"Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар тұрақты ағаш тұқымы базасын қалыптастыру және Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру бөлiгiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру; авиациямен патрульдеу және аэрокөрiнiспен орманды патологиялық қадағалау бөлiгiнде ормандарды қорғау; орман шаруашылығын жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру, орман шаруашылығында бiрыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру және орман қорын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ киiктердi, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн сақтау, қалпына келтiру және санын есепке алу үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық мәнi бар 2007 жылға арналған жұмыстарды берушiлер мен қызметтердi көрсетушiлер болып белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) қосымшада көрсетiлген заңды тұлғалармен 2007 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен шарттар жасасуды;
2) осы қаулыға сәйкес пайдаланылатын бөлiнген ақша қаражатын оңтайлы және тиiмдi пайдалану қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттiк сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 13 ақпандағы
N 103 қаулысына
қосымша
Тұрақты ағаш тұқымы базасын қалыптастыру және Астана
қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру
бөлiгiнде ормандарды молықтыру мен орман өсiру; авиациямен
патрульдеу және аэрокөрiнiспен орманды патологиялық
қадағалау бөлiгiнде ормандарды қорғау; орман шаруашылығын
жүргiзу тиiмдiлiгiн арттыру, орман шаруашылығында бiрыңғай
ғылыми-техникалық саясатты жүзеге асыру және орман қорын
ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, сондай-ақ киiктердi,
тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып
бара жатқан түрлерiн сақтау, қалпына келтiру және олардың
санын есепке алу үшiн сатып алудың маңызды стратегиялық
мәнi бар 2007 жылға арналған жұмыстарды берушiлер мен
қызметтердi көрсетушiлердiң тiзбесi
Р/с N |
Берушiнiң атауы | Орналасқан жері | Атауы |
---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 |
1 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ ормандары авиациялық қорғау және орман шаруашылығына қызмет ететін базасы" РМҚК |
Алматы қ. |
Авиациямен патрульдеу және аэрокөрiнiспен орманды патологиялық қадағалау |
2 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Жасыл аймақ" РМК |
Астана қ. |
Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру |
3 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Орман шаруашылығын жобалау жөнiндегi қазақ мемлекеттiк жобалау-iздестiру институты" PMК |
Алматы қ. |
2006 жылдың iздестiру жөнiндегi камералдық жобалау жұмыстарын және Астана қаласының санитарлық-қорғаныштық жасыл аймағын құру жөнiндегi жаңа далалық iздестiру жұмыстарын жүргiзу |
4 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман орналастыру кәсiпорны" РМҚК |
Алматы қ. |
Орман орналастыру жұмыстары, орман қорын есепке алу |
5 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Алматы орман селекциялық орталығы" РМҚК |
Алматы қ. |
Оңтүстік өңiр (Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстiк Қазақстан облыстары) бойынша тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру |
6 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Көкшетау орман селекциялық орталығы" РМҚК |
Щучинск қ. |
Солтүстік өңiр шаруашылығы комитетiнiң (Ақмола, Қарағанды, Қостанай және Солтүстiк Қазақстан облыстары) бойынша тұрақты орман тұқымы базасын қалыптастыру |
7 |
ҚР АШМ Орман және аңшылық шаруашылығы комитетiнiң "Охотзоопром" ӨБ" РМҚК |
Алматы қ. |
Киiктердi, тұяқты жабайы жануарлардың сирек кездесетiн және жойылып бара жатқан түрлерiн қорғау, қалпына келтiру және санын есепке алу |
Ескертпе:
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҚР АШМ - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi
РМҚК - республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорын
РМК - республикалық мемлекеттiк кәсiпорын