Инвестициялық салықтық преференциялардың қолданылу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 сәуірдегі N 254 Қаулысы

      "Инвестициялар туралы" Қазакстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңының  14-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қазақстанның»"Солтүстік-Оңтүстік транзитінің 500 кВ екінші электр беру желісін салу" инвестициялық жобасы бойынша»"Электр желілерін баскару жөніндегі Қазақстан компаниясы"«"КЕСОG" (Kаzаkhstan Еlеktriсіtу Grid Ореrаting§Соmраnу) акционерлік коғамына берілетін инвестициялық салықтық преференциялардың мынадай қолданылу мерзімдері белгіленсін:
      1) корпоративтік табыс салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 7 (жеті) жыл;
      2) мүлік салығы бойынша - инвестициялық жоба шеңберінде тіркелген активтер пайдалануға берілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жыл.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады