"2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес, асыл тұқымды өнiммен (материалмен) қамтамасыз етуде отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
1. Қоса берiлiп отырған Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi бекiтiлсiн.
2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізiледi және ресми жариялануға тиiс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2007 жылғы 15 ақпандағы
N 115 қаулысымен
бекiтiлген
Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 2007 жылдың республикалық бюджетiнен бөлiнетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану ережесi (бұдан әрi - Ереже) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту мақсатында 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 009 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне ауыл шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" бағдарламасының 101 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттер" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебiнен және шегiнде аттестатталған асыл тұқымды мал зауыттарына, малды асылдандырушы шаруашылықтарға, малды асылдандырушы және дистрибьютерлiк орталықтарға (бұдан әрi - асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер) ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбiн айқындайды.
2. Субсидиялар:
1) отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлерге (бұдан әрi - тауар өндiрушiлер) сатылған асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) құнын iшiнара 50%-ға дейiн арзандатуға;
2) малды асылдандырушы орталық, еттi құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылық және Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауыты мал тұқымын асылдандыру ісін дамыту үшiн сатып алатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың (бұдан әрi - жабдықтар), сондай-ақ арнайы ауыл шаруашылығы техникасы мен ұйымдастыру техникасының (бұдан әрi - техника) құнын толық өтеуге;
3) малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды сатып алу және ұстау, олардың ұрықтары мен эмбриондарын алу, сақтау, пайдалану жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
4) еттi құс шаруашылығы бойынша малды асылдандырушы шаруашылықта (бұдан әрi - малды асылдандырушы шаруашылық) асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге;
5) Қостанай тұқымы бойынша асыл тұқымды мал зауытында (бұдан әрi - асыл тұқымды мал зауыты) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау және жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөнiндегi шығындарды толық өтеуге арналады.
3. Субсидиялар мыналарға төленедi:
1) егер олар өздерi алған және өсiрген асыл тұқымды төлдi оның тұқымдық құндылығының деңгейiн анықтағаннан кейiн ғана сатса, асыл тұқымды мал зауыттарына және (немесе) шаруашылықтарға;
2) егер олар өздерi өндiрген ата-енесi жағынан асыл тұқымды жұмыртқаны, ал асыл тұқымды шаруашылықтар ата-анасы жағынан асыл тұқымды жұмыртқаны сатса, асыл тұқымды құс зауыттарына;
3) егер олар ұрпағының сапасына қарай бағаланған өздерiнiң асыл тұқымды бұқаларының ұрығын (бұдан әрi - ұрық) пайдалана отырып, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсетсе, малды асылдандырушы орталықтарға. Дистрибьютерлiк орталықтарға сатылған ұрық субсидиялауға жатпайды;
4) егер олар қолда бар немесе дистрибьютерлiк немесе малды асылдандырушы орталықтардан сатып алынған ұрықты пайдалана отырып, малды өз төлiнен өсiру жөнiнде тiкелей қызметтер көрсетсе, не оларды тауар өндiрушiлерге малды өз төлiнен өсiру үшiн сатса, дистрибьютерлiк орталықтарға.
4. Тауар өндiрушiлерге тегiн берiлген, сондай-ақ қосылма тұлғаларға, айырбас немесе өзара есептесу есебiне сатылған асыл тұқымды өнiм (материал) субсидиялауға жатпайды.
5. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген субсидиялар белгiленген тәртiппен аттестатталған асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлерге iс жүзiнде сатылған асыл тұқымды өнiм (материал) үшiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген квоталар шегiнде төленедi.
6. Асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидиялар нормативi осы Ережеге қосымшаға сәйкес белгiленедi.
7. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер асыл тұқымды өнiмдi (материалды) тауар өндiрушiлерге төленетiн субсидия мөлшерiн есепке алмай, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) бекiткен баға бойынша дербес сатады.
8. Аудан, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының, олардың сатылғаны туралы жиынтық актiлердiң ұсынылатын нысандарын, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны және субсидиялар төлеу туралы бiрiктiрiлген жиынтық ведомосты (бұдан әрi - бiрiктiрiлген жиынтық ведомость), сондай-ақ Министрлiкке ведомостволық бағынысты малды асылдандырушы орталықтың, малды асылдандырушы шаруашылықтың, асыл тұқымды мал зауытының бюджет қаражатын бөлудiң жылдық сметасын Министрлiк бекiтедi.
2. Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға арналған субсидияларды пайдалану тәртiбi
9. Асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатқаны үшiн субсидиялар алу үшін:
1) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектiлер мәмiлелердiң жасалуына қарай, бiрақ 2007 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей аудан әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы бөлiмiне (бұдан әрi - бөлiм) мынадай құжаттарды:
асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартын (малды өз төлiнен өсiру жөнiнде қызмет көрсететiн жеке тұлғаларға ұрық сатқан кезде сатып алу-сату шарты талап етiлмейдi, орнына ұрықты жөнелту ордерi ұсынылады);
төлем құжаттарының (кассалық кiрiс ордерi, банктiң төлем тапсырмасы немесе шот-фактура) көшiрмелерiн ұсынады;
2) бөлiм ай сайын 3-күнге қарай, бiрақ 2007 жылғы 5 желтоқсаннан кешiктiрмей, өткен ай үшiн бөлiм басшысы бекiткен аудан бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi, облыс әкiмiнiң ауыл шаруашылығы департаментiне (басқармасына) (бұдан әрi - департамент (басқарма) төлем құжаттарының көшiрмелерiмен бiрге асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шартының түпнұсқасын ұсынады;
3) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды бес жұмыс күнi iшiнде тексередi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы жиынтық актiнi жасайды және бекiтедi, облыс бойынша асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) сатылғаны туралы бекiтiлген жиынтық актiлер бойынша, оларда көрсетiлген көлем мен асыл тұқымды өнiмнiң (материалдың) әрбiр түрiне субсидиялар нормативтерi негiзiнде тиесiлi бюджет ақшасының көлемiн айқындайды және белгiленген квоталар шегiнде Министрлiк бекiткен нысан бойынша бiрiктiрiлген жиынтық ведомость жасайды. Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиiстi субъектiлердiң ағымдағы шоттарына тиесiлi субсидияларды аударуды департамент (басқарма) белгiленген тәртiппен бекiтiлген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне (бұдан әрi - аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi) мынадай құжаттарды:
2 данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн;
ақы төлеу шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
10. Малды асылдандырушы орталыққа асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) отандық немесе шетелдiк селекцияның асыл тұқымды бұқалары мен тұқымдық қошқарларын, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алуға арналған шарттарды Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша бiр данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он жұмыс күнi iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды және техниканы сатып алу үшiн малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады. Малды асылдандырушы орталық асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды, ұрық пен эмбриондарды, жабдықтарды, техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
11. Малды асылдандырушы орталықта асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы орталық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi есептемелердiң бiр данасын, сондай-ақ асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он жұмыс күнi iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды ұстауға, олардың ұрығы мен эмбриондарын алуға, пайдалануға, сақтауға бюджет ақшасын малды асылдандырушы орталықтың ағымдағы шотына аударады.
12. Малды асылдандырушы шаруашылыққа асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу жөнiндегi шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шарттарды Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша бiр данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған шарттарды он жұмыс күнi iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады. Малды асылдандырушы шаруашылық асыл тұқымды құстарды, жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
13. Малды асылдандырушы шаруашылықта асыл тұқымды құстарды ұстауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) малды асылдандырушы шаруашылық департаментке (басқармаға) асыл тұқымды құстарды ұстау жөнiндегi есептемелердің бір данасын, сондай-ақ асыл тұқымды құстарды ұстау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған құжаттарды он жұмыс күнi iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды құстарды ұстауға малды асылдандырушы шаруашылықтың ағымдағы шотына аударады.
14. Асыл тұқымды мал зауытына жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты департаментке (басқармаға) жабдықтар мен техниканы сатып алуға арналған шарттарды Министрлiкпен келiсiлген тiзбе бойынша бір данадан ұсынады;
2) департамент (басқарма) жасалған шарттарды он жұмыс күнi iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын жабдықтар мен техниканы сатып алу үшiн асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады. Асыл тұқымды мал зауыты жабдықтар мен техниканы сатып алғаннан кейiн келесi айдың iшiнде департаментке (басқармаға) төлем құжаттары мен жеткiзу актiлерiнiң көшiрмелерiн ұсынады.
15. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтiп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға арналған шығындарды толық өтеу үшiн:
1) асыл тұқымды мал зауыты департаментке (басқармаға) асыл тұқымды жылқыларды өсiру, күтiп ұстау, жаттықтыру және олардың ұрығын сақтау жөнiндегi есептемелердiң бір данасын және асыл тұқымды жылқыларды өсiру, ұстау, жаттықтыру және айғырлардың ұрығын сақтау жөнiндегi нақты шығындарды растайтын құжаттарды ұсынады;
2) департамент (басқарма) ұсынылған есептемелердi он жұмыс күнi iшiнде тексередi және қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджет ақшасын асыл тұқымды жылқыларды өсiруге, күтiп ұстауға, жаттықтыруға және айғырлардың ұрығын сақтауға асыл тұқымды мал зауытының ағымдағы шотына аударады.
16. Департамент (басқарма) осы Ереженiң 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарына сәйкес субсидияларды төлеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне 2 данада ақы төлеу шоттарының тiзiлiмiн және ақы төлеу шотын ұсынады.
17. Департамент (басқарма) осы Ереженiң 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15-тармақтарына сәйкес субсидиялар төлеу үшiн ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшiн жауапты болады.
18. Департамент (басқарма) ай сайын есептiден кейiнгi айдың 5-күнiне дейiнгi мерзiмде, бiрақ 2007 жылғы 30 желтоқсаннан кешiктiрмей Министрлiкке бюджеттiк кiшi бағдарламаны iске асыру барысы, орындалған жұмыстардың көлемi және құны туралы есептi ұсынады.
19. Ағымдағы нысаналы трансферттердiң мақсатты, тиiмдi және уақтылы пайдаланылуына Министрлiк және облыстардың әкiмдерi жауапты болады.
Асыл тұқымды мал шаруашылығын
дамытуды субсидиялауға 2007 жылдың
республикалық бюджетінен бөлінетін
ағымдағы нысаналы трансферттерді
пайдалану ережесіне
қосымша
Асыл тұқымды өнімнің (материалдық) әрбір түріне арналған
субсидиялардың нормативтері
1. Сатылатын асыл тұқымды төлдерге және асыл тұқымды
жұмыртқаға арналған субсидиялардың нормативтері
Малдың,
|
Сатылатын 1 килограмм тірі салмаққа асыл тұқымды жұмыртқаның 1 данасына арналған субсидиялардың нормативтері, теңге |
|||||||
Шығыс өңір |
Батыс өңір |
Солтүстік және орталық өңірлер |
Оңтүстік өңір |
|||||
Асыл тұқымды мал зауыттары |
Малды асылдандырушы шаруашылықтар |
Асыл тұқымды мал зауыттары |
Малды асылдандырушы шаруашылықтар |
Асыл тұқымды мал зауыттары |
Малды асылдандырушы шаруашылықтар |
Асыл тұқымды мал зауыттары |
Малды асылдандырушы шаруашылықтар |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Ірі қара мал: |
|
|
|
|
|
|
|
|
сүтті бағыттағы |
92 |
84 |
90 |
82 |
94 |
85 |
88 |
80 |
етті бағыттағы |
90 |
82 |
88 |
80 |
93 |
83 |
86 |
78 |
Қойлар: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Биязы жүнді бағыттағы |
95 |
87 |
93 |
85 |
98 |
90 |
92 |
84 |
Биязылау жүнді бағыттағы |
95 |
87 |
93 |
85 |
98 |
90 |
92 |
84 |
ұяңдылау жүнді бағыттағы |
93 |
85 |
91 |
83 |
93 |
85 |
91 |
83 |
ұяң жүнді бағыттағы |
92 |
84 |
92 |
84 |
92 |
84 |
88 |
80 |
Ешкілер |
95 |
87 |
93 |
85 |
98 |
90 |
92 |
84 |
Шошқалар |
120 |
100 |
120 |
100 |
120 |
100 |
120 |
100 |
Жылқылар: |
|
|
|
|
|
|
|
|
спорттық бағыттағы |
330 |
300 |
300 |
280 |
330 |
300 |
280 |
250 |
өнімдік бағыттағы |
92 |
84 |
93 |
85 |
94 |
86 |
89 |
81 |
Түйелер |
|
|
84 |
77 |
|
|
83 |
75 |
Бұғылар |
135 |
120 |
|
|
|
|
|
|
Маралдар |
135 |
120 |
|
|
|
|
|
|
Түйеқұстар |
550 |
500 |
550 |
500 |
550 |
500 |
550 |
500 |
Асыл тұқымды жұмыртқа: |
|
|
|
|
|
|
|
|
Тауық жұмыртқасы (аналық) |
22 |
20 |
22 |
20 |
22 |
20 |
20 |
18 |
Тауық жұмыртқасы (еттік) |
45 |
40 |
45 |
40 |
45 |
40 |
45 |
40 |
Үйрек жұмыртқасы |
24 |
20 |
24 |
20 |
24 |
20 |
24 |
20 |
Күркетауық жұмыртқасы |
70 |
60 |
70 |
60 |
70 |
60 |
70 |
60 |
Қаз жұмыртқасы |
70 |
60 |
70 |
60 |
70 |
60 |
70 |
60 |
2. Асыл тұқымды бұқалар ұрығының бір дозасына арналған субсидиялардың нормативі
Асыл тұқымды материалдың түрлері |
Ұрықтың 1 дозасына арналған субсидиялардың нормативі, теңге |
|||
Шығыс өңір |
Батыс өңір |
Солтүстік және орталық өңірлер |
Оңтүстік өңір |
|
Асыл тұқымды бұқалар ұрығы |
210 |
210 |
210 |
210 |
3. Малды асылдандыру ісі үшін сатып алынатын жабдықтар мен техниканың құнын толық өтеу.
4. Малды асылдандыру орталығына асыл тұқымды бұқалар мен тұқымдық қошқарларды сатып алу, ұстау, олардың ұрығы мен эмбриондарын алу, пайдалану, сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
5. Малды асылдандыру шаруашылық үшін асыл тұқымды құстарды сатып алу және ұстау жөніндегі шығындарды толық өтеу.
6. Асыл тұқымды мал зауытында асыл тұқымды жылқыларды өсіру, күтіп ұстау, жаттықтыру, асыл тұқымды айғырлардың ұрығын алу және сақтау жөніндегі шығындарды толық өтеу.