Орман қоры жерінің жекелеген учаскелерін басқа санаттағы жерге ауыстыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 сәуірдегі N 289 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің  130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің  51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты
пайдалануды реттеу басқармасы Орал ормандар мен жануарлар дүниесін
қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Орал орман
мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 1,4 гектар жер учаскесі өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.

      2. Батыс Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскесін орталық құтқару станциясын салу үшін "Батыс Қазақстан облыстық су-құтқару қызметі" мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі - мекеме) беруді қамтамасыз етсін.

      3. Мекеме қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман
шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін
оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Орал орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып, алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады