Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесiн бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 ақпандағы N 135 Қаулысы

      "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 8 қарашадағы Заңына сәйкес, ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарды мемлекеттiк қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Қоса берiлiп отырған Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi бекiтiлсiн.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
2007 жылғы 21 ақпандағы     
N 135 қаулысымен       
бекiтiлген       

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасының " 2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы " 2006 жылғы 8 желтоқсандағы, " Агроөнеркәсiптiк кешендi және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттiк реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шiлдедегi Заңдарына сәйкес әзiрленген және екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға өндiрiстiк мақсаттар (қайта өңдеу) үшiн олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер (бұдан әрi - кредит) бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау (бұдан әрi - субсидиялау) тәртiбi мен шарттарын анықтайды.

      2. Субсидиялау ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындардың дамуын қолдау шарасы болып табылады және кредиттер бойынша сыйақы ретiнде қарыз алушылардың банктерге төлейтiн төлемдерi сомасын iшiнара арзандату үшiн жүзеге асырылады.

      3. Субсидиялау 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының (бұдан әрi - бағдарлама) 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтін кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша көзделген қаражат (бұдан әрi - қаражат) есебiнен жүзеге асырылады.

      4. Осы Ережеде мынадай ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:
      банктер - уәкiлеттi орган ұсынған тiзбеде көрсетiлген екiншi деңгейдегi банктер;
      қатысушы банктер - бағдарламаны iске асыруға қатысатын екiншi деңгейдегi банктер;
      қарыз алушылар - ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдейтiн кәсiпорындар;
      бағдарламаның әкiмшiсi - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
       уәкiлеттi орган - қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк орган;
      анықтау - бағдарламаның қатысушы банктерiн iрiктеу және олардың арасында бағдарламада көзделген бюджет субсидияларын бөлу.

  2. 2007 жылы бағдарламаның әкiмшiсi анықтайтын банктердiң сыйақы (мүдде) ставкаларын субсидиялау тәртiбi

      5. Бағдарламаның әкiмшiсi банктер қарыз алушыларға беретiн кредиттер бойынша субсидиялау үшiн қаражатты мынадай кiшi салалар (лоттар) бойынша бөледi:
      1) ет өңдеу, құс етiн және жұмыртқа өндiру;
      2) сүт өңдеу;
      3) жемiс-жидектердi, көкөнiстердi қайта өңдеу және жемiс-көкөнiс консервiлерiн, балалар тағамдарын өндiру;
      4) майлы дақылдарды қайта өңдеу және өсiмдiк майын өндiру;
      5) терi шикiзатын және жүн өңдеу;
      6) дәндi дақылдарды өңдеу.

      6. Республикалық бюджеттен берiлетiн субсидиялау сомасы бағдарламаның әкiмшiсi қатысушы банктердiң тiзбесiн бекiткен күннен бастап он екi айға дейiн мерзiмге берiлген кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының 80 пайызына дейiнiн құрайды, оның сомасы 150000000 (бiр жүз елу миллион) теңгеден аспауы тиiс. Бұл ретте кредиттiң пайыздық ставкасының субсидияланатын бөлiгiнiң үлесi барлық қарыз алушылар үшiн тең болуы тиiс.

      7. Бағдарламаны iске асыруға қатысатын банктердi анықтауды жүзеге асыру үшiн бағдарламаның әкiмшiсi:
      1) осы Ереженi қоса бере отырып, бағдарламаны iске асыруға қатысатын банктердi анықтау жүргiзiлетiн күн мен орын туралы ақпаратты уәкiлеттi орган ұсынған тiзбе бойынша барлық банктерге жолдайды;
      2) құрамында комиссияның төрағасы, мүшелерi мен хатшысы бар комиссия құрады. Комиссияның сандық құрамы тақ сан және кемiнде бес адамнан болуы тиiс.

      8. Банк осы Ереженiң талаптарын түсiндiру туралы жазбаша сұрау салумен, бiрақ өтiнiмдердi ұсынудың соңғы мерзiмi аяқталғанға дейiн он күнтiзбелiк күннен кешiктiрмей жүгiнуге құқылы. Бағдарламаның әкiмшiсi сұрау салуды тiркеген сәттен бастап үш күн мерзiмде оған жауап бередi және сұрау салудың кiмнен келiп түскенiн көрсетпей, осындай түсiндiрудi бағдарламаның әкiмшiсi осы Ережеге сәйкес шақыру жiберген барлық банктерге хабарлайды.

      9. Бағдарламаның әкiмшiсi бағдарламаны iске асыруға қатысатын банктердi анықтауды мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырады:
      1) қарыз алушыға берiлетiн кредит бойынша сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейi жылдық 14,5 (он төрт бүтiн оннан бес) пайыздан аспауы тиiс;
      2) қарыз алушының және жобаның қысқаша сипаттамасын қамтитын қарыз алушылар өтiнiмдерiнiң қалыптасқан портфелiнiң болуы;
      3) банктiң ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындармен жұмыс iстеу тәжiрибесiнiң болуы;
      4) республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты есебiнен бұрын алынған кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы;
      5) анықтау жүргiзiлетiн күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде уәкiлеттi органның пруденциялық нормативтерiн сақтау;
      6) уәкiлеттi орган белгiлеген жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгi мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау;
      7) филиалдық және/немесе корреспонденттiк желiнiң болуы;
      8) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешектiң болмауы.

      10. Осы Ереженiң 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында көрсетiлген талаптарға банктiң сәйкестiгiн тексеру үшiн бағдарламаның әкiмшiсi жазбаша сұрау салумен уәкiлеттi органға, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiне және жергiлiктi әкiмдiктерге жүгiнедi.

      11. Банктер қарыз алушыларға қойылатын мына талаптарды негiзге ала отырып, оларды дербес анықтайды:
      1) Қазақстан Республикасының резидентi;
      2) салық берешегiнiң, мiндеттi зейнетақы жарналары және әлеуметтiк аударымдар бойынша берешегiнiң болмауы, сондай-ақ банк бұрын берген кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң болмауы;
      3) негiзделген бизнес-жобаның болуы;
      4) өнеркәсiптiк технология мен жабдықтарды пайдалануы;
      5) өндiруге ұсынылатын өнiмдi өткiзу нарығының болуы және сыйымдылығы;
      6) отандық тауар өндiрушiден өндiрiстiк мақсаттар үшiн қажеттi ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алу.
      Бұл ретте ауыл шаруашылығы шикiзатын ауылдық тауар өндiрушiлер кооперативтерiнен сатып алатын қарыз алушылардың құқығы басым болады.
      Көрсетiлген талаптарға сәйкес келмегенде комиссияның банктiң өтiнiмдер портфелiнен қарыз алушыны алып тастауына негiз болуы мүмкiн.

      12. Анықтауға қатысуға ниет бiлдiрген банктер, осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банк басшысының немесе өтiнiмге қол қою құқығына тиiстi түрде ресiмделген сенiмхаты бар тұлғаның қолы қойылған және банктiң мөрiмен бекiтiлген әрбiр лот бойынша жеке өтiнiмдi ұсынады.

      13. Өтiнiмде мiндеттi түрде:
      1) банк туралы жалпы мәлiметтер;
      2) республикалық және/немесе жергiлiктi бюджеттерден бұрын алынған кредиттер бойынша берешектiң болмауы туралы (бар болуы туралы) мәлiметтер;
      3) анықтау өткiзiлетiн күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде пруденциалдық нормативтердi сақтау туралы мәлiметтер;
      4) жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгi мөлшерiнiң лимиттерiн сақтау туралы мәлiметтер;
      5) осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қарыз алушыға кредит беру кезiнде өз пайдасына қарыз алушыдан алынатын сыйақының және өзге де соманың (сақтандыру, комиссиялық және т.б.) ең жоғары мөлшерi туралы мәлiметтер;
      6) қарыз алушылармен жұмыс iстеу тәжiрибесi туралы мәлiметтер;
      7) қарыз алушылардың өтiнiм портфелi туралы мәлiметтер, бұл ретте қарыз алушылардың өтiнiмдер портфелi жаңадан берiлетiн кредиттерден құралуы тиiс;
      8) банк өтiнiмде көрсетiлуi қажет деп ұйғарған, жүргiзiлетiн анықтауға қатысы бар өзге де мәлiметтер болуы тиiс.

      14. Өтiнiмге оның ажырамас бөлiгi ретiнде:
      1) заңды тұлғаны (банктi) мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      2) банктiк қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның нотариалды куәландырылған көшiрмесi;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан асатын мерзiмге салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына берешегiнiң жоқтығы немесе бар екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының түпнұсқасы;
      4) банктiң төлем қабiлетi бар екенiн, таратуға жатпайтындығын, оның мүлкiне тыйым салынбағанын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қаржы-шаруашылық қызметi тоқтатылмағанын растайтын банктiң анықтамасы;
      5) уәкiлеттi тұлғалардың қолдары қойылған және банктiң мөрiмен бекiтiлген соңғы есептi күнгi банктiң бухгалтерлiк теңгерiмiнiң түпнұсқасы;
      6) банк филиалдарын (өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу туралы куәлiктердiң көшiрмелерi;
      7) қарыз алушының және қарыз алушыға қызмет көрсететiн банктiң бiрiншi басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктiң мөрлерiмен куәландырылған банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарт;
      8) ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алуға арналған алдын ала шарттар (өзi өндiрген шикiзатты пайдаланған жағдайда өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi туралы қарыз алушының анықтамасы қоса берiледi);
      9) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қысқаша сипаттамасы;
      10) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаның қысқаша сипаттамасы;
      11) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қарыз алушының қарыз алушыға қызмет көрсететiн банктiң бiрiншi басшылары қол қойған және қарыз алушы мен банктiң мөрлерiмен куәландырылған кредит берудiң және оны өтеудiң алдын ала кестесi;
      12) егер өтiнiмге банктiң бiрiншi басшысының қолы қойылмаған жағдайда, өтiнiмге қол қою құқығына сенiмхат;
      13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзiмi ұзартылған жағдайларды қоспағанда, өтiнiмдер салынған конверттердi ашу күнiнiң алдындағы үш айдан асатын мерзiмге әрбiр қарыз алушы бойынша салық берешегiнiң және мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша жинақтаушы зейнетақы қорларына берешегiнiң жоқтығы немесе бар екендiгi туралы бiрiншi басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, осы салық органының мөрi басылған тиiстi салық органының белгiленген нысандағы анықтамасының көшiрмесi;
      14) субсидиялау Ережесiнiң 27-тармағына сәйкес қатысушы банктер тiзбесiн бағдарламаның әкiмшiсi бекiткен күннен бастап 20 күнтiзбелiк күн iшiнде қарыз алушылармен кредиттiк келiсiмдер жасасу және қарыз алушыларға кредиттi толық көлемде беру туралы банктiң жазбаша мiндеттемесi;
      15) анықтауға қатысушының анықтау шарттарына, осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын өзге де құжаттар (түпнұсқалар және (немесе) банк мөрiмен куәландырылған көшiрмелер түрiнде беруге жатады) қоса берiледi.
      Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы мен жобаның қысқаша сипаттамасына қарыз алушының бiрiншi басшысының қолы қойылады және оның мөрiмен куәландырылады. Мәлiметтердi қарыз алушыға қызмет көрсететiн банктiң филиалы растайды (банк филиалының бiрiншi басшысының қолы және мөрi). Қарыз алушының қысқаша сипаттамасының, жобаның қысқаша сипаттамасының, банк пен қарыз алушы арасындағы кредит алуға арналған алдын ала шарттың, кредит берудiң және оны өтеудiң алдын ала кестесiнiң, ауыл шаруашылығы шикiзатын сатып алуға арналған алдын ала шарттардың, өзi өндiрген ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi туралы қарыз алушының анықтамаларының факстiк көшiрмелерi немесе ксерокөшiрмелерi ұсынылған жағдайда, олар банк мөрiнiң түпнұсқамен және банктiң соған уәкiлеттiк берiлген лауазымды тұлғасының қолымен куәландырылады.

      15. Өтiнiм және қоса берiлетiн барлық құжаттар бiр пакетке тiгiлiп, нөмiрленуi керек, соңғы бетiнiң арт жағындағы жiптiң ұшы "___" парақ тiгiлген және нөмiрленген. Күнi 2007 жыл "___" "___" деген сөздер жазылған қағаз парақпен желiмделiп, банктiң лауазымды тұлғасының қолы қойылуы және банктiң мөрiмен бекiтiлуi тиiс. Конвертте тiгiлмеген жеке құжаттардың болуына рұқсат етiлмейдi, ондай құжаттарды комиссия қарамайды және банкке қайтарылады.

      16. Банк бiр уақытта бiрнеше лоттар бойынша өтiнiмдер ұсынған жағдайда, банк басқа конверттерге көрсетiлген құжаттардың N "_____ өңдеу" лоты бойынша конвертке салынғандығы туралы банктiң анықтамасын қоса бере отырып, осы Ереженiң 14-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 12) тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды конверттердiң бiрiне салуға құқылы.
      Банк бағдарламаны iске асыруға бiр немесе бiрнеше лоттар бойынша қатысады.

      17. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу рәсiмi бойынша конверттердi ашқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде өтiнiм салынған конверттердi ашу хаттамасы жасалады, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы қол қояды.

      18. Өтiнiмдер салынған конверттердi ашу бойынша комиссия отырысы өткiзiлгеннен кейiн 10 (он) жұмыс күнi iшiнде, комиссия жеке отырысында өтiнiмдер берген банктердiң анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы мәселелерi шешедi.

      19. Банк осы Ереженiң 9-тармағының 4), 5), 6), 7) тармақшаларында белгiленген талаптарға сәйкес болған жағдайда комиссия осы банктiң анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм қабылдайды, осы туралы комиссия отырысының хаттамасына тиiстi жазба жасалады.

      20. Банктердiң анықтауға қатысуына рұқсат беру туралы шешiм рұқсат беру туралы шешiм қабылданғаннан кейiн 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде хаттамамен ресiмделедi, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы қол қояды.

      21. Комиссия банктердiң анықтауға қатысуына рұқсат беруi туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде жеке отырысында банктердiң өтiнiмдерiн олардың толықтығы және осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгi мәнiне қарайды.

      22. Осы Ереженiң 9, 12, 13, 14, 15-тармақтарының талаптарына толығымен сәйкес келетiн банктер комиссияның шешiмiмен қатысушы  банктер болып белгiленедi.

      23. Қаражат көлемiн лоттар бойынша бөлудi комиссия қатысушы банктердiң қарыз алушыларға лоттар бойынша беруiне жататын кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесiмдi түрде жүзеге асырады. Есеп айырысу кезiнде өтiнiмде (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтiнiм портфелi туралы мәлiметтер" деген 7-тарау) көрсетiлген сыйақы сомасы алынады.

      24. Кредиттер бойынша пайыз ставкасын субсидиялау үшiн әрбiр қатысушы банкке бөлiнетiн қаражат көлемiнiң үлесiн комиссия осы лот бойынша қатысушы банктiң қарыз алушыға беруiне жататын кредиттер бойынша сыйақылардың сомасына тура үйлесiмдi түрде анықтайды. Есеп айырысу кезiнде өтiнiмде (осы Ережеге 1-қосымша, "Қарыз алушылардың өтiнiм портфелi туралы мәлiметтер" деген 7-тарау) көрсетiлген сыйақы сомасы алынады.

      25. Қатысушы банктердi анықтау және олардың арасында субсидиялардың сомасын бөлу туралы комиссияның шешiмi комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi, онда қатысушы банктердiң атауы, орналасқан жерi және деректемелерi, олардың негiзiнде қатысушы банктер белгiленген өлшемдер, қатысушы банктерге берiлетiн субсидиялардың көлемi, қарыз алушылардың тiзбесi, сондай-ақ өтiнiмдердi қабылдамау себептерiн көрсете отырып, белгiленген талаптарға жауап бермейтiн банктер мен қарыз алушылардың атауы көрсетiледi.

      26. Комиссия отырысының хаттамасы отырыс өткiзiлген күннен бастап (бес) жұмыс кyнi iшiнде ресiмделедi, оған комиссия төрағасы, оның орынбасары, комиссия мүшелерi және комиссия хатшысы қол қояды. Комиссия шешiмi барлық қатысушы банктерге хабарланады.

      27. Әрбiр лот бөлiнiсiнде бағдарламаны iске асыратын қатысушылар болып белгiленген банктердiң тiзбесiн қатысушы банктердi анықтау және олардың арасында субсидиялардың сомасын бөлу жөнiнде комиссия отырысы болған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнi iшiнде бағдарламаның әкiмшiсi бекiтедi.

      28. Анықтау қорытындылары бойынша бағдарламаның әкiмшiсi қатысушы банктердiң тiзбесiн бекiткен күннен бастап 20 (жиырма) жұмыс күнi iшiнде банктер қарыз алушыларға кредиттер бередi.

      29. Қарыз алушыларға банктер кредиттер бергеннен кейiн 10 (он) жұмыс күнi iшiнде бағдарламаның әкiмшiсi мен банктер арасында қаражат аудару тәртiбi мен шарттарын, тараптардың жауапкершiлiгiн, қарыз алушылардың тiзбесiн және өзге де шарттарды көздейтiн субсидиялауға арналған шарттар жасалады.

      30. Анықтауды жүргiзу кезiнде қаражат толық бөлiнбей қалған жағдайда бағдарламаның әкiмшiсi анықтаудың жүргiзiлетiн күнi мен орнын бекiте отырып, қайта анықтау жүргiзедi.
      Бұл ретте бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi ағымдағы жылы бюджеттiк бағдарлама бойынша қатысуға iрiктеп алынған және iрiктеу кезiнде бекiтiлген қарыз алушылардың тiзбесiн және олардың субсидиялау сомасын өзгертуге жол берген банктердi қатысушы банктердi анықтауға қатысуға жiбермеуi мүмкiн.

      31. Бiр қарыз алушыға бiр жыл iшiнде осы Ережеге сәйкес ол бойынша банкке (банктерге) субсидиялау жүзеге асырылатын бiр ғана кредит берiле алады.

      32. Кейiннен банктiң есеп айырысу шотына аудару үшiн бағдарламаның әкiмшiсiне қаражат бөлу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      Субсидиялар банк бағдарламаның әкiмшiсiне осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша банктiң есеп шотына республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтiнiм және осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есеп берген кезде төленедi.

      33. Бағдарламаның әкiмшiсi банктерге субсидиялар төлеу үшiн аумақтық қазынашылықтың бөлiмшелерiне екi данада төлеуге берiлетiн шоттар тiзiмiмен және төлеу шотын ұсынады.

      34. Осы ереженiң 6-тармағына сәйкес берiлген кредит бойынша берiлетiн субсидияны әкiмшi барлық кезеңдегi аударылған сыйақыны ескере отырып қаржы жылы iшiнде толық көлемде аванстық төлеммен аударады.

3. Қорытынды ережелер

      35. Қарыз алушы банкке сыйақы (мүдде) төлеу жөнiндегi мiндеттемелердi мерзiмiнен бұрын тоқтатқан немесе қарыз алушы кредиттiк шарт бойынша мiндеттемелердi бұзғаны үшiн кредиттiк келiсiмдi бұзған жағдайда банк бес күнтiзбелiк күн iшiнде бағдарламаның әкiмшiсiн осы туралы хабардар етуi және бюджетке субсидиялардың пайдаланылмаған сомасын қайтару жөнiнде шаралар қабылдауы тиiс. Мұндай жағдайда көрсетiлген жағдайлар басталғаны туралы бағдарламаның әкiмшiсiне белгiлi болған сәттен бастап субсидиялау тоқтатылады.

      36. Банктер субсидиялар төлеу үшiн ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы, субсидиялау ретiнде алынған қаражаттың мақсатсыз пайдаланылғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауап бередi.

      37. Кредиттi уақтылы және толық қайтару, кредит бойынша сыйақы төлеу жөнiндегi мiндеттемелерiн орындамағаны үшiн қарыз алушылар банктердiң алдында Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауап бередi.

      38. Бағдарламаның әкiмшiсi өз құзыретi шегiнде қаражаттың тиiмдi, нәтижелi және мақсатты пайдаланылуы үшiн Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiне сәйкес жауап бередi.

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы
өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға  
олардың айналым қаражатын толықтыруға 
беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау ережесiне    
1-қосымша           

ӨТІНІМ

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң____N__ қаулысымен
бекiтiлген Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта
өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға
беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау
ережесiн қарап, оларды алу осымен куәландырылады,
____________________________________________________________________
                           (банктiң атауы)
006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау"
бюджеттiк бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл
шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым
қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасын мынадай лот бойынша
____________________________________________________________________
                      (кiшi саланың (лоттың) атауы)
iске асыруға қатысуға тiлек бiлдiредi.

                   Осы өтiнiм мыналарды қамтиды:

      1. Бағдарламаны iске асыруға қатысушы туралы мәлiметтер
      Толық атауы___________________________________________________
      Заңды мекен-жайы______________________________________________
      Нақты мекен-жайы, телефоны, факсы, электрондық мекен-жайы_____
____________________________________________________________________
Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi (N____, күнi, берген орны, берген орган)*
____________________________________________________________________
Лицензия, N___, берiлген күнi және лицензияны берген органның атауы*
____________________________________________________________________
Бiрiншi басшының Т.А.Ә._____________________________________________
*түпнұсқалары немесе нотариалды куәландырылған көшiрмелерi ұсынылады.
      2. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден бұрын алынған
кредиттер бойынша мерзiмi өткен берешектiң жоқтығы туралы (бар
екендiгi туралы) мәлiметтер
      а) мерзiмi өткен берешек бар болған жағдайда толтырылады:

P/c N

Кредит көзi (респуб-
ликалық,
жергi-
лiктi бюджет)

Алған
күнi

Сомасы,
млн.теңге

Кредит мақсаты

Шарт бойынша өтеу мерзiмi

Мерзiмi өткен берешек-
тiң
сомасы















        б) мерзiмi өткен берешек жоқ болған жағдайда толтырылады:
      Банктiң республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаты
есебiнен бұрын алған кредиттерi бойынша берешегi жоқ.
      3. Ірiктеу өткiзiлген күннiң алдындағы соңғы үш ай iшiнде
қаржы нарығын реттеу және қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк органның
пруденциалдық нормативтерiн сақтау туралы мәлiметтер
      Бiр қарыз алушыға қауiптiң ең жоғары мөлшерi (_____________)
      Өтiмдiлiк коэффицентi (______________________)
      Ашық валюталық позицияның лимиттерi(____________________)
      Банктiң негiзгi қаражатқа және басқа да қаржы емес активтерге
инвестициялары ең жоғары мөлшерiнiң коэффицентi (________________)
      4. Жарғылық және меншiктi капиталдардың ең төменгi мөлшерiнiң
лимиттерiн сақтау туралы мәлiмет
      Жарғылық капиталының мөлшерi млн. теңге(____________________)
      Меншiктi капиталының мөлшерi млн. теңге (___________________)
      5. Осы бағдарламаны iске асыру шеңберiнде қарыз алушыға
кредит беру кезiнде өз пайдасына алынатын сыйақының ең жоғары
мөлшерi туралы мәлiметтер
      Банктiң қарыз алушыларға кредит беру кезiндегi сыйақы (мүдде)
ставкасының ең жоғары мөлшерi жылдық_______________________%.
      6. Қарыз алушылармен жұмыс iстеу тәжірибесi туралы мәлiметтер

P/c N

Кәсiп-
орынның атауы

Мекен-
жайы,
теле-
фоны

Негiзгi қызмет түрі

Есептiк шот ашқан күнi

Кредит-
тердiң саны мен сомасы

Кредит-
тiң пайыздың ставкасының сомасы

Кредит-
тер, пайыздар бойынша қайтар-
ымдылығы

















        7. Қарыз алушылардың өтiнiмдер портфелi туралы мәлiметтер

P/c N

Заңды тұлға-
ның,
кәсiп-
орынның
толық
атауы

Мекен-
жайы

Негiзгi қызмет түрлері

Кpeдит
мақсаты

Кредит сомасы,
млн.теңге

Сыйақы сомасы*,
млн.теңге















  Ескертпе:
* Әрбiр кәсiпорын бойынша ұйымдық-құқықтық нысаны, барлық кредиттер, олардың сомасы және пайыздық ставкасы көрсетiледi.
** Бөлiнетiн субсидиялардың сомасы кестеде көрсетiлген сомаға байланысты болғандықтан, сыйақы сомасы дәл есептелуi тиiс.
Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы *
Жобаның қысқаша сипаттамасы *
Кредиттi берудiң және өтеудiң алдын ала кестесi *
* әрбiр қарыз алушы бойынша қоса берiледi

Бiрiншi басшы__________________________________________(Т.А.Ә)
                              (қолы)
      М.О.

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы
өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға   
олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесiне         
2-қосымша                

Қарыз алушының қысқаша сипаттамасы*

      1. Толық атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны_____________________;
      2. Меншiк нысаны____________________________________________;
      3. Заңды, нақты және электрондық мекен-жайы, телефондары, факсы
_____________________________________________________________;
      4. Мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiгi, берген орган, N, күнi
мен берген орны ___________________________________________________;
      5. Жарғы капиталының мөлшерi ________________________________;
      6. Құрылтайшылар____________________________________________;
      7. Банк деректемелерi_______________________________________;
      8. Салықтық есепке алу үшiн тiркеу орны, СТН N______________;
      9. Бiрiншi басшының Т.А.Ә., қызметтiк және үй телефондары____
__________________________________________________________________;
      10. Негiзгi қызмет түрлерi
__________________________________________________________________;
      11. Жылдық айналымы, сомасы_________________________________;
      12. Соңғы есептi күнгi пайдасы немесе шығыны, сомасы________
__________________________________________________________________;
      13. Қызметкерлердiң нақты саны______________________________;
      14. Бюджетке төленетiн төлемдер, салықтар және басқа да
алымдар бойынша берешегi (қай түрi бойынша және сомасы)
__________________________________________________________________;
      15 Кредиттер бойынша берешегi (кiмге және сомасы)___________;
      16. Өткiзудiң болжалды нарықтары және олардың теңгемен сыйымдылығы
__________________________________________________________________;
      17. Пайдаланылатын жабдықтардың негiзгi түрлерi және олардың
өнiмдiлiгi (ауысымында тонна, литр, дана)_________________________;
      18. Ауыл шаруашылығы шикiзатын негiзгi жеткiзушiлер (алдын
ала шарттар, анықтамалар және т.б. қоса берiлсiн)_________________;
     (Өз өндiрiсiнiң шикiзатын пайдаланған жағдайда қарыз алушының
өзi өндiретiн ауыл шаруашылығы өнiмiнiң көлемi туралы анықтамасы қоса берiлсiн)
      Кәсiпорынның бiрiншi басшысы_________________________(Т.А Ә.)
      (лауазымы)                            (қолы)
 
           М.О.                                        (күні)
 
_______________________________________________туралы мәлiметтер **
            (кәсiпорынның атауы)
растаймын___________________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрi)
                        (қолы)
 
  Ескертпе:
* әрбiр қарыз алушы бойынша жеке толтырылады
** мәлiметтер банктiң немесе қарыз алушыға қызмет көрсетiлетiн оның филиалы басшысының қолымен және мөрiмен куәландырылады.

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы 
өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға    
олардың айналым қаражатын толықтыруға    
беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)  
ставкасын субсидиялау ережесiне       
3-қосымша                   

Жобаның қысқаша сипаттамасы*

    1. Кәсiпорынның атауы__________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
    2. Сомасы______________________________________________________
    3. Мерзiмi_____________________________________________________
    4. Сыйақы ставкасы_____________________________________________
    5. Жобаның мақсаты_____________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________

P/c N

Сатып алынатын ауыл
шаруашылығы
шикiзатының атауы

Бағасы

Саны

Сомасы











  Жобаны iске асырудан жоспарланып отырған нәтижелер________________
Кәсiпорын басшысы_________________________________________(Т.А Ә.)
      (лауазымы)                  (қолы)
      М.О.                                                (күні)
_______________________________________________туралы мәлiметтер**
              (кәсiпорынның атауы)
растаймын:_________________________________(лауазымы, Т.А.Ә., мөрi)
                        (қолы)

Ескертпе:
* әрбiр жоба бойынша жеке толтырылады
** мәлiметтер банктiң немесе қарыз алушыға қызмет көрсетiлетiн
оның филиалы басшысының қолымен және мөрiмен куәландырылады.

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы 
өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың
айналым қаражатын толықтыруға беретiн   
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесiне           
4-қосымша                    

Кредиттi берудiң және өтеудiң алдын алу кестесi

Айы

Ай басында
берiлген кредит
сомасы, мың теңге

Ай соңында
өтелген кредит
сомасы, мың теңге

Есептелген сыйақының жалпы сомасы, мың теңге

Бiрінші




Екiншi




Үшiншi




Tөртiншi




Бесiншi




Алтыншы




Жетiншi




Сегiзiншi




Тоғызыншы




Оныншы




Он бiрiншi




Он екiншi




Барлығы




  Банк филиалының бiрiншi басшысы___________________________(Т.А.Ә.)

                        Күні                  M. О.

Қарыз алушының бiрiншi басшысы_____________________________(Т.А.Ә.)

                        Күні                  M. О.

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы 
өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың
айналым қаражатын толықтыруға беретiн   
кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын
субсидиялау ережесiне         
5-қосымша              

Банк қарыз алушыларға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау үшiн республикалық бюджеттен қаражат аударуға өтiнiм

Күнi 2007 жылғы__________ ________________________________

_________________________________________________банкi Қазақстан
Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнен 2007 жылғы_____________
_______________N___ субсидиялау шартына сәйкес республикалық бюджеттен 006 "Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуды мемлекеттiк қолдау" бағдарламасының 107 "Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға олардың айналым қаражатын толықтыруға беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде) ставкасын субсидиялау" кiшi бағдарламасы бойынша ашылған N____ банк  шотына__________ кезеңiне__________теңге сомасында қаражат аударуды сұрайды.

Банктің басшысы                              _____________________

Екiншi деңгейдегi банктер ауыл шаруашылығы 
өнiмiн қайта өңдейтiн кәсiпорындарға   
олардың айналым қаражатын толықтыруға  
беретiн кредиттер бойынша сыйақы (мүдде)
ставкасын субсидиялау ережесiне     
6-қосымша                

Банк кредитi сыйақысының ставкасын нақты есептеу мен өтеу және 200_ ж.__ тоқсанына арналған өтiнiм туралы есеп

P/c N

Ауыл шаруашы-
лығы өнiмiн қайта өңдейтiн
кәсіпор-
ынның
атауы
(қарыз
алушы)

Барлық
көздел-
ген
субси-
диялар,
теңге

Есеп беру кезеңіндегі
барлық аударылған
субсидиялар,
теңге

Нақты
есептелген
субсидиялар,
теңге

Ауыт-
қуы
(+, -)
(+)
артық
төлен-
гені,
(-) кемі

Барлығы

оның
ішінде
есепті
кезеңде

Барлығы

оның
ішінде
есепті
кезеңде

3-бағ.
5-бағ.


1

2

3

4

5

6

7









  кестенің жалғасы

Қарыз алу-
шыға нақты
есептелген*
сыйақы,
теңге
 

Қарыз
алушының
сыйақыны
төлегені,
теңге

200_ж. __ тоқсанына банкінің
өтінімі, теңге

Жалпы сомасы

Қарыз
алушының
өтегені

Бюджеттен
субсидиялан-ғаны*
 

Бар-
лығы

оның
ішінде
есепті
кезең-
де

Бар-
лығы

оның
ішінде
есепті
кезең-
де

%

сома-
сы

%

сома-
сы

%

сома-
сы

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17











  Ескертпе:
*- Ауылшарминi субсидияларының сомасын есептемегенде
**- 7-бағ. бойынша ауытқу сомасын есептегенде

      Банк басшысы                                  ____________
          МО                                             қолы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады