"Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1246 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енпзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы

      "Концессиялар туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шiлдедегi Заңының 4-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМIН:
      1. Қоса берiлiп отырған концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа еңгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы   
Президентiнiң       
2006 жылғы "___"___________
N Жарлығымен     
бекiтiлген     

Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi

      1. Жер, cу (концессия шартын iске асыру мақсатында жер пайдалану құқықтарын қоспағанда), өсiмдiк әлемi және жануарлар дүниесi. 
      2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар.
      3. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi штаттық мүлiк, әскери-техникалық мақсаттағы ұйымдар мен объектiлер.
      4. Магистральды темiр жол торабы, кеме қатынасы су жолдары, шамшырақтар, кеме қатынасы қауiпсiздiгiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер.
      5. Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа гидротехникалық құрылыстар).
      6. Ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек, мамандандырылған көмек көрсететiн (қан құю, ана мен баланы қорғау жөнiндегі, радиациялық медицина орталықтары, онкологиялық, туберкулез, АҚТБ жұқтырғандарды және ЖҚТБ-мен ауыратын ауруларды жұқпалы, терi-венерологиялық, психикалық ауруларды емдеу жөнiндегi объектiлер), сондай-ақ облыстың, қаланың, ауданның қызмет көрсетiлетiн аумағындағы бiрден-бiр мемлекеттiк медициналық ұйымдар болып табылатын медициналық ұйымдар.
      7. Халықты әлеуметтiк қорғау объектiлерi, балалар үйлерi, бөбектер үйлерi, қарттар үйлерi, Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға, балалар мен қарттарға арналған интернаттар, госпитальдар мен санаторийлер. 
      8. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтардың бiлiм алуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз ететiн жалпы орта бiлiм беретiн мемлекеттiк ұйымдар.
      9. Мемлекеттiң қорғауындағы тарихи және мәдени мұра объектiлерi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады