Қазақстан Республикасының Yкiметі мен Түркiменстанның Yкiметi арасындағы Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы келiсiмге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 шілдедегі N 762 қаулысы

       Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.28. N  428 қаулысымен. 

      Қазақстан Республикасының Үкiметі қаулы етеді:

      1. Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркiменстанның Үкiметi арасындағы Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы келiсiмнiң жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Марат Мұқанбетқазыұлы Тәжин оған Келiсiмнiң жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметінiң атынан Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Түркiменстанның Үкiметi арасындағы Шекара өкілдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы келісімге қол қойсын.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.05.28. N  428 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне eнeдi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Жоба  

  Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркіменстанның
Yкiметi арасындағы шекара өкілдерінің (шекара
комиссарларының) қызметi туралы
Келісім

      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркіменстанның Үкiметi,
      Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы достық қатынаспен ынтымақтастық туралы 1993 жылғы 19 мамырдағы  шартты және Қазақстан Республикасы мен Түркіменстан арасындағы мемлекеттiк шекараны қорғаудағы ынтымақтастық туралы 2001 жылғы 5 шілдедегі  Келiсiмдi негізге ала отырып,
      тату көршiлiк қатынастарды дамытуға және қазақстан-түркіменстан мемлекеттік шекарасының (бұдан әрі - мемлекеттік шекара) режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастықты қолдауға ұмтыла отырып,
      өздерiнiң мемлекеттік шекараларын күзету жөнiндегi шараларды қабылдауда екі тәуелсіз мемлекеттердiң ажырамас құқығын мойындай отырып,
      Қазақстан Республикасының шекара өкілдері мен Түркіменстанның шекара комиссарларының шекаралық қақтығыстардың алдын алуына, ал олар туындаған жағдайда - оларды шұғыл тергеудi және реттеудi қамтамасыз етуге қатысу қажеттілігін атап өте отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:

  1-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) мен олардың орынбасарлары Тараптар мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес тағайындалады. Тараптар шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) мен олардың орынбасарларының тағайындалғаны туралы олардың тегін, атын және әкесiнiң атын, қызмет ету учаскелерін және келу орындарын көpceтe отырып, шекара ведомстволарының желiсi бойынша бір-біріне хабарлайды.
      Шекара өкiлдерiнің (шекара комиссарларының) мiндеттерiн орындаған кезде шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) орынбасарлары шекара өкiлдерiне (шекара комиссарларына) берілген құқықтарды пайдаланады.

  2-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) Қазақстан Республикасы мен Түркiменстан арасында жасалған халықаралық шарттарға, осы Келiсiмге және өз мемлекеттерінің ұлттық заңнамаларына сәйкес өзара iс-қимылды жүзеге асырады.
      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгі болып табылатын, Шекара өкілдерінің (шекара комиссарларының) қызмет ету учаскелерi туралы хаттамамен (1-қосымша) анықталған қазақстан-түркiмен мемлекеттік шекарасы учаскелерi шегінде өз мiндеттерiн орындайды.
      Жазбаша өкiлеттiктердi (2-қосымша):
      Қазақстан Республикасының шекара өкiлдерiне және олардың орынбасарларына - Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінiң директоры;
      Түркiменстанның шекара комиссарларына және олардың орынбасарларына - Мемлекеттік шекара қызметiнiң бастығы Түркiменстанның Шекара әскерлерiнiң қолбасшысы бередi.

  3-бап

      Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметiн қамтамасыз ету үшiн көмекшiлер, хатшылар, аудармашылар, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру жөніндегі уәкілеттілер тағайындалады, сондай-ақ сарапшылар мен басқа да тұлғалар тартылуы мүмкiн.
      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) көмекшiлерiнiң жазбаша өкілеттiктерiн, хатшылардың және аудармашылардың куәлiктерiн, екi жаққа шекарадан бiр жолғы өтуге арналған куәлiктер (3-5-қосымшалар) шекара өкiлдерiмен (шекара комиссарларымен) берiледi.

  4-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) өз қызметi учаскелерi шегінде:
      шекаралық қақтығыстар туындауының алдын алу және туындаған жағдайда оларды реттеу жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды;
      Тараптар белгiлеген мемлекеттiк шекарадан өту ережесiнiң сақталуын бақылайды және белгіленген тәртіптi бұза отырып, одан өтудi болдырмау жөнiнде шаралар қабылдайды;
      Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп, қару-жарақ, оқ-дәрi контрабандасына, есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, бағалы заттар мен валюталардың, сондай-ақ радиоактивтiк заттардың заңсыз өтуіне қарсы күрес жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды;
      Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi уәкілеттi органдарымен бiрлесiп, шектес Тараппен өзара iс-қимыл тәртiбiн және уақытылы хабардар етудi белгілей отырып ұйымдасқан қылмыстық құралымдармен мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өтуiне қарсы күрес жөнiнде шаралар қабылдайды;
      өздерiнiң құзыреті шегінде Тараптардың құқық қорғау органдарымен өзара iс қимылды жүргізудi, ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге және дiни экстремизмге қарсы күреске бағытталған операцияларды қамтамасыз етедi;
      Тараптар мемлекеттерiнiң тиiсті уәкiлеттi органдарымен бiрлесiп, заңсыз көшiп келушілердi депортациялау (беру) жөнiнде қажеттi шараларды қабылдайды, соның iшiнде үшiншi елден, егер олардың шектес тарап мемлекетiнiң аумағынан заңсыз кiруге дәлелдемелер бар болса;
      адамдардың мәйiттерiн тануға қатысады және қажет болған жағдайда оларды беру жөнiндегі шараларды қабылдайды;
      Тараптар мемлекеттерiнiң тиiстi уәкiлеттi органдармен бiрлесiп, мемлекеттік шекарадағы шаруашылық жұмыстары мен өзге де қызметтің жүргізілуiн, сондай-ақ шекаралық су тоғандардағы суды пайдалануға тиiсiнше бақылауды қамтамасыз етедi;
      мемлекеттік шекара арқылы өрттердiң, жұқпалы аурулардың, iндеттердiң және ауыл шаруашылығы зиянкестерiнiң таралу қаупi туралы бiр-бiрiне уақтылы хабарлайды;
      мемлекеттік шекара режимін ұстауға байланысты басқа да мәселелердi шешедi.

  5-бап

      1. Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) бiрлескен жұмысты, әдетте, мәжiлiстерде (кездесулерде) жүргізедi. Шекара өкілдерiнiң (шекара комиссарларының) арасындағы уағдаластық бойынша олардың орынбасарлары мен көмекшiлерiнiң кездесулерi өткізiлуi мүмкiн.
      2. Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) мәжiлiсi (кездесуi) өзара келiсiм бойынша өткiзiледі. Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) және олардың орынбасарларының жоспарлы мәжiлiсi (кездесуi) әдетте, Түркiменстан мен Қазақстан Республикасының аумақтарында-кезекпен, жоспардан тысы - оларды өткiзудi ұсынған шекара өкiлiнiң (шекара комиссарының) Тарабы аумағында өткiзіледi. Ұсыныста мәжілiстің (кездесудiң) күн тәртiбi, қатысушылардың құрамы, оның өткізiлетін орны мен уақыты көрсетiлуi тиiс.
      Жекелеген жағдайларда мәжiлiстерде (кездесулерде) шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) арасында өзара уағдаластық бойынша бұрын талқылауға ұсынылмаған мәселелер қаралуы мүмкiн.
      Мәжілісті (кездесудi) өткізу туралы ұсынысқа жауапты шекара өкiлi (шекара комиссары) мүмкiндiгінше қысқа мерзiм iшiнде, бiрақ осындай ұсынысты қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегі уәкiлеттiлер алған сәттен бастап 48 сағаттан кешiктірмей беруi тиiс. Бұл ретте талқылау үшiн қосымша мәселелер, сондай-ақ мәжілiсті (кездесудi) өткiзетiн өзге де уақыт пен орын ұсынылуы мүмкін.
      3. Шекара өкiлi (шекара комиссары) ұсынған мәжiлiске (кездесуге) шектес мемлекеттің шекара өкiлi (шекара комиссары) өзi келуi тиiс. Егер бұл мүмкiн болмаса онда мәжiлiске (кездесуге) оның орынбасары келедi, ол туралы мәжiлiс (кездесу) басталғанға дейiн 24 сағаттан кешiктiрмей кездесудi ұсынған шекара өкілі (шекара комиссары) хабардар етіледi.
      4. Шекара өкілдерiнiң (шекара комиссарларының) мәжiлiстерiнде (кездесулерiнде) олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары және қатысуы қажет болып табылатын адамдар (сарапшылар, куәлер, жәбiрленушілер және өзге де адамдар) қатыса алады.
      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) көмекшілерiнiң кездесулерiне хатшылар, ал қажет болған кезде сарапшылар мен басқа да тұлғалар қатыса алады.
      5. Жеке кездесулердi талап етпейтiн мәселелер, хат алмасу немесе байланыстардың техникалық құралдарын пайдалану жолымен шешiлуi мүмкiн.
      6. Шекара өкілдерi (шекара комиссарлары) өзара уағдаластық бойынша мәжiлiстерде (кездесулерде) қабылданған шешімдердi орындау жөнiндегі қабылданатын шаралар туралы бiр-бiрiне хабарлайды.

  6-бап

      Шекара өкілдерiнiң (шекара комиссарларының) көмекшiлерi бiрлескен жұмысты шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) тапсырмасы бойынша әдетте, өздерiнiң кездесулерiнде өткiзедi. Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) көмекшілері қабылдаған шешiмдер оларды тиiстi шекара өкілдерi (шекара комиссарлары) бекiткеннен кейiн күшіне енедi. Шекара өкiлдерiнiң көмекшілерi (шекара комиссарлары) келiсе алмаған мәселелер тиiстi шекара өкілдерiнiң (шекара комиссарларының) қарауына беріледi.

  7-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) мәжiлiсiнiң (кездесуiнiң) қорытындысы бойынша бiрлескен хаттама жасалады, онда: мәжiлiстiң (кездесудің) күн тәртібі, қатысушылардың құрамы, мәжілiстiң (кездесудiң) жалпы барысы, қабылданған шешiмдер мен оларды орындау мерзімдерi көрсетiледi.
      Мәжілістің (кездесудiң) хаттамасы екi данада, әрқайсысы орыс тілiнде жасалады, шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) немесе оларды алмастыратын адамдардың қолдарымен және елтаңбалық мөрлермен бекiтіледi.

  8-бап

      1. Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) өзара келiсiм бойынша мемлекеттік шекарада кездесу пункттерiн, сондай-ақ қызметтік хат-хабар алмасу пункттерiн және техникалық байланыс құралдарын пайдалану тәртiбiн белгілейдi. Қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкiлеттiлер, оны мемлекеттік шекарада тәулiк бойы жүргізуге мiндетті.
      2. Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) әрбiр Тарап мемлекетiнiң ұлттық заңнамасына сәйкес ұсталған адамдарды, сондай-ақ үй жануарларын, адамдардың мәйiттерiн берудi жүзеге асырады. Әрбiр осындай берудiң уақыты мен тәртiбiн шекара өкілдерi (шекара комиссарлары) жеке анықтайды. Мемлекеттік шекараны бұзған кезде ұсталған адамдар, олардың қасақанасыз шекарадан өткен фактілерiн анықтаған кезде, сондай-ақ олар өту кезiнде қылмыс жасамаған жағдайда, олар келген мемлекеттiң аумағына берiледi.
      3. Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) өзара уағдаластық бойынша адамдарды, үй жануарларын, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн, қызметтiк хат-хабарды қабылдау-беру кезiнде, сондай-ақ осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа да әрекет жасау кезiнде ресiмделетін актiлердiң, қолжазбалардың және басқа да құжаттардың үлгілерiн белгілейдi.
      Адамдарды, жануарларды, мүлiктердi, адамдардың мәйiттерiн берудi шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары), олардың орынбасарлары және көмекшiлерi жүзеге асырады.

  9-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары), олардың орынбасарлары, көмекшiлерi, хатшылары, аудармашылары мен сарапшылары осы Келiсiмнiң шеңберiнде өздерiнiң мiндеттерiн орындау үшiн осы үшiн белгіленген пункттерде немесе келiсiлген жерлерде, нысандары екi мемлекеттің шекара ведомстволарының басшыларымен дипломатиялық арналар бойынша келiсiлетiн және бекiтілетін құжаттар негiзiнде мемлекеттік шекарадан өтедi.
      Шекарадан өтуге құқық беретін құжаттарды жоғалтқан жағдайда осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес олардың иелерi бұл туралы шұғыл түрде мемлекетiнiң шекара өкiлiне (шекара комиссарына) хабарлауы тиiс, ол шектес мемлекеттің шекара өкiлiн (шекара комиссарын) болған жағдай туралы хабардар етедi.

  10-бап

      1. Шекара өкiлдерiне (шекара комиссарларына), олардың орынбасарларына, көмекшiлерiне, хатшыларға, қызметтік хат-хабарды қабылдау-беру жөнiндегi уәкілеттiлерге осы Келiсiмнiң ережелерiне сәйкес басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында жеке басының қол сұғылмаушылығына, сондай-ақ оларға жүктелген функцияларды орындау үшiн қажетті өздерiндегі құжаттар мен мүлiктерге қол сұғылмайтындығына кепiлдiк берiледi.
      Көрсетiлген лауазымды тұлғалар белгіленген нысандағы киiмдi киiп, бажсыз және басқа да салық пен алымдар салынбайтын жеке пайдалану және жұмыс iстеу үшін қажетті заттар, азық-түлiк тағамдар, темекi бұйымдары және дәрi-дәрмектердi өзiмен және басқа Тарап мемлекетiнiң аумағына алып жүре aлады.
      2. Тараптар осы Келiсiмдi iске асыруға байланысты шығыстарды өздiгiнен көтередi.

  11-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) мынадай ақпараттармен алмасады:
      мемлекеттiк шекарадан заңсыз өту және оған дайындалу фактiлерi туралы;
      шекара арқылы адамдарды, қару-жарақты, оқ-дәрiнi, есiрткi құралдарын, психотроптық заттарды, құндылықтар мен валюталарды, сондай-ақ радиоактивтi заттарды заңсыз тасымалдаумен айналысатын адамдардың iс-әрекеті туралы;
      мемлекеттiк шекараның маңында адамдардың немесе жануарлардың қауiпті жұқпалы ауруларының туындауы туралы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және орман зиянкестерiнiң жаппай таралуы, өрттер мен су тасқындары туралы;
      шекара арқылы өткiзу пункттерiндегі Тараптар мемлекеттерi азаматтарына заңсыз әрекеттерінiң фактiлерi туралы;
      әрбiр Тарап мемлекетінiң қауiпсiздігіне және мүдделерiне нұқсан келтiруi мүмкiн ықтимал iс-әрекеттер туралы, сондай-ақ шекаралық қақтығыстардың алдын алу жөнiнде қабылданған шаралар туралы;
      мемлекеттік шекара режимiн қолдауға байланысты басқа да мәселелер бойынша.

  12-бап

      Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары) Тараптар мемлекеттерiнiң тиiсті уәкiлетті органдарымен бiрлесiп шекаралық қақтығыстарды болдырмау жөнiндегі ынтымақтастықты жүзеге асырады, ал олар пайда болған жағдайда шекаралық қақтығыстарға, соның iшiнде:
      мемлекеттiк шекара арқылы адамдарға және аумаққа қарай атыс жүргiзу, соның iшiнде адамдардың қаза болуына немесе жарақат алуына, мүлiктердiң бүлінуiне және басқа да ауыр салдарға әкелiп соқтыратын жағдайларға;
      адамдардың, көлiк құралдарының мемлекеттiк шекараны заңсыз кесiп өтуiне;
      мемлекеттiк шекараны жүзу құралдарымен және ұшу аппараттарымен бұзуға;
      мемлекеттік шекара арқылы контрабандаларды өткiзуге;
      басқа Тарап мемлекетінiң аумағында табиғат апатына немесе өзге де жағдайларға орай пайда болған мүліктердi табуға;
      шекара белгілерiн және басқа да шекара ғимараттарын өз бетімен немесе кездейсоқ жылжытуға, бүлдiруге немесе қиратуға;
      үй жануарларының мемлекеттiк шекара арқылы өтуiне;
      мемлекеттiк шекара apқылы өрттiң таралуына;
      Тараптар мемлекеттерiнiң мүддесiн қозғайтын мемлекеттiк шекара режимiнiң өзге де бұзылуларына тергеу жүргізедi және реттейдi.

  13-бап

      1. Осы Келiсiмнiң 12-бабында көрсетiлген шекаралық қақтығыстардың мән-жайын анықтауды келiсiлген тәртіппен шекара өкілдерi (шекара комиссарлары) жүргізедi. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тергеу шекаралық қақтығыс болған учаске аумағында шекара өкiлiнiң (шекара комиссарының) басшылығымен жүзеге асырылады.
      2. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тергеудiң нәтижелерi туралы акт, ал қажет болған кезде мәжіліс хаттамасына қосымша ретiнде қорытылатын, басқа да құжаттар жасалады.
      3. Шекара өкiлдерi (шекара комиссарлары), осы Келiсiммен оларға берiлген өкілеттiктер шеңберінде басқа Тарап мемлекетінiң аумағында болған үй жануарларын, мүлiктердi қайтару мәселелерiн шешедi.
      4. Шекаралық қақтығыстарды бiрлесiп тергеу шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) құзыретi шеңберiнде және Тараптар мемлекеттерiнiң ұлттық заңнамаларына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
      5. Шекара өкілдерiмен (шекара комиссарларымен) реттелмеген шекаралық қақтығыстар дипломатиялық арналар бойынша шешiледi.

  14-бап

      Осы Келісiм қатысушылары, Қазақстан Республикасы мен Түркiменстан болып табылатын басқа да қолданыстағы халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерiн қозғамайды.

  15-бап

      Осы Келісiмге Тараптардың келісiмi бойынша, осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiктерi болып табылатын, жекелеген хаттамалармен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгізiлуi мүмкiн.

  16-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн орындау немесе қолдану барысында туындаған кез-келген келiспеушіліктер немесе даулы мәселелер, Тараптар арасында келіссөздер жолымен шешілетiн болады.

  17-бап

      Осы Келісiм Тараптардың оның күшіне енуi үшін қажетті мемлекетішілік ресiмдердi орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енедi.
      Осы Келiсiм белгiсiз мерзiмге жасалады және Тараптардың бiрi басқа Тараптан осы Келiсiмнiң күшін тоқтатуға өзiнiң ниетi туралы жазбаша хабарламасын дипломатиялық арналар бойынша алған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн күшiнде қалатын болады.
      200__ жылғы "___" _________ ________ қаласында әрқайсысы қазақ, түркiмен және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды әрi барлық мәтіндердің күші бірдей болады.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндірген кезде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Tapaптap орыс тіліндегі мәтіндi басшылыққа алады.

       Қазақстан Республикасының           Түркіменстанның
      Yкіметi үшін                        Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының Үкiметі  
мен Түркiменстанның Yкiметі     
арасындағы шекара өкілдерiнiң    
(шекара комиссарларының)      
қызметі туралы келiсiмге      
1-қосымша              

  Шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызмет
учаскелерi туралы
Хаттама

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түркiменстанның Үкiметi арасындағы шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы келiсiмнiң 2-бабына сәйкес, Тараптар мыналарды анықтады:
      Шекара өкiлдерінің (шекара комиссарларының) қызмет учаскелерi:

       Қазақстан Республикасы тарабынан:
      Ақтау учаскесi бойынша шекара өкiлi үшiн (келу орны - Ақтау қаласы) - Cуe мүйiсiнен Қазақстан Республикасы, Түркiменстан, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесiне дейiн;

       Түркiменстан тарабынан:
      Гарабогаз учаскесi бойынша шекара комиссары үшiн (келу орны - Гарабогаз қаласы) - Қазақстан Республикасы, Түркiменстан, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік шекараларының түйiсу нүктесiнен Cуe мүйiсiне дейiн.

Қазақстан Республикасының Үкiметі  
мен Түркiменстанның Yкiметі     
арасындағы шекара өкілдерiнiң    
(шекара комиссарларының)      
қызметі туралы келiсiмге      
2-қосымша              

  Шекара өкілдерінің (Шекара комиссарларының)
және олардың орынбасарларының өкілеттіктері

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - Өкілеттік
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесінің қолы
      4-бет - 200__ жылғы "___" _________________ Қазақстан
Республикасының Yкiметi мен Түркiменстанның Үкiметi арасындағы
шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы
келiсiмнiң негізiнде
___________________________________________________________________
                   (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)

қазақстан-түркiменстан мемлекеттiк шекарасының ____________________
                                                (учаскенің атауы)
бойынша ___________________ шекара өкiлi (шекара комиссары) (шекара
       (мемлекеттің атауы)
өкілінің орынбасары) (шекара комиссарының орынбасары) болып
тағайындалды.
___________________________________________________________________
                (атағы, тегі, аты, әкeciнiң аты)

жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн
уәкiлеттенедi және осыған байланысты қазақстан-түркiменстан
мемлекеттiк шекарасынан кесiп өтуге және __________________________
                                             (мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
   (өкілеттікке қол қоюға құқығы бар адам лауазымының атауы)
___________________________________________________________________
                (атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)
      Мөр орны
      200__ жылғы "___" _________________
      5-бет - 4 беттің мәтiнi ____________ тiлiнде
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкiметі  
мен Түркiменстанның Yкiметі     
арасындағы шекара өкілдерiнiң    
(шекара комиссарларының)      
қызметі туралы келiсiмге      
3-қосымша              

  Шекара өкілі (Шекара комиссары)
көмекшісінің өкілеттігі

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттің атауы
      1-бет - Өкілеттік
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнің қолы
      4-бет - 200__ жылғы "___" ___________________ Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Түркiменстанның Үкіметі арасындағы
шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде
___________________________________________________________________
                   (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)

қазақстан-түркiменстан шекарасының _________________________________
                                          (учаскенің атауы)
бойынша _________________ шекара өкiлiнің (шекара комиссары)
      (мемлекеттің атауы)
көмекшісі болып тағайындалды.
___________________________________________________________________
                (атағы, тегі, аты, әкeciнiң аты)
жоғарыда аталған Келiсiмде көзделген мiндеттердi орындау үшiн уәкiлеттенедi және осыған байланысты қазақстан-түркiменстан шекарасынан өтуге және ____________________________________________
                                  (мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.

              Шекара өкілі (Шекара комиссары)
___________________________________________________________________
                      (мемлекеттің атауы)
___________________________________________________________________
               (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)
      Мөр орны
      200__ жылғы "___" _________________
      5-бет - 4 беттiң мәтiнi___________ тiлiнде
      6-бет -
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкiметі  
мен Түркiменстанның Yкiметі     
арасындағы шекара өкілдерiнiң    
(шекара комиссарларының)      
қызметі туралы келiсiмге      
4-қосымша              

  Хатшылардың және аудармашылардың куәлігі

      Мұқаба - Мемлекеттiк елтаңба және мемлекеттiң атауы
      1-бет - Өкілеттік
      2-бет -
      3-бет - Фотосурет, мөр, иесiнiң қолы
      4-бет - 200__ жылғы "___" _________________ Қазақстан
Республикасының Yкiметі мен Түркiменстанның Үкiметi арасындағы
шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы
келiсiмнiң негізiнде
___________________________________________________________________
                   (атағы, тегі, аты, әкесiнiң аты)
қазақстан-түркiменстан шекарасының ________________________________
                                       (учаскенiң атауы)
бойынша __________________ шекара өкiлiнiң (шекара комиссарының)
       (мемлекеттің атауы)
___________________________ болып тағайындалды.
       (лауазымы)

қазақстан-түркiменстан шекарасынан өтуге және _____________________
                                               (мемлекеттің атауы)
шекара жолағында болуға құқығы бар.

Шекара өкілі(Шекара комиссары)

___________________________________________________________________
                       (мемлекеттің атауы)
___________________________________________________________________
                 (атағы тегі, аты, әкесiнің аты)
      Мөрдiң орны
      200__ жылғы "___" _________________
      5-бет - 4 беттің мәтiнi ________ тiлiнде
      6-бет - 
      7-бет -
      8-бет -

Қазақстан Республикасының Үкiметі  
мен Түркiменстанның Yкiметі     
арасындағы шекара өкілдерiнiң    
(шекара комиссарларының)      
қызметі туралы келiсiмге      
5-қосымша              

  Екі жаққа шекарадан бір жолғы кесіп өтуге
арналған куәлік

      1-бет - қазақстан-түркiменстан шекарасынан бiр жолғы өтуге арналған Куәлік
      2-бет - 200__ жылғы "___" _________________ Қазақстан Республикасының Үкiметі мен Түркiменстанның Үкiметi арасындағы шекара өкiлдерiнiң (шекара комиссарларының) қызметi туралы келiсiмнiң негiзiнде ______________________________________________
                          (атағы, тегі, аты, әкесiнің аты)

қазақстан-түркiменстан шекарасының екi жағына да кесiп өтуге немесе
____________________________ шекара жолағында болуға құқығы бар.
   (мемлекеттің атауы)

      Иесiнiң жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде жарамды.
      200__ жылғы "___" _________________ бастап
      200__ жылғы "___" _________________ кезеңiнде жарамды.

Шекара өкілі (Шекара комиссары)

___________________________________________________________________
                     (мемлекеттің атауы)
___________________________________________________________________
               (атағы, тегі, аты, әкесiнің аты)

      Мөр орны
      __ жылғы "___" _________________
      3-бет - 2 беттің мәтiнi ________ тілінде
      4-бет -

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады