Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 9 сәуірдегі N 279 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (екінші кезең) туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 тамыздағы N 822  қаулысында  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., N 33, 357-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарында (екінші кезең):
      "Қолданыстағы және әзірленетін мемлекеттік және салалық (секторалдық) бағдарламалар бөлінісіндегі 2007-2009 жылдарға арналған басымды бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі" деген 5-бөлімде:
      "Бағдарламадан тыс" деген кіші бөлімде:
      реттік нөмірі 528-жолдың 2-бағанындағы "Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 60 Гкал/сағат қазандығын салу" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) "2007 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 1204  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға 3-қосымшада:
      09 "Отын-энергетика кешені және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:
      231 "Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі" әкімшісі бойынша:
      024 "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жылу-энергетика жүйесін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бағдарламасында "Оңтүстік Қазақстан облысының Кентау қаласында 60 Гкал/сағатына қазандығын салу" деген сөздер "Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) "2007 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 желтоқсандағы N 1220  қаулысында :
      көрсетілген қаулыға  351-қосымшада :
      "Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары" деген 6-тармақ кестесінің 5-бағанының 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      "12. Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту" (2007 жылғы 7 ақпандағы N 18-33/2007 ТЭН-ге "Мемсараптама" РМК-ның қорытындысы)";
      7-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "9) Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының жылу желілерін салу және қайта жаңарту".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады