Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ
:
1. "Республикалық бюджеттік бағдарламалардың 2006 жылға арналған паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 1235
қаулысына
мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға
88-қосымшада
:
"Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағаны реттік нөмірі 2-жолдың бірінші абзацында "шамамен 2,8-3,0 млн. гектар" деген сөздер "шамамен 3,0-3,2 млн. гектар" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі