"Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне туристiк қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы N 1309 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне туристiк қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжiлiсiнiң қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Mинистрінің
      мiндетiн атқарушы

                                                              Жобa

Қазақстан Республикасының 3аңы

Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне туристiк қызмет мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. Әкiмшiлік құқық бұзушылық туралы 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Кодексiне  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат; N  21-22, 281-құжат; 2002 ж., N  4,33-құжат; N 17, 155-құжат; 2003 ж., N  1-2, 3-құжат; N 4, 25-құжат; N  5, 30-құжат;  N 11, 56, 64, 68-құжаттар; N  109-құжат;  N 15122,  139-құжаттар;   N 18,42-құжат; N 21-22, 160-құжат; М 23, 171-құжат, 2004 ж., N 6, 42-құжат; N 10, 55-құжат; N 15 86-құжат; N 17, 97-құжат; N 23, 139, 140-құжаттар; N 24,153-құжат; 2005 ж., N 5, 5-құжат, N 7-8, 19-құжат; N 9, 26-құжат; N 13, 53-құжат; N 14, 58-құжат; N 17-18, 72-құжат; N 21-22, 86, 87-құжаттар; Я 23, 104-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 2, 19, 20-құжаттар; N 5-6, 31-құжат; N 8, 45-құжат; N 10, 52-құжат; N 11, 55-құжат, N 12, 72, 77-құжаттар; N 13,85 86-құжаттар; N 15, 92, 95-құжаттар; N 16, 98, 102-құжаттар);
      1) мынадай мазмұндағы 158-2 және 553-1-баптармен толықтырылсын:
      "158-2-бап. Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңнамасын бұзу
      1. Туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың туристерге саяхаттың ерекшелiктерi туралы, саяхат жасаған кезде оларға кездесуi мүмкiн қауiптер туралы мәлiмет бермеуi немесе уақытылы немесе толық бермеуi, не туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асырмауы -
      жеке тұлғаларға - бес, жеке кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      2. Туристiк қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың туристiк қызмет көрсетуге шарт жасаспай туристiк қызметтердi көрсетуi -
      жеке тұлғаларға - бес, жеке кәсiпкерлерге - он, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырма бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
      жеке тұлғаларға - он, лауазымдық тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      4. Туристік қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың мүдделi мемлекеттiк органдарға және тұлғаларға саяхат кезiнде туристер душар болған төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ саяхаттан қайтпай қалған туристер туралы ақпарат бермеуi немесе уақытылы бермеуi -
      жеке тұлғаларға - он, лауазымдық тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге - жиырма, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектілерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - елу, iрi кәсiпкерлiк субъектілерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      5. Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер (әрекетсiздiк) -
      жеке тұлғаларға - жиырма, лауазымдық тұлғаларға, жеке кәсiпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсiпкерлiк субъектiлерi немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi болып табылатын заңды тұлғаларға - жүз елу айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
      Ескерту.
      Туристiк қызметтердi дербес көрсететiн гид (гид-аудармашы), туризм нұсқаушысы, экскурсияны осы бапта көрсетiлген жеке тұлғалар деп түсiну қажет";
      "553-1-бап. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi, орган
      1. Туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi орган осы Кодекстiң 158-2-бабында (бiрiншi-үшiншi бөлiктерiнде) көзделген әкiмшiлік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды.
      2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазаларды қолдануға туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органның басшысы және оның орынбасарлары құқылы.";
      2) 541-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "158," деген цифрлардан кейiн "158-2 (төртiншi-бесiншi бөліктерiнде)," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 636-баптың бiрiншi бөлiгiнің 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы он үшiншi абзацпен толықтырылсын:
      "туристiк қызмет саласындағы уәкілеттi органның (158-2 (төртiншi-бесiншi бөлiктерiнде), 356, 357-3-баптар)".

      2. "Қазақстан Республикасындағы туристiк қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 13-14, 175-құжат; N 4, 33-құжат; 2003 ж., N 23, 168-құжат; 2004 ж., N 23, 142-құжат; 2006 ж., N 3, 22-құжат):
      1) бүкiл мәтiн бойынша "туристiк ұйымдар", "туристiк ұйымдарының", "туристiк ұйымдарды", "туристiк ұйымдарда", "туристiк ұйымдардың", "туристiк ұйымның", "туристiк ұйымға", "туристiк ұйым", "туристiк ұйымдары" деген сөздер тиiсiнше "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларының", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларды", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларда", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаның", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаға", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлға", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 1-бапта:
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) туристік қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың, туристiк бағдарлар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмi - Қазақстан Республикасының туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларын, туристiк бағдарлары мен соқпақтарын есепке алу құжаты;";
      10) тармақшадағы "өткiзу жөнiндегi" деген сөздерден кейiн "кәсiпкерлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "11) туристiк қызмет - жеке және/немесе заңды тұлғалардың туристiк өнiмдi ұйымдастыруды, қалыптастыруды, жылжытуды, сатуды ұйымдастыру және жекелеген немесе кешендiк туристiк қызметтердi көрсету жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi;";
      12) тармақшадағы "заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi" деген сөздер "жеке және/немесе заңды тұлғалардың (бұдан әрi - туроператор) өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi кәсiпкерлiк қызметi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 13-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "13-1) туристiк сала - негiзгi қызмет саласы туристiк өнiм жасау және туристiк қызметтер көрсету, оларды iшкi және сыртқы нарықтарға жылжыту және өткiзу болып табылатын экономика саласы;";
      14) тармақша алып тасталсын;
      3) 9-бапта:
      2-тармақтың 5) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "5) iшкi, келу, әлеуметтiк және өз бетiнше туризмдi қолдау және дамыту;
      3-тармақтың 3) тармақшасындағы "туристiк индустрияның қызмет көрсетулерiн стандарттау және сертификаттау" деген сөздер "туристiк индустрияны стандарттау" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 10, 11 және 12-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
      "10-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құзыретi Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын, оның iшiнде осы саладағы инвестициялық саясатты әзiрлейдi;
      2) туристiк қызмет саласындағы уәкiлеттi органды айқындайды;
      3) туристiк қызмет саласындағы қатынастарды реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;
      4) туристiк қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесін құрады;
      5) туристiк қызметті лицензиялау ережелерiн және туристiк қызметке қойылатын біліктілiк талаптарын бекiтеді;
      6) туристік қызмет көрсетуге үлгілік шартты бекiтедi;
      7) шетелдiк мемлекеттермен туризм саласындағы ынтымақтастық пен өзара iс-қимыл жасауды жүзеге асырады.
      11-бап. Уәкiлеттi органның құзыретi 
      Уәкiлетті орган:
      1) туристік қызмет саласындағы мемлекеттiк саясаттың тұжырымдамасын, қысқа, орта және ұзақ мерзiмдерге арналған туризм мен туристiк индустриясын дамыту стратегиясын және мемлекеттiк (салалық) бағдарламаларын әзiрлейдi және бекiтуге бередi;
      2) туристік салаға инвестицияларды тарту жөнiндегi бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысады;
      3) туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты, туризм мен туристiк индустрияны дамыту стратегиясын және мемлекеттiк (салалық) бағдарламаларын iске асырады;
      4) туристік қызмет саласындағы қызметтi салааралық және өңiраралық үйлестіруді, оның iшiнде облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың туризмдi дамыту бағдарламалары мен жоспарларын үйлестірудi, туристiк қызмет саласындағы меншiк нысандарына қарамастан отандық, шетелдiк және халықаралық туристiк, қоғамдық және басқа да ұйымдармен өзара iс-қимылды үйлестiрудi жүзеге асырады;
      5) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңнамасында белгiленген талаптарды бұзуды жою туралы талаптарды соттарға бередi;
      6) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңнамасын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарайды және Қазақстан Республикасының әкiмшілiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшілік жазаларды қолданады;
      7) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңнамасының орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
      8) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдардың туристiк қызметтi лицензиялау ережесiн сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
      9) өз құзыретi шегiнде туристiк қызмет саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасасады және орындайды, сондай-ақ халықаралық ұйымдарда және іс-шараларда туризм саласындағы мемлекет мүдделерiн бiлдiредi және олардың жұмысына қатысады;
      10) орналастыру орындарын жiктеу ережесiн бекiтедi;
      11) орналастыру орындарына санаттар берудi жүзеге асырады;
      12) Туристік қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың қызметкерлерiн аттестациялау ережесiн бекiтедi;
      13) Туристiк-экскурсиялық қызметтер көрсету (жорықтар, экскурсиялар, турлар және туристiк бағдарлар бойынша саяхаттар) ережесiн бекiтедi;
      14) туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың, туристiк бағдарлар мен соқпақтардың мемлекеттiк тiзiлiмдерiн қалыптастырады және жүргiзедi;
      15) техникалық реттеу және метрология жөнiндегi уәкiлеттi органмен бiрлесiп туристiк қызмет саласындағы стандарттау жөнiндегi қызметтi реттейдi;
      16) ұлттық туристiк өнiмдi, оның iшiнде туристiк қызмет саласындағы республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткiзу жолымен жылжытуды жүзеге асырады;
      17) Қазақстан және оның туристiк мүмкiндiктерi туралы ақпаратты халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде таратады;
      18) туризм мен туристiк индустрияны дамытудың стратегиялық бағыттарын кешендiк талдауды, болжауды жүзеге асырады және туристiк саланың дамуы жағдайының мониторингiн жүргiзедi;
      19) туристiк қызмет саласындағы баспа, жарнамалық және картографиялық өнiмдi, туристiк нарықты зерттеуге арналған мемлекеттiк тапсырысты орналастырады.
      12-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi
      1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган:
      1) тиiсті әкiмшiлік-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асырады және қызметтi үйлестiрудi жүзеге асырады;
      2) туризмдi және туристiк индустрияны дамыту стратегиясы және мемлекеттiк (салалық) бағдарламалары шеңберiнде облыстық туризмдi дамыту бағдарламалары мен жоспарларының жобаларын әзiрлейдi;
      3) облыстық туризмдi дамыту бағдарламаларын орындауға бағытталған iс-шарларды iске асырады;
      4) турагенттiк, туроператорлық қызметтi және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуiн лицензиялауды жүзеге асырады;
      5) лицензиялық ережелердiң сақталуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      6) туроператордың және турагенттiң жауапкершiлігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау қажеттiлiгiне қатысты туроператордың және турагенттiң талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;
      7) тиiсті әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалардың, туристiк бағдарлар мен соқпақтардың тiзiлiмдерiн қалыптастырады және жүргiзедi және оны уәкiлеттi органға тоқсан сайын бередi;
      8) туристiк қызметтер көрсету нарығына талдау жасайды және тиiстi әкімшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында туризмнiң дамуы туралы қажеттi деректердi уәкілеттi органға бередi;
      9) облыстық туристiк ресурстарды қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеп, енгізіледi;
      10) тиiстi әкiмшілік-аумақтық бiрлiктiң аумағында туризм индустриясы объектiлерiн жоспарлау және салу жөнiндегi қызметтi үйлестіредi;
      11) балалар мен жастар лагерьлерiнiң қызметiне жәрдем көрсетедi;
      12) туристік қызмет субъектiлерiне олардың қызметiн ұйымдастыруға байланысты мәселелерде әдiстемелiк және консультациялық көмек көрсетедi;
      13) туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретiнде кәсiпкерлiкті дамытып, қолдайды;
      14) туристiк қызмет көрсетулердi және туризм объектiлерiн жарнамалайды, туристiк ақпаратты бередi, туристiк ақпарат орталықтарын құрады.";
      5) 13-бапта:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Туризм жөнiндегi кеңестiң құрамына уәкiлеттi органның және мүдделi мемлекеттік органдардың өкілдерi, сондай-ақ қауымдастықтардың және басқа да туристік қызметті жүзеге асырушы тұлғалар бiрлестiктерiнiң өкiлдерi кіреді.",
      4-тармақтағы "ереженi" деген сөз "ереженi және құрамын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "14-бап. Туристiк ақпарат орталығы 
      Туристiк ақпарат орталығы Қазақстан және оның туристiк әлеуетi туралы ақпаратты қалыптастыру және тарату, туристiк өнiмдi халықаралық туристiк нарықта және мемлекет iшiнде жылжыту, сондай-ақ туристiк қызмет саласындағы жаңа кәсiпкерлiк және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету субъектiлерiн құру мақсатында Үкiмет және (немесе) облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы органдары қадағалайтын ұйым болып табылады.";
      7) 15-бапта:
      2-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Туристiк қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұру және/немесе шақырту туралы шешiм мүдделi мемлекеттiк органдарға хабардар етiледi және уәкілеттi орган белгiлеген мерзiмдi баспа басылымдарында жарияланады.";
      8) мынадай мазмұндағы 15-1-баппен толықтырылсын:
      "15-1-бап. Орналастыру орындарының жiктемесi
      1. Туристiк ағынды және келу мен iшкi туризмнен кiрiстердi қонақүйлер және басқа да орналастыру орындарына қазақстандық және шетелдiк тұтынушылардың сенiмiн нығайту арқылы арттыруға жәрдемдесу мақсатында оларды жiктеу жүзеге асырылады.
      2. Жiктеу жүргiзу кезiнде Орналастыру орындарын жiктеу ережесiнiң негiзiнде санаттардың бiрiне аттестациялауды жүзеге асыруға мүмкiндiк беретiн орналастыру орындарының сипаттары қаралады.
      3. Орналастыру орындарын жiктеу ережесi орналастыру орында орындарының негiзгi мақсаттарын, ұйымдық құрылымын, ең төменгi талаптарды айқындайды және орналастыру орындарының санаттарын беру тәртiбiн реттейдi (орналастыру орындарының тиiстiлiгiн бағалауды жүргiзудi және оларды тиiстi санатқа аттестациялауды және басқаларды қамтитын рәсiм).";
      9) 16-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "16-бап. Туристiк қызмет саласындағы стандарттау
      Туристiк қызметтi стандарттау техникалық реттеу саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады.";
      10) 17-бапта:
      2 және 7-тармақтар алып тасталсын;
      5, 6, 11, және 12-тармақтардағы "туроператор немесе турагент", "туроператорға немесе турагентке", "туроператор мен турагент", "туроператорларды, турагенттердi", "туроператорлар мен турагенттер" деген сөздер тиiсiнше "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлға", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаға", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлға", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғаларды", "туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      11) 18-баптың 6-тармағындағы "Туроператор мен турагент" деген сөздер "Туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      12) 19-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "19-бап. Туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар";
      1 және 2-тармақтар алып тасталсын;
      13) 20-бапта:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "20-бап. Туристiк қызметті жүзеге асырушы тұлғалардың бiрлестiктерi";
      "Заңды тұлғалар болып табылатын туроператорлар мен турагенттер, туристiк индустрияның өзге де ұйымдары" деген сөздер "Туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар, өзге де тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын;
      14) 23-бап алып тасталсын;
      15) 24-баптың 4) тармақшасындағы "туроператор немесе турагент" деген сөздер "туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға" деген сөздермен ауыстырылсын;
      16) 26-бапта:
      3-тармақтағы "туроператорларды, турагенттердi" деген сөздер "туристiк қызметтi жүзеге асыратын тұлғаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы "туристке" деген сөзден кейiн "саяхат басталғанға дейiн үш күн бұрын жазбаша түрде" деген сөздермен толықтырылсын;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар туристiк қызмет және төтенше жағдайлар саласындағы уәкiлеттi органдарға және жақын туыстардың бiреуiне саяхат кезiнде туристер душар болған төтенше жағдайлар туралы, сондай-ақ саяхаттан қайтпай қалған туристер туралы білген немесе бiлуi тиiс сәтiнен дереу хабарлауға мiндеттi.
      Егер Қазақстан Республикасының аумағында шетелдiк туристер немесе туристер - Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасынан тыс жерде төтенше жағдайға душар болса, туристiк қызметтi жүзеге асырушы тұлғалар дипломатиялық қызмет органдарына да хабарлауға мiндеттi.";
      17) 28-бап жаңа редакцияда жазылсын:
      "28-бап. Туристiк қызмет туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
      1. Туристiк қызмет көрсетуге шарт жасаспай туристiк қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
      2. Туристік қызмет туралы заңнаманы бұзуға кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен жауапкершiлiк артады.";
      18) 28-1-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Облыстық (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) атқарушы орган туроператордың және турагенттiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау қажеттілiгiне қатысты талаптардың орындалуын, сондай-ақ тексерулер және (немесе) құжаттар сұрату арқылы лицензиялық ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асырады.".

      3. "Туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру туралы" 2003 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., N 24, 179-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат):
      1-бапта:
      9) тармақшадағы "жөнiндегi" деген сөзден кейiн "кәсiпкерлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      10) тармақшадағы "заңды тұлға" деген сөздер "кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын жеке және/немесе заңды тұлғалар" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. "Жеке кәсiпкерлiк туралы" 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының  Заңына  (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., N 3, 21-құжат; N 16, 99-құжат):
      көрсетiлген Заңға қосымша мынадай мазмұндағы 29-тармақпен толықтырылсын:
      "29. Туристiк қызмет саласындағы мемлекеттiк орган:
      1) Қазақстан Республикасының туристiк қызмет саласындағы заңнамасының орындалуын бақылау;
      2) туристiк қызметті лицензиялау ережесiнiң сақталуын бақылау;
      3) туроператордың және турагенттің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау қажеттiлiгiне қатысты талаптардың орындалуын бақылау.".
      2-бап. Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап он күн өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады