"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 мамырдағы N 398 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

      1-бап. Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., N 8-9, 53-құжат; N 20, 116-құжат; N 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., N 14, 55-құжат; N 21-22, 87-құжат; 2006 ж., N 1, 5-құжат; N 3, 22-құжат; N 8, 45-құжат; N 12, 77, 79-құжаттар; N 13, 86-құжат; N 16, 97-құжат; N 23, 141-құжат; 2007 ж., N 1, 4-құжат; N 2, 16-құжат; N 4, 28-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 23-баптың 2-тармағында "шикі мұнайды және газ конденсатын
өндірумен және (немесе) өткізумен айналысатын" деген сөздер "мұнай
операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнайды және газ
конденсатын өткізетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 46-бапта:
      1-тармақта:
      9-1) тармақша "қызметін" деген сөздің алдынан "мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      32) тармақшадағы "мемлекеттік баж" деген сөздерден кейін ";" белгісі қойылып, мынадай мазмұндағы 33) тармақшамен толықтырылсын:
      "33) мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, экспортталатын шикі мұнайға, газ конденсатына рента салығы";
      2-тармақта:
      4) тармақша "республикалық" деген сөздің алдынан "мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      5) тармақша "республикалық" деген сөздің алдынан "мұнай секторы кәсіпорындарынан түсетін түсімдерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
      3) 49-1-бапта:
      1) тармақша мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
      "өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі;";
      мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "1-1) бюджетке түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ мұнай және газ конденсатын өткізетін мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесінде көрсетілген кәсіпорындар жүзеге асыратын операциялардан түсетін, оның ішінде мұнай келісім-шарттарының талаптарын бұзғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін төлемдерді қоспағанда)";
      4) 76-баптың 4-тармағының 3) тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:
      "3) бюджетке түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ мұнай мен газ конденсатын өткізетін мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесі.
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен Қазақстан Республикасының Парламентінде нақтыламастан, бюджетке түсетін түсімдер (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептелетін мұнай операцияларымен айналысатын, сондай-ақ шикі мұнай мен газ конденсатын өткізетін мұнай секторы кәсіпорындарының тізбесіне жылына екі реттен аспайтын өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқығы бар.".
      2-бап. Осы Заң ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады