Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.31 № 2319 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне және " Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жариялаған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы»8«мамырдағы
N 368 қаулысымен
бекітілген
Ескерту. Ережеде бүкіл мәтін бойынша "департаментінің (басқармасының)", "Департамент (басқарма)", "Департаменттің (басқарманың)", "департаментке (басқармаға)", "Департаментке (басқармаға)" және "департаментінің" деген сөздер тиісінше "басқармасының", "Басқарма", "Басқарманың", "басқармаға", "Басқармаға" және "басқармасының" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларда және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде 010 "Мал шаруашылығын дамытуды қолдау" бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде
мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік
қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің дамуын жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімділігін, сапасы мен өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруға арналады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қолдау нысандарын қозғамайтын бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
жоғарғы сыныпты асыл тұқымды жануарларды сатып алуға, күтуге және өз төлі есебінен кең ауқымда өсіру үшін мал басын молықтыратын төлді өсіру шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсетушілердің шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы технологиялық, зертханалық жабдықты (бұдан әрі - жабдық), сондай-ақ арнайы техниканы (бұдан әрі - техника) сатып алу құнын 50 %-ға дейін өтеу;
республикалық бюджеттен субсидияланатын салаларды қоспағанда, мал шаруашылығының өнімділігін және өнімінің сапасын арттыруға пайдаланылатын құрама азықтың құнын 50 %-ға дейін арзандату;
ірі және құнарлы азық өндіру және дайындау жөніндегі шығындарды 50 %-ға дейін өтеу.
3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің субсидиялар алуға арналған тізімін жасау және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін облыс әкімдігі құрамында облыс Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы мен мамандары (бұдан әрі - Басқарма), Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі облыстық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстық статистика басқармасының маманы, мал шаруашылығы қауымдастығының өкілдері бар Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрады. Басқарма комиссияның жұмыс органы болып табылады және оның құзыретіне мыналар кіреді:
субсидиялар беру бағыттары мен шарттарын, құжаттар қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, тиісті жылдың басында, алайда 15 қаңтардан кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында комиссияның жұмыс тәртібі туралы мәліметтерді жариялауды қамтамасыз ету;
субсидиялар алуға үміткер агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қойылатын технологиялық параметрлерді әзірлеу, комиссиямен келісу және Басқарманың бұйрығымен бекіту;
осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялардың мөлшерін облыс бюджетінде тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде Басқарманың бұйрығымен бекіту;
агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінімдер қабылдау, оларды бес жұмыс күні ішінде қарау, Комиссияға ұсыну және оның шешімінің нәтижелері бойынша субсидиялар алушылардың тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін Басқарманың бұйрығымен бекіту, сондай-ақ осы тізімге енгізілмеген үміткерлерге субсидиялар алуға себептерін көрсете отырып анықтама беру.
2. Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу тәртібі
4. Тізімге енгізілген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субсидиялар алу үшін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) мынадай құжаттарды ұсынады:
асыл тұқымды жануарлар, арнайы технологиялық жабдық және арнайы техника сатып алуға осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес сатып алу-сату шартын, жеткізу актісі мен төлем құжаттарының көшірмелерін;
іс жүзіндегі өндіріс шығындарын растайтын құжаттарды ұсына отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жоғары сыныпты асыл тұқымды бір мал басын ұстауға және мал басын толықтыратын төлдің бір басын өсіруге жұмсалатын шығындардың анықтама-есебін;
қалған бағыттар бойынша төлем құжаттарының көшірмелері: тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың құнын төлеу актілері, жөнелту құжаттары, шот-фактуралар, кассалық-кіріс ордерлері, банктің төлем тапсырмалары ұсынылады.
5. Бөлім агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субсидиялар алуға ұсынған бастапқы төлем құжаттарын бес жұмыс күні ішінде тексереді және бекітілген субсидиялар мөлшері негізінде бекітілген квоталар шегінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес тиесілі субсидиялар туралы жиынтық ведомость жасайды және төлем құжаттарымен бірге басқармаға ұсынады.
6. Бөлім субсидиялар алу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы
үшін жауапты болады.
7. Басқарма бөлімдер ұсынған құжаттар бойынша тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес облыс бойынша субсидияларды төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомості жасайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің тиісті субъектілерінің ағымдағы шоттарына тиесілі субсидияларды аударуды басқарма белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данадағы төлем шоттарының тізілімі мен төлем шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
8. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері тиісті жылдың 25 желтоқсанына қарай Басқармаға жергілікті бюджеттен алынған қаражатты мақсатты пайдаланғаны туралы есеп ұсынады.
9. Жергілікті бюджет қаражатының мақсатты, тиімді пайдаланылуына жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
1-қосымша
___________________облысы
ведомствоаралық комиссиясына
Субсидиялар алу туралы өтінім
1. _______________________ негізінде әрекет ететін агроөнеркәсіптік
(құрылтай құжаты)
кешен субъектісі___________________________________
(атауы)
бірінші басшы атынан_________________________________________осымен
(Т.А.Ә., лауазымы)
___________________________________________________________________
(субсидиялаудың бағыты, тауардың (жануарлардың), қызметтердің,
жұмыстардың атауы және саны)
субсидиялар бөлуді сұрайды.
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы_______________________
__________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
агроөнеркәсіп кешен субъектісін (заңды тұлғаны) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (шаруа қожалығы үшін - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бөлу туралы аудан әкімі шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының болуы туралы анықтамасы.
Заңды мекен-жайы мен банктік деректемелері
____________________________
____________________________
(почталық мекен-жайы)
____________________________
(банктік деректемелері)
____________________________
(басшының Т.А.Ә., қолы)
М.О
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
2-қосымша
Асыл тұқымды жануарларды, технологиялық жабдық пен техниканы
сатып алу-сату N_____ шарты
(ұсынылатын)*
____________қаласы 200 ж."_____"_________
(елді мекен)
Бұдан әрі Сатып алушы деп аталатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі______________________________________________________
__________________________________________________басшысы атынан
(толық атауы)
_______________________________ ______________________________
(лауазымы, Т.А.Ә., толығымен) (құрылтай құжаты)
негізінде әрекет ететін бір жағынан, басшысы атынан____________,
______________________ ____________________________________
(толық аты-жөні) (құрылтай құжаты)
негізінде әрекет ететін Сатушы______________________________
(жеткізушінің толық атауы)
екінші жағынан,__________________________________________________
(жануарлардың түрі және тұқымы, жабдық пен техниканың атауы)
асыл тұқымды жануарларды, арнайы технологиялық жабдық пен арнайы техниканы сатып алу-сату туралы осы шартты жасасты.
1. Шарттың мәні
1.1._______________________________________________________________
(асыл тұқымды жануарлар, жабдық пен техника - керегін жазу қажет)
Сатушы өндіреді және жеткізеді, Сатып алушы құнын төлейді және
сатып алады
2. Көлемі
2.1. Осы шарт бойынша көзделген Сатушы сататын және Сатып алушы сатып алатын асыл тұқымды жануарлардың, жабдық пен техниканың саны ___________________________________________________________құрайды
(жануарлардың түрі, тұқымы, жабдық пен техниканың атауы көрсетіле отырып)
3. Шарттың жалпы құны
3.1. Осы шарттың жалпы құны тиесілі субсидияларды алып тастағанда
____________________________________________________теңге құрайды
(цифрлармен және жазбаша)
3.2. Бірлік үшін баға (жануарлардың тірілей салмағының 1 кг, жабдық
пен техниканың бірлігі - қажеттісін қалдыру қажет)
_______________________________________________________ теңге
(цифлармен және жазбаша)
3.3. Сатып алушыға тиесілі субсидиялардың мөлшері___________ теңге,
(цифлармен және жазбаша)
оның ішінде асыл тұқымды жануарлардың, жабдық пен техниканың бірлігі
үшін___________________________________ теңге.
(цифрлармен және жазбаша)
4. Есеп айырысу шарты
4.1. Ақы төлеу нысаны:
_________________________________________________________________
(қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айырысу, төлем құжатының N,
күні және атауы )
5. Тараптардың міндеттері
5.1. Сатушы:
1) осы шарттың 2.1- тармағында көрсетілген мөлшерде Сатып
алушыға жоғары өнімді жануарларды, жабдық пен техниканы сатуға;
2) Сатып алушыға жануарларға арналған асыл тұқымды және
ветеринариялық куәліктерді, жабдық пен техникаға арналған
сертификатты беруге міндеттенеді.
5.2. Сатып алушы:
1) асыл тұқымды жануарларды өсіру үшін пайдалануға;
2) жануарларды мақсатты пайдаланбаған (алып-сатқан, етке
арнап сойған) жағдайда тиісті актіге қол қойылған сәттен бастап 5
банкілік күн ішінде_______________________________ теңге мөлшерінде
(цифрлармен және жазбаша)
субсидияларды жергілікті бюджетке қайтаруға міндеттенеді.
6. Ерекше шарттар
6.1. Осы шарт 3 данада жасалады және Сатушы мен Сатып алушы қол
қойған күннен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекен-жайы мен деректемелері
Сатушы Сатып алушы
_________________________ _________________________
(почталық мекен-жайы) (почталық мекен-жайы)
_________________________ _________________________
(банктік деректемелер) (банктік деректемелер)
_________________________ _________________________
(басшысының Т.А.Ә., қолы) (басшысының Т.А.Ә., қолы)
М.О. М.О.
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
3-қосымша
Асыл тұқымды жануарлардың әр басын ұстау және
мал басын толықтыратын төлдің әр басын өсіру жөніндегі
шығындардың анықтама-есебі
Шығындардың баптары |
Өлшем |
Ересек мал |
Мал басын толықтыратын төл |
Еңбек шығыны |
адам-күн |
||
Еңбек ақысы |
теңге |
||
Азық құны |
азық бірлігі, ц |
||
теңге |
|||
Жанар-жағар май материалдары |
теңге |
||
Электр энергиясы |
теңге |
||
Көлік қызметі |
теңге |
||
Амортизация |
теңге |
||
Өзге де шығындар |
теңге |
||
1 басқа жалпы шығын |
теңге |
||
Малдың басы: |
|||
жылдың басында |
бас |
||
1 шілдедегі жағдай бойынша |
бас |
Асыл тұқымды жануарлардың көрсетілген санының болуын растайды:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
облыстық аумақтық инспекцияның
мемлекеттік инспекторы_____________ ___________(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Облыстық статистика басқармасының
маманы______________________ ___________(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Ескертпе:
"Агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту
ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік кәсіпорны
әзірлеген малдың бір басын күтуге және өсіруге жұмсалатын тікелей
өндіріс шығындарының ғылыми-негізделген нормативтеріне сәйкес.
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
"Бекітемін" субсидиялар төлеу ережесіне
_______________ауданы 4-қосымша
ауыл шаруашылығы
департаментінің басшысы
______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы "___"_______«
облысының ___________________ауданы бойынша
(аудан атауы)
200__жылғы "____"_________айындағы тиесілі субсидиялар туралы
ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ*
Агроөнер-кәсіптік кешені |
Субсидия- |
Жылдық |
Сатып ал- |
Субси- |
Субсидия-лардың тиесілі |
Жеткізу-шінің атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Аудан бойынша жиыны |
* субсидияланатын әр бағытқа жеке жасалады
Мал шаруашылығы бөлімінің
маманы (жауапты тұлға) ________________ __________(Т.А.Ә., қолы)
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
"Бекітемін" субсидиялар төлеу ережесіне
______________ауданы 5-қосымша
ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы
______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
200__жылғы "___"_______«
______________________облысы бойынша 200__жылғы_____________
(айы)
субсидиялар төлеу туралы
БІРІКТІРІЛГЕН ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ*
Ескерту. 5-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2008.03.20 N 276 Қаулысымен.
Атауы |
Субси- |
Жыл басы- |
Жыл басынан бері төленге-ні, |
Субси- |
Төлену- |
|
ауданның |
агроөнер- |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
* субсидияланатын әр бағыт бойынша жеке жасалады
Мал шаруашылығы
бөлімінің бастығы _______________ _______________(Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер _______________ _______________(Т.А.Ә., қолы)