Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлдерi туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90 Қаулысы

       Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысымен.
 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      РҚАО-ның ескертпесі!
      1-тармаққа өзгерту енгізу көзделген - ҚР Үкіметінің 2010.08.03 № 781 Қаулысымен (жариялануға жатпайды).
      1. Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы және Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Бидахметұлы Жәмішев Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi болып тағайындалсын.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.08.27 N 739, 2007.12.24 N 1272 Қаулыларымен.

      2. Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттiгiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.

      3.  (Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы   N 1272 Қаулысымен).

      4. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң     
2007 жылғы 8 ақпандағы
N 90 қаулысына   
қосымша    

  Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң тiзбесi

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2003 жылғы 2 шiлдедегi N 643  қаулысы .
      2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi және Басқарушылар Кеңестерiндегi Қазақстан Республикасының өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 15 сәуiрдегi N 418  қаулысы .
      3. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2006 жылғы 8 маусымдағы N 523  қаулысы .

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады