Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иордан Хашимиттiк Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Екi жақты ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 қарашадағы N 1138 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иордан Хашимиттiк Корольдiгiнiң Yкiметi арасындағы Екi жақты ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Үкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иордан Хашимиттiк Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Екi жақты ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлсiн.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

   Жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Иордан Хашимиттiк
Корольдiгiнiң Үкiметi арасындағы Екi жақты ынтымақтастық
туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Иордан Хашимиттiк Корольдiгiнiң Үкiметi,
      халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттарын басшылыққа ала отырып,
      екi ел арасындағы екi жақты ынтымақтастықты нығайтудың және iлгерiлетудiң маңыздылығын тани отырып,
      осы салалардағы ынтымақтастық олардың халықтары арасындағы достық пен түсiнiстiк байланыстарын күшейтетiнiн ұғына отырып,             
      төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар теңдiк және өзара тиiмдiлiк негiзiнде екi ел арасындағы ынтымақтастықты дамытады, қолдайды және жеңiлдетедi.

  2-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң мақсаттарына сәйкес Келiсiмде көрсетiлген салаларда екi елдегi мекемелер, ұйымдар немесе азаматтар арасында байланыстар мен ынтымақтастық орнатуды көтермелейдi.
      Осыған байланысты Тараптар өзара мүдденi бiлдiретiн түрлi салалардағы ынтымақтастықты көтермелейді, олар мыналарды қамтиды:
      а) бiлiм: бiлiм беру ұйымдары арасында тiкелей байланыстар орнату және оқытушылармен, студенттермен және аспиранттармен алмасуды көтермелеу;
      b) мәдениет: мәдениет саласындағы ынтымақтастықты дамыту; мәдениет және көркемдiк мекемелерi арасындағы ынтымақтастықты көтермелеу; музыкалық концерттер, қойылымдар мен көрмелерге қатысу үшiн әртiстiк топтармен алмасу, сондай-ақ өнер және мәдениет салаларында қойылымдар, кездесулер, фестивальдер және конференциялар ұйымдастыру;
      с) туризм: туризм және маркетингтi iлгерiлету саласындағы ынтымақтастық, өзара туристер ағымын көтермелеу, қонақ үй менеджментi мен туризмдi iлгерiлету салаларында оқыту және тәжiрибе алмасу
      d) сауда: Тараптар арасындағы екi жақты сауданы iлгерiлету және нығайту;
      е) ғылыми және технологиялық ынтымақтастық: екi елдiң ғылыми ұйымдарына өзара ғылыми-технологиялық ақпарат алмасу және бiрлескен ғылыми зерттеулердi орындау үшiн мүмкiндiктер беру;
      f) инвестицияларға жәрдемдесу: инвестицияларды iлгерiлету және екi ел арасында инвестициямен алмасуға жәрдемдесу;
      g) денсаулық сақтау: денсаулық сақтау және медицина салаларындағы ынтымақтастықты iлгерiлету және алмасу;
      h) жастар саясаты: жастармен және үкiметтiк емес жастар бiрлестiктерiнiң өкiлдерiмен жұмыс iстеу саласындағы мамандармен алмасу аясында ынтымақтастықты дамыту, жастармен әлеуметтiк жұмыс саласында оқыту және тәжiрибе алмасу. Екi елдiң жастары үшiн тiл курстарын ұйымдастыру;
      i) спорттық iс-шаралар: спорт делегацияларымен, сондай-ақ спорт ойындары жөнiндегi сарапшылармен және жаттықтырушылармен алмасуды көтермелеу;
      j) ынтымақтастықтың Тараптармен келiсiлуi мүмкiн кез келген басқа да нысандары.

  3-бап

      2-бапта көрсетiлген салалардағы ынтымақтастық сарапшылармен, кеңесшiлермен және басқа да персоналмен қамтамасыз ету сияқты Тараптардың құзыреттi органдары жасасатын жекелеген бағдарламаларға, келiсiмдерге және келiсiм-шарттарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұдан басқа, осы Келiсiмде көзделген iс-шаралар және алмасу, егер өзгеше көзделмесе, екi жақты қаржылық мiндеттемелердi қоса алғанда, өзара түсiнiстiк негiзiнде жүзеге асырылуға тиiс.

  4-бап

      Әрбiр Тарап өз заңнамасына сәйкес осы Келiсiмнiң шеңберiнде функциялар орындайтын Тараптар азаматтарының келуiн, уақытша тұруын және кетуiн жеңiлдету үшiн қажеттi шараларды қабылдайтын болады.

  5-бап

      Тараптар мемлекеттiк үлгiдегi бiлiм туралы құжаттар мен ғылыми дәрежелер туралы дипломдарды өзара тану мүмкiндiгiн қарастырады.

  6-бап

      Егер әрбiр нақты жағдайда өзгеше тәртiп келiсiлмесе, Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын шығыстарды Тараптар     мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларында көзделген қаражат шегiнде дербес көтередi.

  7-бап

      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Келiсiмге осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделген өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн. Тараптар қажет болған кезде, осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру мәселелерi бойынша жеке келiсiмдер жасасатын болады.

  8-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың мемлекеттерi қатысушылары болып табылатын халықаралық шарттардан туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.

  9-бап

      1. Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы Тараптардың соңғы жазбаша хабарламасы алынған күннен бастап кyшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi екiншi Тараптың оның қолданысын тоқтату ниетi туралы тиiстi жазбаша хабарламасын алған күннен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалады.
      3. Осы Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған жағдайда, егер өзгеше көзделмесе, қолданыстағы бағдарламалар мен жобалар олар аяқталғанға дейiн әрекет ете бередi.

  10-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге және/немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы даулар мен келiспеушiлiктер Тараптар  арасында келiссөздер мен консультациялар жүргiзу арқылы реттелуге тиiс.

  11-бап

      Тараптар өздерiнiң сыртқы саяси ведомстволарын осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауды үйлестiрушi және бақылаушы органдар ретiнде белгiлейдi. 
 

        ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШIН тиiстi үкiметтер тиiстi түрде өкiлеттiк берген төменде қол қоюшылар әрқайсысы қазақ, араб, ағылшын және орыс тілдеріндегі екі түпнұсқа данада осы Келісімге қол қойды, әрі барлық мәтіндерінің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      2006 жылғы "___"___________Амман қаласында жасалды.

            Қазақстан Республикасының      Иордан Хашимиттік Корольдігінің
        Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады