүйесіндегі стандарттау саласы республика дамуы үшін маңызды мәнге ие экономиканың басым бағыттарында (кластерлерде) проблемаларды шешуге бағытталған болуы керек.
      Стандарттау әдістерін қолдану өнім өндірушіге сенім тетіктерінің біріне айналуы керек.
      Техникалық реттеу жүйесінде стандарттау саласын әрі қарай дамыту және жетілдіру оларды балама халықаралық салалармен жақындастыруды және стандарттарды таңдау еріктілігі негізінде қолдануға көшуді көздейді.
      Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру үшін:
      экономика салаларында қолданыстағы стандарттар мен өзге де нормативтік құжаттарға талдау жүргізу және жүйелеу;
      негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды, техникалық регламенттерге дәлелқор болатын стандарттарды әзірлеу;
      өнімді, қызмет көрсетуді, үдерістерді бақылау әдістеріне арналған мемлекеттік стандарттарды әзірлеу;
      Қазақстан Республикасы экономикасының басым бағыттарының нормативтік құжаттарын үйлестіру үшін дамыған шет мемлекеттердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарын сатып алу;
      стандарттау және кәсіби қауіпсіздік пен еңбекті қорғау менеджменті жүйелері саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
      стандарттаудың ТМД және алыс шет елдерде мемлекетаралық деңгейде даму үрдісін талдау;
      ТМД және алыс шет елдерде бағалау және сәйкестікті растау тетіктеріне салыстырмалы талдауды жүзеге асыру;
      кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында менеджмент жүйесі стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемаларға және оларды шешу жолдарына талдау жүргізу;
      техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
      Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жүргізу;
      Техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері депозитарийінің дерекқорын Бірыңғай нормативтік анықтамалық ақпарат жіктеуіштерін өзекті ету және ұсыну жүйесі (бұдан әрі - БНАА ЖӨҰЖ) бойынша енгізу және жүргізу;
      Депозитарий жеткізушілерімен, шет мемлекеттерінің стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдарының ақпараттық орталықтарымен және нормативтік қорларымен өзара әрекет ету;
      мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру керек.

  5.3 Қазақстандық сертификаттарды шетелде тану үшін жағдай жасау

      Халықаралық тәжірибені есепке алып аккредиттеу мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінде нақты мәртебеге ие болуы керек.
      Аккредиттеу жөніндегі іс-әрекеттер:
      сәйкестікті растаудың нақты салаларында жұмыстарды орындайтын сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) құзыреттілігін растауға;
      аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтардың) іс-әрекетіне өнімді дайындаушылардың, сатушылардың және тұтынушылардың сенімін қамтамасыз етуге;
      аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларының (орталықтардың) қызметтерінің нәтижелерін тану үшін жағдай жасауға бағытталатын болады.
      Сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарды орындайтын сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарды) аккредиттеу Қазақстан Республикасының Үкіметі қарастырған тәртіппен жүзеге асырылады.
      Қазақстандық сертификаттардың шетелде танылуын қамтамасыз ету үшін:
      сәйкестікті растау жөніндегі мүдделі қазақстандық органдарды шетелдік аккредиттеу жүйелерінде аккредиттеуге дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру;
      сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу;
      зертханааралық салыстырмалы сынақтар жүргізу;
      Қазақстанның ІАF және ІLAС халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша дайындық іс-шараларын жүргізу, оның ішінде: аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органды алдын ала бағалау, білікті қызметкерлер даярлау, халықаралық деңгейде кемі 3 зертхана аккредиттеу;
      техникалық реттеу саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелерді бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу бойынша ұсыныстар дайындау қажет.
      Сынақ зертханаларын (орталықтарын) қазіргі заманғы зертханалық және сынақ жабдығымен, сондай-ақ типтік салыстырмалы сынақтар жүргізу үшін балама машиналармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жандандыру керек.

  5.4 Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру

      Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын (бұдан әрі - Қор) дамыту және жетілдіру Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық дамуы үшін стратегиялық маңызды болып табылады, себебі стандарттарда және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда ресми қабылданған және белгіленген нормалар мен түсініктерге еркін қол жеткізуге, шет елдермен жасалатын саудадағы техникалық кедергілерді жоюды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қорды дамыту және жетілдіру мақсатында:
      қор бөлімшелерін есептеу техникасымен қамтамасыз ету; 
      лицензияланған бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету;
      полиграфиялық жабдықпен, ұйымдастыру техникасымен және арнайы жабдықпен қамтамасыз ету;
      Қордың ақпараттық жүйелерін және жергілікті міндеттерін ілестіру.

  5.5 Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру

      Ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру үшін жұмыстардың мөлдірлігін қамтамасыз ету мақсатында:
      өңірлерде Ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімшелерін құру;
      Ақпараттық орталықты, оның ішінде өңірлерде ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдерін материалдық-техникалық жабдықтау;
      техникалық регламенттердің, СФС шаралардың, стандарттардың, оларға өзгерістер мен өнімдер, үдерістердің сәйкестігін растау рәсімдерінің электрондық қорын құру;
      Ақпараттық орталықтың ақпараттық жүйелері мен жергілікті міндеттерді ілестіру;
      техникалық регламенттерді, дәлелқор болатын стандарттарды және өзге де шетелдік нормативтік құжаттарды түпнұсқа тілінен мемлекеттік және ресми тілдерге аудару қарастырылатын болады.

  5.6 Техникалық регламенттер талаптарының сақталуын
мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру

      Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды дамыту бақылау қызметінің өзіне тән кез келген түрлерімен негіз құраушы қағидаттар жиынтығына негізделуі тиіс:
      бақыланатын объектілерден әкімшілік және қаржылық тәуелсіздік;
      заңдылықты сақтау;
      мемлекеттік инспекторлардың әділдігі;
      анықталған бұзушылығы үшін берілген жазаның бұлтартпастығы және шамаластығы;
      тексерілетін объектілердің мемлекеттік және коммерциялық құпиясын сақтаған жағдайдағы нәтижелердің жариялылығы;
      мемлекеттік бақылау жүргізу ережелерін халықаралық тәжірибеде қабылданған нормалармен үйлестіру;
      қызметті өзі құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын басқа да органдармен үйлестіру.
      Сондықтан нарық жағдайында мемлекет кәсіпкерлер қызметіне өзінің араласуын шектеуі, тек техникалық регламенттерде қарастырылған міндетті талаптарға бақылау жасауды жүзеге асыруы және өнімге бақылауды өткізу саласында басымдылықпен жүзеге асыруы тиіс.
      Техникалық регламенттердің талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру үшін:
      техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу, аумақтық органдарды өзекті етілген нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету;
      өнім үлгілерін оларды өткізу сатысында сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жасау үшін сатып алуды және сынауды қамтамасыз ету;
      жабдықтар және өлшеу құралдарымен жабдықталған көшпелі зертханаларды қамтамасыз ету.

  5.7 Менеджмент жүйелерін халықаралық стандарттар негізінде енгізу

      Әлемдік нарықта өнім сапасы мен қауіпсіздігі кепілдіктерінің бірі ISO, ОНSАS, SА және басқа да халықаралық стандарттар бойынша менеджмент жүйелерін енгізу болып табылады.
      Менеджмент жүйесіне арналған стандарттар сапа мәселелерінде басшылар мен мамандардың аса жоғары құзыреттілігіне және оларды арнайы дайындауға бағытталған, өндірісті ұйымдастыру және процестерді басқаруда жаңа тәсілдерді іздестіруді талап етеді.
      Мемлекеттік мекеменің табысты қызмет атқаруын қамтамасыз ету үшін жүйелендірілген және тексерілетін менеджмент қажет.
      Экономиканың түрлі секторларындағы кәсіпорындарды сапа менеджменті жүйесін енгізуге дайындау үшін:
      сапа менеджмент жүйесін енгізу және қоршаған ортаны қорғау бойынша салалық және өңірлік конференциялар мен семинарлар өткізу;
      "Сапа саласындағы жетістігі үшін" Қазақстан Республикасы Президентінің сыйлығын алуға арналған конкурс және»Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын өткізу;
      кәсіпорындардың техникалық реттеу саясатының талаптарына сәйкес сапа жүйелерін енгізуін ынталандыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
      Комитетте және оның аумақтық бөлімдерінде сертификатталған менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылау жасау;
      Комитетте және оның аумақтық бөлімдерінде сапа менеджментінің жүйесін қолдау және жақсарту қажет.

  5.8 Стандарттау, аккредиттеу және сәйкестікті
растау саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

      Қазақстанның техникалық реттеу саласында халықаралық ынтымақтастыққа қатысудағы негізгі міндеттері:
      халықаралық және өңірлік техникалық регламенттер мен стандарттарды әзірлеу кезінде Қазақстанның мүддесін қамтамасыз ету;
      түсті металдарды, мұнай өнімдерін және мұнай-газ жабдықтарын, жүнді, ауыл шаруашылығы машиналарын, аграрлық-өнеркәсіп секторының өнімдерін стандарттау жөніндегі "ДЕВКО" және "КОПОЛКО" - ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық техникалық комитеттер жұмысына Қазақстан тарапынан қатысу жөніндегі жұмыстарды кеңейту, сондай-ақ Қазақстан үшін мүдделі болып табылатын стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңес және оның техникалық комитеттері шеңберінде іс-әрекетті сақтау және кеңейту;
      ТМД және алыс шет елдерінің стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі ұлттық органдарымен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
      Техникалық реттеу жүйесінің дамуын қамтамасыз ету және жоғарыдағы міндеттерді шешу үшін:
      мынадай халықаралық ұйымдарға: ІАF - аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға, ЕА - аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйымға, ІLАС - аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға, сондай-ақ толық құқықты мүше ретінде Халықаралық электротехникалық комиссияға кіру;
      ISO Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым жұмысына белсенді қатысуды қамтамасыз ету қажет.

  5.9 Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау,
техникалық реттеу саласында мамандарды даярлау және
олардың біліктілігін арттыру

      Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау мақсатында техникалық реттеу жүйесін насихаттау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу қажет.
      Техникалық реттеу саласында кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттырудың тиімді жүйелерін құру үшін:
      техникалық реттеу саласында кадрлардың біліктілігін кәсіби арттыруды және қайта даярлауды ұйымдастыру;
      стандарттау, метрология және сәйкестікті растау саласында мамандарды даярлау және қайта даярлаудың типтік бағдарламаларын жетілдіру;
      сарапшы-аудиторларды менеджмент жүйелеріне ISO 9000, 14001, 22000 (НАССР), 17025 және ОНSАS 18001 халықаралық стандарттары бойынша даярлау қажет.
      Қазақстанда аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар берген өнімге арналған сертификаттарды шетелде тануы үшін қазақстандық мамандардың халықаралық сарапшы-аудиторлар тізілімінде тіркелуі қажет.
      Осы бөлімде берілген іс-шараларды іске асыру ДСҰ талаптарымен үйлестірілген мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытып жетілдіруге мүмкіндік береді, бұл, сайып келгенде, отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды және оның әлемдік рынокқа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

  6. Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері

      Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландыру Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін дамытуға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады. Республикалық  бюджеттен бөлінген қаражат 1 814 110 000 теңгені құрайды, оның ішінде 2007 жылға - 650 635 000 теңге, 2008 жылға - 576 150 000 теңге, 2009 жылға - 587 325 000 теңге.
      Бұл ретте жыл сайын жасалатын қаржыландыру көлемі тиісті қаржыландыру жылына арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

  7. Бағдарламаны іске асырудан күтілетін нәтиже

      Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай оң   өзгерістерге қол жеткізіледі:
      біртекті өнім мен процестер топтарына қойылатын арнайы талаптарды регламенттейтін, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары мәртебесіндегі 80-нен кем емес техникалық регламентті әзірлеп сараптама жүргізу;
      стандарттар негізінде отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
      адам өмірі мен денсаулығы үшін өнім және үдерістердің қауіпсіздігін арттыру;
      осы кезеңде қолданылып жүрген мемлекеттік стандарттардың санын 1300-ден 2007 жылы 1550-ға дейін, 2008 жылы 1800-ге дейін, 2009 жылы 2000-ға дейін көбейтуге;
      ұлттық стандарттарды халықаралық стандарттармен үйлестіру пайызын 53%-тен 65%-ке арттыру:
      2007 жылы - 59%;
      2008 жылы - 62%;
      2009 жылы - 65%.
      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің және стандарттардың мемлекеттік қорының нормативтік базасын электронды режімдегі халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттармен жинақтау есебінен 47000-нан 50000-ға дейін көбейту (жыл сайын 1000 бірліктен кем емес);
      техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық кесімдердің және стандарттардың мемлекеттік қорын арнайы жабдықпен және техникамен жарақтандыру;
      техникалық реттеу саласында стандарттау, сәйкестікті бағалау (растау), сапа менеджменті және аккредиттеу аясындағы жұмыстардың халықаралық тәжірибесіне өту;
      менеджмент жүйесін енгізген кәсіпорындар санын 2007 жылы 450-ден 800-ге дейін, 2008 жылы 1100-ге дейін және 2009 жылы 1500-ге дейін өседі;
      стандарттау, аккредиттеу, сәйкестікті бағалау (растау) жөніндегі халықаралық, өңірлік және ұлттық ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейту;
      техникалық регламенттердің міндетті талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау жасауды жетілдіру;
      өткізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелері бойынша кәсіпорындар, мемлекеттік органдар үшін ұсынымдар шығару;
      жұмысына Қазақстан қатысатын халықаралық техникалық комитеттердің санын 2007 жылы 7-ден 9-ға дейін, 2008 жылы 11-ге дейін және 2009 жылы 14-ке дейін көбейту;
      ДСҰ-ның СТК және СФС шараларын қолдану жөніндегі келісімдері бойынша хабарламаларды өңдеу үшін (келіп түсуіне қарай) СТК/СФС жөніндегі ақпарат орталығының 15 аумақтық бөлімшелерін құру;
      техникалық реттеу саласында мамандардың біліктілігін арттыру.

       8. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу жүйесін
     дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын
             іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:

Р/с
N

Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындалу (іске асырылу) мерзімі

Болжанып отырған шығындар(мың теңге)

Қаржыландыру көзі

1

2

3

4

5

6

7

1. Техникалық реттеу саласында заңнаманы дамыту және жетілдіру

1

Техникалық реттеу саласындағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында заңнама мен нормативтік құжаттарды салалар бөлінісінде талдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА, ЖРА

жыл сайын, 25-қаңтар

Талап етілмейді


2

Техникалық регламенттер әзірлеудің 2007-2009 жылдарға арналған жоспарын дайындау

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ (жинақ-тау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА,
ЖРА

2007 жылғы 25-наурыз

Талап етілмейді


3

Техникалық регламенттер әзірлеу жоспарын іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, АБА,
ЖРА

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 337 500,0

2007 ж. - 112500,0

2008 ж.- 112500,0*

2009 ж. -
112500,0*

РБ

4

Техникалық регламенттер жобасына сараптама жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 66 000,0

2007 ж. -22 000,0

2008 ж. -22000,0*

2009 ж. -22 000,0*

РБ

5

Техникалық регламенттер әзірлеу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

ИСМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ,
ДСМ,
ТЖМ,
Қоршаған ортамині, АБА,
ЖРА

жыл сайын, 20-желтоқсан

Талап етілмейді


2. Қолданыстағы стандарттарды халықаралық талаптармен үйлестіру

6

Стандарттау,   метрология және сәйкестікті (растау) бағалау саласында нормативтік құжаттарды әзірлеу және сатып алу, оның ішінде: стандарттар    мен өзге де нормативтік құжаттарды талдау және жүйелеу; негіз құраушы мемлекеттік стандарттарды, техникалық      регламенттерге  дәлелқор болатын стандарттарды әзірлеу;
өнім, қызмет көрсету, үдерістерді бақылау әдістеріне     арналған мемлекеттік стандарттарды әзірлеу; стандарттау, метрология және сәйкестікті бағалау (растау) саласында халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарды  сатып алу

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ

жыл сайын, 25-жел-тоқсан

Барлығы: 417177,0

2007 ж.
- 139 059,0
 
  2008 ж. - 139059,0*

2009 ж. - 139059,0*

РБ

7

Стандарттау     саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер, оның ішінде: ТМД елдерінде  және алыс шетелде мемлекетаралық деңгейде стандарттаудың даму тұжырымдамасын талдау;
ТМД елдерінде және алыс шетелде бағалау және    сәйкестікті    растау    механизмдерін салыстырмалы талдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 34 511,0

2007 ж. - 10 840,0

2008 ж. -
11491,0*

2009 ж. - 12180,0*

РБ

8

Кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау менеджменті жүйелері саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер:
кәсіби қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында менеджмент жүйесі стандарттарын енгізу кезінде туындайтын проблемаларды және оларды шешу жолдарын талдау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 17 255,0

2007 ж. - 5420,0

2008 ж. -5745,0*

2009 ж. -6090,0*

РБ

9

Техникалық-экономикалық ақпаратты  жіктеу және кодтау жүйесін жетілдіру, оның ішінде:
Қазақстан  Республикасының техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жүйесін жүргізу;
БНАА ЖӨҮЖ бойынша техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштері депозитарийінің  дерекқорын енгізу және жүргізу;
Депозитарий   жеткізушілерімен, шетелдік мемлекеттердің  стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдарының  ақпараттық орталықтарымен және нормативтік қорларымен өзара әрекет

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, Еңбекмині,    АБА, ЖРА

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 17 148,0

2007 ж.
- 5716,0

2008 ж.
- 5716,0*

2009 ж.
- 5716,0*

РБ

10

Мемлекеттік стандарттау жөніндегі жұмыс жоспарын әзірлеу және іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Талап етілмейді


3. Қазақстандық сертификаттарды шетелдерде мойындау үшін жағдай жасау

11

Сәйкестікті растау жөніндегі мүдделі қазақстандық органдарды шетелдік аккредиттеу  жүйелерінде аккредиттеуге дайындау жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу және іске асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Талап етілмейді


12

Сәйкестікті растау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеу

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ

жыл сайын, 25-жел-тоқсан

Барлығы: 5 415,0

2007 ж. - 1805,0

2008 ж. - 1805,0*

2009 ж. - 1805,0*

РБ

13

Зертханааралық салыстырмалы   сынақтар жүргізуді ұйымдастыру

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ

жыл сайын, 25-жел-тоқсан

Барлығы: 22 302,0

2007 ж. - 6 928,0

2008 ж. - 7 287,0*

2009 ж. - 8 087,0*

РБ

14

Қазақстанның ІАF және ILАS халықаралық ұйымдарына кіруі бойынша жұмыстар:
аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органды алдын ала бағалау;
білікті қызметкерлер даярлау;
халықаралық   деңгейде кемі 3 зертхана аккредиттеу.

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы:
33 582,0

2007 ж. - 11 194,0

2008 ж. - 11194,0*

2009 ж. - 11 194,0*

РБ

15

Техникалық      реттеу саласында автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу бойынша ұсыныстар дайындау:
"Сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының тізілімі",
"Менеджмент  жүйесіне берілген сәйкестік сертификаттарының тізілімі";
"Сарапшы-аудиторлар тізілімі";
"СТК/СФС жөніндегі хабарламалар тізілімі"

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2008 жылғы 25-қаңтар

Талап етілмейді


4. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру

16

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын дамыту және жетілдіру, оның ішінде:
қор бөлімшелерін есептеу және ұйымдастыру техникасымен қамтамасыз ету;
лицензияланған
бағдарламалық өнімдермен қамтамасыз ету;

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 16 688,0

2007 ж. - 6 688,0
2008 ж. - 5 000,0*

2009 ж. - 5 000,0*

РБ

17

Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қорын материалдық-техникалық жабдықтау:  арнайы жабдықпен және техникамен, оның ішінде   полиграфиялық жабдықпен қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2008 жылғы 25-қаңтар

Барлығы: 42 932,0

2007 ж. - 42 932,0

РБ

18

Ақпараттық жүйелер мен жергілікті міндеттерін ілестіру:
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік  құқықтық кесімдер мен стандарттардың мемлекеттік қорының ақпараттық жүйесін ілестіру;
МАК-мен өзара әрекет шеңберінде техникалық реттеудің біріктірілген жүйесін ілестіру

Ведомстволық нормативтік кесім,
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-желтоқсан

Барлығы: 21 760,0

2007 ж. - 6 860,0

2008 ж. - 7 200,0*

2009 ж. - 7 700,0*

РБ

5. Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру

19

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты дамыту және жетілдіру, оның ішінде өңірлерде ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдерін құру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақ-тау), ДСМ, АШМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 26 527,0

2007 ж. -
16 527,0

2008 ж. -
5 000,0*

2009 ж. -
5 000,0*

РБ

20

Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпараттық орталықты, оның ішінде өңірлерде ақпараттық орталықтың аумақтық бөлімдерін материалдық-техникалық жабдықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2008 жылғы 25-қаңтар

Барлығы: 18 010,0

2007 ж. -
18 010,0

РБ

21

Ақпараттық      жүйелер мен  жергілікті міндеттерді ілестіру: СТК/СФС      жөніндегі,      оның ішінде өңірлердегі   аумақтық бөлімдер бойынша ақпараттық орталықтың ақпараттық жүйесін ілестіру;
"Библиография" ақпараттық жүйесін ілестіру;
"Мемлекеттік стандарттар" ақпараттық жүйесін ілестіру;
"Сәйкестік сертификаттарының тізілімі" ақпараттық жүйесін ілестіру;
Техникалық-экономикалық ақпаратты жіктеу және кодтау жөніндегі ақпараттық жүйені ілестіру; Техникалық регламенттерді, стандарттарды дәлелқор үшін түпнұсқа тілден мемлекеттік және орыс тілдеріне аудару

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ (жинақ-тау), ДСМ, АШМ

жыл сайын, 25-жел-тоқсан

Барлығы: 317 188,0

2007 ж. -
99 800,0

2008 ж. -
105700,0*

2009 ж. -
111688,0*

РБ

6. Техникалық регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды дамыту және жетілдіру 

22

Техникалық     регламенттер талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау мониторингінің автоматтандырылған ақпараттық жүйелерін    бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу және енгізу, аумақтық органдарды өзекті етілген нормативтік құжаттармен қамтамасыз ету бойынша ұсыныстарды дайындау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2008 жылғы 25-қаңтар

Талап етілмейді


23

Өткізу сатысында тауар үлгілерін олардың сапасы мен қауіпсіздігіне мемлекеттік бақылау жасау үшін сатып алу және сынау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ДСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 120810,0

2007 ж.
-40270,0
2008 ж.
-40270,0*
2009 ж.
-40270,0*

РБ

24

Жабдықтар және өлшеу құралдарымен
жабдықталған көшпелі зертханаларды ілестіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар және 25-шілде

Барлығы: 56 022,0

2007 ж. -18674,0
2008 ж. -18674,0*
2009 ж. -18674,0*

РБ

7. Халықаралық стандарттар негізінде менеджмент жүйелерін енгізу

25

ISO 9000, 14001, 22000 (НАССР), сондай-ақ ОНSАS 18001, SА 8000 халықаралық стандарттары бойынша менеджмент жүйелерін енгізу жөнінде салалық және өңірлік семинарлар (конференциялар) өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 10 560,0

2007 ж. -3 520,0
2008 ж.
-3520,0*
2009 ж.
-3520,0*

РБ

26

Қазақстан Республикасы Президентінің» "Сапа саласындағы жетістіктері үшін" сыйлығын алуға конкурс және "Алтын Сапа" көрме-конкурсын өткізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын,  25-қаңтар

Барлығы: 67 410,0

2007 ж. -22470,0
2008 ж. -22470,0*
2009 ж.
-22470,0*

РБ

27

Техникалық реттеу саласындағы саясатқа сәйкес кәсіпорындардың сапа менеджменті жүйелерін енгізуін ынталандыру жөнінде іс-шаралар жоспарын әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ІІМ,
ЭБЖМ,
ДСМ, ЭМРМ, Қоршаған ортамині, ККМ, АШМ, БҒМ,
Еңбекмині, АБА, ТЖА

жыл сайын, 25-қаңтар

Талап етілмейді


28

ISO (оның ішінде НАССР), ОНSАS, SА халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес менеджмент жүйелерін әзірлеу, енгізу және сертификаттау мониторингін жүзеге асыру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25 қаңтар және 25-шілде

Талап етілмейді


29

Техникалық реттеу және метрология комитетінде және оның өңірлік бөлімдерінде сертификатталған менеджмент жүйесіне инспекциялық бақылау жасау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар және 25-шілде

Барлығы: 8 920,0

2007 ж. -2 820,0
2008 ж. -2980,0*
2009 ж. -3120,0*

РБ

30

Техникалық реттеу және метрология комитетінде және оның өңірлік бөлімдерінде сапа менеджментінің жүйесін қолдау және жақсарту

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ

жыл сайын, 20-жел-тоқсан

Барлығы: 60 558,0

2007 ж. -19558,0
2008 ж. -20000,0*
2009 ж.
-21000,0*

РБ

8. Стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу саласында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

31

Қазақстанның халықаралық ұйым құрамына ХЭК - халықаралық электротехникалық комиссияға, ІАF - аккредиттеу жөніндегі халықаралық форумға, ЕА - аккредиттеу жөніндегі еуропалық ұйымға, ІLАС - аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйымға тең құқылы мүше ретінде енуі жөнінде жұмыстар жүргізу

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ (жинақтау), СІМ

жыл сайын, 25-жел-тоқсан

ИСМ
"Шетелдік іс-сапарлар"»005 бюджеттік бағдарламасы  шеңберінде

РБ

32

Қазақстанның басым бағыттардағы стандарттау жөніндегі   халықаралық, мемлекетаралық  техникалық комитеттердің құрамына кіруін, ISO стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым жұмысына қатысуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), ЭМРМ, ККМ, АШМ, ДСМ, ІІМ, ЭБЖМ, ТЖМ, Қоршаған ортамині, Еңбекми ні, АБА,
ЖРБ

жыл сайын, 25-қаңтар және 25-шілде

ИСМ "Шетелдік іс-сапарлар"»005 бюджеттік бағдарламасы шеңберінде

РБ

9. Техникалық реттеу мәселелерін насихаттау, техникалық реттеу саласында мамандар даярлау және олардың біліктілігін арттыру

33

Техникалық реттеу жүйесін насихаттау жөніндегі шаралар жоспарын әзірлеу

Ведомстволық нормативтік кесім

ИСМ

2007 ж. 25-наурыз

Талап етілмейді


34

Техникалық     реттеу     саласында    кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

2008 жылғы 25-қаңтар

Барлығы: 10 120,0

2007 - 10 120,0

РБ

35

Техникалық  реттеу саласында  кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың типтік бағдарламаларын жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ (жинақтау), БҒМ

2007 жылғы 20-желтоқсан

Талап етілмейді


36

Халықаралық деңгейдегі сарапшы-аудиторларды ISO 9000, 14001, 22000 (НАССР) және ОНSАS 18001 халықаралық стандарттары бойынша даярлау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

ИСМ

жыл сайын, 25-қаңтар

Барлығы: 85 715,0

2007 - 26 924,0

2008 - 28539,0*

2009 - 30 252,0*

РБ


Жиыны:




Барлығы: 1814110,0

2007 ж. -650635,0

2008 ж. -576150,0*

2009 ж. -587325,0*

РБ

Ескертпе :

СІМ              - Қазақстан Сыртқы істер министрлігі;
ИСМ              - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда
                   министрлігі;
ІІМ              - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
ЭБЖМ             - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік
                   жоспарлау министрлігі;
ДСМ              - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                   министрлігі;
ЭМРМ             - Қазақстан Республикасы Энергетика және
                   минералдық ресурстар министрлігі;
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
                   министрлігі;
ККМ              - Қазақстан Республикасы Көлік және
                   коммуникациялар министрлігі;
АШМ              - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                   министрлігі;
БҒМ              - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
                   министрлігі;
Еңбекмині        - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты 
                   әлеуметтік қорғау министрлігі;
ТЖМ              - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
                   министрлігі;
Әділетмині       - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;
АБА              - Қазақстан Республикасы Ақпарат және байланыс
                   агенттігі;
ЖРБ              - Қазақстан Республикасы Республикасы Жер
                   ресурстарын басқару агенттігі;
БНАА ЖКҰЖ        - Бірыңғай нормативтік анықтамалық ақпарат
                   жіктеуіштерін көкейкестілендіру және ұсыну
                   жүйесі;
ТБТ/СФС          - Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық
                   және фитосанитарлық шаралар;
ІLАС             - аккредиттеу жөніндегі халықаралық ұйым;
ІАF              - аккредиттеу жөніндегі халықаралық форум.

      * - Қаржыландырудың көлемі тиісті қаржы жылына арналған
республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады