Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 шілдедегі N 762 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 мамырдағы N 428 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1.   "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстанның Үкіметі арасында Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызметі туралы келісім жасасу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 шілдедегі N 762  қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбындағы»"арасында",»"келісім жасасу" деген сөздер тиісінше»"арасындағы",»"келісімге қол қою" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев",»"келісім жасассын" деген сөздер тиісінше»"Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұқанбетқазыұлы Тәжин",»"келісімге қол қойсын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады