"Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы N 397 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

       ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 1 қыркүйектегі N 1641  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 35, 480-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда аталған Жарлықпен мақұлданған Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімді перспективаға арналған тұжырымдамасында:
      "Ұлттық қордың қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың қағидаттары" деген 4-бөлімнің 1-тармағының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "корпорациялық табыс салығы, үстеме пайдаға салынатын салық, роялтилер, бонустар, өнімді бөлу жөніндегі үлес, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына салынатын ренталық салық жататын бюджетке түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын сататын мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бойынша мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін тікелей салықтар, өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметін жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі, сондай-ақ тізбеде көрсетілген кәсіпорындар жүргізетін операциялардан түсетін басқа да түсімдер, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда). Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мұнай секторы төлейтін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің өзге де түрлері тиісті бюджеттерге есептелуге тиіс. Бұл ретте мұнай секторының кәсіпорындарына тізбеде айқындалатын мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын сататын барлық заңды тұлғалар жатады.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады