"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы мүгедектерінің
қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер
көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын
тауарлар мен қызметтердің 2007 жылға арналған номенклатурасы бекітілсін.
2. Конкурсты ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген
тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгіленген тәртіппен осы тауарлар мен қызметтерді сатып алудың жалпы көлемінің кемінде 30 (отыз) пайызы көлемінде жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2006 жылғы 4 желтоқсандағы
N 1163 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы мүгедектерінің қоғамдық бірлестіктері құратын, тауарлар өндіретін және қызметтер көрсететін ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердің 2007 жылға арналған номенклатурасы
1.
Азық-түлік тауарлары:
макарон өнімдері.
2. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар:
тігін бұйымдары;
тоқыма бұйымдары;
арнайы киім;
үлбірден тігілген киім және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
төсек-орын керек-жарақтары.
3. Электр-техникалық бұйымдар:
электр патрондары;
ТКБД датчигі (температуралық камералық биметалдық датчик реле);
электр ажыратқыштар;
электромагниттік іске қосқыш;
электророзеткалар;
ұзартқыштар.
4. Көлік құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар
үшін қосалқы бөлшектер:
сүзгіштер;
электр сымдары;
щеткалар.
5. Пластмассадан, металдан жасалған бұйымдар:
легендер;
шелектер;
ожаулар;
қоқысқа арналған қалақшалар;
қыстырғыштар;
түймелер;
киім ілгіштер;
шахматтар;
үлестіру қораптары;
электр энергиясын есептеу құралдарына арналған қаптамалар мен тұрқылар;
құжаттар тігілетін папкаларға арналған құлыптар;
метиздер;
мал байлайтын шынжырлар;
малдарға арналған биркалар;
рабица торкөзі;
Р-50, Р-65 изостыковты оқшаулау детальдары.
6. Тұрмыстық, мектепке арналған, кеңсе жиһазы.
7. Кеңсе тауарлары:
сызғыштар;
бекітпелер;
кнопкалар;
қағазға арналған папкалар;
құжат тігілетін папкалар;
конверттер;
есепке алу журналдары.
8. Құрылыс материалдары:
тротуар тақтасы;
ағаш бұйымдары;
шегелер;
пеноблоктар;
сплиттерлік блоктар;
металл жабынқыш;
терезе және есік аспалары;
терезе және есік блоктары.
9. Қылқалам-щетка бұйымдары.
10. Тығындау бұйымдары:
шыны банкаларға арналған металл қақпақтар;
кронентығындар;
шампанды тығындауға арналған тығындар.
11. Қатырма қағаз бұйымдары:
мұрағаттық қораптар;
мұрағаттық папкалар;
орама қораптары.
12. Көрсетілетін қызметтер:
аяқ киім тігу және жөндеу;
полиграфиялық;
ғұрыптық;
жарнамалық-ақпараттық, баспалық;
күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.