Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 12 желтоқсандағы N 1193 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 тамыздағы № 962 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.08.25 № 962 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 27 желтоқсандағы N 1386 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 46, 472-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерiнiң ұшу жарамдылығы сертификатын беру ережесiнде:
      4-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "7) техникалық қызмет көрсету және авиация техникасын жөндеу жөнiндегi қызметтерге сертификаты бар ұйымдар берген, әуе кемесiнiң ресурсын анықтайтын құжаттың түпнұсқасы.".
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады