Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
"Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Президентi Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң қарауына енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi
N 853 Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМIН :
1. "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағын құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 26 сәуiрдегi N 853 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 10, 94-құжат; 2003 ж., N 8, 79-құжат; N 49, 558-құжат; 2005 ж., N 32, 424-құжат) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген "Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеде:
1-тармақтың екiншi абзацындағы "227,1" деген цифрлар "982,3" деген цифрлармен ауыстырылсын;
"Ақтау теңiз порты" арнайы экономикалық аймағы туралы ережеге 1-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы
Президентінің
200__ жылғы___________
N_____ Жарлығына
қосымша
"Ақтау теңіз порты"
арнайы экономикалық
аймағы туралы" ережеге
қосымша
"Ақтау теңiз порты"
арнайы экономикалық аймағы аумағының жоспары
(Суретін қағаз мәтінінен қараңыз)