Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.11.2017 № 759 қаулысымен.
Пайдалануға берілетін тұрғын үй құрылысының сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 қазандағы N 1328 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., N 35, 462-құжат) мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында салынған объектілерді пайдалануға қабылдау жөніндегі қабылдау және жұмыс комиссияларының өкілеттіктерін, міндеттерін, сондай-ақ міндетті құрамын белгілеу ережесінде:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Осы ережеде мынадай ұғым пайдаланылады:
"Толық дайындық" - ішкі әрлеу (қаптау, бояу, тұсқағаз жапсыру) жұмыстары аяқталып, таза едендер төселіп, санитарлық-техникалық жабдықтар мен приборлар, тұрмыстық мақсаттағы электр техникалық приборлар, асүй газ немесе электр плиталары және пәтерішілік есік блоктары орнатылып салынған ғимараттар.";
10-тармақтың 1) тармақшасының екінші абзацындағы "тұрғын және" деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы қаулының 1-тармағының әрекеті осы қаулы қолданысқа енгізілген сәтте үлескерлермен жасасқан шарты бар салынған тұрғын үй объектілерін пайдалануға қабылдауға байланысты қатынастарға қолданылмайды.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі |