Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітiн қалпына келтiру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 наурыздағы N 181 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1020 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 31 қазандағы N 1020  Қаулысымен .

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Каир қаласындағы сұлтан Бейбарыс мешiтiн қалпына келтiру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi арасындағы Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешiтiн қалпына келтiру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қойсын, оған қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат берiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

жоба

  Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Египет Араб Республикасының Yкiметi арасындағы Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітiн қалпына келтiру жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Египет Араб Республикасының Үкiметi
      екi ел арасындағы қазiргi бар достық қатынастардың маңыздылығын ескере отырып,
      өзара ынтымақтастықты дамытуға тiлек бiлдiре отырып,
      мәдени ынтымақтастықтың халықтар арасындағы достық қатынастар мен өзара түсiнiстiктi тереңдетуге қызмет ететiнiн түсiне отырып,
      мыналар туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар египет Тарапы әзiрлеген жобалау-сметалық құжаттамаға сәйкес Египет Араб Республикасының Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешiтiн (бұдан әрi - мешiт) қалпына келтiру жөнiндегi бiрлескен шараларды қабылдайды.
      Әрбiр Тарап мешiттi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды жүзеге асыру үшiн қаржылай қаражат бөледi.
      Жобаның жалпы құны 13 миллион АҚШ долларын құрайды. Қазақстандық Тарап қайтарымсыз негiзде 4 миллион 500 мың АҚШ долларын бөледi. Көрсетiлген қаражат 2007-2009 жылдар iшiнде бөлiнетiн болады. Көрсетiлген сома шеңберiнде жыл сайынғы қаржыландыру көлемiн қазақстандық Тарап белгiлейтiн болады. Египет Тарапы 8 миллион 500 мың АҚШ долларын бөледi.
      Қазақстандық Тарап бөлетiн қаражат Египет Араб Республикасының аумағында қолданылатын, оның заңнамасына сәйкес алынатын салықтар мен алымдарды төлеу үшiн қалай болғанда да пайдаланылмайды.

  2-бап

      Египет Тарапы қалпына келтiру жұмыстарын жүргiзу үшiн Египет Араб Республикасы заңнамасының ережелерiне сәйкес Египет Араб Республикасының мамандандырылған құрылыс компаниялары қатарынан бас мердiгердi анықтайды.

  3-бап

      Тараптар мешiттi қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды техникалық, қаржылық және әкiмшiлiк басқару үшiн египет Тарапының басшылығымен Yйлестiру комитетiн құрады. Үйлестiру комитетi Тараптардың әрқайсысының мемлекеттерi уәкiлеттi органдарының 2-3 өкiлiнен тұратын болады.
      Үйлестiру комитетi тоқсан сайын есептi кезеңнен кейiнгi келесi айдың 15-күнiне дейiн египет Тарапымен келiсiм бойынша Тараптардың уәкiлеттi органдарына жобаны басқару және есептi тоқсан iшiнде орындалған қалпына келтiру жұмыстары және соған байланысты шеккен есептi кезеңдегi қаржылық шығындар туралы есеп бередi.

  4-бап

      Үйлестiру комитетiнiң құрамындағы жұмысқа байланысты қазақстандық Тарап өкілдерiнiң барлық шығыстары қазақстандық Тарап мешiттi қалпына келтiру үшiн бөлетiн қаражаттың шегiнде көзделедi.

  5-бап

      Осы Келiсiмге Тараптардың өзара келiсiмi бойынша, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жеке хаттамалармен ресiмделетiн және осы Келiсiмнiң 10-бабында белгiленген тәртiппен кyшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

  6-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру бойынша даулар немесе келiспеушiлiктер Тараптардың уәкiлеттi органдары арасындағы келiссөздер мен консультациялар жолымен шешiледi. Егер өзара қолайлы шешiм қабылданбаса, тиiстi дауды немесе келiспеушiлiктi Тараптар қарайды.

  7-бап

      Осы Келiсiм Қазақстан Республикасы немесе Египет Араб Республикасы қатысушысы болып табылатын басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  8-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындауға жауапты Тараптардың уәкiлеттi органдары мыналар болып табылады.
      қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлiгi;
      Египет Тарапынан - Египет Араб Республикасы Тарихи ескерткiштер жөнiндегi жоғары кеңесi.

  9-бап

      Мешiттi қалпына келтiру жұмыстарын қабылдауды орындалған жұмыстарды қабылдау-тапсыру актiсi негiзiнде Үйлестiру комитетiн тарта отырып, көрсетiлген жұмыстарды жүзеге асыруға арналған шартқа сәйкес египет Тарапы жүзеге асырады.

  10-бап

      1. Осы Келiсiм оның кyшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағанын растайтын соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм мешiттi қалпына келтiру жұмыстары аяқталғанға және оларды қабылдағанға дейiн қолданылады.
      Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапты оның қолданысын тоқтату ниетi туралы жазбаша нысанда хабардар ету жолымен осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтата алады. Осы Келiсiм осындай хабарламаны алған күннен бастап алты ай өткен соң өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
      3. Осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтату осы Келiсiмдi орындау шеңберiнде жасалған келiсiмдер мен келiсiм-шарттардан және оның қолданылуы кезеңiнде туындайтын құқықтар мен мiндеттемелердi қозғамайды.
      2007 жылғы____________Каир қаласында екi данада, әрқайсысы қазақ, араб, орыс және ағылшын тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң бiрдей күшi бар.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру бойынша даулар туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тiлiндегi мәтiнге жүгiнедi.

       Қазақстан Республикасының      Египет Араб Республикасының
            Yкiметi үшiн                     Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады