Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96 және 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620 қаулыларына толықтыру мен өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қаңтардағы N 44 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай толықтыру мен өзгерiстер енгiзiлсiн:

      1) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 9 ақпандағы N 96  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 5, 44-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарында:
      реттiк нөмiрi 17-жолда:
      4-бағандағы "ЭБЖМ (жинақтау)" деген сөздерден кейiн "Қаржыминi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5-бағандағы "2007" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын;

      2) "Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2006 жылғы 30 маусымдағы N 620  қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 23, 246-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасында:
      "Бағдарламаны iске асырудың негiзгi бағыттары және тетiгi" деген 5-бөлiмнiң жиырмасыншы абзацындағы "2007" деген сандар "2008" деген сандармен ауыстырылсын;
      "Мемлекеттiк активтердi басқарудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары" деген 8-бөлiмде:
      реттiк нөмiрi 1.14-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      "2008 жылғы 4-тоқсан".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Мннистрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады