Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қаңтардағы N 5 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 13 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.01.2016 № 13 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңын iске асырудың кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 8 мамырдағы N 436  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., N 19, 192-құжат) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:
      1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген инвестициялық преференциялар берiлетiн экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы сыныптауыш сыныптары деңгейiндегi қызметтiң басым түрлерiнiң тiзбесiнде:
      23-бөлiм мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"



23.3

Ядролық материалдар өндiрiсi



23.30

Ядролық материалдар өндiрiсi

                                                              ";
      2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген инвестициялық преференцияларды уәкiлеттi орган беретiн инвестициялардың ең жоғары көлемi және инвестициялық салық преференцияларының қолданылу мерзiмiнде:
      "Кокс, мұнай өнiмдерi мен ядролық материалдар өндiру" деген бөлiм мынадай мазмұндағы үшiншi жолмен толықтырылсын:
"

Ядролық материалдар
өндiрiсi










                                                              ".

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа eнгізіледi.

       Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      мiндетiн атқарушы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады