Демалыс күнiн ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 наурыздағы N 165 Қаулысы

      Еңбекшiлердiң демалысы үшiн қолайлы жағдайлар жасау және 2007 жылғы наурызда жұмыс уақытын ұтымды пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :

      1. Демалыс күнi 2007 жылғы 25 наурыз жексенбiден 2007 жылғы 23 наурыз жұмаға ауыстырылсын.

      2. Қажеттi өнiмдi шығару, қаржылықты қоса алғанда, қызметтер көрсету, сондай-ақ құрылыс объектiлерiн iске қосу үшiн еңбек, материалдық және қаржы ресурстарымен қамтамасыз етiлген ұйымдарға кәсiподақ ұйымдарымен келiсiм бойынша 2007 жылғы 23 наурызда жұмыс жүргiзуге құқық берiлсiн.
      Көрсетiлген күнгi жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледi.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi және жариялануға тиiс.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады