"2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 1225 қаулысы

      Қазақстан-украин қатынастарын одан әрі нығайту және дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
      2. "2006 жылғы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 10 наурыздағы N 151 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

       2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын өткiзу туралы

       Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты жандандыру, байланыстарды нығайту және Қазақстан Республикасының Президентi мен Украина Президентi кездесулерiнiң барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды орындау мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылы өткiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi 2007 жылы Украинадағы Қазақстан жылын дайындау мен өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру комитетiн құрсын және көрсетiлген iс-шараны қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. 
      3. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн. 
      4. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады