Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 27 желтоқсандағы N 1295 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы     
Yкiметiнiң           
2006 жылғы 27 желтоқсандағы  
N 1295 қаулысымен      
бекiтiлген      

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар

      1. "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған (екiншi кезең) орта мерзiмдi жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 26 тамыздағы N 884  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2006-2008 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
      "2006-2008 жылдарға арналған қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген 5-бөлiмде:
      2006-2008 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 5-жолда:
      4-бағандағы "2005-2007" деген сандар "2005-2008" деген сандармен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "550000" деген сандар "1362885" деген сандармен ауыстырылсын;
      7-бағандағы "335000" деген сандар алынып тасталсын;
      9-баған "1147885" деген сандармен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын:
"10-1  Жәңгiр хан атындағы   БҒМ  2006   561188   335000
       Батыс Қазақстан
       аграрлық-техникалық
       университетiнiң
       машина жасау
       факультетiн және
       оқу-өндiрiстiк
       орталығын салу                                          ";

      "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда:
      9-бағандағы "38567852" деген сандар "39715737" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспары (екiншi кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында :
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзiмдi жоспарында:
      "Қолданыстағы және әзiрленетiн мемлекеттiк және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлiнiсiндегi 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесi" деген 5-бөлiмде:
      2007-2009 жылдарға арналған басымды республикалық бюджеттiк инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тiзбесiнде:
      "Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы" деген кiшi бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 5-жолда:
      6-бағандағы "365000" деген сандар "30000" деген сандармен ауыстырылсын;
      8-бағандағы "812885" деген сандар "1147885" деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 10-1-жолмен толықтырылсын:
"10-1  Жәңгiр хан атындағы   БҒМ  2006   561188   335000
       Батыс Қазақстан
       аграрлық-техникалық
       университетiнiң 
       машина жасау 
       факультетiн және
       оқу-өндiрiстiк
       орталығын салу                                          ";
      "Бағдарлама бойынша ЖИЫНЫ" деген жолда:
      8-бағандағы "32448347" деген сандар "32783347" деген сандармен ауыстырылсын;

      3) "2006 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 9 желтоқсандағы N 1228  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 2-қосымшада:
      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:
      225 "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi" әкiмшiсi бойынша:
      011 "Бiлiм және ғылым объектiлерiн салу және қайта жаңарту" бағдарламасы бойынша:
      "Алматы қаласында көру қабiлетiнде проблемалары бар балаларға арналған 250 орындық мектеп-интернат салу 335000" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан
      аграрлық-техникалық университетiнiң
      машина жасау факультетiн және оқу-
      өндiрiстiк орталығын салу                           335000";

      4) "2006 жылға арналған республикалық бюджеттiк бағдарламалардың паспорттарын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235  қаулысында :
      көрсетiлген қаулыға 232- қосымшада :
      "Бюджеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесiнiң 5-бағанында:
      "Алматы қаласында көру проблемалары бар балалар үшiн 250 орындық мектеп-интернатының құрылысын жалғастыру" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетiне машина жасау факультетiн және оқу-өндiрiстiк орталығын салуға күрделi трансферттер аудару.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады