Қазақстан Республикасының Yкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 наурыздағы N 239 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Yкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI :
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрi Ғалым Iзбасарұлы Оразбақовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Yкiметi атынан Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi арасындағы Қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.

      3. "Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасы Үкiметiнiң арасында әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келiсiм жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 21 наурыздағы N 419  қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Yкiметi арасындағы Қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастық туралы келiсiм

      Бұдан әрi "Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Польша Республикасының Үкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасындағы достық қатынастарды дамытуға және нығайтуға үлес қосуға ниет бiлдiре отырып,
      Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының рухына сәйкес өз өңiрлерiнде де, бүкiл әлемде де қауiпсiздiктi, тұрақтылықты және сенiмдi нығайтуға дайындығын растай отырып,
      қорғаныс өнеркәсiбiндегi байланыстарды нығайту тең құқылық пен өзара тиiмдiлiк негiзiндегi ынтымақтастықты кеңейтуге әкелетiндiгiне сене отырып,
      мына төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап

      Тараптар Қазақстан Республикасының және Польша Республикасының заңнамаларына сәйкес қорғаныс өнеркәсiбiндегi мынадай мәселелер бойынша ынтымақтастыққа ықпал етедi:
      1) өндiрiс, қызметтер, технологиялар және сауда жеткiзiлiмдерi;
      2) бiрлескен не өзара қажеттiлiктерге жауап беретiн өнiм ендiру үшiн екi мемлекеттiң де ғылыми және басқа да ресурстарына сүйене отырып, бiрлескен ғылыми-зерттеу жобалары мен жұмыстарын iске асыру;
      3) персоналмен, жабдықпен, ғылыми-техникалық және технологиялық ақпаратпен алмасу.

  2-бап

      Осы Келiсiмнiң негiзiнде iске асырылатын бiрлескен бастамалар аясы мыналармен байланысты қызметтi, атап айтқанда:
      1) Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы Қарулы Күштерiнiң қажеттiлiктерiн iске асыру үшiн өнiм өндiру, жұмыстар мен қызметтердi орындау және оларды сатып алу саласындағы ынтымақтастықпен;
      2) логистика саласындағы қолдаумен;
      3) бiрлескен ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырумен;
      4) персоналмен, технологиялармен, материалдармен және ақпаратпен алмасумен;
      5) қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастықтың өзге де нысандарымен байланысты қызметтi қамтуы мүмкiн.

  3-бап

      Осы Келiсiмнiң 1 және 2-баптарында көрсетiлген ынтымақтастық қорғаныс өнеркәсiбiнде қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар мен кәсiпкерлер жасасатын және iске асыратын жекелеген шарттар негiзiнде жүргiзiледi.

  4-бап

      1. Осы Келiсiмдi орындау жөнiндегi үйлестiрушi органдар мыналар болып табылады:
Қазақстан тарапынан       - Қазақстан Республикасы Индустрия және
                             сауда министрлiгi, Қазақстан
                             Республикасы Қорғаныс министрлiгi;

Польша тарапынан          - Польша Республикасының Экономика
                             министрлiгi және Польша Республикасының
                             Ұлттық Қорғаныс министрлiгi.

      2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген органдардың атаулары өзгерген жағдайда Тараптар бiр-бiрiне дипломатиялық арналар арқылы дереу хабарлайды.

  5-бап

      1. Тараптар екi Тарап өкiлдерiнiң тең санынан тұратын, бұдан әрi "Комиссия" деп аталатын қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастық жөнiндегi Бiрлескен Комиссия құрады.
      2. Комиссияның негiзгi мiндетi осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруды бағалау, қорғаныс өнеркәсiбiндегi ынтымақтастықты одан әрi дамытуға ықпал ететiн ұсыныстар дайындау, ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау болып табылады.
      3. Комиссия отырыстары Тараптардың келiсiмi бойынша, бiрақ кемiнде жылына бiр рет өткiзiледi.
      4. Комиссия бiрiншi отырысында регламенттi және жұмыс бағдарламасын айқындайды.
      5. Тараптар, егер жекелеген нақты жағдайда өзге тәртiп келiсiлмесе, Комиссия жұмысымен байланысты шығыстарды мемлекеттердiң заңнамаларында көзделген қаражат шегiнде дербес көтередi. Бұл ретте Тараптар ұйымдар мен кәсiпкерлердiң комиссия жұмысына қатысуына байланысты шығыстарды көтермейдi.

  6-бап

      Тараптар осы Келiсiмнiң 3-бабында көрсетiлген шарттарды дайындаумен және iске асырумен байланысты қандай да бiр мiндеттемелер алмайды.

  7-бап

      Құпия ақпаратты қорғаумен байланысты шаралар Тараптар жасасатын жекелеген Келiсiммен реттеледi.

  8-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру және қолдану кезiнде даулар туындаған жағдайда Тараптар оларды консультациялар немесе келiссөздер жолымен шешедi.

  9-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыру Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы қатысушы болып табылатын қауiпсiздiкке және әскери ынтымақтастыққа қатысты басқа халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  10-бап

      Тараптар осы Келiсiм шеңберiндегi ынтымақтастық барысында алған ақпаратты оған Тараптардың құзыреттi органдарының жазбаша келiсiмiнсiз үшiншi тарапқа бермейдi.

  11-бап

      1. Осы Келiсiм Тараптардың дипломатиялық арналары арқылы оның күшiне ену үшiн қажетті мемлекетішiлiк рәсiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм белгiленбеген мерзiмге жасалады. Тараптардың әрқайсысы екiншi Тарапқа жазбаша нысанда хабарлама беру жолымен осы Келiсiмнiң қолданылуын тоқтатуы мүмкiн. Бұл жағдайда осы Келiсiм Тараптардың бiрi мұндай хабарлама алған күннен бастап алты ай өткен соң күшiн жояды.
      3. Осы Келiсiмге Тараптардың келiсiмi бойынша осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
      4. Осы Келiсiм ережелерiнің өзгеру немесе оның қолданылуының тоқтатылуы олар толық орындалғанға дейiн оның қолданылу кезеңiнде осы Келiсiмнiң 3-бабына сәйкес жасалған шарттар бойынша мiндеттемелерiн орындауға әсер етпейтiн болады.
      2007 жылғы "__"_________ _____________________ қаласында екi түпнұсқа данада, әрқайсысы қазақ, поляк және орыс тiлдерiнде жасалды, әрi барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру кезiнде келiспеушiлiктер туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн шешушi болады.

    Қазақстан Республикасының            Польша Республикасының
        Үкiметi үшiн                         Yкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады