Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
міндетін атқарушы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес, елiмiздiң халқын, объектiлерi мен аумағын табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан, қазiргi заманғы зақымдау құралдары мен террористiк актiлердiң салдарынан қорғаудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. Қоса берiлiп отырған Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Үкiметi екi ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн, сондай-ақ осы Жарлықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттiк органдар Бағдарламаны iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi жарты жылда бiр рет, есептi кезеңнен кейiнгi айдың 25-күнiнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Yкiметiне Бағдарламаны iске асыру барысы туралы ақпарат берсiн.
5. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентiнiң Әкiмшiлiгiне жүктелсiн.
6. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2006 жылғы "___"_________
N____ Жарлығымен
бекітілген
Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғаудың қазiргi заманғы жай-күйiн, елдiң азаматтық қорғаныс жүйесiнiң әзiрлiгін талдау
3.1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi
3.2. Елдiң азаматтық қорғаныс жүйесi
3.3. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан республиканың халқы мен аумағын қорғаудың жай-күйі
3.4. Техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан елдiң халқы мен аумағын қорғаудың жай-күйi
3.5. Террорға қарсы операцияларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету дайындығы
3.6. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жедел ден қою күштерi
3.7. Мемлекеттiк материалдық резервтiң жай-күйi
3.8. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйесi
3.9. Табиғи және техногендiк төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру
3.10. Апаттық медицина
3.11. Халықты оқыту және кадрларды даярлау
3.12. Төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулер мен мониторинг
3.13. Ақпараттандыру, байланыс, хабардар ету
3.14. Халықаралық ынтымақтастық
3.15. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтiк құқықтық база
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
5.1. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру
5.2. Елдің азаматтық қорғаныс жүйесін реформалау
5.3. Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
5.4. Халықты және аумақты техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
5.5. Террористiк актiлердiң салдарынан халықты қорғау
5.6. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттiк жүйесiнiң жедел күштерiн құру, жарақтандыру және дайындау
5.7. Мемлекеттiк материалдық резерв жүйелерiн жетiлдiру
5.8. Төтенше жағдайлар мен азаматтық қорғаныс саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйесi
5.9. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан сақтандыру
5.10. Апаттық медицинаны дамыту
5.11. Халықты оқыту және кадрлар даярлау
5.12. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы мониторинг, ғылым мен жаңа технологияларды дамыту
5.13. Ақпараттандыру, байланыс, хабардар ету
5.14. Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қызмет
5.15. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер мен көрсеткiштер
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Төтенше жағдайлардың алдын алу мен
атауы оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған
мемлекеттiк бағдарламасы (бұдан әрi -
Бағдарлама)
Бағдарламаны "Республика аумағында төтенше оқиғалардың
әзірлеу үшін алдын алу шаралар туралы"
негіздеме Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N
451 өкiмi
Әзiрлеушi Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк)
Мақсаты Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше
жағдайлардан (бұдан әрi - ТЖ), қазiргi
заманғы зақымдау құралдары мен террористiк
актiлер салдарынан Қазақстан
Республикасының халқын, объектiлерi мен
қоршаған ортаны қорғау жүйесiн одан әрi
жетiлдiру және оның тиiмдiлігін арттыру,
олардың алдын алу және оларды жою үшiн
күштер мен құралдарды дамыту
Мiндеттерi ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы
мемлекеттiк басқару жүйесiн, осы саладағы
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
елдiң азаматтық қорғаныс (бұдан әрi - АҚ)
жүйесiн реформалау;
дүлей зiлзалалардың, авариялардың және
апаттардың алдын алу жөнiндегi шаралардың
тиiмдiлiгiн арттыру, ТЖ саласындағы бақылау
және рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру, табиғи
және техногендiк қауiптерден сақтандыруды
дамыту;
ТЖ-ға жедел ден қою күштерiнiң,
терроризмге қарсы iс-қимылдың тиiмдiлiгiн
арттыру, апаттық медицинаны нығайту;
ТЖ саласында мониторинг, болжау және
ғылыми-зерттеулер жүйесiн құру, ТЖ және АҚ
аппараттық-коммуникациялық жүйесiн дамыту;
мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiн
жетiлдiру;
халықты оқытудың, ТЖ және АҚ саласындағы
мамандарды даярлау мен олардың
бiлiктiлiгiн арттырудың тиiмдi жүйесiн
қалыптастыру;
дүлей зiлзалалардың, авариялар мен
апаттардың алдын алу және оларды жою,
азаматтық қорғаныс пен терроризмге қарсы
күрес саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты нығайту.
Iске асыру 2007 - 2015 жылдар
мерзiмi бiрiншi кезең: 2007 - 2009 жылдар
екiншi кезең: 2010 - 2012 жылдар
үшiншi кезең: 2013 - 2015 жылдар
Қажеттi 2007-2015 жылдарға арналған
ресурстар мен Бағдарламаны iске асыру осы мақсаттарға
қаржыландыру арналып жыл сайын бөлiнетiн қаражат
көздерi шегiнде республикалық және жергiлiктi
бюджеттердiң қаражаты есебiнен және
Қазақстан Республикасының заңнамасында
тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге
асырылатын болады.
Бiрiншi кезең iшiнде мемлекеттiк бюджеттен
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға
жұмсалатын жалпы шығын 21 852,70 млн.
теңгенi құрайды, оның iшiнде:
Жылдар Барлығы Республикалық Жергiлiктi
бойынша бюджет бюджет
2007 жылы 5561,70 5 561,70 -
2008 жылы 7 593,40 7 593,40 -
2009 жылы 8 697,60 8 697,60 -
Қаржы қаражатының көлемi тиiстi қаржы
жылына арналған республикалық және
жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру
кезiнде жыл сайын нақтыланатын болады.
2010-2015 жылдарға арналған қажеттi
ресурстар мен қаржыландыру көздерi
Бағдарламаны iске асырудың
2 және 3 кезеңдерi үшiн орта мерзiмдi (үш
жылдық) iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және
бекiту кезiнде айқындалатын болады.
Күтiлетiн Осы Бағдарламаны iске асыру: ТЖ
нәтижелер және АҚ саласындағы басқарудың мемлекеттiк
жүйесi болып өткен әлеуметтiк-экономикалық
өзгерiстерге, жаңа қауiптер мен қыр
көрсетулерге, сондай-ақ тәуелсiз
Қазақстанның қазiргi заманғы геосаяси
жағдайына сәйкес келтiруге;
Қазақстан Республикасы төтенше
жағдайлардың алдын алу және оларды жою
мемлекеттiк жүйесiнiң (бұдан әрi - ТЖМЖ)
басқару органдарының, авариялық-құтқару
күштерi мен құралдарының мүмкiндiгiн,
жедел дайындығын және олардың ТЖ-ға ден
қою тиiмдiлiгiн арттыруға, апат
медицинасын нығайтуға;
халықты, объектiлердi және аумақты қорғау
жөнiндегi шаралар тиiмдiлiгiн арттыруға,
авариялардан, апаттардан, дүлей
зiлзалалардан және әлемдiк қоғамдастыққа
жаңа қыр көрсетулерден болған қатерлер мен
залалды азайтуға;
ТЖ мен АҚ үшiн байланыс және ақпараттандыру
жүйесiн жетiлдiруге, республика халқының
кемiнде 95%-ын хабардар етуге мүмкiндiк
жасауға;
ТЖ саласында мониторинг, болжау және ғылыми
зерттеулер жүйесiн құруға;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiруге,
ТЖ және АҚ саласындағы бақылау және рұқсат
беру функцияларын ретке келтiруге;
мемлекеттiк материалдық резерв жүйесi
жұмысының тиiмдiлігін арттыруға;
халықты оқытудың бiрыңғай жүйесiн құруға,
ТЖ және АҚ саласындағы мамандарды даярлау
мен олардың бiлiктiлiгін арттыруға;
авариялардың, апаттардың және дүлей
зiлзалалардың алдын алу мен оларды жою,
азаматтық қорғаныс және терроризмге қарсы
күрес саласындағы халықаралық
ынтымақтастықты кеңейтуге және нығайтуға;
ТЖ-дан жыл сайын күтiлетiн материалдық
залалды 2%-ға, зардап шегушiлер мен қайтыс
болғандар санын 2%-ға азайтуға,
құтқарылғандар санын 3%-ға көбейтуге
мүмкiндiк бередi. Түпкi нәтижесiнде
Бағдарламаны iске асыру: ТЖ-дан күтiлетiн
материалдық залалды 18-20%-ға, зардап
шеккендер мен қайтыс болған адамдар санын
15-17%-ға азайтуға, құтқарылғандар санын
20-25%-ға арттыруға;
"Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң
негіздерi" курсының бағдарламалары бойынша
және "Тiршiлiк әрекетi қауіпсіздігі" пәнi
бойынша оқыту жүйесiмен жалпы бiлiм
беретiн мектептердiң, бастауыш және орта
кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының оқушылары
мен жоғарғы оқу орындары студенттерiнiң
кемiнде 90%-ын қамтылуын қамтамасыз етуге;
су тасқынының, сырғыманың, селдiң және қар
көшкiнiнiң туындауы бойынша қауiптi
ошақтар мен учаскелердiң кемiнде 95%-ының
мониторинг жүйесiмен қамтылуын қамтамасыз
етуге;
3 мыңнан астам елдi мекендi өрттен қорғауды
қамтамасыз ететiн 523 өртке қарсы тiрек
пунктiн құруға мүмкiндiк бередi.
2. Кiрiспе
ТЖМЖ жұмыс iстеген он жылдан астам кезең iшiнде елде түбiрлi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстер болды.
Мәселен, мемлекеттік басқару жүйесiнiң терең реформасын жүргiзу барысында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар агенттiгi мен Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер агенттiгiнiң таратылған базасында қызметiнiң басты басымдығы ТЖ және АҚ саласындағы стратегиялық функцияларды орындау болып айқындалған Министрлiк құрылды.
Экономикалық дамудың рыноктық моделiне көшу жағдайында мемлекеттiк басқару деңгейлерi арасындағы өкiлеттiлiктi қайта бөлу процестерiнiң тереңдеуi көрiнiсiнде елдiң АҚ, мемлекеттiк материалдық резерв жүйелерiнiң уақыт талаптарына сәйкес келмейтiнi айқындала түсуде.
Халықаралық терроризм тарапынан жаңа қауiптер мен қыр көрсетулердiң пайда болуы ТЖМЖ республикадағы ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз етудегi рөлi мен орнын қайта ой елегiнен өткiзудi талап етедi.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және аумағын ТЖ-дан қорғау, сондай-ақ елдiң АҚ саласында 2004-2010 жылдарға арналған ТЖМЖ дамытудың салалық бағдарламасы iске асырылуда. Алайда бұл салалық Бағдарлама осы саладағы бар проблемалардың бүкiл спектрiн қамтымайды.
Осыған байланысты, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2004 жылғы 1 желтоқсандағы тапсырмасын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметi 2005 жылғы 23 қарашадағы N 1154 қаулысымен ТЖ және АҚ саласындағы қызметтi одан әрi дамыту, материалдық және жұмылдыру резервтерiнiң жұмыс iстеуi, осы салаларда басқарудың мемлекеттiк жүйесiн жетiлдiру бойынша негiзгi идеялар мен ойлар баяндалған Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою және осы саладағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру тұжырымдамасын (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдады.
Жоғарыда аталған Тұжырымдаманың ережелерiн iс жүзiнде орындау және iске асыру үшiн бар проблемаларды кешендi шешудiң нақты iс-шаралары мен тетiктерi қамтылған Төтенше жағдайлардың алдын алу мен оларды жоюдың 2007-2015 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы әзiрлендi.
Аталған Бағдарлама "Республика аумағында төтенше оқиғалардың алдын алу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2004 жылғы 19 наурыздағы N 451 өкiмiн орындау үшiн және "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 5 шiлдедегi N 19 Заңын iске асыру мақсатында әзiрлендi.
Онда қалыптасқан жағдайдың талдамасы жазылған, мақсаты және негiзгi мiндеттерi айқындалған, мынадай жолдары мен тетiктерi белгiленген: ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру; ТЖ-ға және терроризм көрiнiстерiне шұғыл ден қоюға күштердiң тиiмдiлiгін арттыру; ТЖ алдын алу мен оларды жою жөнiндегi қызметтi қамтамасыз етудiң ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн дамыту; елдiң АҚ жүйесiн реформалау; авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың алдын алу жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру; мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiн жетiлдiру; халықты оқытудың, ТЖ және АҚ саласындағы мамандарды даярлау мен бiлiктiлiгiн арттырудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру; мониторингтi және ғылыми зерттеулердi жетiлдiру, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
3. ТЖ-дан халықты және аумақты қорғаудың қазiргi заманғы жай-күйiн, елдiң АҚ жүйесiнiң әзiрлiгiн талдау
Әлемде соңғы 40 жылда табиғи апаттан болған залал 9 есе, ал олардың жиiлiгi 5 есе өстi, бұл ретте дүлей зiлзалалардан экономикалық залал өсiмiнiң қарқыны өнеркәсiптiк өндiрiс көлемiнiң өсiм қарқынын басып озады. Мәселен, 2005 жылы табиғи апат қана 92 мың адамның өмiрiн қиды, олардың әсерiнен 157 миллион адам зардап шектi. Дүлей зiлзалалар келтiрген залал 159 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 1,5 есе артық. Соңғы жылдары болған апаттарға бiр уақытта қайтыс болған адамдардың санының көптiгi тән (Оңтүстiк-Шығыс Азиядағы 2004 жылғы цунами және 2005 жылғы Пәкiстандағы жер сiлкiнiсi).
Осыған байланысты, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың шешiмдерiнде зiлзалаға қарсы күреске үкiмет, азаматтық қоғам, халықаралық ұйымдар, ғылыми қоғамдастықтар, қаржы институттары, жеке сектор мен ерiктiлер қосылуы тиiс екенi атап көрсетiледi.
Түрлi елдерде бейбiт азаматтық халықты жаппай зақымдайтын террористiк актiлер жиiлеп кеттi. Экстремистер қоғамдық орындардағы жарылыстарымен шектелмей, ядролық, химиялық және бактериологиялық қаруды дайындаудың технологияларын не дайын үлгiлерiн иеленуге бар күшiн салуда. Бұл тұрғыда бейбiт халыққа қарсы сiбiр жарасы ұрығын, улайтын заттарды және жаппай зақымдау қаруының басқа түрлерiн қолдану әрекеттерi сипатты болып табылады.
Қазақстан ТЖ туындауының жалпы әлемдiк заңдылығынан және олардың әлеуметтiк сала мен қоршаған ортаға келеңсiз әсерiнен тыс болып табылмайды. Республика аумағының түрлi табиғи, тау-кен-геологиялық және геодинамикалық жағдайлары оның табиғи сипаттарға - жер сiлкiнiсiне, су тасқынына, селге, сырғымаға, қар көшкiнiне, дауылға, орман және дала өрттерiне, температураның күрт төмендеуi мен қарлы боранға, эпидемиялар мен iндеттерге айтарлықтай бейiмдiлiгiн айқындайды.
Негiзгi өндiрiстiк қорлардың, ғимараттар мен құрылыстардың, жұмыс iстеп тұрған инфрақұрылым элементтерiнiң тозуына, көлiктiк кешендегi проблемаларға байланысты Қазақстанда техногендiк сипаттағы ТЖ-дан келетiн залалдың өсуiнiң тұрақты үрдiсi байқалады.
Халықты, экономикалық әлеует пен қоршаған ортаны табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-дан тиiмдi қорғауды қамтамасыз ету мақсатында республикада Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 31 желтоқсандағы N 1383 қаулысымен бекiтiлген Төтенше жағдайлардың алдын алудың және оларды жоюдың мемлекеттік жүйесiн дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жүзеге асырылуда.
Осы бағдарламада көзделген iс-шараларды орындау белгiлi бiр дәрежеде ТЖ саласындағы бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзудiң және халықты, объектiлер мен аумақтарды дүлей зiлзалалардан, авариялардан және апаттардан қорғаудың тиiмдiлiгiн арттыруға; су тасқынына, сырғымаға, селге және қар көшкiнiне бейiм аумақтарда шаруашылық қызметтi ұтымды жоспарлау мақсатында олардың неғұрлым қауiптi ошақтарын анықтауға; ТЖМЖ басқару органдарының, авариялық-құтқару күштерi мен құралдарының жедел дайындығын арттыруға; зардап шеккен халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету бойынша материалдық-техникалық резервтер қорын жасау жөнiндегi шараларды қабылдауға; қарастырылатын салада бақылау функцияларын реттеуге; өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздігін қамтамасыз етудi, мұнай операцияларын қауiпсiз жүргiзудi бақылауды күшейтуге; ТЖ-ның алдын алудың, Қазақстан Республикасының халқы мен мемлекеттiк басқару органдарын хабардар етудiң корпоративтiк ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн жаңарту бойынша iс-шараларды жоспарлауға мүмкiндiк бердi.
Жоғарыда көрсетiлген iс-шаралар кешенiн жүргiзудiң нәтижесiнде 2006 жылдың 1 жарты жылдығында 2005 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда ТЖ-дан зардап шеккендердiң саны 10,8%-ға, оның iшiнде табиғи сипаттағыларынан 2,6%-ға кемiдi. Бұл ретте табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-дан болған материалдық шығын 2 еседен астам - 7,3 млрд. теңгенiң орнына 3,5 млрд. теңгеге кемiдi. Қабылданған ескертпелi шаралар көрсетiлген кезеңде республиканың қауiптi өндiрiстерiнде өлiмге әкеп соғатын жарақат алудың деңгейiн 36%-ға, ауыр салдары бар жарақат алуды 9%-ға кемiтуге мүмкiндiк бердi. Сондай-ақ, топтық жазатайым оқиғалардың саны 66%-ға, зардап шеккендердiң саны 75%-ға азайды.
Соған қарамастан, жыл сайын республикадағы ТЖ-дан тiкелей залал орта есеппен 3,5-тен 4,5 млрд. теңге сомасында есептеледi (ғаламдық дүлей зiлзалалар болмаған кезде). Сараптамалық бағалау бойынша жанама залал бұл жағдайда шамамен 15-20 млрд. теңге және адам қазасы мен зақымданушыларды емдеуден келетiн залал 3 млрд. теңгеге жуық сомада бағаланады. Жалпы сомада бұл жыл сайын 25 млрд. дейiн теңгенi құрайды.
3.1. ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi
Қазақстанда қалыптасқан ТЖ алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесi республиканың заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiмен бекiтiлдi. Осы актiлермен Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының (олардың құзыретiне сәйкес) ТЖМЖ-дағы белгiлi бiр рөлi белгiлендi. ТЖ-ның алдын алу саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ барлық орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдар мен мекемелердiң iрi ауқымдағы авариялардың, апаттар мен дүлей зiлзалалардың алдын алу мен оларды жоюға бағытталған күш-жiгерiн ұйымдастырушы және үйлестiрушi мемлекеттiк орган ретiнде Министрлiк осы жүйенiң орталық өзегi болып табылады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасында жергiлiктi сипаттағы ТЖ-дан халықты және аумақты қорғау бойынша шаралардағы басты рөл жергілiктi атқарушы органдарға бөлiнген. Мемлекеттiк басқару өкiлеттiктерiнiң ара-жiгiнiң ажыратылуына байланысты жергiлiктi атқарушы органдар 2005 жылдан бастап жұмылдыру дайындығы жөнiндегi басқарманың, АҚ-ның құрылымдарын және авариялар мен дүлей зiлзалалардың алдын алу және жою ұйымдарын құрды. Алайда бiрқатар себептерге орай бұл құрылымдардың қазiргi уақытқа дейiн тиiстi аумақтарда ТЖ алдын алу және оларды жою бойынша мiндеттердi сапалы iске асыру үшiн жеткiлiктi мaтериалдық-техникалық, ақпараттық және әдiснамалық базасы, қызметкерлердiң қажеттi штаты жоқ. ТЖ-ның алдын алу мен оларды жоюға арналған жергiлiктi атқарушы органдардың жыл сайынғы резервi жеткiлiксiз көлемде қалыптасады.
Азаматтардың көп бөлiгi өздерi тұратын жерлердегi ықтимал авариялар мен апаттардың алдын алуда енжарлық және керенаулық танытады. Жергiлiктi қоғамдастықтардың әлеуетi авариялық-құтқару жұмыстарын және ТЖ салдарын жоюды жедел жүргiзу үшiн пайдаланылмайды.
Жоғарыда баяндалғандардың барлығы Министрлiктi, басқа да орталық атқарушы органдарды жергiлiктi сипаттағы ТЖ алдын алу мен оларды жоюға тiкелей қатысуға мәжбүр етедi, бұл авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзаладан халықты және аумақты қорғау жөнiнде қабылданған шаралардың жеделдiгi мен тиiмдiлiгiн төмендетедi, оларды өткiзуге қаржы шығындарын арттырады. Бұл Министрлiктiң, басқа да орталық атқарушы органдардың өздерiне бекiтiлген мемлекеттiк стратегиялық басқару функцияларын орындауына белгiлi бiр залал келтiредi.
3.2. Елдiң АҚ жүйесi
АҚ жүйесiнiң құрылымы, құрылуы және жұмыс iстеу қағидаттары бұрынғы КСРО-ның қорғаныстық iс-шараларының бөлiгi ретiнде қалыптасты және жаппай зақымдау қаруын жаппай қолдануға қарсы әрекетке бағытталған. Қалыптасқан әскери-стратегиялық жағдайды талдау және соңғы жергiлiктi әскери қақтығыстар тәжiрибесi халықты қазiргi заманғы зақымдау құралдарынан қорғау жүйесiн сақтау қажеттiлiгiн көрсетедi. Алайда бұл құралдарды бағыттау жүйесiнiң жоғары дәлдiгiне байланысты оларды қолданудағы акцент оқтұмсық қуаттылығын елеулi азайту кезiнде басқарудың және тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз етудiң маңызды объектiлерiн зақымдауға ауысады. Бұл жағдайда соғыс уақытында халықтың тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету жөнiндегі мiндет аса өзектi болады.
АҚ-тың барлық iс-шараларын мемлекеттiк бюджеттен қаржыландыру мүмкiн болмайтындығына байланысты, "ақылға қонымды жеткiлiктiлiк" қағидатын негiзге ала отырып, бұл шығыстарды азайту бойынша шаралар қабылданады. Экономикалық жағынан дамыған елдерде АҚ реформалаудың негiзгi бағыттарының бiрi соғыс уақытында ғана емес бейбiт уақытта да күштер мен құралдарды қолдану мүмкiндiгiмен осы жүйенi әмбебаптау болып табылады. АҚ күштерi мен құралдары бейбiт уақытта террористiк акцияларды қоса алғанда, iрi ауқымдағы ТЖ-ны жоюға белсендi түрде тартылады.
Бiздiң елiмiзде бар АҚ бөлiмдерi жаппай зақымдау құралын қолданудан қорғауға, сондай-ақ ТЖ мен террористiк актiлердiң салдарын жоюға арналған. Сонымен қатар, техникалық базаның жеткiлiктi болмауына байланысты шет елдердегi iзгiлiк операцияларға олардың қатысуы мүмкiн емес. Әскери бөлiмдердiң, қорғаныс құрылыстары мен АҚ басқару пункттерiнiң техникасы мен жабдығы моральдық және физикалық тұрғыдан ескiрген. Мұнай өндiру объектiлерiнде және өнеркәсiптiң басқа да объектiлерiнде iрi ауқымдағы БЖ туындауының жоғары ықтималдығы бар елдiң батыс өңiрiнде АҚ-ның әскери бөлiмдерi жоқ.
Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың бiрқатарында ТЖ мен АҚ бойынша арнайы құрылымдық бөлiмшелердiң, кәсiпорындар мен ұйымдарда ТЖ мен АҚ мамандарының болмауынан ТЖ-дан және терроризм көрiнiстерiнен ел халқын, объектiлерi мен аумағын қорғау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, АҚ жүйесiн реформалау қиынға соқты.
АҚ жүйесiн реформалау назарды халықты қорғау, оның тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету нысандары мен әдiстерiне ауыстыруды көздейдi.
Осыған байланысты:
АҚ басқарудың өңiрлiк органдарын (бiрнеше облыстарда бiр-бiрден) құру;
жергiлiктi атқарушы органдардың АҚ iс-шараларын жоспарлау, жүргiзу және қаржыландырудағы рөлiн күшейту;
АҚ әскери бөлiмдерiн құтқарушы сарбаздары даярлау жүйесiн сақтай отырып келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлермен толықтыру;
АҚ құрамаларын құру және жарақтандыру қағидаттарын қайта қарау;
АҚ материалдық-техникалық ресурстарының ұтымды санын және қауiптi өңiрлерге оларды ауыстырудың, сондай-ақ шығыстарды өтеудiң тиiмдi тетiгiн айқындау жөнiндегi мәселелердi пысықтау қажет.
3.3. Техногендiк сипаттағы ТЖ-дан республиканың халқы мен аумағын қорғаудың жай-күйi
Қазақстанның климаттық және тау-кен-геологиялық жағдайларының әр түрлiлiгi табиғи апаттарға елеулi бейiмдiлiгiн айқындайды.
Республиканың сейсмикалық қауiптi аудандарында 40%-дан астам өнеркәсiптiк әлеует топтастырылған және ел халқының жартысына жуығы тұрады. Бұл ретте сейсмикалық қауiптi аудандардағы өнеркәсiптiк және азаматтық ғимараттардың, инженерлiк құрылыстардың едәуiр саны сейсмикалық орнықтылық талаптарына жауап бермейдi.
Халықты қиратушы жер сiлкiнiсiнен қорғаудың кешендi сипаты бар және қазiргi уақытта сейсмология саласындағы iргелi және қолданбалы зерттеулердi дамыту, күштi жер сiлкiнiстерiн болжаудың жаңа әдiстерiн әзiрлеу, сейсмикалық қатердiң қауiпiн бағалаудың мамандандырылған картасын жасау, жер бетiн қашықтықтан ғарыштық байқауды пайдалану, сейсмологиялық қадағалаудың республикалық жүйесiн жаңғырту, сейсмологиялық станциялардың желiлерiн кеңейту, сондай-ақ сейсмикалық апаттардың терiс салдарын жоюға күштер мен құралдардың дайындығын қамтамасыз ету сияқты бағыттарда бiрқатар мәселелердi шешудi талап етедi.
Бiрқатар өңiрлерде, оның iшiнде сейсмикалық қауiптiң деңгейiн қайта қарауды қажет ететiн Орталық, Солтүстiк және Батыс Қазақстанда сейсмологиялық қадағалау желiсi жоқ. Сейсмикалық станциялар негiзiнен, Алматы болжау полигонында шоғырланған. Жекелеген өңiрлерде олар мүлдем жеткiлiксiз. Көптеген қалаларда және iрi елдi мекендерде кiшi сейсмикалық аудандарға бөлу карталары жасалмаған, ол жаңа ғимараттар салу кезiнде бара-бар техникалық шешiм қабылдауға мүмкiндiк бермейдi.
Республикада су тасқыны әсерiне бейiм 852 ықтимал қауiптi учаске бар. Оларда жалпы саны 900 мыңнан астам адам тұратын 732 елдi мекен орналасқан. Су тасқынының залалын азайтуға жергiлiктi жерлерде қажеттi күнi бұрынғы инженерлiк iс-шаралар жүргiзу жөнiндегi мақсатты жұмыстың болмауы кедергi келтiредi. Нәтижесiнде, шұғыл шаралар қабылдауға және су тасқыны мен су басу салдарын жоюға, олардың алдын алуға қарағанда анағұрлым көп қаражат жұмсалады.
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 6 желтоқсандағы N 1278 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының 2005 - 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау" бағдарламасы шеңберiнде гидрометеорологиялық қадағалау пункттерiн, сондай-ақ қар өлшейтiн маршруттарды құру бойынша белгiлi бiр шаралар қабылданған. Соған қарамастан, олардың мөлшерi ықтимал су тасқыны жағдайын, республиканың өзендерiндегi мұз қату және сең жүру мерзiмiн дұрыс бағалауға және тиiсiнше қажеттi ескерту шараларын қабылдауға мүмкiндiк бермейдi. Шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық өзендерде су тасқынының мониторингi жолға қойылмаған.
Республикада сел жүру және селге ұқсас су тасқыны қауiпi бар 156-дан астам елдi мекен бар. Сел жүру қаупiне қарсы қорғану iс-шаралары бар қауiптерге толық сәйкес келмейдi. Тау аумақтарын игеру кезiнде әлi күнге дейiн сел қаупi ескерiлмейдi. Сел жүру қауiптерiн басқарудың ғылыми-негіздемелiк жүйесi жоқ.
Қар көшкiнiнiң 400-ден астам учаскесi 200-ден астам объектiлерге, автомобиль және темiр жол учаскелерiне, байланыс және электрмен жабдықтау желiлерiне тiкелей қауiп төндiрiп тұр. Республикада республиканың таулы аудандарындағы қар жамылғыларының жай-күйiн қадағалау желiсi жеткiлiксiз дамыған, ол қар көшкiнi қаупiн болжау сапасын төмендетедi.
Ел аумағында 496 объектiге қауiп төндiрiп тұрған 106 сырғыма қатерi бар учаскелер анықталды. Сонымен қатар сырғыма қатерi бойынша мониторинг пен ғылыми зерттеулер жеткiлiксiз жүргiзiледi, тұрғын үй, өндiрiстiк және қоғамдық ғимараттар салуға тыйым салу, тұрғындарды қауiптi аймақтардан көшiру, сырғымаға қарсы тиiмдi қорғаныс құрылыстарын салу бойынша шешiмдер орындалмайды.
Қазақстанның күрт континентальды климаты мен елдi мекендерiнiң бір-бiрiнен едәуiр қашық орналасуы жағдайында температура күрт төмендеуi, бұрқасындар және қарлы борандар, көк тайғақ, қардың қалың түсуi адамдардың өмiрi мен денсаулығы үшiн белгiлi бiр қауiп төндiредi.
Жыл сайын 1000-ға жуық өрт шығатын орман алқаптарында өрт қауiпсiздiгін қамтамасыз ету жағдайы күрделi күйiнде қалуда, 100 мың гектарға дейiнгi мемлекеттiк орман қоры жойылады. Орман шаруашылығының өртке қарсы құрамаларының материалдық-техникалық базасы әлсiз, орман өрттерiнiң алдын алу мен оны сөндiрудi ұйымдастыру мәселелерi тиiстi деңгейде шешiлмейдi. Шаруа қожалықтарында өртке қарсы қауiпсiздiктiң қарапайым талаптарының сақтамалмауынан жыл сайын көптеген дала өртi болады.
Аса қауiптi инфекциялар табиғи ошағының айтарлықтай алаңының болуы күрделi проблема болып табылады. Жыл сайын көктемгi-жазғы кезеңде эпидемиологиялық жағдай өршiп кетедi. Бруцеллез, оба және cібір жарасы аурулары өткiр проблема күйiнде қалуда. Безгектiң, тырысқақтың, карантиндiк және аса қауiптi инфекциялардың шет елден келу қауiпi шешiмiн тапқан жоқ. Мәселен, жедел деректер бойынша жыл сайын қауiптi жұқпалы аурулардан республика аумағында 3 мыңнан 4,5 мыңға дейiн адам зардап шегедi. Өршiген құс тұмауынан халықты қорғау елеулi жалпы мемлекеттiк шара қабылдауды қажет етедi.
Тағам өнеркәсiбiнiң отандық кәсiпорындарында және қоғамдық тамақтандыру объектiлерiнде тиiстi өндiрiстiк бақылаудың болмауы сапасыз тағам өнiмдерiн шығаруға және сатуға әкеп соғады. 2005 жылы республика аумағында оларды тұтынудан адамдар улануының 44 жағдайы тiркелдi, бұл ретте 126 адам зардап шегіп, олардың 13-i қайтыс болды.
3.4. Техногендiк сипаттағы ТЖ-дан елдiң халқы мен аумағын қорғаудың жай-күйi
Қазақстан экономикасындағы өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң жай-күйi елеулi алаңдаушылық тудыруда. Өнеркәсiптiң аса қауiптi салаларындағы және көлiктегi авариялылық өте жоғары болып қалып отыр. Әрi ол өнеркәсiптiң жекелеген салаларының технологиялық ерекшелiгiне ғана емес, сонымен бiрге жалпы үрдiстер мен шарттарға негiзделген. Техногендiк ТЖ жабдықты пайдалану мерзiмiнiң асып кетуiнен, оған сапасыз немесе уақтылы қызмет көрсетпеуден және жөндемеуден жиi болады. Бiрқатар жағдайларда авариялардың себептерi ойланбай жасалған жобалау және техникалық шешiмдер, аса төмен технологиялық және еңбек тәртiбi болады, бұл жұмыстарды қауiпсiз жүргiзудiң ережелерi мен тәсiлдерiн, технологиялық регламенттер мен өнеркәсiптiк қауiпсiздiк талаптарын бұзушылықтарда көрiнiс табады. Қауiптi өндiрiстiк объектiлер үшiн мамандар мен персоналды даярлау және қайта даярлау жүйесi тиiстi деңгейде емес. Өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiнiң жай-күйiн арттыру мен қолдау тәсiлдерiн әзiрлеудегi ғылымның рөлi жеткiлiксiз.
Техногендiк ТЖ себептерiнiң бiрi өндiрiстiк бақылаудың қазiргi жүйесiнiң тиiмдiлiгiнiң төмендiгi болып отыр. Өнеркәсiптiң көптеген салаларында өндiрiстiк бақылаудың жүйелерi формальды сипатқа ие және iс жүзiнде жұмыс iстемейдi. Техногендiк ТЖ экологиялық салдарының мәселелерi нашар зерделенген. Қауiпсiздiктi басқаруға ескертпелi сипат пен профилактикалық бағыттылық берiлуi қажет.
Республиканың сейсмикалық қауiптi жерлерiнде ғана емес, сонымен қатар толықтай барлық өңiрлерiнде ескiрген және авариялы ғимараттар мен құрылыстардың саны көп. Жыл сайын құрылыс конструкцияларының қирауынан адамдар баспанасы мен мүлiктерiнен айырылады, жарақаттар алады, кейде тiптi қайтыс болады.
Республикадағы өрт жағдайының күрделенуiне елдi мекендердегi құрылыстардың ретсiздiгi, өрт қауiпсiздiгiнiң нормаларын сақтамай ғимараттар мен құрылыстарды, әсiресе тұрғын үйлердi қайта жабдықтау, қайта жөндеу, техникалық қайта жарақтау фактiлерi әсер етедi.
Өнеркәсiптiк объектiлердi, адамдардың көп келуiмен тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн салу кезiнде де өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мәселелерiне тиiстi назар аударылмайды, ғимараттарды өртке қарсы қорғау жүйелерiмен (дабылдағышпен, автоматты өрт сөндiру жүйелерiмен, түтiннен тазалау, адамдарды өрт туралы хабардар ету және оларды көшiрудi басқару) жабдықтау жөнiндегi шаралар қабылданбайды, құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптары ескерiлмейдi. Өртке қарсы қорғаудың бар жүйелерiне қызмет көрсетiлмейдi, көпшiлiгi жұмыс iстемейдi.
Бизнеске төрешiлдiк қысымның әлсiреуi: нарыққа шығу кедергiлерiн азайтуды; өндiрiс және сауда процесiнде техникалық кедергiлердi, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметтi шамадан тыс және тиiмсiз әкiмшiлiк реттеудi жоюды болжайды. Сонымен бiрге, қабылданатын шаралар шаруашылық жүргiзудiң жалпы шарттарын жақсартуды ғана емес, сонымен бiрге Қазақстан азаматтарының қауiпсiз еңбек етуге конституциялық құқықтарын және өнеркәсiптiк авариялардың терiс салдарынан қорғану құқықтарын қамтамасыз етудi бiлдiруi тиiс. Осы шаралардың теңгерiмсiздiгi өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттiк басқарудың деңгейiн төмендетуi мүмкiн.
3.5. Террорға қарсы операцияларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз ету дайындығы
XXI ғасырдың басы адамзатқа тағы бiр қаhарлы қыр көрсетумен - халықаралық терроризммен айрықшаланды. Террористердiң қазiргi заманғы техниканы, радиациялық, химиялық және биологиялық қауiптi заттар мен материалдарды пайдалану, сондай-ақ техногендiк ТЖ-ны қасақана тудыру мүмкiндiгi террористiк актiлердiң, әсiресе химиялық және биологиялық шабуыл жасау кезiндегi салдарын жою күштерiнiң (қызметтерiнiң) материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайтуды талап етедi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, терактiлер жасалған кезде негiзiнен бейбiт халық зардап шегедi. Бұл террорға қарсы операцияларды авариялық-құтқарумен қамтамасыз етудiң елеулi маңыздылығын көрсетедi.
Қазақстанда соңғы уақытта тиiстi қызметтер мен ұйымдардың мұндай операцияларды қалыпты жүргiзу дайындығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шараларға қарамастан:
дағдарысты жағдайлардың алдын алу және ТЖ саласындағы уәкiлеттi органның терроризмнiң түрлi көрiнiстерiне қарсы әрекет ету жөнiндегi қызметiн басқа да әлуеттi құрылымдармен үйлестiру бойынша келiсiлген шаралар кешенiн әзiрлеу;
террористiк актiлерден объектiлер мен аумақтың санаттылығын айқындау және қорғаныстық деңгейiн арттыру;
техногендiк және табиғи сипаттағы қатерлерге қарсы әрекет етудiң жалпы жүйесiндегi террористiк актiлер қауiптерi мониторингiнiң ақпараттық негiздерiн құру;
ТЖМЖ күштерi мен құралдарының тиiмдiлiгін жетiлдiру мен арттыру және террористiк актiлер салдарын жою кезiнде оларды жедел құруды қамтамасыз ету жөнiндегi мәселелер әлi де өзектi күйде қалып отыр.
3.6. ТЖМЖ-ның жедел ден қою күштерi
Соңғы 5 жылда құтқару операцияларын жүргiзу серпiнi Министрлiктiң жедел-құтқару қызметтерiнiң көмекке шығу санының 2,3 eсеге өскенiн көрсетiп отыр. Көрсетiлген кезеңде ТЖ саласындағы уәкiлеттi органның авариялық-құтқару қызметтерi (бұдан әрi - АҚҚ) 114,9 мыңнан астам адамды құтқарған.
Сонымен қатар, республикада 1996 жылдан бастап 2006 жылға дейiнгi кезеңде тек 14 жедел құтқару жасағы, оның iшiнде Республикалық жедел құтқару жасағы (Алматы қаласы), 5 өңiрлiк аэромобильдi жедел-құтқару және 8 қалалық жедел құтқару жасақтары құрылған және жұмыс iстеуде.
Жедел-құтқару жасақтарының (бұдан әрi - ЖҚЖ) кинологиялық, сүңгуiр, радиациялық, химиялық және биологиялық қызметтерiн дамыту толық көлемде жүзеге асырылмай отыр.
Иттер қолданылатын iздестiру жұмыстары құтқару қызметiн дамытудың перспективалы бағыттарының бiрi болып табылады. Осы жұмыстың тиiмдiлiгiн арттыру үшiн кинологиялық есептердiң сертификаты, iздеу иттерiн асылдандыру, қызметтердi дамыту жөнiндегi құжаттаманы әзiрлеу кинологиялық есептердi дайындау және оқыту қажет.
Авариялық-құтқару жұмыстарын орындау үшiн ЖҚЖ-ны қазiргi заманғы техникамен және құралдармен толық жарақтандыру мәселесi өткiр тұр. Республикалық ЖҚЖ, өңiрлiк аэромобильдi ЖҚЖ бүгiнгi күнi 30-40%-ға толықтырылған, ал сол уақытта қалалар ЖҚЖ-ының жарақтандырылуы бар-жоғы 10-20%-ды құрайды.
Қазiргi уақытта Министрлiктiң авиациялық паркi екi ұшақтан және 6 тiкұшақтан тұрады, олардың 5 тiкұшағына және бiр Ан-30 ұшағына ғана ұшуға рұқсат берiлген. Осыған байланысты, сондай-ақ осы техниканың Алматы қаласында ғана орналасуынан құтқару күштерiнiң қажеттi ұтқырлығын қамтамасыз ету мүмкiн болмай отыр.
Елде құтқарушыларды даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi арнайы орталық жоқ. Құтқарушыларды даярлау жасақ базаларында жүргiзiледi, бұл құтқару iсiне оқытудың сапалылығына кепiлдiк бермейдi.
Әкiмшiлiк-қызметтiк қорды дамыту шешiмiн таппаған проблема болып қалуда. 14 ЖҚЖ-ның 10-ында құтқарушыларды оқыту және даярлауға арналған өз базасы мен полигондары жоқ, бұл олардың қызметi үшiн ғимараттар мен құрылыстар салу мәселелерiн шешудi талап етедi.
Құтқарушылардың жұмысы олардың өмiрi мен денсаулығына қауiптi, айтарлықтай моральдық және физикалық жүктемелерге әкеп соғады, бұл белгiлi бiр оңалту шараларын қабылдауды талап етедi. Сонымен қатар, Министрлiктiң жүйесiнде құтқарушыларды медициналық және психологиялық оңалту мекемелерi жоқ. Құтқарушылардың кәсiптiк қызметiнiң ерекшелiктерiне оларды әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар сәйкес келмейдi.
Өртке қарсы қызмет Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын тәртiппен аудандарда, қалаларда және өзге де елдi мекендерде, мемлекет меншiгiндегi ерекше маңызды өрт және жарылыс қауiпi бар объектiлерде құрылады.
Министрлiктiң өртке қарсы қызметi құрамында өрттi сөндiру үшiн қарулануында 1414 бiрлiк негiзгi және арнайы өртке қарсы техникасы бар 376 өрт сөндiру бөлiмi құрылды. Осы бөлiмдер 270 қала мен елдi мекендердi ғана күзетедi, ал ел халқының жартысына жуығы (7,2 млн. адам) тұратын 13 мыңнан астам ауылдық елдi мекендер бүгiнде өртке қарсы қорғаныссыз қалып отыр.
Қалаларда өрт сөндiру деполарының құрылысын салу қарқыны азаматтық және өнеркәсiптiк құрылыс қарқынынан әлде қайда артта қалып отыр, нәтижесiнде олардың қызмет көрсету радиусының бiрнеше есеге ұлғаюына әкеледi. Өртке қарсы қызметтiң ресурстық қамтамасыз етiлуiн шектеу өрт сөндiру iсiнде терiс үрдiстердiң өсуiне әкеп соқты, соның салдарынан өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң күштерi мен құралдары өздерiнiң жарақталуы мен сандық құрамы бойынша оларға жүктелген мiндеттердi толық көлемде орындауға жағдайы жоқ, бұл өрт кезiнде адамдардың қаза болуы мен жарақат алу ықтималдығын күрт арттырады, өрттен келетiн залалдың өсуiне әкеп соғады.
Қазiргi бөлiмшелер нормативтiк тиiстiлiктiң тек 43%-ына ғана техникалық жарақтандырылған. Бұл ретте 176 өрт сөндiру бөлiмдерi бейiмделген ғимараттарда орналасқан. Өрт сөндiру машиналарының негiзгi техникалық паркi ескiрген, автотехниканың 67 %-ы 13 жылдан артық пайдаланылып келедi. Республиканың бiрқатар өңiрлерiнде (Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Маңғыстау және басқа да облыстар) өртке қарсы қызмет қарулануында жоғары қабатты ғимараттарда өрт туындаған кезде 30 метрден астам биiктiктен адамдарды эвакуациялауға және өрт сөндiру құралдарын беруге қабiлеттi авто сатысының немесе иiндi көтергiштiң бiрде-бiрi жоқ, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған арнайы техника мен авариялық-құтқару жабдығы жоқ.
Бүгiнде мемлекеттiк емес өртке қарсы қызметтiң санын қысқарту оның жұмыс iстеу жағдайының нашарлауы, жауынгерлiк дайындық пен өрт сөндiрудi ұйымдастыру үлесiнiң төмендеуi жүрiп жатыр. Жекелеген ұйымдар мен кәсiпорындардың оларды ұстау мен өрттен қорғауды қамтамасыз етуге қажеттi шығындардан бас тартуы есебiнен ақшалай қаражатты үнемдеуге қол жеткiзуге ұмтылысы өсiп отыр, бұл өртке қарсы күрес проблемаларын одан әрi шиеленiстiре түсуi мүмкiн.
Қазiргi уақытта Каспий қайраңы аймағында мұнай өндiру көлемiнiң ұлғаюы мен географиясының кеңеюi жүрiп жатыр. Сонымен қатар, Қазақстанда бүгiнгi күнi кемелерде, танкерлерде, паромдарда, мұнай кәсiпшiлiгiнде болуы мүмкiн өрттер мен техногендiк аварияларды жоюға, мұнайдың төгiлулерiн жоюға, теңiзде апатқа ұшыраған адамдарды құтқаруды жүргiзуге қабiлеттi бiрде бiр теңiз кемесi жоқ.
Жолаушылар мен өзенмен жүк тасымалдауды одан әрi дамыту кезiнде адамдарды уақтылы қорғауды және суда ТЖ-ны жоюды қамтамасыз ету жөнiндегi проблемалар туындайды. Сонымен қатар, бүгiнгi күнi қолда бар өрт сөндiру және авариялық-құтқару кемелерi өздерiне жүктелген функцияларды толық көлемде орындауға қабiлетсiз. Жергілiктi атқарушы органдардың суда құтқару қызметтерi қанағаттанарлықсыз жағдайда.
Министрлiктiң әскерилендiрiлген АҚҚ құрылған сәттен бастап оларға берiлген тау-кен-құтқару жабдығы мен жарақтарының ұзақ пайдалану нәтижесiнде тозуы, қазiргi уақытта нормативтiк ресурстарды арттырып отыр, бұл оны қолдану кезiнде қауiп тудырады және жүргiзiлетiн құтқару iс-шараларының тиiмдiлiгiне әсер етедi.
Оларды қаржыландыру республика кәсiпорындарының авариялық-құтқару қызметтерiн көрсету бойынша жеке кiрiс есебiнен ғана жүзеге асырылады, бұл олардың қалыпты жұмыс iстеу үшiн аса жеткiлiксiз болып табылады, негізгi қорлардың жай-күйiнде терiс көрiнiс табады, құтқарушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету проблемаларын туындатады, бiлiктi мамандардың кетуiне әкеп соғады. Құтқарушыларды жеңiлдiктi зейнетақымен қамтамасыз етудiң алынып тасталуы республиканың әскерилендiрiлген АҚҚ жедел дайындығы мен қызмет ету деңгейiне терiс әсерiн тигізедi.
3.7. Мемлекеттiк материалдық резервтiң жай-күйi
Қазiргi уақытта елде жұмылдыру қажеттiлiгiне, ТЖ салдарын жою жөнiндегi бiрiншi кезектi жұмыстарды қамтамасыз етуге, iзгiлiк көмек көрсетуге және нарыққа реттеушi ықпал етуге арналған материалдық құндылықтардың жалпы мемлекеттiк қоры құрылды.
Соңғы төрт жылда мемлекеттiк материалдық резервтiң (бұдан әрi - мемматрезерв) тауар-материалдық құндылығының болуы өсiмiнiң үрдiсi белгiлендi. Мемматрезерв жүйесiн қаржыландыру тұрақтандырылды. Мәселен, материалдық құндылықтар жинақталуының жыл сайынғы өсiмi шамамен 4,3%-ды құрайды. 2001 жылмен салыстырғанда мемматрезервтiң тауар-материалдық құндылықтарын сақтауға арналып бөлiнген ақшалай қаражаттың жалпы көлемi 2 еседен астамға ұлғайды.
Сонымен қатар, мемматрезерв жүйесiнiң қазiргi жай-күйi тәуелсiз мемлекет ретiндегi Қазақстан Республикасының шынайы сұранысына сәйкес келмейдi.
Мәселен, резервтердi сақтауға жауапты базалар мен пункттердiң географиялық орналасуы, оларды азық-түлiктiк, өнеркәсiптiк және ЖЖМ топтарына бөлу бұрынғы КСРО-ның стратегиялық қажеттiлiгiне сәйкес белгiленген. Егемен Қазақстанда Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Қызылорда облыстарында мұнай және газ өндiру салаларының және оған жанама инфрақұрылымдардың қарқынды дамуы жүрiп жатыр. Бұл ретте, жұмыс iстейтiн сақтау филиалдары жоғарыда санамаланған өңiрлерден елеулi қашықтықта орналасқан. ТЖ жою жағдайында бұл өңiрлерге мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзу жөнiндегі қаржы шығыстары мен уақыт шығыны айтарлықтай ауқымды болмақ.
Қазiргi сақтау базалары 1941-1981 жылдар кезеңiнде пайдалануға енгiзiлген. Қойма үй-жайларының көпшiлiгiне пайдалануға берiлген сәттен бастап күрделi жөндеу жүргiзiлмеген. Оларға сақтау мен сапаны бақылаудың жаңа технологиялары енгiзiлместен тауар-материалдық құндылықтарды сақтаудың технологиялық циклiнiң жұмысқа қабiлеттiлiгi ғана сақталған.
Есепке алу мен бақылаудың қолданылып жүрген жүйесi қолданыстағы нормативтер мен адам факторы жетiлдiрiлмеуi себебi бойынша айқын емес. Сұйық тауар-материалдық құндылықтарды есепке алу қарапайым тәсiлдермен қолма-қол алынған мәлiметтер негiзiнде жүргiзiледi. Бақылау мен есепке алудың қазiргi заманғы автоматтандырылған жүйесiн енгiзу қажеттiлiгi бар.
Сақтау мерзiмi өтiп кеткен өнiм топтарының тауар-материалдық құндылықтарын сату үлкен қиыншылықтарға соқтырып отыр. Ол бағаның үлкен ауытқушылығына бейiм және сұраныс пен ұсыныстың маусымдылығына тәуелдi. Қазақстан Республикасы Қорғаныс және Iшкi iстер министрлiктерiнiң, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң қажеттiлiгi үшiн мемматрезерв қоймаларынан өнiмдердi жеткiзу арқылы (басқа елдердiң тәжiрибесi бойынша) бұл қиындықтарды елеулi дәрежеде жоюға болады.
Нормативтiк құқықтық базаның жетiлдiрiлмеуiнен мемматрезерв жүйесiнiң жұмысына нарық тетiктерiн енгiзу қиындық туғызады. Мәселен, мұнай мен мұнай өнiмдерiн импорттайтын елдер (Жапония) 90 күнтiзбелiк күн iшiнде елдiң тұтынуын қамтамасыз ететiн мөлшерде ЖЖМ резервте сақтайды, не импорттаушы компанияларды (Франция) ЖЖМ қорын жасауды заң жүзiнде мiндеттейдi. Сақтау мерзiмi өткен мемлекеттiк резервтiң тауар-материалдық құндылықтарын сату кезiнде нарық құнының 25%-на дейiн арзандатуға жол берiледi (Румыния). Ресейде мемлекеттiк резервтiң жеткiзушiлерi болып табылатын өндiрушiлер жарнама мен прайс-парақтарда өнiмдi мемматрезервке жеткiзетiндерiн ресми түрде көрсетедi, бұл олардың өнiмiнiң жоғары сапасын растау болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы N 1096 Жарлығы бекітілген Қазақстан Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған Стратегиясын одан әрi iске асыру, алда тұрған ДСҰ-ға кiру елдiң экономикасының нақты секторын, өмiр сүру деңгейiн және тыныс-тiршiлiгін қамтамасыз етудi көтерудi ұтымды үйлестiру мақсатында мемматрезервтiң қолданыстағы жүйесiн реформалау қажеттілiгiн талап етедi.
3.8. ТЖ мен АҚ саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйесi
Соңғы жылдарда өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн қамтитын ТЖ саласындағы бақылауға, АҚ iс-шараларының орындалуына, авариялардың, өндiрiстiк жарақат алудың негiзгi себептерi мен жай-күйлерiне, республикада болған өрттерге жүргiзiлген талдау олардың көпшiлiгiнiң өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерi талаптарының бұзылуынан, жұмыс орындарында тиiстi ведомстволық бақылаудың жеткiлiктi ұйымдастырылмауынан, жабдықтың пайдалану мерзiмiнiң елеулiгiнен, сондай-ақ персоналдың кәсiптiк даярлығы мен өндiрiс тәртiбiнiң төмен деңгейiнен болатындығын көрсеттi.
Қазiргi уақытта қалыптасқан өнеркәсiптiң, құрылыстың үдемелi қарқыны, жаңа өндiрiс түрлерiнiң енгiзiлуi елдiң қауiпсiздiгi мен дамуы үшiн маңызды мәндi бiлдiретiн ТЖ және АҚ саласындағы бақылау жүйесiн жетiлдiру мен ретке келтiру қажеттiлігін анықтады.
Республиканың өнеркәсiп кешенiнiң барлық салаларының 364 мыңнан астам қауiптi өндiрiстiк объектiлерiнде жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн бақылауды Министрлiктiң 635 мемлекеттiк инспекторы жүзеге асырады. Бiр инспекторға арналған жүктеме 573 қауiптi өндiрiстiк объектiнi құрайды, бұл елдiң барлық қауiптi өндiрiстерiн тиiстi алдын ала қамтуды жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi. Республиканың су айдындарында мұнай өндiрудiң көлемi ұлғайған кезде, сондай-ақ уранды және басқа да өнеркәсiп өнiмдерiн артық өндiру кезiнде бұл проблема айтарлықтай шиелiнiседi.
Қазiргi уақытта ТЖ және АҚ саласындағы мыңнан астам, оның iшiнде бұрынғы КСРО-ның салалық нормативтiк құқықтық актiлер қайта қарауды талап етедi.
Елге импортталатын өнеркәсiптiк жабдық пен қауiптiлiгi жоғары материалдарды сертификаттау мен рұқсат беру жөнiндегi нормативтiк және материалдық-техникалық база қазiргi заманғы талаптарға жауап бермейдi.
Мұнай-газ құбырларын теңiз түбiмен тарту жөнiндегi жұмыстарды, тұрғын үйлер мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлерде газдың пайдаланылуын, бар ғимараттардың, құрылыстардың және құрылыс конструкцияларының техникалық жай-күйiн, су шаруашылығы құрылыстарының сенiмдiлiгiн бақылау iс жүзiнде жоқ.
Мемлекеттiк өрт бақылауын жүзеге асыру кезiнде жыл сайын түрлi мақсаттағы 60 мыңнан астам объектiге тексерiс жүзеге асырылады, олардың кезiнде 1 миллионға дейiн өрт қауiпсiздiгiнiң ережелерiн бұзушылық анықталады, 100 мыңға дейiнгi лауазымды адамдар мен азаматтар әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылады, өрт қаупiн төндiретiн күйдегі 15-20 мың объектiнiң жұмысы iшiнара немесе толық тоқтатылады.
Қазiргi заманғы жағдайда өртке қарсы қызметтiң инженерлiк- инспекторлық құрамының жұмыс көлемiнiң ұлғаюы олардың қызмет көрсететiн аймағына қосымша объектiлердi қосу есебiнен, сондай-ақ олардың меншiк нысандарының (тұрғын үй секторының бөлiгiн өндiрiс, қойма объектiлерiне, офистерге қайта жабдықтау, жұмыс iстеп тұрғандарын кеңейту, жаңа объектiлер салу, оның iшiнде алыс аудандарда) өзгеруiне байланысты жүрiп жатыр, бұл өз кезегiнде уақыт тапшылығы проблемасын тудырады, ал өрт қауiпсiздiгi ережелерiн бұзу фактiлерi бойынша әкiмшiлiк өндiрiстiң рәсiмдерiн күрделендiру заңнамада белгiленген мерзiмде әкiмшiлiк өкiлеттiктердi iске асыруға мүмкiндiк бермейдi.
Өрттердi және олардың салдарын әкiмшiлiк есепке алу, әкiмшiлiк құқық бұзушылық пен қылмыстар, сондай-ақ оларды жасаған адамдар туралы деректер банктерiн құру жөнiндегi функцияларды өрт сөндiру бөлiмшелерiнiң жүзеге асыруы осы бөлiмшелердiң компьютерлiк техника құралдарымен тиiстi жарақталуын талап етедi.
3.9. Табиғи және техногендiк ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердiң тәжiрибесi көрсеткендей, сақтандыру ТЖ терiс салдарын жоюдың сенiмдi қаржы құралы болып табылады. Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-ның алдың алу мен оларды жою саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мiндеттi және ерiктi сақтандыруды бекiтетiн нормалардан тұрады. Бiрақ, бұл мәселе жете пысықталмаған болып табылады және айтарлықтай нақтылауларды, iске асыру тетiктерiн әзiрлеудi, сондай-ақ сақтандыру жағдайы (табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ) туындаған кезде сақтандыру құқықтық қатынасының барлық қатысушыларының зиянды кепiлге өтеуге мүмкiндiктерiн кеңейтетiн нормаларды бекiту мақсатында заңнаманы жетiлдiрудi талап етедi.
ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою саласындағы бiрқатар заңдар мiндеттi сақтандыру нормаларынан тұрады. Мысалы, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу кезiнде құтқарушылардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтiруден немесе қайтыс болудан, қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру көзделген. Бiрақ, осы нормаларды iске асырудың егжей-тегжейлi тетiктерi көзделмеген. Қазiргi уақытта "Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық құқықтық жауапкершiлiгін мiндеттi сақтандыру туралы", "Авариялық-құтқару қызметтерi мен құтқарушылардың мәртебесi туралы" Қазақстан Республикасы заңдарының нормаларын iске асыру жөнiнде олардың ережелерiн толыққанды iске асыру үшiн тиiстi нормативтiк құқықтық актiлер әзiрлеу жолымен нақты iс-шаралар жасау талап етiледi.
ТЖ-дан сақтандыру мәселелерi жөнiнде бүгiнде қолданыстағы заңнамалық актiлердi егжей-тегжейлi пысықтау мен кейбiр нақтылауларды енгiзу оларды iске асырудың тетiктерiн әзiрлеу мақсатында заңға тәуелдi актiлердi шығару талап етiлуде. Табиғи және техногендiк қауiптен сақтандыру жөнiндегi тұжырымдамалық-әдiснамалық негiздер мен практикалық ұсынымдар әзiрлеу қажет.
Тұтастай алғанда, табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою саласындағы сақтандыру жүйесi iс жүзiнде дамымаған болып табылады. Оның көмегiмен ТЖ туындаған кезде келтiрiлген залалдың орнын толтыру және түрлi сипаттағы төлемдерге мемлекеттiң шығыстарын барынша азайту мүмкiн емес.
3.10. Апаттық медицина
Республикада апаттық медицина орталығы (бұдан әрi - АМО) мен жедел медициналық жәрдем бөлiмшелерiнiң негізiнде шұғыл медициналық жәрдем қызметi (бұдан әрi - ШМЖҚ) құрылды және ТЖ-ны жою кезiнде пайдаланылады. Бiрақ, АМО бөлiмшелерi республиканың барлық облыстарында құрылмаған және олардың аса ауқымды ТЖ кезiнде халықты медициналық қамтамасыз ету iс-шараларын жедел құру үшiн жеткiлiктi материалдық-техникалық және кадрлық базасы жоқ. Республикалық және облыстық АМО-ның меншiктi ғимараттары, техникаға арналған қоймалары және материалдық-техникалық құралдарының жедел қорлары жоқ. Республикада зардап шеккен халыққа медициналық көмек көрсетудiң қазiргi мүмкiндiгi шектеулi.
Шетелдерде ШМЖҚ қолдануды талдау зiлзала аймағында ұтқыр медициналық мекемелердi тез құру, зардап шеккендерге бiлiктi көмек көрсету қажеттiгiн көрсеттi, бұл зардап шеккен халықтың арасында шығынды төмендетуге мүмкiндiк бередi. Апатты цунамидiң салдарынан зардап шеккен Оңтүстiк-Шығыс Азия елдерiнде Ресей Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң AMO-ның ұтқыр госпитальдарын құру осыған мысал болып табылады.
Республикада апаттық медицинаның клиникалық базасы жоқ, осының салдарынан ШМЖҚ медициналық персоналының күнделiктi емдеу практикасы жоқ, ТЖ-ға тән патологиялық жай-күйдi зерттемейдi. Жұмысының ерекшілiгi бойынша денсаулықты жедел бағалауды, тұрақты диспансерлiк қадағалауды, ТЖ-ны жоюға қатысқаннан кейiнгi емдеудi және оңалтуды қажет ететiн құтқарушыларды медициналық қамтамасыз ету мәселесi шешiлмеген. "Апаттық медицина" мамандығы бойынша медициналық құрамды дайындау тиiстi түрде ұйымдастырылмаған.
Қазақстанда апаттық медицина саласындағы отандық ғылыми мектеп жоқ, осының нәтижесiнде ШМЖҚ дамыту және ТЖ-дан зардап шеккендерге медициналық жәрдем көрсетудi жетiлдiру жөнiнде қабылданған шаралар апаттық медицина бойынша көшбасшы мемлекеттерде жүргiзiлiп жатқан тиiстi iс-шараларды алып пайдалану қосалқы сипатқа ие.
Әлемдегi әскери-саяси ахуалдағы және Қазақстандағы экономикалық жағдайдағы өзгерiстер Қазақстан Республикасы АҚ және ТЖ-ның жаппай зақымдау қаруын қолдану салдарын жоюды медициналық қамтамасыз етуге есептелген медициналық қызметiнiң (бұдан әрi - МҚ) құрамын, олардың қамтамасыз етiлуiн және жасақталуын түпкiлiктi қайта қарауды талап етедi. Моральдық және физикалық жағынан ескiрген техникалық базасынан, оларды әзiрлiкке келтiрудiң ұзақ мерзiмiнен, АҚ құрамалары үшiн медицина қызметкерлерi мен санитарлық жасақшыларды даярлау жүйесiнiң жоғалуынан, АҚ мен ТЖ МҚ ұйымдарының ұдайы дайындығының жоқтығынан АҚ және ТЖ МҚ құрамалары мен мекемелерiнiң өз мiндеттерiн орындауына қиындық туып отыр. АҚ мен ТЖ МҚ қорларын қайта қарау және толықтыру қажет. АҚ және ТЖ көлiк қызметiнiң санитарлық-көлiк бөлiмшелерiн қалыптастыру жүйесi де жоқ, бұл жаппай санитарлық шығын аймақтарынан зардап шеккендердi елдiң емдеу ұйымдарына медициналық эвакуациялауға кедергi келтiруi мүмкiн.
ТЖ туындаған және оларды жою кезiнде өз мiндеттерi бойынша авариялық-құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарға қатысатын ШМЖҚ, АҚ мен ТЖ МҚ персоналының құтқарушы мәртебесi жоқ және оларды құқықтық және әлеуметтiк қорғау жөнiндегi шаралар жүйесiне кiргiзiлмеген.
3.11. Халықты оқыту және кадрларды даярлау
Қазақстанда ТЖ мен АҚ саласында халықты оқыту және кадрларды даярлау:
Министрлiктiң "Республикалық ТЖ және АҚ саласындағы басшылық құрамның бiлiктiлiгiн арттыру курстары" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнында, өңiрлерде - даярлау мен оқыту бөлiмдерiнде (орталықтарында) бiлiктiлiктi арттыру;
"Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсының бағдарламасы бойынша жалпы бiлiм беру мекемелерiнiң оқушыларын, "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгi" пәнi бойынша бiлiм беру ұйымдарының, бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқушыларын және жоғары оқу орындары (бұдан әрi - ЖОО) студенттерiн оқыту;
штабтық және объектiлiк жаттығуларға, командалық-штабтық және кешендi оқу-жаттығуларға, сондай-ақ басқа да жедел iс-шараларға қатысу;
АҚ және ТЖ саласындағы бiлiмдi насихаттау;
Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Азаматтық қорғаныс және мемлекеттiк өртке қарсы қызметi академияларында, Министрлiктiң Көкшетау техникалық институтында қайта даярлау мен бiлiктiлiктi арттыру арқылы жүзеге асырылады.
Халықты оқытудың, кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың бұл жүйесi өткен жүз жылдықтың 80-шi жылдарының аяғы мен 90-шы жылдарының басында қалыптасты. Ол Қазақстанда болған түбегейлi әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстердi, орта және жоғары бiлiм беру жүйесiндегi түбегейлi алмасуларды бiлдiрмейдi, ақпараттық технологиялар саласында болып жатқан өзгерiстерге сәйкес келмейдi. Қалыптасқан артта қалуға байланысты бiрқатар проблемалар жинақталды:
Бұл:
құтқарушыларды оқыту бойынша мамандандырылған оқу орындарының белгiленген бiлiктiлiк талаптарына жауап беретiн мамандармен АҚ басқару органдарын, әскерлерiн, өрт сөндiру, жедел және авариялық-құтқару құрамаларын кепiлдi толықтыруды қамтамасыз етуге қабiлеттi кадрларды даярлаудың бiрыңғай жүйесiнiң;
халықты ерiктi өрт сөндiру мен авариялық-құтқару құрамаларына тарту жөнiндегi акциялардың;
ТЖ алдын алу мен оларды жоюға қатысуға тiлек бiлдiрген қоғамдық және дiни ұйымдармен байланыстың;
ТЖ iс-қимылдарына оқыту бойынша қоғамдық балалар-жасөспiрiмдер қозғалыстарының, жазғы дала лагерлерiнiң болмауы.
Сондай-ақ қазiргi жүйеге:
жоғары техникалық бiлiмi бар мамандардың тапшылығы;
халықты оқытудың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыстың төмен деңгейi;
мамандарды жеткiлiксiз даярлау;
ТЖ және АҚ бойынша бар оқу орындарының профессорлық құрамының ғылыми әлеуетiн iске асырудың мүмкiн болмауы, онда тиiстi ғылыми және ғылыми-зерттеу қызметiмен айналысу мүмкiндiгiнiң жоқтығы да тән.
Тұтастай алғанда, халықты оқыту мен кадрларды даярлаудың бүкiл жүйесi түбегейлi жаңғыртуды, оған жүйелi және кешендi сипат берудi қажет етедi.
3.12. ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулер мен мониторинг
Қазақстан Республикасында жер сiлкiнiстерiн, селдердi, көшкiндердi, қауiптi метеорологиялық құбылыстарды ғылыми зерттеу жүргiзiлiп жатыр. Өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiнiң жекелеген аспектiлерi зерделенуде. Сонымен қатар елде ТЖ-ның алдын алу мен оларды жоюдың ортақ проблемаларын кешендi зерттеу жөнiндегi бiрыңғай ғылыми орталық жоқ.
Қазақстанның тәуелсiздiк алуына және геосаяси жағдайдың түбегейлi өзгерiстерiне байланысты елдiң АҚ-ын ұйымдастыру мен жүргiзу саласында терең стратегиялық және арнайы ғылыми зерттеулердiң өте қажет екендiгi бiлiнедi.
ТЖ мониторингi қажеттi толықтыққа және кешендiлiкке ие емес, тұтынушыларға, атап айтқанда, Министрлiктiң кезекшi қызметтерiне деректердi беру жеделдiгi қамтамасыз етiлмейдi.
Мәселен, Қазақстанның барлық сейсмикалық белсендi аумағын толық қамтымау жер сiлкiнiстерiн болжау жүйесiнiң елеулi кемшiлiгi болып табылады. Бақылау пункттерiнiң қажеттi санымен Алматы болжау полигоны ғана жарақталған. Қазақстанның батыс өңiрлерiнiң ықтимал техногендiк сейсмикалығы iс жүзiнде зерттелмеген.
Бiрқатар жағдайларда гидрометеорологиялық мониторинг қызметтерi берген дауылды ескертулер нақты растау таппайды. Дауылды желдiң жергiлiктi жерде соғуы сияқты мұндай қауiптi гидрометеорологиялық құбылысты өткiзу жиi болып тұрады. Елдегi су тасқыны жағдайын ұзақ мерзiмге болжау сенiмдiлiгі жеткiлiксiз.
Сел қауiптiлiгi көздерiнiң аэровизуальдық мониторингi Алматы қаласына және Алматы облысына жақын орналасқан Iле Алатауы таулы аймағына ғана iшiнара жүргiзiледi. Сел жүрудi анықтау мен хабардар ету процесiн автоматтандыру әзiрге тәжiрибелiк-эксперименттiк жұмыстардың шеңберiнен шықпай отыр. Республикадағы сел қауiптiлiгiнiң қозғалысына ғаламдық климат өзгерiсiнiң әсер етуi зерделенбеген. Селден қорғау құрылыстарын салу мен пайдалану қалыптасқан дәстүрлi тәсiлдер шеңберiнен шықпаған.
Елде көшкiн қауiптілігiне жүйелi мониторинг iс жүзiнде жоқ. Бұл бағытта жүргiзiлген зерттеу жұмыстары республика аумағындағы көшкiн үрдiстерiнiң серпiнi туралы толық түсiнiк бермейдi.
ТЖ алдын алу мен оларды жою мүддесiнде ғарыштан республика аумағын қашықтан барлау дамудың алғашқы сатысында ғана тұр.
ТЖ-ның дәл мониторингi мен ден қоюдың тиiмдi автоматтандырылған жоспарларын әзiрлеу үшiн өте қажеттi қазiргi заманғы ГАЖ (геоақпараттық жүйелердiң) технологияларын енгiзуде артта қалушылық айқын байқалады.
Жүйелi ғылыми зерттеулердiң және техникалық тәуекелдерге мониторингiнiң жоқтығынан техногендiк авариялар мен апаттарды болжау және олардың алдын алу жөнiндегi кешендi шаралар жүргiзу қиындық туғызады.
Тұтастай алғанда, ТЖ және АҚ саласындағы мониторинг пен ғылыми зерттеулер оларды бiрыңғай, практикалық соңғы нәтижеге бағытталған ұйымдастырушылық бастамамен үйлестiрудi және жүргiзудi қажет етедi.
3.13. Ақпараттандыру, байланыс, хабардар ету
Министрлiкте ТЖ бойынша Республикалық автоматтандырылған ақпараттық-басқару жүйесi (ТЖ ААБЖ) құрылған. Геоақпараттық жүйе әзiрленiп жатыр, Қазақстан Республикасы құрылғанының өңiрлерi мен iрi қалаларының сандық электрондық карталары бар. Ақпаратты, регламенттiк есептердi жедел өңдеу, деректерге әкiмшiлендiру жүргiзiледi, ТЖ жөнiндегi мамандардың автоматтандырылған жұмыс орны пайдаланылады. Барлық аумақтық бөлiмшелер серверлерiне кiре алатын Министрлiктiң корпоративтiк желiсiнiң орталық торабы құрылды. Ақпараты күнделiктi жаңартылып тұратын Web-бетi бар.
Ақпарат алмасу негiзiнен электрондық почта бойынша жiберiлетiн мәтiндiк және графикалық ақпарат файлдары түрiнде жүзеге асырылады. Осы мақсаттар үшiн Жер-серверде корпоративтiк пошта жүйесi жұмыс iстейдi. Файлдардың бiр бөлiгi шартты жеткiзулер түрiнде берiледi.
Сонымен қатар, қазiргi бағдарламалық-техникалық платформа пайдаланушылардың оn-line режимiндегi деректердi тарату банкiнiң ақпаратына жойылған қолжетiмдiлiктi қамтамасыз етпейдi.
Жергілiктi жерлерде геоақпараттық жүйелер (GPS - жүйелерi), жерсерiктiк бағдарлау жүйелерi жеткiлiксiз қолданылады.
Байланыс сенiмдiлiгi мен сапасы бойынша 70-шi жылдары шығарылған қолданыстағы жабдықтардың 62%-ы қазiргi заманғы талаптарға сай емес. Аумақтық басқармалар жедел және транкингтiк байланыспен орта есеппен 10-20%-ға жарақталған, оларда баруы қиын жерлерде жұмыс iстеуге арналған байланыс құралдары жоқ. Байланыс жүйелерiнiң аппаратурасы 95%-ға ұқсас және ақпарат берудiң қазiргi заманғы сандық жүйелерiмен интеграциялануды қамтамасыз етпейдi. Ақпараттың әрбiр түрi үшiн әртүрлi техникалық құралдар (ұқсас және сандық), әртүрлi типтегi бағдарламалық өнiмдер қолданылады, байланыс арнасының алуан түрi әртүрлi операторлардан жалға алынады. Ағындар үшiн ақпарат қорғаудың түрлi әдiстерi қолданылады.
Телефон және телеграф арналары бойынша ақпарат берудiң ұқсас жүйесімен коммутаторлық қондырғылар деректер беру үшiн талап етiлетiн өлшемдердi қамтамасыз ете алмайды. Жағдайды бағалау үшiн ғарыш мониторингiнiң құралдары нашар пайдаланылады.
Министрлiктiң жиiлiк ресурсы шектеулi және ТЖ кезiнде жедел басқару байланысын қамтамасыз ету мiндеттерiн толық көлемде шешуге мүмкiндiк бермейдi.
Орталықтандырылған хабардар ету жүйесi 30 жыл бұрын құрылған және қазiргi заманғы сандық және талшықты-оптикалық байланыс технологияларына сәйкес келмейдi. Мемлекеттiк басқару органдарын хабардар ету бойынша мiндеттердi орындау қиындық туғызады, ал кейбiр жағдайларда (жекелеген ауылдық аудандар) дабыл абонентке бақылау мерзiмдерi өткеннен кейiн түседi. 500 мыңға жуық адам тұратын 1 500-ден астам елдi мекен хабардар етудiң қандай да бiр түрiмен қамтамасыз етiлмеген.
3.14. Халықаралық ынтымақтастық
Қазақстан тәуелсiздiк алған сәттен бастап бiрте-бiрте елдердiң ТЖ саласындағы ұлттық күштерiн үйлестiрушi беделдi халықаралық ұйымдарға кiрдi. Республика АҚ-тың Халықаралық ұйымының, Дүлей зiлзалалар қаупiнiң алдын алу жөнiндегi Азия орталығының толық құқықты мүшесi болып табылады.
Қазақстан үшiн ТМД-ға қатысушы мемлекеттерiмен ТЖ саласындағы ынтымақтастық басым болып отыр (ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың Мемлекетаралық жүйесi мен ТМД-ның Күштер корпусы), беделдi халықаралық ұйымдармен - БҰҰ-ның, HATO-ның мамандандырылған органдарымен, Қызыл Крест және Қызыл Жарты ай қоғамдарының Халықаралық Федерациясымен, МАГАТЭ және басқа ұйымдармен байланыс жолға қойылған.
Шанхай ынтымақтастық ұйымының, Ұжымдық қауiпсiздiк туралы Шарт Ұйымының, Азиядағы өзара iс-қимыл және сенiм шаралары жөнiндегi кеңес шеңберiндегi әрiптестiк стратегиялық маңызды болып табылады.
1994 жылдан бастап шетелдiк оқу орталықтарында әртүрлi деңгейдегi мамандарды кәсiби даярлау жүзеге асырылып келедi, ТЖ туралы деректермен ақпараттық алмасудың мемлекетаралық жүйесi құрылды, түрлi халықаралық, оның iшiнде Қазақстанның шетелдерде құтқару операцияларына қатысуымен iс-шаралар өткiзiлдi. БҰҰ-ның және жекелеген дамыған елдердiң (Жапония, АҚШ, Қытай) бастамасымен республикада ТЖ алдын алу мен оларды жою саласында бiрқатар жобалар iске асырылды.
Екi жақты, оның iшiнде Ресеймен, Қытаймен, AҚШ-пен, Еуропалық Одақ, Азия және Таяу Шығыс елдерiмен байланысты күшейту қажет етiледi. Бұл қарым-қатынастар тиiстi түрде халықаралық келiсiм-құқықтық базамен бекiтiлмеген. ТЖ мамандарын шетелдерде көп бейiндi даярлау жөнiндегi мүмкiндiктерi толық пайдаланылмайды.
Бiрқатар себептерге байланысты халықаралық және үкiметаралық ұйымдардың бастамашылық жасаған ТЖ саласындағы ғаламдық бағдарламалар мен жобаларды iске асыруға республиканың белсендi қатысуы қамтамасыз етiлмейдi.
Қазақстанның авариялық-құтқару құрамалары шетелдердегi ТЖ жоюға iс жүзiнде қатыспайды. Мұндай қатысу отандық құтқарушылардың беделi мен кәсiбилiгiн көтеруге мүмкiндiк берер едi, олардың жаңа әдiстер мен технологияларды белсендi игеруiне ықпал етер едi.
Қазақстанның басқа елдерге iзгiлiк көмек көрсету тетiгi жолға қойылмаған және қажеттi нормативтiк құқықтық және қаржылық қамтамасыз етiлмеген. Беделдi халықаралық ұйымдардың, әлемнiң дамыған елдерiнiң iзгiлiк құрылымдарымен өзара тиiмдi кооперация тәжiрибесi бекiтудi қажет етедi.
Қазақстанның қауiпсiздiктi қамтамасыз етудiң халықаралық және мемлекетаралық жүйесiне кiрiгуi Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелерiнiң белсендi жәрдемдесуiн қажет етедi.
3.15. ТЖ және АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық база
Қазiргi уақытта ТЖ-нiң алдын алу мен оларды жою саласында тұтастай алғанда, осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуге мүмкiндiк беретiн белгiлi бiр нормативтiк құқықтық база қалыптасқан. Сонымен бiрге, ТЖ-ны жою жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге тартылатын құтқарушылар мен азаматтарды сақтандыру және әлеуметтiк қорғау сияқты бағыттарда қажеттi практикалық iске асырылмаған. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiктiң мiндеттi техникалық және технологиялық нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi бөлiгi әзiрленбеген. Министрлiктiң ТЖ туындаған жағдайда зардап шеккен халықты дереу (1-2 тәулiк iшiнде) қамтамасыз ету үшiн қажеттi жедел резервiн құру бойынша нормативтiк құқықтық негiз жоқ. Республиканың сейсмикалық қауiптi өңiрлерiнде қиратушы жер сiлкiнiстерiнiң алдын алу мен олардың салдарын жоюды құқықтық реттеу мәселесi шешудi талап етiп отыр.
Қазақстанда мемлекеттiк билiк деңгейлерiнiң арасында өкiлеттiктердiң ара жiгiн ажырату, мемлекеттiк органдардың функциялары мен өкiлеттiктерiн орталықсыздандыру, мемлекеттiң жекелеген бақылаушы функцияларын алып тастау, сондай-ақ қызметтiң лицензияланған түрлерiн шектеу саласында реформалар жүргiзу ТЖ және АҚ саласындағы қолданыстағы заңнаманың мемлекеттiк органдардың осы саладағы қоғамдық қатынастарды реттеуi жөнiндегi өкiлеттiктерiнiң шеңберi мен көлемiн нақтылау бөлiгiндегi нормаларды жетiлдiрудi болжайды.
Қазiргi заманғы технологиялар мен әлеуеттi-қауiптi өндiрiстердi тиiстi енгiзумен ел экономикасының өнеркәсiптiк блогын дамытудың жедел қарқыны өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарауды талап етедi.
Тұтастай алғанда, ТЖ және АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру оны өзгерген әлеуметтiк-саяси және экономикалық жағдайларға сәйкес келтiру, ТЖ саласындағы реттеудiң, оның iшiнде ТЖ-дан сақтандыруды тиiмдi қолдану есебiнен экономикалық тетiктерiн күшейту авариялардан, апаттардан және дүлей зiлзалардан зардап шеккен адамдарды, оларды жоюға қатысқандарды, оның iшiнде кәсiби құтқарушыларды құқықтық және әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң көкейкестi қажеттiлiгi пiсiп-жетiлдi.
4. Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның мақсаты - ТЖ-дан Қазақстан Республикасының халқын, объектiлерiн және қоршаған ортасын қазiргi заманғы зақымдаушы құралдар мен террористiк актiлердiң салдарынан қорғау, олардың алдын алу мен оларды жоюға арналған күштер мен құралдарды дамыту жүйесiнiң тиiмдiлiгiн одан әрi жетiлдiру және арттыру.
Осы мақсатқа қол жеткiзу үшiн:
ТЖ алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн, осы саладағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
елдiң АҚ жүйесiн реформалау;
дүлей зiлзалалардың, авариялардың және апаттардың алдын алу жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыру, ТЖ саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйесiн жетiлдiру, табиғи және техногендiк қауiптерден сақтандыруды дамыту;
ТЖ-ға жедел ден қою күштерiнiң, экстремизм мен терроризмге қарсы iс-қимыл жасау тиiмдiлiгiн арттыру, апаттық медицинаны күшейту;
ТЖ саласындағы мониторинг, болжау және ғылыми зерттеулер жүйесiн құру, ТЖ және АҚ ақпараттық-коммуникациялық жүйесiн дамыту;
мемлекеттiк материалдық резерв жүйесiн жетiлдiру;
халықты оқытудың, ТЖ және АҚ саласындағы мамандарды даярлау мен бiлiктiлігінен арттырудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
авариялардың, апаттардың және дүлей зiлзалалардың алдын алу, АҚ және терроризммен күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерiн шешу қажет.
Осы бағдарлама шеңберiнде шешiлетiн проблемалардың ауқымы, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң мүмкiндiктерiмен және мемлекеттiк басқару деңгейлерiнiң арасында өкiлеттiктердi қайта бөлу процесiмен әзiрленетiн шараларды үйлестiру қажеттiлiгi оның iске асырылуын үш орта мерзiмдi кезеңге негiздейдi:
бiрiншi кезең: 2007 - 2009 жылдар;
екiншi кезең: 2010 - 2012 жылдар;
үшiншi кезең: 2013 - 2015 жылдар.
5. Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары мен тетiктерi
Бағдарламаны iске асыру мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады:
ТЖ алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру;
нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
елдiң АҚ жүйесiн реформалау;
табиғи сипаттағы ТЖ-дан Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын қорғау;
техногендiк сипаттағы ТЖ-дан халық пен аумақты қорғау;
халықты, стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiн террористiк актiлердiң салдарынан қорғау;
ТЖ-ны жоюдың және террорға қарсы қызметтi авариялық құтқарумен қамтамасыз етудiң жедел күштерi мен құралдарын, АҚ күштерiн қалыптастыру, жарақтандыру және дайындау;
мемлекеттiк материалдық резервтi жетiлдiру;
ТЖ мен АҚ саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйесi;
табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-дан сақтандыру;
апаттық медицинаны дамыту;
халықты оқыту мен кадрларды даярлау;
табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ саласындағы мониторинг, ғылымды және жаңа технологияларды дамыту;
ақпараттандыру, байланыс, хабардар ету;
ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қызмет.
Бағдарламаны орындау Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн, оны iске асыру жөнiндегi iс-шаралардың орта мерзiмдi (үш жылдық) жоспарлары арқылы жүзеге асырылатын болады.
Бағдарламаның кешендi iске асырылуы табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-ның алдын алу және оларды жою жөнiндегi мемлекеттiк басқарудың орталық және жергiлiктi органдарының қызметiн үйлестiрудi, сондай-ақ елдiң АҚ жүйесiн реформалауды бiлдiредi.
Бағдарламаның iс-шаралар жоспарларының орындалуы мен белгiленген көрсеткiштерге қол жеткiзу барысын бақылауды Қазақстан Республикасының Үкiметi жүзеге асыратын болады.
5.1. ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою саласындағы мемлекеттiк басқару жүйесiн жетiлдiру
Республикадағы ТЖ басым көпшiлiгi объективтi және жергiлiктi сипатқа ие екендiгi ескерiле отырып, республиканың әрбiр ауданында (қаласында) және облысында осы аумақтағы бар қатерлерге барабар, олардың салдарының алдын алу мен оларды жоюға қабiлеттi, жеткiлiктi жарақтандырылған және жан-жақты дайындалған жүйе құрылатын болады.
Бұл ретте, халықты тиiмдi қорғау үшiн барлық қажеттi жағдайды жасау мақсатында жергiлiктi атқарушы органдар ведомстволық бағынысты аумақтардың табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-ға бейiмдiлігiн, олардың ықтимал ауқымын егжей-тегжейлi бағалауды, қауiптi азайту және олардың салдарын жеңiлдету жөнiндегi iс-шараларды (жеткiлiктi қаржылай қамтамасыз етумен) әзiрлеудi және iске асыруды қамтамасыз етедi, материалдық-техникалық және басқа да ресурстардың жергiлiктi қорларының жеткiлiктi көлемiн жасайды.
Өңiрлiк және ғаламдық сипаттағы ТЖ жою кезiнде салааралық өзара iс-қимылды үйлестiру, iздестiру және авариялық-құтқару жұмыстарының күрделi түрлерiн жүргiзу, жергiлiктi құрылымдардың iс-әрекеттерiне қолдау көрсету үшiн әрқайсысының жауапкершiлiк аймағына бiрнеше облыстың аумағын қоса отырып, Министрлiктiң өңiрлiк орталықтарын құру мәселесiн пысықтау қажет. Министрлiктiң осы орталықтары бiр мезгiлде елдiң АҚ басқару жүйесiнiң өңiрлiк бөлiгi болып табылады.
Мемлекеттiк басқарудың республикалық деңгейiне өңiрлiк және ғаламдық сипаттағы ТЖ-ға ден қоюды үйлестiру (ұйымдастыру), сондай-ақ ТЖ-ның алдын алу жөнiндегi iрi жобаларды (бөгеттердi күшейту, селден қорғау және iрi гидротехникалық құрылыстарды салу) iске асыру бекiтiлетiн болады. Бұл ретте, ТЖ саласындағы уәкiлеттi орган, негiзiнен, стратегиялық функцияларды, өңiраралық үйлестiрудi және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады. Жалпымемлекеттiк мүдделерде ТЖ-ға бiрыңғай мониторинг, жалпы проблемаларды ғылыми зерттеу және ТЖ және АҚ саласындағы мамандарды бiр орталықтан даярлау жүргiзiлетiн болады. Республикалық деңгейде халықаралық құтқару операциялары мен ерекше қауiптi авариялық-құтқару жұмыстары орындалады, мамандандырылған инженерлiк жұмыстар, құтқарушыларды оңалту, ТЖ-дан зардап шеккендерге медициналық көмектің күрделi түрлерiн көpceту жүргiзiледi.
ТЖ және АҚ-ның жергiлiктi, өңiрлiк және республикалық құрылымдары қосарлы ақпарат арналарымен тәулiк бойы бiр-бiрiмен байланыста болады және "электронды Үкiмет" желiсiне шыға отырып, бiрыңғай ақпараттық-басқару компьютерлiк желiсiне бiрiктiрiледi. Бұл қысқа мерзiмде құрылымдардың барабар өзара iс-қимылын көлденеңiнен де (аудандардың, облыстардың бiр-бiрiне көмек көрсетуi) тiгiнен де (бiрiншi кезекте, Министрлiктiң күштерiмен ауданға облыстың, облысқа республиканың көмек көрсетуi) ұйымдастыруға мүмкiндiк бередi.
5.2. Елдiң АҚ жүйесiн реформалау
Елдiң АҚ жүйесi стратегиялық ұтқырлық, ақылға қонымды жеткiлiктiлiк және әмбебаптық қағидаттарына сәйкес реформаланатын болады.
Бағдарламаны iске асырудың бiрiншi кезеңi (2007 - 2009 жылдар) барысында мыналар көзделедi:
АҚ басқару органдарының, күштерiнiң және қызметтерiнiң жүйесiн реформалауды, АҚ саласындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың аумақтық органдарының арасында өкiлеттiктердiң ара жiгiн ажырату процесiн аяқтауды, АҚ әскери бөлiмдерiн келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлермен жасақтау жүйесiне көшудi қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк құжаттарға қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
қалаларды АҚ бойынша топтарға және объектiлердiң санаттылығына байланысты, оның iшiнде жеке қорғануға қажеттi құралдардың, қорғану құрылыстарының, барлау құралдарының және АҚ-ның мұқтаждары үшiн қажеттi басқа да қорлардың санын нақтылау, iрi ТЖ және ықтимал әскери қақтығыстар болған жағдайда зардап шеккен халықтың тыныс-тiршiлiк ету әрекетiн қамтамасыз ету жоспарларын дайындау негiзiнде халық пен аумақты қорғау жөнiндегi АҚ iс-шараларының қажеттi кешенiн әзiрлеу;
батыс өңiрде АҚ әскерлерiнiң құтқару орталығын құру мәселесiн пысықтау;
барлық деңгейдегi жоспарларды қайта әзiрлеу, АҚ басшы қызметкерлерiн АҚ басқару органдары мен құрамаларына бекiту, АҚ басқару жүйесiнiң орнықтылығын арттыру жөнiндегi, оның iшiнде басқару пункттерiнiң, автоматтандырылған кешендер мен ақпарат беру құралдарының сенiмдiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi, ұйымдастыру-техникалық iс-шаралар кешенiн әзiрлеу және iске асыру арқылы АҚ басқару жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыру;
шешiмдер қабылдауды ақпараттық қолдаудың бағдарламалық кешендерiн әзiрлеу және басқарудың барлық деңгейiне енгiзу, АҚ басқару органдарын жеткiлiктi техникалық құралдармен жарақтандыру;
стратегиялық, аса маңызды мемлекеттiк объектiлер мен тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерi құжаттамаларының сақтандыру қорын жасау;
орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн басқарудың жұмылдыру пунктерiн құру;
жеке қорғану құралдары мен АҚ басқа да мүлкiнiң қорларын оңтайлы көлемге дейiн жеткiзу, қауiп кезеңiнде сақтау базасынан қазiргi заманғы зақымдау құралдары неғұрлым ықтимал қолданылатын елдi мекендерге тез ауыстыру жөнiндегi логикалық операциялардың тетiктерiн пысықтау;
басқарудың қосалқы пункттерiне түгендеу жүргiзу және оларды қалпына келтiру мен жаңғырту жөнiндегi техникалық шешiмдердiң кешенiн әзiрлеу;
қорғаныс құрылыстарының (оның iшiнде, қорғаныс құрылыстарына қайта жабдықтауға болатын жер асты қоймаларының және үй-жайлардың, метроның) жай-күйiне тұрақты мониторинг ұйымдастыру, оларды жөндеудi және қазiргi заманғы талаптарға сәйкес қайта жабдықтауды жүзеге асыру;
халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн маңызды объектiлердiң тiзбесiн қалыптастыру және оларды паспорттауды жүргiзу;
зардап шеккендердiң уақытша тұру лагерлерiн орналастыру бойынша жабдықталған алаңдарды жасау және ықтимал iрi ауқымды ТЖ жағдайына халықтың тыныс-тiршiлiгiн бiрiншi кезекте қамтамасыз ететiн құралдардың қорын жинау.
Екiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар) мыналар жоспарланады:
АҚ жоспарларын, хабардар ету және ТЖ объектiсiнен бастап қоса алғанда уәкiлеттi органға дейiнгi өзара iс-қимыл жоспарларын әзiрлеудi аяқтау;
республиканың батыс өңiрiндегi АҚ әскерлерiнiң құтқару орталығын техникамен және жабдықпен жарақтандыруды аяқтау;
АҚ әскери бөлiмдерiн келiсiм-шарт бойынша әскери қызметшiлермен жасақтауды жалғастыру;
АҚ-ның қазiргi бөлiмдерiн осы заманғы техникамен және жабдықпен жарақтандыруды жалғастыру;
жергiлiктi атқарушы органдарда АҚ-ның ұтқыр басқару пункттерiн құруды аяқтау;
АҚ басқару органдарына шешiмдердi ақпараттық қолдаудың бағдарламалық кешендерiн және неғұрлым маңызды объектiлерге арналған құжаттаманы сақтандыру қорын енгiзудi жалғастыру;
жеке қорғаныс құралдарының, барлау құралдары мен АҚ-ның басқа да мүлкiнiң жеткiлiктi қорын жасауды аяқтау;
бiрiншi кезекте тыныс-тiршiлiктi қамтамасыз ету құралдарының қорларын жасауды және ықтимал ТЖ кезiнде зардап шеккен халыққа арналған мүмкiн болатын лагерлер құру үшiн жабдықталған алаңдарды дайындауды аяқтау.
Бағдарламаны iске асырудың үшiншi кезеңiнiң барысында (2013 - 2015 жылдар) мыналар көзделедi:
АҚ басқару органдары мен күштерiнiң оқып-үйренуi мен жаттығуларын компьютерлiк жүргiзу жүйесiн құру;
нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк құжаттарға қажеттi өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
АҚ құрамаларын кезең-кезеңмен жарақтандыру бағдарламасын қабылдау;
соғыс уақытында тез тұрғызылатын баспаналарды салудың үлгi жобалары мен жоспарларын әзiрлеу;
белгiленген нормативтерге дейiн АҚ-ның құтқару орталықтары мен қайта қалыптасатын әскери бөлiмдерiн қазiргi заманғы техникамен және жабдықпен толық жарақтандыру;
АҚ басқару пункттерiн АҚ бастықтары қабылдаған шешiмдердi ақпараттық қолдаудың бағдарламалық кешендерiмен және неғұрлым маңызды объектiлерге арналған құжаттаманы сақтандыру қоры бар жұмыс аппаратурасымен жарақтандыру.
5.3. Қазақстан Республикасының халқы мен аумағын табиғи сипаттағы ТЖ-дан қорғау
Мынадай: ғимараттар мен құрылыстардың сейсмикалыққа қарсы орнықтылығын күшейту, гидроқұрылыстар сенiмдiлiгiн арттыру, селге қарсы, қар көшкiнiне қарсы, сырғымаға қарсы құрылыстар мен жағалауды қорғау құрылыстарын салу сияқты инженерлiк iс-шараларды жүргiзу табиғи сипаттағы ТЖ алдын алу мен оған дайындықты қамтамасыз ету қызметiнiң басты басымдығы болып табылады. Жобалау және құрылыс-монтаж жұмыстарының кешенiн орындау үшiн мамандандырылған ұйым құру болжанады. Сондай-ақ ТЖ мен АҚ-ның алдын алу саласындағы тиiстi нормативтiк құжаттарды әзiрлеу белгiленген.
Қауiптi аумақтарда құрылыс салуға тыйым салу мен қауiп аймағынан тұрғындарды көшiру шаралары қабылданатын болады, дүлей зiлзалалардан заңды және жеке тұлғаларды ерiктi сақтандыруды дамытуға мемлекеттiк қолдау көрсетiледi.
Қиратушы жер сiлкiнiстерiнен халықты қорғау жөнiндегi мәселелерге ерекше көңiл бөлу жоспарлануда. Ғимараттарды сейсмикалыққа қарсы күшейтумен қатар жер сiлкiнiстерiн болжау бойынша жаңа тәсiлдер мен әдiстердiң негiзiнде ғылыми зерттеулер жүйесi дамитын, қадағалау желiсi кеңейтiлетiн, халықты хабардар етудiң автоматтандырылған жүйесi құрылатын, олардың материалдық-техникалық базасын және штат санын нығайту, кәсiби шеберлігін жетiлдiру арқылы республиканың әрбiр сейсмикалық қауiптi өңiрiнде барлық авариялық-құтқару күштерiнiң жедел дайындығы арттырылатын болады.
ТЖ мониторингi бiрыңғай жүйесiнiң құрамында Қауiптi табиғи құбылыстар мониторингiнiң орталығын құру, мониторинг нәтижелерiн сандық өңдеу үшiн деректердi дереу беретiн автоматтандырылған қадағалау пункттерiн енгiзу белгiленiп отыр.
Аса қауiптi инфекциялардың табиғи ошақтарында тұратын және жұмыс iстейтiн халықты вакцина салумен қамту қамтамасыз етiлетiн болады, ветеринарлық қызметтiң және шекарадағы ветеринарлық бақылау бекеттерiнiң жұмысын жақсарту жөнiнде iс-шаралар жүргiзiледi. Мемлекеттiк шекарадағы санитарлық-карантиндiк бекеттерiнiң жұқпалы аурулардың алдын алу мен оларға қарсы күрес, оларды, оның iшiнде құс тұмауын сырттан әкелiнуiнiң алдын алу бойынша жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру болжанып отыр.
5.4. Халықты және аумақты техногендiк сипаттағы ТЖ-дан қорғау
Халықты және аумақты техногендiк сипаттағы ТЖ-дан қорғау мақсатында бағдарламада мыналар көзделедi:
мониторинг жүйесiн дамыту және техногендiк аварияларды болжау;
өнеркәсiптiк қауіпсiздiктi қамтамасыз етуде өндiрiстiк бақылаудың рөлiн арттыру, мемлекеттiк бақылауды жетiлдiру және дамыту;
өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi басқаруда машиналар мен жабдықтардың республиканың нормалары мен талаптарына сәйкестiгiн растау тетiктерiн, басшылар мен персоналдарды даярлау мен аттестаттауды тиiмдi пайдалану;
қауiптi өндiрiстiк объектiлер қауiпсiздiгiн декларациялау рәсiмдерiнiң мiндеттiлiгiн қамтамасыз ету, бұл жұмысқа жергiлiктi атқарушы органдарды белсендi түрде тарту;
өндiрiстердi жаңғыртуға, қауiптi өндiрiстiк объектiлердi дамытуға және техникалық қайта жарақтандыруға жәрдемдесу;
бiрiншi кезекте Каспий теңiзiнiң жағалауындағы су астында қалған учаскелердегi ұңғымаларды жою және консервациялау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын бақылау;
өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында мемлекеттiң бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатын және қоғамдық сананың жаңа деңгейiн әзiрлеу;
өртке қарсы қызметтiң ұйымдастырушылық қағидаттары мен техникалық құралдарын жетiлдiру.
ТЖ саласындағы уәкiлеттi орган орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдар мен кәсiпорындар басшыларының:
ықтимал техногендiк ТЖ-ның сценарийлерiн болжау және техникалық қатерлердiң республикалық, аумақтық, объектiлiк болжау карталарын жасау;
экономика салаларында және аумақтық белгiсi бойынша мониторинг және техникалық қауiп-қатерлердi басқару жүйелерiн құру;
басқару процестерiн бағдарламалық қамтамасыз етудi қалыптастыру және ақпараттық қамтамасыз етудi дамыту, ТЖ саласындағы техникалық қатерлердi болжау және олардың мониторингi;
трансшекаралық салдарымен техногендiк ТЖ-ның алдын алу жөнiндегi мемлекеттiк реттеу жүйесiн дамыту;
техикалық реттеу және өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк қорын қалыптастыру;
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгi саласында техникалық реттеу жүйесiн құру және дамыту;
көлiктегi қауiпсiздiктiң қажеттi деңгейiне қол жеткiзу бойынша кешендi шаралар жүргiзу;
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгi саласындағы мемлекеттiк бақылау жүйесiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру жөнiндегi iс-шараларды үйлестiредi.
Республикадағы өрт жағдайын тұрақтандыру, олардың санын азайту, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзушi объектiлердегi өрт қауiпсiздiгiнiң жоғары деңгейiн ұстау мақсатында Бағдарламада мыналар көзделедi:
жобалау, құрылыс салуға жер учаскелерiн бөлу кезiнде, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезiнде өрт қауiпсiздiгiнiң нормалары мен ережелерiн сақтауды қамтамасыз ету;
республиканың өрт сөндiру қызметiнiң кадрлық құрамын және материалдық-техникалық базасын күшейту.
Республиканың мемлекеттiк орман қорының өртке қарсы жай-күйiн жақсарту мақсатында алдын алу iс-шаралары кешенi iске асырылады. Орман алқаптарына жақын тұратын жергiлiктi халықтың қатарынан ерiктi өрт сөндiру құрамалары ұйымдастырылады, қашықтықтан барлаудың ғарыштық жүйесiн пайдалана отырып, ормандардың өрт қауiпсiздiгiнiң мемлекеттiк мониторинг жүйесi құрылды.
Дала өрттерiнiң санын азайту үшiн егiс жұмыстарын жүргiзу кезiнде шаруа қожалықтарының өрт қауiпсiздiгi ережелерiн орындауларын бақылауды қатайту жөнiнде шаралар қабылданады.
Техногендiк сипаттағы ТЖ-дан халық пен аумақты қорғау саласындағы негiзгi мақсаттарға қол жеткiзу мен басты мiндеттердi шешудiң мынадай дәйектiлiгi көзделедi:
1-кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласында нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны дамыту және жетiлдiру;
қазiргi заманғы техникалық және технологиялық талаптарды ескере отырып, өнеркәсiптiк қауiпсiздiк, техногендiк ТЖ-ның алдын алу саласындағы техникалық регламенттер мен ережелердi әзiрлеу;
сертификаттау, аккредиттеу, басшылар мен қызметшiлердi даярлау мен аттестаттау, қауiптi өндiрiстiк объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн сақтандыру рөлiн арттыру;
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде өндiрiстiк бақылау мен қоғамдық үкiметтiк емес ұйымдардың рөлiн арттыру;
қауiптi өндiрiс объектiлерiнiң жұмыс iстеу қауiпсiздiгiн декларациялау рәсiмдерiн жетiлдiру.
2-кезенде (2010 - 2012 жылдар):
техникалық қатерлердi басқару, болжау және мониторингiлеу процестерiн бағдарламалық әзiрлеу және ақпараттық қамтамасыз етудi дамыту;
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгi саласындағы техникалық реттеу жүйесiн одан әрi дамыту;
техногендiк, оның iшiнде трансшекаралық салдары бар ТЖ-ның алдын алу мен олардан қорғану мәселелерiн халықаралық реттеу жүйесiне бiрiктiру;
3-кезеңде (2013 - 2015 жылдар):
ықтимал техногендiк ТЖ сценарийлерiн ғылыми негiзде болжау және техникалық қатерлердiң республикалық, аумақтық, объектiлiк болжау карталарын жасау;
техногендiк, оның iшiнде трансшекаралық салдары бар ТЖ-ның алдын алу мен олардан қорғану мәселелерiн халықаралық реттеу жүйесiне бiрiктiру бойынша iс-шаралар жүргiзiлетiн болады.
5.5. Террористiк актiлердiң салдарынан халықты қорғау
Болуы мүмкiн терроризм актiлерiне және экстремизмге дайындықты қамтамасыз ету мақсатында террористiк құрамалар мен олардың элементтерiнің әрекеттерi үшiн ықтимал мақсаттары болып табылатын объектiлерi бойынша бiрiктiрiлген дерекқорды құру болжанып отыр. Мұндай объектiлердi мүмкiн болатын қасақана қиратуға жедел ден қою үшiн құтқару және авариялық-қалпына келтiру жұмыстарының электронды жоспарларын құра отырып, осы ТЖ салдарынан туындайтын компьютерлiк моделдер әзiрленетiн болады.
Террорға қарсы қызметтi тиiмдi авариялық құтқарумен қамтамасыз ету мақсатында бағдарламада мыналар көзделедi:
басқару және хабардар ету жүйелерiн жетiлдiру, инженерлiк, радиациялық, химиялық және медициналық-биологиялық қорғану iс-шараларын iске асыру;
террористiк актiлер қаупi кезiнде және олардың салдарын жою кезiнде авариялық-құтқару күштерi мен құралдарын жедел орналастырудың тиiмдi жүйесiн құру;
құтқарушыларды дайындау жүйесiне (шетелде оқытуды қоса алғанда) терроршылар қазiргi заманғы зақымдау құралдарын қолданған жағдайда iс-қимыл жасауға үйретудi енгiзу;
террористiк актiлердiң салдарын жою кезiнде Министрлiктiң басқару қызметтерi мен органдарының басқа әлуеттi құрылымдармен тұрақты өзара iс-қимылдарын пысықтау.
5.6. ТЖМЖ-нiң жедел күштерiн құру, жарақтандыру және дайындау
Материалдық және қаржылық шығындарды барынша азайту үшiн жергiлiктi жерлерде, оның iшiнде өрт сөндiру бөлiмдерi мен бөлiмшелерiнiң негiзiнде олардың ғимараттарын, құрылыстары мен техникалық базаларын пайдалана отырып, Министрлiктiң авариялық-құтқару қызметтерiн құру жоспарлануда. Бұл мақсаттар үшiн оларды мамандандырылған техникамен, керек-жарақпен жарақтандыру, өрт сөндiрушiлердi құтқарушылар мен парамедиктердiң дағдыларына оқып-үйрету қажет.
Республика аумағындағы нақты жағдайлар мен мүмкiндiктерге байланысты жергiлiктi сипаттағы ТЖ-ға ден қоюдың жеделдiгiн арттыру үшiн жеке құрамын авариялық-құтқару, оның iшiнде суда құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргiзу бойынша iс-қимыл жасауға үйрете отырып жергiлiктi атқарушы органдардың ұтқыр инженерлiк қорғау жасақтарын құру көзделедi.
Жедел-құтқару қызметкерiнiң республиканың барлық аумағында бiрыңғай телефон нөмiрi болады.
Министрлiктiң жедел-құтқару күштерi мен құралдарын, олардың жоғары және аса күрделi авариялық-құтқару жұмыстарын орындау, шалғай және баруы қиын жерлерде зардап шеккендердi iздестiру, сондай-ақ халықаралық iзгiлiк акцияларына қатысу бағытында дамыту белгiлендi. Мұндай функцияларды орындау үшiн олар мамандандырылған техникамен және керек-жарақпен жарақтандырылады, жоғары бiлiктi кадрлармен толықтырылады. Қарапайым iздестiру-құтқару топтарымен қатар олардың құрамына радиациялық-химиялық, сүңгуiр, кинологиялық бөлiмшелерiн енгiзу жоспарлануда. Күштер мен құралдарды ТЖ болған жерлерге уақтылы жеткiзу үшiн жедел-құтқару жасақтары мамандандырылған тiкұшақтармен жарақтандырылады. Орманды және далалық аудандарда Министрлiктiң жедел-құтқару күшiн де өрт сөндiретiн тiкұшақтармен және ұшақтармен жарақтандыру болжанады.
Өртке қарсы қызметтiң тиiстi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету үшiн өртке қарсы қызметтiң жеке құрамының санын кезең-кезеңмен ұлғайту (әсiресе селолық елдi мекендерде), қосымша бөлiмшелер құру және өрт сөндiру депосының құрылысын салу (нормативтiк құжаттармен регламенттелетiн бөлiмшелердiң шығу радиусына сәйкес), авариялық-құтқару жабдығымен, сондай-ақ негiзгi, арнайы және көмекшi өрт сөндiру техникасымен (оның iшiнде мұнай ұңғымаларындағы өрттердi сөндiруге арналған) жарақтандыру жөнiндегi кешендi шараларды iске асыру жоспарлануда.
Өртке қарсы қызметi жоқ дала алқаптары мен шалғай селолық елдi мекендерде 523 тiрек пункттерiн құру арқылы өрттердi сөндiрудi ұйымдастыру жөнiндегi мәселенi шешу болжанып отыр.
Өрттердi сөндiрудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында аз қайталама шығындар келтiретiн өрт сөндiру құралдары пайдаланылады. Елдi мекендерде сыртқы өрт сөндiру су құбырларын техникалық жарамды күйге келтiру жөнiнде шаралар қабылданады.
Кемелердегi, танкерлердегi, паромдардағы, платформалардағы болуы мүмкiн өрттер мен аварияларды ойдағыдай жою және адамдар мен жабдықтарды құтқаруды ұйымдастыру, мұнай өндiру және оны тасымалдау орындарында мұнай өнiмдерi төгілген жерлердi қоршау үшiн, апатқа ұшыраған әуе және теңiз кемелерiн iздестiру және құтқару, арнайы суасты техникалық жұмыстарын жүргiзу үшiн әртүрлi сыныптағы тиiстi кемелермен және авариялық-құтқару және өрт-техникалық қарулармен жарақтандыра отырып, мамандандырылған теңiз авариялық-құтқару жасағын құру болжанады.
Бұдан басқа, әртүрлi ТЖ-ны жою және өзен айдындарында адамдарды құтқару жөнiндегі мiндеттердi ойдағыдай шешу мақсатында жедел күштердi тез жүретiн катерлермен, сүңгуiр және басқа да жабдықпен жарақтандыру көзделедi.
Тау-кен құтқару, газдан құтқару, атқыламаға қарсы қызметтердiң жауынгерлiк дайындығын дамыту және арттыру, қолда бар әлеуеттi орталықтандыру, орындалатын жұмыстар аясын кеңейту, аумақты және халықты ТЖ-дан қорғау жөнiндегi мiндеттердi орындауға жұмыстардың бұл түрлерiне мемлекеттiк тапсырысты енгiзу арқылы оларды тарту негiзiнде жүзеге асырылады. Осы кеңейтiлген функцияларды орындау үшiн олардың материалдық-техникалық базасын нығайту белгiлендi.
Ғимараттар мен құрылыстарды салу, қайта жаңғырту және күрделi жөндеу арқылы ТЖ-ға шұғыл ден қою күштерiнiң әкiмшiлiк-қызметтiк қорының жай-күйi жақсартылатын болады.
Қазiргi заманғы құтқару құралдарымен жарақтандыра және тиiстi станцияларды сала отырып су-құтқару қызметтерiн одан әрi дамыту болжанып отыр.
Бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдар) республиканың өрт сөндiру қызметтерiнiң, кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрылымдарының табиғи және техногендiк ТЖ-ның терiс салдарын, соның iшiнде радиоактивтiк, химиялық, биологиялық зақымдануды жоюға жедел дайындығын арттыру, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту, құтқарушыларды әлеуметтiк қорғау және сақтандыру жөнiндегi iс-шаралар iске асырылатын болады. Қауiптi өндiрiстiк объектiлердегi авариялардың алдын алу жөнiндегi әскерилендiрiлген авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары жүргiзетiн алдын алу жұмыстарының деңгейiн едәуiр арттыру белгiлендi.
Екiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар) АҚ-тың өрт сөндiру қызметтерi, кәсiби авариялық-құтқару қызметтерi мен құрамалары, әскери бөлiмдерi жоғары және аса күрделi жұмыстарды, сондай-ақ халықаралық iзгiлiк акцияларын орындау үшiн дайындалған жоғары бiлiктi мамандармен толықтырылады, мамандандырылған тiкұшақтармен және жаңа техникамен жарақтандырылады.
Үшiншi кезеңде (2013 - 2015 жылдар) ТЖМЖ жедел ден қою күштерiн жетiлдiру жөнiндегi жоғарыда аталған барлық iс-шараларды аяқтау жоспарланады.
5.7. Мемлекеттiк материалдық резерв жүйелерiн жетiлдiру
Мемлекеттiк материалдық резервтер жүйесiн дамытудың басты бағыты оны iрi ауқымды ТЖ туындаған жағдайдағы азаматтық халықтың мұқтаждарына, көшi-қон процесiнде болатын жаңа экономикалық және әлеуметтiк-саяси жағдайларға сәйкес келтiру болады.
Бұл мақсаттар үшiн номенклатура және материалдық құндылықтарды сақтау көлемi, сақтау базаларының құрылымы және географиялық орналасуы қайта қаралатын болады.
Тауар материалдық құндылықтарды қалыптастыру және сақтау рәсiмдерiн жақсарту, сақтау базаларынан шығарудың процестерiн жеделдету үшiн оларды қалыптасқан азаматтық-құқықтық қатынастар жүйесiне бейiмдеу, бұл рәсiмдердi халықаралық сапа стандарттарының жүйесiне ауыстыру; қазiргi заманғы ақпараттандыру және байланыс құралдарын енгiзе отырып, мемлекеттiк материалдық резервтi есепке алу мен бақылаудың республикалық автоматтандырылған жүйесiн құру, оның жұмысының нормативтiк құқықтық базасын жетiлдiру болжанады.
Жергiлiктi атқарушы органдардың шұғыл резервтерiнiң көлемi арттырылады және номенклатурасы сол немесе басқа аумақтағы болуы мүмкiн жергiлiктi ауқымдағы аварияларды, апаттар мен дүлей зiлзалаларды жою жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуi үшiн жеткiлiктi мөлшерге дейiн кеңейтiледi. Оларды сақтау мемлекеттiк материалдық резервтiң жақын жатқан базасында ұйымдастырылады. Бұл ретте, жергiлiктi резервтердi пайдалануды тиiстi аумақтық бiрлiктерi әкiмдерiнiң шешiмдерi бойынша ғана жүзеге асыру белгiлендi.
Сондай-ақ зардап шеккен халықты кiдiрiссiз (1-2 тәулiк iшiнде) қамтамасыз ету үшiн қажеттi Министрлiктiң жедел резервiн құру бойынша нормативтiк құқықтық негiз әзiрлеу жөнiндегi шаралар қабылданатын болады.
Министрлiктiң Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетi "Резерв" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының сақтау филиалдарын аумақтарға орналастыруды оңтайландыру жүргiзу жоспарлануда. Республиканың батыс, оңтүстiк батыс өңiрлерiнде филиалдардың құрылысын салу жүзеге асырылады. Жұмыс iстеп жатқан сақтау филиалдарын қайта құру және жаңғырту болжанады.
Пайдалану шығыстары аз қазiргi заманғы экологиялық қауiпсiз сақтау технологиялары енгiзiлетiн, ал сапа зертханалары, менеджмент және еңбек қорғау жүйелерi ИСО 9000 және 14000 сериялы халықаралық стандарттарға сәйкестендiрiледi. Сақтау базаларының қауiпсiздiк және тiршiлiк ету жүйелерi олардың дербес жағдайда үздiксiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етедi. Бақылау датчиктерiнен алынған және рұқсат берiлмеген iс-қимылдардан қорғанудың бiрнеше дәрежесi бар деректердi бiр рет енгiзу қағидаты бойынша жұмыс iстейтiн есепке алудың автоматтандырылған жүйесi құрылатын болады.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс, Iшкi iстер министрлiктерiнiң және қылмыстық-атқару жүйесiнiң мекемелерi мен ұйымдарын мемлекеттiк материалдық резервтер базаларынан шығарылатын тамақ өнiмдерiмен, дәрi-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен жабдықтауды жүзеге асыру болжанады. Бұл сұраныс пен ұсыныстардың нарықтық және маусымдық ауытқуларына қарамастан мемлекеттiк бюджет үшiн ең төменгi қаржы шығындарымен мемлекеттiк резервтегi олардың қорларына уақтылы жаңарту жүргiзуге мүмкiндiк бередi.
Осы шаралардың барлығы мемматрезерв қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасы мен әдiстемелiк қамтамасыз етiлуiн жетiлдiрумен бiрге жүргiзiлетiн болады.
5.8. ТЖ және АҚ саласындағы бақылау және рұқсат беру жүйесi
ТЖ және АҚ саласындағы бақылау жүйесiн жетiлдiру мақсатында мынадай iс-шараларды iске асыру көзделедi:
өнеркәсiп, өрт қауiпсiздiгi және АҚ саласындағы бақылау қызметiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
ТЖ және АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң отандық базасын құру;
ТЖ және АҚ саласындағы салалық ғылыми-зерттеу орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту;
су асты техникалық жұмыстары, өнеркәсiптiк су шаруашылығы құрылыстарын пайдалану, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың пайдалануындағы ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жай-күйi саласына, тұрғын үйлер мен коммуналды-тұрмыстық ұйымдарда газды пайдалануға бақылау орнату;
инспекторлық құрамның штат санын тиiстiлiк нормаларына дейiн жеткiзу;
өндiрiсте және тұрмыста азаматтық халықты өрт қауiпсiздiгi шараларына оқыту;
барлық меншiк нысандарындағы ұйымдардың өрт қауiпсiздiгi нормалары мен ережелерiн, оның iшiнде объектiлердi жобалау мен құрылысы аяқталғанда пайдалануға қабылдау кезiнде сақтауына, объектiлерде өртке қарсы қызметтердiң құрылуына жүзеге асырылатын бақылаудың деңгейiн арттыру;
алдын алу жұмыстарын одан әрi жетiлдiру, оны жүргiзудiң жаңа нысандары мен әдiстерiн iздестiру.
5.9. Табиғи және техногендiк сипаттағы TЖ-дан сақтандыру
Бағдарламаны iске асыру барысында ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою аясындағы сақтандыру саласында нормативтiк құқықтық база жетiлдiрiлетiн және осы бағыттағы ерiктi сақтандыруды дамыту жөнiнде шаралар қабылданатын болады. Осының нәтижесiнде мемлекеттiң зардап шеккендерге уақытша баспана, азық-түлiк пен бiрiншi кезекте қажеттi тауарларды беру жөнiндегi кепiлдiктердi ғана қалдырып, тұрғын үй және қаржылай көмектi өтеусiз беру практикасынан арылу мүмкiндiгi туындайды, бұл өз кезегiнде халықтың арасында ерiктi сақтандыруды дамытуға ынталандыру болып табылады.
Сақтандыру сомасын объективтi белгiлеу үшiн ықтимал әсер ету аймағын, азаматтардың өмiрiне, мүлкiне және қоршаған ортаға қатерлiгін сандық өлшемдерiн айқындай отырып, ТЖ туындау тәуекелiн бағалау жүйесiн әзiрлеуге қатысты мәселелер шешiледi.
Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ қатерлерiнен адамдардың өмiрiн, денсаулығы мен мүлкiн сақтандыру жөнiндегі сақтандыру ұйымдарының қызметiне аса қолайлылық режимiн жасау мақсатында тиiстi шараларды әзiрлеу жоспарлануда. Сонымен қатар, мемлекеттiк органдардың халық пен кәсiпкерлер үшiн мұндай сақтандырудың сөзсiз пайдасы туралы кеңiнен насихаттың науқанды жүргiзуi мүмкiндiктерi қарастырылады.
ТЖ-ны жоюға тартылатын құтқарушылар мен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау жөнiндегi заңнамалық нормаларды iске асыру, олардың өмiрi мен денсаулығын сақтандыру жөнiндегi мәселелердi шешу белгiлендi. Бұл құтқарушылардың бiлiктi кадрларын сақтауда айтарлықтай рөл атқарады.
Бағдарламаны iске асыру кезiнде құрылыс салу, пайдаланудағы ғимараттарды қайта жаңғырту және күшейту кезiнде үй құрылысын салушылардың нормаларды, оның iшiнде сейсмикалық орнықтылықты сақтаудағы жауапкершiлiгiн күшейтетiн шаралар, сондай-ақ олардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру көзделетiн болады.
Көрсетiлген iс-шараларды жүзеге асыру нәтижесiнде ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою жүйесiндегі мiндеттi және ерiктi сақтандыру жүйесi күшейтiледi.
5.10. Апаттық медицинаны дамыту
Ақылға қонымды жеткiлiктiлiк қағидатын басшылыққа ала отырып, апаттық медицина қызметi құрылымдарын сол немесе өзге де аумақтарға тән ТЖ қатерлерiне сәйкес келтiрумен ұтымды пайдалану белгiленедi.
Апаттық медицина қызметi жұмысының нормативтiк құқықтық және ғылыми базасы жетiлдiрiледi, материалдық-техникалық, оның iшiнде зертханалық және кадрлық әлеует нығайтылды, оның диспетчерлiк қызметi орталықтандырылады, медициналық қорлар құру мен оны пайдалану, шұғыл медицина мамандарын дайындау, оны құқықтық қамтамасыз ету проблемалары шешiледi.
Жұмыс iстеп тұрғандарын нығайту және Алматы, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында және Алматы қаласында AMO құру жоспарлануда.
БЖ аймағында зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жеделдiгiн арттыру үшiн АМО-ны ТЖ саласындағы уәкiлеттi органның құрылымына ауыстыру мүмкiндiгiн пысықтау көзделедi.
Сонымен қатар, бағдарламаны iске асыру кезiнде:
апаттық медицина ұйымдары мен құрамаларын авариялық-құтқару қызметiнiң құрамына қосу;
500 адамға арналған орталық ұтқыр госпиталiн, 300 адамға арналған далалық жылжымалы госпиталiн және тәулiгiне 300 зардап шеккендерге арналған темiр жол госпиталiн ашу;
АҚ және ТЖ көлiк қызметiнiң санитарлық-көлiктiк бөлiмшелерiн қалыптастыру жүйесiн құру;
АҚ және ТЖ медициналық құрамаларына бақылауды ұйымдастыру;
гуманитарлық ЖОО студенттерi қатарынан АҚ және ТЖ медицина қызметкерлерiн даярлау жүйесiн құру;
ерiктi санитарлық дружиналарды даярлау және оларды ТЖ жұмыстарына тарту жүйесiн құру;
ЖОО-да және дипломнан кейiнгi дәрiгерлiк және провизорлық құрамды дайындау факультеттерiнде апаттық медицина кафедрасын ұйымдастыру мәселелерiн шешу белгiлендi.
5.11. Халықты оқыту және кадрлар даярлау
Қауiпсiз мiнез-құлықтың жаңа таптаурындарын әзiрлеу азаматтардың ТЖ-ның алдын алу мен оларды жоюға ерiктi қатысуын сезiнуiнiң қажеттiлiгiн ескере отырып, халықты оқыту және даярлау ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн қайта құру қажет.
Бұл мақсаттарда насихаттық жұмыс жүргiзудiң әдiстерi мен тәсiлдерiн қайта қарау және халықты ТЖ кезiнде өзiн-өзi ұстау мен iс-қимыл жасау ережелерiне оқытып-үйрету, халықты бағдарламалар, хабарлар, репортаждар топтамаларын жасау арқылы оқытып-үйретуде бұқаралық ақпарат құралдарының мүмкiндiктерiн кеңiнен пайдалану, терроризмнiң қаупi мен ол туындаған кезде өзiн-өзi ұстау ережелерiн оқытып-үйретуге назар аударуды күшейту, қоғамдық ұйымдардың ТЖ алдын алу мен оларды жоюға қатысуы үшiн жағдай жасау қажет.
ТЖ мен АҚ саласында жоғары бiлiктi кадрларды тиiмдi даярлау үшiн басқару органдарын, АҚ әскерлерiн, өрт сөндiру және iздестiру-құтқару құрамаларын тиiстi мамандармен кепiлдi толықтырумен қамтамасыз етуге қабiлеттi оқытудың бiрыңғай жүйесiн құру қажет.
Бұл мiндеттердi шешу мыналарды көздейдi:
кадрлар даярлаудың көп деңгейлi жүйесiн құру және дамыту;
оқыту процесiн ұйымдастырудың осы заманғы әдiстемелерiн пайдалану және оқитындардың бiлiм деңгейiне тиiмдi бақылау жүргiзу;
ТЖМЖ басқару органдары, өрт сөндiру-құтқару қызметтерi, АҚ әскерлерi, Министрлiктiң iздестiру-құтқару құрамалары мен ұйымдары үшiн тыңдаушылармен бiлiм беру мекемелерiн толықтыруды жүзеге асыру.
Кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiне әрбiр маманның белсендi қызмет жасауы кезеңiнде ұдайы бiлiктiлiгiн арттыра отырып, үздiксiз, көп жоспарлы және кешендi сипат беру қажет. ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою саласында мамандар даярлау бойынша шетелдiк оқу орындарымен ынтымақтастықты дамыту қажет.
Халықты оқыту мен кадрлар даярлаудың бiрыңғай жүйесiн жетiлдiру және құру үшiн мыналар көзделедi:
Бiрiншi кезеңде (2007 - 2009 жылдар):
кәсiптiк мектептердiң, колледждердiң және ЖОО-ның Мемлекеттiк жалпы бiлiм беру стандарттарының оқу компонентiне "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгi" пәнiн енгiзу;
қоғамдық балалар-жасөспiрiмдер қозғалыстарын дамытуға, қызметi жастарды ТЖ iс-әрекеттерiне неғұрлым терең дайындауға бағытталған жазғы дала лагерьлерiн құруға қауiпсiз тiршiлiк етудiң практикалық дағдыларын игеруге, зардап шеккендердi iздеу, құтқару және оларға көмек беруге қолдау көрсету;
терроризмнiң қаупi мен көрiнiстерi кезiнде халықты өзiн-өзi ұстау ережесiне оқытудың нормативтiк базасын әзiрлеу;
Министрлiктiң Көкшетау техникалық иңститутының базасында ТЖ саласында мамандарды даярлау және қайта даярлау үшiн Азаматтық қорғаныс академиясын құру.
Екiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар):
даярлау жүйесiне қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды кеңiнен енгізу, ТЖ-да өзiн-өзi ұстау дағдыларын жетiлдiру бойынша және Интернет жүйесiн не жергiлiктi компьютер желiлерiн пайдалана отырып, "қашықтан" оқыту үшiн оқыту бағдарламаларын, компьютерлiк ойындар мен тренажерлар әзiрлеу;
газеттер мең журналдардың беттерiне жаңа айдарлар енгiзу, мерзiмдi басылымдар санын ұлғайту, телехабарлары бағдарламасына ТЖ кезiнде өзiн-өзi ұстау және iс-әрекет жасау ережелерiн оқытып-үйрететiн бағдарламалардың, хабарлардың, репортаждардың жаңа топтамаларын енгiзу;
Yшiншi кезеңде (2013 - 2015 жылдар) бұл салада әлемдік стандарттардың деңгейiне жету үшiн жоғарыда аталған халықты оқыту мен кадрлар даярлау жүйесiнiң элементтерiн жетiлдiру және үйлестiру болжанады.
5.12. Табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ саласындағы мониторинг, ғылым мен жаңа технологияларды дамыту
Республикада ғылыми-техникалық прогрестiң осы заманғы талаптары мен деңгейiне жауап беретiн ТЖ-ның ғылыми зерттеулерi мен мониторингiн тақырыптық қамту кеңейтiледi, елдiң ТЖМЖ-сi мен АҚ жүйелерiнiң практикалық қажеттiлiктерiмен олардың байланыстары нығайтылады.
Осыған байланысты, осы Бағдарламаның шеңберiнде ТЖ мен АҚ саласындағы жалпы проблемаларға ғылыми зерттеулер жүргiзу, осы мақсаттарда Министрлiк жүйесiнде арнайы ғылыми орталық құру белгiлендi.
Сейсмикалық қауiптiлiктi зерттеу мен оның мониторингi саласында республиканың сейсмологиялық мониторинг желiсi кеңейтiледi, республиканың аумағын егжей-тегжейлi сейсмикалық аудандарға бөлу картасы құрастырылды, жер сiлкiнiсiн қысқа мерзiмдi болжаудың тиiмдi әдiстерiн iздестiру күшейтiлдi, жоғары дәлдiктi геодезиялық қадағалауларды, жер қабатының қазiргi заманғы қозғалыстарын басқа да зерттеулердi қолдана отырып, мұнай мен газды қарқынды өндiру аймағындағы техногендi жер сiлкiнiстерiнiң туындау қаупiн зерттеу жалғастырылды.
Қауiптi табиғи құбылыстарға негiзделген ТЖ қауiптерiне ғылыми бағалау және олардың қалыптасу шарттары бойынша Қазақстан аумағын аймаққа бөлу жүргiзiлетiн болады. Қауiптi табиғи кұбылыстар болжамдарының сапасы мен жеделдiгiн тиiсiнше арттыра отырып, оның процестерiне автоматтандыруды енгiзумен табиғи сипаттағы ТЖ мониторингiн сапалы жетiлдiру көзделедi.
Техногендiк ТЖ-ның тиiмдi алдын алу мақсатында оларды болжаудың осы заманғы әдiстемесi пайдаланылады, радиациялық, химиялық, бактериологиялық қауiптiлiк мониторингi ұйымдастырылады, радиоактивтi материалдарды жинауды, қабылдауды, сақтауды, тасымалдауды және пайдаға асыруды бақылау күшейтiледi. Ғимараттар мен құрылыстардың конструкцияларының жай-күйiн және қирау қаупiн бағалау бойынша ұтқыр диагностикалық кешендердi енгізу көзделедi.
Қазақстан Республикасының барлық аумағы үшiн қадағалау ТЖ жағдайын бақылау және болжау қызметтерiн тиiсiнше дамытумен табиғи және техногендiк қауiптiлiктiң бiрыңғай мониторингiн ұйымдастыру жөнiнде шаралар қабылдау белгiлендi, мұнда басты рөл ғарыштан Жер бетiн қашықтықтан барлау, бiр мезгiлде бiрыңғай ақпараттық-коммуникациялық ортаны құра, ТЖ үшiн мамандандырылған геоақпараттық жүйелердi әзiрлей отырып, қазiргi заманғы басқа да құралдар мен мониторинг технологияларын қолдануға берiледi.
5.13. Ақпараттандыру, байланыс, хабардар ету
Ұлттық қаупiсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қашықтықтан басқарушылық шешiмдерiн қабылдау және зардап шеккендерге тиiмдi көмек көрсету мақсатында ТЖМЖ ақпараттық-коммуникациялық жүйесi құрылатын болады.
ТЖМЖ ақпараттық инфрақұрылымдарының толыққанды жұмыс iстеуi үшiн бiрiншi кезеңде (2007-2009 жылдар):
ТЖМЖ ақпараттық-коммуникациялық ортасын дамытудың бiрыңғай стратегиясын әзiрлеу;
табиғи және техногендiк апаттардың алдын алу мен жоюда iске қосылған басқару органдары мен күштердiң арасындағы ақпараттың барлық түрлерiмен алмасуды қамтамасыз ететiн, сондай-ақ АҚ iс-шараларын басқару үшiн ТЖМЖ бiрыңғай корпоративтiк ақпараттық-коммуникациялық жүйесiнiң жобасын әзiрлеу;
мемлекеттiк органдардың байланысын қамтамасыз ету үшiн "Толқын" байланыс схемасын жасау;
ақпарат берудiң барлық құралдарын, оның iшiнде электронды БАҚ-ты пайдалана отырып, халықты хабардар етудiң бiрыңғай интеграцияланған жүйесiн құруды жобалық пысықтау;
ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою жөнiндегi басқарушылық құжаттамалардың электронды құжат айналымының бiрiздендiрiлген жүйесiн құру, ақпараттың резервтiк банкi үшiн техникалық мүмкiндiктердi кеңейту;
геоақпараттық технологияларды, ғарыштық мониторинг деректерiн қабылдау, өңдеу және жедел пайдалану технологияларын пысықтау бойынша іс-шараларды орындау жоспарлануда.
Екiншi кезеңде (2010 - 2012 жылдар) мыналар орындалатын болады:
ТЖМЖ бiрыңғай корпоративтi ақпараттық-коммуникациялық жүйенiң құрылысын салу;
халықты хабардар етудiң бiрыңғай интеграцияланған жүйесiн құру;
геоақпараттық технологияларды, ғарыштық мониторинг деректерiн қабылдау, өңдеу және жедел пайдалану технологияларын енгiзу;
қазiргi заманғы техникалық құралдармен жарақтандырылған ақпараттық-коммутациялық ортаны басқару үшiн мамандандырылған ұйым құру;
елдiң басқа да әлуеттi құрылымдарымен үйлестiрiлген iс-қимылдарды жүзеге асыру үшiн ТЖМЖ бiрыңғай кезекшi диспетчерлiк қызметiн ұйымдастыру.
Yшiншi кезеңде (2013 - 2015 жылдар) ТЖМЖ бiрыңғай корпоративтi ақпараттық-коммутациялық жүйесiнiң және халықты хабардар етудiң бiрыңғай интеграцияланған жүйесiнiң толыққанды жұмыс iстеуi жөнiндегi iс-шаралар аяқталатын болады.
5.14. ТЖ-нен алдын алу мен оларды жою саласындағы халықаралық ынтымақтастық және халықаралық қызмет
ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту әртүрлi қауiп-қатерлер мен қыр көрсетулерден ұжымдық қауiпсiздiк жүйесiн құру мақсатында ТЖ-ға қарсы әрекет ететiн ұлттық жүйенi халықаралық (мемлекетаралық) құрылымдарға бiрiктiру жолымен жүзеге асыру белгiлендi.
Бiрiншi кезеңде (2007-2009 жылдарда) мыналар жүргiзiлетiн болады:
шекара маңындағы мемлекеттермен болжанатын және туындаған ТЖ (бiрiншi кезекте трансшекаралық сипаты бар ТЖ туралы) туралы тұрақты өзара жедел ақпарат алмасу, ТЖ-ның жедел алдын алу мен оларды жою мәселелерi бойынша шетелдiң ұлттық және халықаралық ұйымдарымен ұдайы өзара iс-қимыл жасау;
халықаралық iзгiлiк ынтымақтастықты жүзеге асырудың Қазақстандағы құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржы тетiктерiн жетiлдiру;
басқа елдермен бiрлесiп ТЖ қатерiн азайту және олардың ауқымын төмендету жөнiндегi халықаралық және мемлекетаралық жобалар мен бағдарламаларды iске асыру;
ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою мемлекеттiк жүйесiнiң мамандарын шетелде даярлау, осы салада халықаралық ынтымақтастық процесiнде тиiмдi өзара ic-қимыл жасау үшiн тиiстi кадр әлеуетiн қалыптастыру;
қауiпсiздiк мәдениетiн арттыру және қоғамның ТЖ-ға қарсы iс-әрекет жасауға әзiрлiгiн қамтамасыз ету мақсатында халықаралық тәжiрибе мен бiлiмдердi тарта отырып, халықты оқыту;
шетелде iс-қимыл жасау үшiн ұлттық кұтқару құрамаларын даярлау, iзгiлiк және кұтқару операциялары бойынша бiрлескен халықаралық оқу-жаттығуларын жүргiзу.
Екiншi кезеңде (2009-2012 жылдар) мыналар жүзеге асырылатын болады:
ынтымақтас елдермен ТЖ-ны мониторингi мен оны болжаудың мемлекетаралық жүйесiн, трансшекаралық ТЖ туралы өзара хабарлау және ерте хабардар ету жүйесiн құру, табиғи және техногендiк сипаттағы өңiрлiк және ғаламдық ТЖ-ның туындау қауiпiне бiрлескен сараптама жүргiзу;
ТЖ мен қақтығыстардан зардап шеккен шет елдерде Қазақстанның iзгiлiк айдауылын дайындау және iзгiлiк акцияларын кеңейту, Қазақстанның халқы үшiн iзгiлiк көмегiн тарту, әлемнiң дамыған елдерiнен техникалық көмек алу;
Қазақстанның авариялық-құтқару құрамаларының шетелдегi ТЖ-ны жоюға қатысуы;
ТЖ-ға қарсы iс-әрекет жасау үшiн халықаралық аренада тиiмдi пайдаланылатын қазiргi заманғы нарық ресурстары мен қызметтердi зерделеу;
Орталық Азия елдерi үшiн, соның iшiнде БҰҰ желiсi бойынша халықаралық ұйымдармен бiрлесiп, шетелдiк iзгiлiк көмектi сақтаудың транзиттiк базасын құру үшiн жағдайлар жасау;
шет елдермен ғылыми-техникалық жетiстiктер, әдiстемелiк және технологиялық құжаттамалар, кәсiби мерзiмдi басылымдар туралы тұрақты ақпаратпен алмасу;
бiрлескен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарын жүргiзу.
Үшiншi кезеңде (2012-2015 жылдар) мына мәселелердi шешу көзделедi:
ТЖ қатерi мен ауқымы, сондай-ақ оларға ден қою туралы болжау және ерте хабарлаудың мемлекетаралық жүйесін жетiлдiру;
Қазақстанда ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою мәселесi бойынша халықаралық оқыту орталықтарын ашу;
шетелде iзгiлiк және құтқару операцияларын ұйымдастыру мен қамтамасыз етудiң жедел жүйесiн құру;
Қазақстанның осы салада халықаралық қызметтер нарығына шығуымен ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою үшiн пайдаланатын материалдардың, жабдықтар мен қызметтердiң экспорты мен импорты үшiн мүмкiндiктер қарастыру.
Қойылған мiндеттердi iске асыру ТЖ-ның алдын алу мен олардың салдарын жоюдың ұлттық жүйесiн жетiлдiру мақсатында халықаралық қатынастардың тиiмдi жүйесiн құруға мүмкiндiк бередi.
5.15. Нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру
ТЖ мен АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру табиғи және техногендiк сипаттағы ТЖ-дан, осы заманғы зақымдау құралдарынан және террористік актiлердiң салдарынан ел халқын, аумағын және объектiлерiн қорғау жүйесiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға, олардың алдын алу мен жою үшiн күштер мен құралдарды дамытуға бағытталады.
ТЖ алдын алу мен оларды жою және АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық базаны одан әрi дамыту мақсатында мыналар жоспарланады:
ТЖ мен АҚ саласындағы бақылау және рұқсат беру функцияларына түгендеу жүргiзу;
қазiргi заманғы техникалық және технологиялық талаптарды ескере отырып, ТЖ мен АҚ саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарау;
өнеркәсiптiк және өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi жетiлдiру, тиiстi техникалық регламенттер әзiрлеу;
ТЖ саласындағы мониторинг жүйесiнiң нормативтiк құқықтық базасын қалыптастыру;
ТЖ қауiпi мен оларды жою кезiнде, сондай-ақ терроризмнiң қауiпi мен оның көрiнiстерi кезiнде халықты өзiн-өзi ұстау ережелерiне үйретудiң құқықтық базасын әзiрлеу;
қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiрумен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру жүйесiн одан әрi дамытуды қамтамасыз ету, сондай-ақ заңды және жеке тұлғаларды табиғи дүлей зiлзалалардан ерiктi сақтандыру жүйесiн қалыптастыру;
заңнамалық нормаларды практикалық iске асыруды қамтамасыз ету және ТЖ-ны жоюға тартылатын құтқарушылар мен қызметкерлердi әлеуметтiк қорғау мен сақтандыру жөнiндегi нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
мемматрезервте материалдық құндылықтарды сақтау, жаңарту, ауыстыру және босату мәселелерiн құқықтық реттеу саласындағы қолданыстағы нормативтiк құқықтық актiлердi қайта қарау;
ағымдағы үлестiң материалдық-техникалық ресурстарының және оларды мемматрезервте ұзақ сақтауға, салуға арналған тиесiлiк нормаларының нормативтiк құқықтық базасын әзiрлеу;
Қазақстан Республикасының сейсмикалық қауiптi өңiрлерiндегi қиратушы жер сiлкiнiстерiнiң алдын алу және олардың салдарын жою жөнiндегi iс-шараларға нормативтiк құқықтық қолдауды жүзеге асыру.
ТЖ-ның алдын алу мен оларды жою және АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру жөнiндегi iс-шараларды iске асырудың соңғы сатысында осы саладағы заңнаманы кодификациялаудың орындылығын қарау қажет болады.
6. Қажеттi ресурстар және қаржыландыру көздерi
2007-2015 жылдарға арналған Бағдарламаны iске асыру осы мақсаттар үшiн жыл сайын бөлiнетiн қаражат және Қазақстан Республикасының заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да көздерi шегiнде республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Бағдарламаның iс-шараларын iске асыруға мемлекеттiк бюджеттен жұмсалатын жалпы шығындар бiрiншi кезең iшiнде 21 852,70 млн.теңгенi құрайды, оның iшiнде:
Жылдар бойынша Барлығы Республикалық Жергiлiктi
бюджет бюджет
2007 жылы 5 561,70 5 561,70 -
2008 жылы 7 593,40 7 593,40 -
2009 жылы 8 697,60 8 697,60 -
Қаржы қаражатының көлемi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық және жергiлiктi бюджеттердi қалыптастыру кезiнде жыл сайын нақтыланатын болады.
2010-2015 жылдарға арналған қажеттi ресурстар мен қаржыландыру көздерi Бағдарламаны iске асырудың II және III кезеңдерiне арналған орта мерзiмдi (үш жылдық) iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және бекiту кезiнде айқындалатын болады.
7. Бағдарламаны iске асырудан күтiлетiн нәтижелер мен көрсеткiштер
Осы Бағдарламаны iске асыру:
Қазақстанның әлемнiң бәсекеге барынша қабiлеттi елу елдiң қатарына кiруi жөнiндегі мiндеттердi шешуге, жаңа қауiп-қатерлер мен қыр көрсетулерден оның ұлттық мүдделерiн қорғауға қол жеткiзуге;
ТЖ мен АҚ саласында мемлекеттiк басқару жүйесiн болып өткен әлеуметтiк-экономикалық өзгерiстерге, жаңа қауiптер мен қыр көрсетулерге, сондай-ақ тәуелсiз Қазақстанның қазiргi заманғы геосаяси жағдайына сәйкес келтiруге;
ТЖМЖ басқару органдарының, авариялық-құтқару күштерi мен құралдарының мүмкiндiктерi мен жедел әзiрлiгiн және олардың ТЖ-ға шұғыл ден қою тиiмдiлiгiн арттыруға, апаттық медицинаны нығайтуға;
халықты, объектiлердi және аумақты авариялардан, апаттардан, дүлей зiлзалалардан және әлемдiк қоғамдастыққа жаңа қыр көрсетулерден қорғау жөнiндегi шаралардың тиiмдiлiгiн арттыруға;
ТЖ мен АҚ үшiн халықты хабардар ету, байланыс және ақпараттандыру жүйесiн жетiлдiруге;
ТЖ саласында мониторинг, болжау және ғылыми зерттеулер жүйесiн құруға;
ТЖ мен АҚ саласындағы нормативтiк құқықтық базаны дамытуға, бақылау және рұқсат беру функцияларын реттеуге;
мемматрезерв жүйесi жұмысының тиiмдiлiгiн арттыруға;
халықты оқытудың, ТЖ мен АҚ саласында мамандар даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттырудың бiрыңғай жүйесiн қалыптастыруға;
авариялардың, апаттар мен дүлей зiлзалалардың алдын алу мен оларды жою, азаматтық қорғаныс пен терроризмге қарсы күрес саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту мен нығайтуға;
ТЖ-дан күтiлетiн жыл сайынғы материалдық залалды 2%-ға, зардап шеккендер мен қаза тапқандардың санын 2%-ға төмендетуге, құтқарылғандардың санын 3 %-ға көбейтуге мүмкiндiк бередi.
Түпкi нәтижесiнде Бағдарламаны iске асыру:
ТЖ-дан күтiлетiн материалдық шығынды 18-20%-ға, зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың санын 15-17%-ға кемiтуге, құтқарылғандардың санын 20-25% арттыруға;
ТЖ туралы хабардар ету жүйесiнiң республика халқының кемiнде 95%-ын қамтуын қамтамасыз етуге;
"Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсының бағдарламалары бойынша және "Тiршiлiк әрекетi қауiпсiздiгi" пәнi бойынша оқыту жүйесiнiң жалпы бiлiм беру мектептерiнiң, бастауыш және орта кәсiби бiлiм беру ұйымдарының оқушылары мен ЖОО студенттерiнiң кемiнде 90%-ын қамтуын қамтамасыз етуге;
су тасқынының, сырғыманың, селдiң және қар көшкiнiнiң туындауы бойынша қауiптi ошақтар мен учаскелердiң кемiнде 95 %-ын мониторинг жүйесiнiң қамтуын қамтамасыз етуге;
3 мыңнан астам елдi мекендердi өрттен қорғауды қамтамасыз ететiн 523 өртке қарсы тiрек пунктiн құруға;
елдiң батыс өңiрлерiндегi, бiрiншi кезекте Каспий өңiрiндегi халықты және стратегиялық объектiлердi кепiлдi қорғауды қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.