"Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 23 желтоқсандағы N 1266 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгiзiлсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттаманы ратификациялау туралы

      Мәскеуде 2006 жылғы 4 сәуiрде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы хаттама ратификациялансын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы
ХАТТАМА

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы,
      Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Эмба полигонын пайдалану және жалға беру шарттары туралы келiсiмге (бұдан әрi - Келiсiм) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге келiстi:
      1) атауындағы және кiрiспенiң төртiншi мен бесiншi абзацтарындағы "Эмба полигоны", "Эмба полигонының" деген сөздерден кейін "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) 1-бапта:
      бiрiншi абзацта "Эмба полигоны" деген сөздерден кейiн "(5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)" деген сөздермен толықтырылсын;
      екiншi абзацта "қосымшада" деген сөздiң алдынан "N 1" деген цифрмен толықтырылсын;
      бап мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      "Полигонның әскери объектiлерiнiң тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 2 қосымшада келтiрiлген.
      Ресей Федерациясына Полигонда жалға берiлген Қазақстан Республикасы мүлкiнiң тiзбесi осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылатын N 3 қосымшада келтiрiлген.";
      3) 3-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы жер учаскелерiн жалға беру шартымен Полигонның онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен бірге Ресей Федерациясына уақытша пайдалануға бередi.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы Эмба сынақ полигонын жалға беру туралы 1996 жылғы 18 қазандағы шартқа сәйкес жер учаскелерiнiң, оның iшiнде онда орналасқан жылжымалы және жылжымайтын мүлiк объектiлерiмен бiрге жер учаскелерiнiң жалға берiлу кезеңiнде Ресей Федерациясының мүддесiнде Ресей Федерациясы Полигонды пайдаланғаны үшiн ақы төлеудi жүзеге асырады.";
      4) 6-баптың 1-тармағында "статусы Тараптардың жеке келiсiмiмен" деген сөздер ", олардың құрамына кiретiн адамдар мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi, сондай-ақ Ресей Федерациясының құзыреттi органдарының Полигон аумағындағы заңдық құзыры мәселелерi Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан Республикасының аумағында уақытша орналасқан Ресей Федерациясының әскери құрамаларының мәртебесi туралы 1995 жылғы 20 қаңтардағы келiсiммен және Тараптардың басқа да келiсiмдерiмен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      5) 7-баптың бiрiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Полигон қызметi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрiмен келiсiм бойынша Ресей Федерациясының Қорғаныс министрi бекiтетiн Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң Мемлекеттiк орталық түраралық полигонының құрылымдық бөлiмшелерi, объектiлерi және ұрыс алаңдары туралы ережемен (бұдан әрi - Полигон туралы ереже) регламенттеледi және:";
      6) 8-бапта:
      екінші абзацтағы "қалпына келтіруді және" деген сөздер алып тасталсын;
      тоғызыншы абзацтағы "қамтамасыз етудi мiндеттенедi." деген сөздер ";" деген белгiмен ауыстырылсын;
      тоғызыншы абзацтан кейiн мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "нысаналар мен ракеталар құлаған алқаптарды қайта өңдеудi (қажет болған жағдайда Тараптардың келiсiмi бойынша айқындалатын тәртiппен) қамтамасыз етудi мiндеттенедi.";
      бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Осы Келiсiмнiң 7-бабында көзделген ғылыми-зерттеу және сынақ жұмыстарының жылдық жоспарлары негiзiнде Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлiгiнiң 929 Мемлекеттiк ұшу-сынақ орталығының мүддесiне сынақ жұмыстарын жүргiзу кезiнде Полигонының жер учаскелерi мен әуе кеңiстiгiн пайдалануға жол берiледi.";
      7) 9-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Полигонның аумағында жер кадастрын және мониторингтi жүргiзудi, жердiң мақсатты пайдаланылуын бақылауды Полигонның қолбасшылығымен келiсiлген тәртiппен және мерзiмдерде Қазақстан Республикасының жер ресурстарын басқару жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органы жүзеге асырады.";
      8) Келiсiмге қосымша N 1 қосымша деп есептелсiн және мынадай редакцияда жазылсын:

"Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Эмба полигонының (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы) жер учаскелерiнiң шекарасы

Нүкте нөмiрi

Гeoграфиялық координаталары

солтүcтiк ендiк 

шығыс бойлық

Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы
мына координаталармен шектелген N 1 учаскесi (солтүстiк учаске):

1                     48 0  26' 00"               57 0  39' 00"
2                     48 0  26' 00"               57 0  47' 00"
3                     48 0  25' 00"               57 0  56' 00"
4                     48 0  24' 00"               58 0  03' 00"
5                     48 0  23' 00"               58 0  09' 00"
6                     48 0  11' 00"               58 0  19' 00"
7                     48 0  04' 00"               58 0  12' 00"
8                     47 0  58' 00"               58 0  14' 00"
9                     48 0  00' 00"               57 0  29' 00"
10                    48 0  08' 00"               57 0  29' 00"
11                    48 0  14' 00"               57 0  33' 00"

мына координаталармен шектелген N 2 учаскесi (оңтүстiк учаске):

1                     47 0  02' 00"               58 0  06' 00"
2                     46 0  45' 00"               58 06' 00"
3                     46 0  45' 00"               57 0  47' 00"
4                     47 0  02' 00"               57 0  50' 00"

алаңы 2 га N 3 учаскесi
елдi мекендегi тұрғын үйлер және өндiрiстiк объектiлер
(Эмба-5 әскери қалашығы)";

      9) Келiсiм мынадай редакциядағы N 2 қосымшамен толықтырылсын:

"Қазақстан Республикасының аумағына қоныс аударылған
Эмба полигоны (5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз ету базасы)
әскери объектiлерiнiң
ТIЗБЕСI

Бөлiмшенiң, объектiнiң атауы

Қоныс аудару орны

 5580 сынақ жұмыстарын қамтамасыз     Ақтөбе облысы, Мұғалжар
 ету базасы                           ауданы, Ембi кентi";

      10) Келiсiм мынадай редакциядағы N 3 қосымшамен толықтырылсын:

"Ресей Федерациясына Эмба полигонында (5580 сынақ жұмыстарын
қамтамасыз ету базасы) жалға берiлген
Қазақстан Республикасы мүлкiнiң
ТIЗБЕСI

  

Мүлiктiң атауы

Саны (бiрлiк)

Бас жоспар бойынша нөмірі

   1.   Кешендi ғимарат           1                  86
   2.   Тұрғын үй                 1                  25
   3. "Россиянка" жатақханасы     1                  42".

      Осы Хаттаманың ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде туындаған барлық даулар мен келiспеушiлiктер өзара консультациялар мен келiссөздер жолымен шешiледi.
      Тараптардың бiреуiнде бiрлескен шешiмдi талап ететiн мәселелер туындаған кезде осы Тарап екiншi Тарапты келiссөздер басталғанға дейiн 30 күннен кешiктiрмей ол туралы жазбаша хабардар етедi.
      Осы Хаттама Тараптар оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны дипломатиялық арналар бойынша алған күнiнен бастап күшiне енедi.
      Осы Хаттама өз қолданысын Келiсiмнiң қолданысы тоқтатылған кезде бiр мезгiлде тоқтатады.
      Мәскеу қаласында 2006 жылғы 4 сәуірде әрқайсысы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада жасалды әрі екі мәтiннiң күшi бiрдей.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ                 РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ
       YШIН                                   ҮШIН

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады