Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 25 сәуірдегі N 331 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын
(бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және "Қазақстанның
30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын
әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы) құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған:
      1) жұмыс тобының құрамы;
      2) жұмыс тобы туралы ереже;
      3) Іс-шаралар жоспары бекітілсін.

      3. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігі Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия) қызметін қамтамасыз ету органы болып белгіленсін.

      4. "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамы "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі оператор болып белгіленсін және мемлекеттік комиссияға ол туралы ережені бекіту ұсынылсын.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.

      5. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға тартылған мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар:
      1) Іс-шаралар жоспарының тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;
      2) апта сайын аптаның 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін;
      3) бір апта мерзімде Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі ведомстволық іс-шаралар жоспарларын әзірлесін.

      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жүктелсін.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.

      7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 25 сәуірдегі
N 331 қаулысымен   
бекітілген      

"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын орындау және "Қазақстанның 30 корпоративтік
көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу
жөніндегі жұмыс тобының құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2009.10.29 N 1703 Қаулысымен.

Шөкеев                  - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы          бірінші орынбасары, жетекші

Құсайынов               - Қазақстан Республикасының Экономика және
Марат Әпсеметұлы          бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
                          жетекшінің орынбасары

Әбенов                  - Қазақстан Республикасы Экономика және
Арман Дәулетұлы           бюджеттік жоспарлау министрлігінің
                          Инвестициялық саясат және жоспарлау
                          департаменті инвестициялық саясат
                          басқармасының бастығы, хатшы

Қуанғанов               - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
Фархад Шаймұратұлы        министрлігінің жауапты хатшысы

Бектұров                - Қазақстан Республикасының Көлік және
Азат Ғаббасұлы            коммуникация вице-министрі

Евниев                  - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
Арман Қайратұлы           вице-министрі

Есқалиев                - Қазақстан Республикасының Индустрия және
Ерхат Серікұлы            сауда вице-министрі

Құсдәулетов             - Қазақстан Республикасының Әділет
Дулат Рашидұлы            вице-министрі

Мағауов                 - Қазақстан Республикасының Энергетика және
Әсет Маратұлы             минералдық ресурстар вице-министрі

Майлыбаев               - Қазақстан Республикасының Мәдениет және
Бағлан Асаубайұлы         ақпарат вице-министрі

Нүсіпова                - Қазақстан Республикасының Еңбек және
Әсел Бекқызы              халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі

Петров                  - Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар
Валерий Викторович        вице-министрі

Сәдуақасова             - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
Елдана Мәкінқызы          қорғау вице-министрі

Смайылов                - Қазақстан Республикасының Қаржы
Әлихан Асханұлы           вице-министрі

Өскенбаев               - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт
Қайырбек Айтбайұлы        вице-министрі

Әріпханов               - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және
Айдар Әбдіразақұлы        байланыс агенттігі төрағасының орынбасары

Байсынов                - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және
Мұрат Байсынұлы           қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
                          агенттігі төрағасының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Құдайбергенов           - Қазақстан Республикасы Табиғи
Ескендір Көпбосынұлы      монополияларды реттеу агенттігі төрағасының
                          орынбасары

Мақажанов               - Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын
Нығмеджан Қойшыбайұлы     басқару агенттігі төрағасының орынбасары

Нұрпейісов              - Қазақстан Республикасы Алматы қаласының
Дархан Қадырбайұлы        өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу
                          агенттігі төрағасының орынбасары (келісім
                          бойынша)

Омаров                  - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
Жаслан Ысқақұлы           төрағасының орынбасары

Тәжіияқов               - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Бисенғали Шамғалиұлы      Төрағасының орынбасары (келісім бойынша)

Ерғожин                 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Дәулет Еділұлы            Салық комитетінің төрағасы

Корбозов                - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Қозы-Көрпеш               Кедендік бақылау комитетінің төрағасы
Жапарханұлы

Қуанышев                - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер
Дулат Оразбекұлы          министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі
                          елшісі

Бектұрғанов             - "Парасат" ұлттық ғылыми-технологиялық
Нұралы Сұлтанұлы          холдингі" акционерлік қоғамы басқармасының
                          төрағасы (келісім бойынша)

Камалиев                - "Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік
Берік Сайлауұлы           корпорациясы" ұлттық компаниясы"
                          акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы
                          (келісім бойынша)

Перуашев                - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Азат Тұрлыбекұлы          экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                          бірлестігі басқармасының төрағасы (келісім
                          бойынша)

Бисенғалиев             - "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі"
Берік Тұрсынбекұлы        акционерлік қоғамы басқарма төрағасының
                          орынбасары (келісім бойынша)

Құлыбаев                - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры"
Тимур Асқарұлы            акционерлік қоғамы басқарма төрағасының
                          орынбасары (келісім бойынша)

Мұратәлиев              - "Атамекен" Одағы" Қазақстан ұлттық
Біржан Раушанұлы          экономикалық палатасы" заңды тұлғалар
                          бірлестігі басқарма төрағасының орынбасары
                          (келісім бойынша)

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 25 сәуірдегі
N 331 қаулысымен   
бекітілген      

"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспарын орындау және "Қазақстанның 30 корпоративтік
көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу
жөніндегі жұмыс тобы туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі
шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы
13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) орындау және "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобы (бұдан әрі - жұмыс тобы)»"Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу үшін құрылды.

      2. Жұмыс тобы өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерін және өзге де нормативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

2. Жұмыс тобының міндеттері мен функциялары

      3. Жұмыс тобының міндеті "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      4. Жүктелген міндеттерге сәйкес жұмыс тобының функциялары:
      1) мемлекеттік органдардың Іс-шаралар жоспарын орындауға бағытталған іс-қимылдарын үйлестіру және»"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі - мемлекеттік бағдарлама) әзірлеу;
      2) мемлекеттік органдардың құзыретіне кіретін мәселелер;
      3) Іс-шаралар жоспарының орындалу барысына тиісті түзетулер енгізу;
      4) Іс-шаралар жоспарын іске асыру кезінде мемлекеттік органдардың нақты нәтижелерге қол жеткізуі жөнінде ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

      5. Жұмыс тобы өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:
      1) орталық мемлекеттік және облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарынан және өзге де ұйымдардан өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды сұратуға;
      2) өз отырыстарында мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және олардың лауазымды тұлғаларының Іс-шаралар жоспарын орындау қорытындылары мен Мемлекеттік бағдарламаны әзірлеу жөніндегі есептерін тыңдауға;
      3) серпінді жобалардың экономикалық және қаржылық тиімділік пен экологиялық қауіпсіздік талаптары мен өлшемдеріне сәйкестігін бағалау үшін қосымша сараптау топтарын құруға құқылы.

  3. Жұмыс тобының қызметін ұйымдастыру

      6. Жұмыс тобын төраға басқарады, ол оның қызметіне басшылық етеді, жұмыс тобының отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыс тобы жүзеге асыратын қызметке және жұмыс тобы әзірлейтін шешімдерге дербес жауапты болады.
      Төраға болмаған уақытта оның функцияларын жұмыс тобы төрағасының орынбасары орындайды.

      7. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жұмыс   тобының жұмыс органы болып табылады.

      8. Жұмыс тобының жұмыс органы жұмыс тобының жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

      9. Жұмыс тобының отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет өткізіледі.
      Жұмыс тобының төрағасы және оның орынбасары жұмыс тобының қарауына ұсынылған материалдардың негізінде жұмыс тобының жоспардан тыс отырыстарын шақырады.

      10. Егер жұмыс тобының отырысында жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, ол заңды болып саналады.
      Жұмыс тобының мүшелері отырыстарға алмастыру құқығынсыз қатысады.

      11. Жұмыс тобы мүшелерінің отырыстарға қатысу жөніндегі өз өкілеттіктерін басқа адамдарға табыстауға құқығы жоқ.

      12. Жұмыс тобының отырыстары ашық болып табылады.
      Төрағаның шешімі бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.

      13. Жұмыс тобының шешімдері ашық дауыспен қабылданады және егер оған жұмыс тобы мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысы берілсе, қабылданған болып саналады және жұмыс тобының төрағасы немесе оның отырысты өткізген орынбасары қол қоятын хаттамамен ресімделеді.
      Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.
      Жұмыс тобы мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және хаттамаға қоса берілуі тиіс.

      14. Жұмыс тобының төрағасы не оның орынбасары жұмыс тобы мүшелерінің келісімі бойынша отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткізілетін орны мен уақытын белгілейді және нақтылайды.

      15. Жұмыс тобының отырыстарына жұмыс тобының мүшелері болып табылмайтын лауазымды тұлғалар және өзге де тұлғалар шақырылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы»25 сәуірдегі
N 331 қаулысымен   
бекітілген      

   "Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту
жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2007 жылғы 13 сәуірдегі N 314 Жарлығын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары

Р/с
N

Іс-шараның атауы

Іске асыру шаралары мен кезеңдері,
жауапты орындаушы, мерзімі

1

2

3

1. Мемлекеттік жоспарлау

1.

Экономиканы дамытудың параметрлерін болжамды-нысаналы сүйемелдеуді қамтамасыз ету

Жауапты орындаушылар - ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ

Аяқтау нысаны - Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімі (бұдан әрі - Мемлекеттік комиссия)

Орындау мерзімі - 2007 жылғы мамыр

1.1. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің, оның ішінде әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің ЖІӨ мен жан басына шаққандағы ЖІӨ-нің даму серпініне талдау жүргізу және олардың 2007-2015 жылдар кезеңіне арналған болжамын әзірлеу

ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір - мамыр

1.2. Қазақстанның ЖІӨ, жан басына шаққандағы ЖІӨ бойынша, оның ішінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруі жөніндегі стратегиялық міндетке қол жеткізуді қамтамасыз ететін негізгі құрауыштар мен жылдар бойынша бөлуде 2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған нысаналы индикаторлар болжамын әзірлеу

ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, 2007 жылғы сәуір - мамыр

1.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсу міндеттері аясында экономиканың дәйекті жаңғыртылуын қамтамасыз ететін оның нақты секторы салаларының жыл сайынғы инвестициялық қажеттілігін болжамдау

ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр

1.4. Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ-ның негізгі инвестициялық параметрлері мен олардың қызметінің нәтижелері бойынша 2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған аралық және соңғы көрсеткіштерінің нысаналы индикаторларының тізбесін анықтау және болжамдау

ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр

1.5. Әрбір мемлекеттік орган мен ұйымның 2007 - 2015 жылдар кезеңіне арналған макроэкономикалық көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында өсу қарқынының тиісті салалық индикаторларын анықтауы

ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр

1.6. Болжамды деректерді Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу

ЭБЖМ, СА, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, ҰБ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр

2. Қазақстанның инвестициялық әлеуетін дамыту

2.

Қазақстанның инвестициялық әлеуетін сапалы дамытуды сүйемелдеу

Жауапты орындаушылар - ЭБЖМ, ИСМ, Әділетмині, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Еңбекмині, Қаржымині, ҰБ, ҚНРА, СА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ,"ҚазАгро" ҰК" АҚ

Аяқтау нысаны - Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін іске асыру

Орындау мерзімі - 2007 жылғы желтоқсан

2.1. Қазақстандық даму институттары мен ұлттық компаниялардың инвестициялық бастамаларын шектейтін жүйелі проблемаларды анықтау жөніндегі нормативтік құқықтық база мен жарғылық құжаттарға нысаналы талдау жүргізу және осы институттардың инвестициялық қызметін жандандыру үшін тиісті ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ, Әділетмині, ИСМ, АШМ, Қаржымині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр - шілде

2.2. Экономиканың шикізаттық емес секторындағы жеткіліксіз инвестициялық белсенділікке терең талдау жүргізу және проблеманы шешуге арналған шаралар кешені бойынша ұсыныстар әзірлеу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, ДСМ, БҒМ, ТСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым

2.3. Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі жөніндегі міндеттерді шешу аясында даму институттары мен өзге де ұйымдардың инвестициялық мүмкіндіктерін бағалауды жүргізу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр

2.4. Қазақстандық даму институттары мен ұлттық компаниялардың Ұлттық қор, республикалық бюджет, зейнетақы жинақтары, халықтың жинақтары бөлінісінде капиталдануының өсу көздері мен әлеуетіне талдау жүргізу

ЭБЖМ, Қаржымині, ҰБ, Еңбекмині, ҚНРА, СА, 2007 жылғы сәуір - маусым

2.5. Керсетілген зерттеулердің нәтижелерін және тиісті ұсыныстарды Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу

ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині, Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы шілде

2.6. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша экономиканы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін практикалық іске асыру жөнінде шаралар қабылдау

ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, Қаржымині, Еңбекмині, Әділетмині, ҰБ, ҚНРА, СА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы желтоқсан

3. Серпінді макрожобаларды іске асыру және "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу

3.

Серпінді макрожобаларды  практикалық іске асыру жөніндегі шаралар кешенін қабылдау

Жауапты орындаушылар - ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ

Аяқтау нысаны - серпінді макрожобаларды іске асыруды қамтамасыз ету

Орындау мерзімі - 2009 жылғы ақпан

3.1. Серпінді макрожобаны айқындауды тұжырымдау және серпінді макрожобаларды іріктеу өлшемдерін айқындау

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым

3.2. Серпінді макрожобаларды іске асыру үшін басым бағыттарды айқындау

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, "Самғау" холдингі" АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым

3.3. Әлеуетті корпоративтік көшбасшыларды анықтау мақсатында елдің қазіргі компанияларының қызметіне талдау жүргізу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы сәуір - маусым

3.4. Мемлекеттік комиссия мақұлдаған өлшемдер негізінде Қазақстанның серпінді макрожобаларын іріктеу жөнінде конкурс өткізу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 тамыз

3.5. Серпінді макрожобаларды орналастырудың әлеуетті аумағын көрсете отырып, олардың тізбесін қалыптастыру

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, "Самғау" холдингі" АҚ, 2007 тамыз

3.6. Серпінді макрожобаларды іске асырудың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу жөнінде техникалық тапсырмаларын әзірлеу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы қыркүйек - қазан

3.7. Серпінді макрожобаларды іске асыру жөнінде техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы қараша - 2008 жылғы мамыр

3.8. Серпінді макрожобаларды іске асыруды қаржыландыру көздері мен тетіктерін анықтау

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы қараша - 2008 жылғы тамыз

3.9. Серпінді макрожобаларды іске асыру операторларын анықтау

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2008 жылғы ақпан - қараша

3.10. Серпінді макрожобалардың жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу және оларды іске асыру

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2008 жылғы маусым - 2009 жылғы ақпан

3.11. Жүргізіліп жатқан жұмыстың нәтижелерін Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, ай сайын

3.12. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін практикалық іске асыру жөнінде шаралар қабылдау

ИСМ, ЭБЖМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, тұрақты

4.

Серпінді макрожобаларды іске асыруды сапалы сүйемелдеу

Жауапты орындаушылар - ИСМ, ЭБЖМ, Әділетмині, ЭМРМ, ККМ, АШМ, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, Қоршағанортамині, АБА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ

Аяқтау нысаны - Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

Орындау мерзімі - ай сайын

4.1. Жоспарланып отырған серпінді жобаларды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету шаралары жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, Қоршағанортамині, АБА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы мамыр - шілде

4.2. Серпінді макрожобаларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін Қазақстанның минералдық-шикізат базасына талдау жүргізу

ЭМРМ, ЭБЖМ, 2007 жылғы мамыр

4.3. Экономикалық ынталандыру аймақтарының әр түрлі үлгілерінің ықтимал жұмыс істеуінің схемалары бойынша ұсыныстарға талдау жүргізу және әзірлеу

ИСМ, ЭБЖМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, 2007 жылғы сәуір - шілде

4.4. Тауарлар мен қызметтердің ұлттық қоржынын қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу (тауарлар мен қызметтердің ұлттық қоржынының құрамы және оны қалыптастыру жөніндегі шаралар)

ЭБЖМ, ИСМ, АШМ, ККМ, ЭМРМ, БҒМ, Еңбекмині, АБА, 2007 жылғы маусым - шілде

4.5. Қазақстанда жоғары қайта бөліс өнімі өндірісінің дамуын уәжсіздендіретін жүйелі проблемаларды анықтауға бағытталған сауда және кедендік-тарифтік саясатқа талдау жүргізу

ИСМ, ЭБЖМ, Қаржымині, АШМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы қыркүйек

4.6. Салық заңнамасына талдау жүргізу және компаниялардың инвестициялық белсенділігін арттыру (ынталандыру) жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ, Қаржымині, ИСМ, АШМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы қыркүйек

4.7. Қазақстанда қосылған құны жоғары өндірістерді дамытуды ынталандыруға бағытталған шаралар кешені бойынша, оның ішінде нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭБЖМ, Әділетмині, Қаржымині, ИСМ, АШМ, ЭМРМ, ККМ, Қоршағанортамині, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, 2007 жылғы қыркүйек

4.8. Серпінді макрожобаларды іске асыру үшін жағдай жасау мақсатында шетелдік жұмыс күшін тарту бөлігіндегі шаралар кешені бойынша, оның ішінде нормативтік кұқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу

Еңбекмині, ЭБЖМ, БҒМ, ИСМ, ЭМРМ 2007 жылғы қыркүйек

4.9. Серпінді макрожобаларды іске асыруды қамтамасыз ету үшін отандық мамандарды жүйелі даярлауды, қайта даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені бойынша ұсыныстар әзірлеу

БҒМ, ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, Еңбекмині 2007 жылғы қыркүйек

4.10. Серпінді макрожобаларды іске асыру үшін стратегиялық инвесторларды тарту жөнінде іс-шаралар өткізу

ИСМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, серпінді макрожобалардың тізбесі мақұлданған сәттен бастап, 2007 жылғы тамыз - 2008 жылғы тамызда, аяқтау нысаны - стратегиялық инвесторлармен тиісті келісім-шарттар жасасу

4.11. Стратегиялық инвесторлардың мемлекетпен ынтымақтастығы туралы меморандумдардың келісілген жобаларын дайындау

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, 2007 шілде

4.12. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың нәтижелерін Мемлекеттік комиссияның қарауына енгізу

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АБА, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, ай сайын

4.13. Жоғарыда көрсетілген мәселелер бойынша Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімдерін практикалық іске асыру жөнінде шаралар қабылдау

ИСМ, ЭБЖМ, ЭМРМ, ККМ, АШМ, АБА, Қаржымині, Еңбекмині, БҒМ, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, тұрақты

5. 

"Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу

Жауапты орындаушы - ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Аяқтау нысаны - Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасы

Орындау мерзімі - 2007 жылғы қазан

5.1. "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеу

ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, 2007 жылғы тамыз

5.2. "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу

ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, 2007 жылғы қыркүйек

5.3. "Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы" мемлекеттік бағдарламасының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне енгізу

ЭБЖМ, ИСМ, ЭМРМ, АШМ, ККМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ДСМ, ТСМ, ҰБ, СА, ҚНРА, "Қазына" ОДҚ" АҚ, "Самұрық" холдингі" АҚ, "ҚазАгро" ҰК" АҚ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, 2007 жылғы қазан 

Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

ЭБЖМ    - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
          министрлігі
ДСМ     - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ИСМ     - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі
АШМ     - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
ККМ     - Қззақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі
ТСМ     - Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі
ЭМРМ    - Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық
          ресурстар министрлігі
Еңбекмині - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік
          қорғау министрлігі
БҒМ     - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қоршағанортамині - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау
          министрлігі
Қаржымині  - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ҰБ      - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
АБА     - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс
          агенттігі
ҚНРА    - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын
          реттеу және қадағалау агенттігі
СА      - Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
"Қазына" ОДҚ" АҚ - "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы
"Самұрық" холдингі" АҚ - "Самұрық" мемлекеттік активтерді басқару
          жөніндегі қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамы
"Самғау" холдингі" АҚ - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық
          холдингі" акционерлік қоғамы
"ҚазАгро" ҰК" АҚ - "ҚазАгро" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы
ЖІӨ     - жалпы ішкі өнім

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады