Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 1272 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілдері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 ақпандағы N 104 қаулысында :
тақырыптағы "өкілдері" деген сөз "өкілі" деген сөзбен ауыстырылсын;
1-тармақта:
"өкілдері" деген сөз "өкілі" деген сөзбен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин және" деген сөздер алынып тасталсын;
2) "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқармасындағы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің басқармасындағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 ақпандағы N 90 қаулысында :
1-тармақта "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Аслан Есболайұлы Мусин" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Сұлтанов Бақыт Тұрлыханұлы" деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі