Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң өкiлдерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 8 маусымдағы N 523 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007.02.08. N 90 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттiк жоспарлау министрi Кәрiм Қажымқанұлы Мәсiмов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi болып тағайындалсын.

      2. Қайрат Нематұлы Келiмбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi мiндетiнен босатылсын.
      3. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:

      1) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 5 ақпандағы N 165  қаулысы ;

      2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлдерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62  қаулысы ;

      3) "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 21 қаңтардағы N 62 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 30 шiлдедегi N 811  қаулысы .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады