"Қазтелерадио" және "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамдары директорлар кеңестері құрамдарының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы N 443 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 21 қарашадағы N 1080 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігіне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп:
      1) "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мына кандидатуралар:
      Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға;
      Әбдімомынов Азамат Құрманбайұлы - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
      Парсегов Борис Анатольевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аппарат басшысы;
      Қуатбаев Айдар Шәкірұлы - "Қазтелерадио" акционерлік қоғамының басқарма төрағасының міндетін атқарушы;
      2) "Қазтелерадио" акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамынан Ардақ Дүкенбайұлы Досжанды, Мұрат Арыстайұлы Жүсіповті, Амангелді Сағынбайұлы Тойбаевты шығаруды қамтамасыз ету;
      3) "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайлау үшін заңнамада белгіленген тәртіппен мына кандидатуралар:
      Бабақұмаров Ержан Жалбақұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі, төраға;
      Әбдімомынов Азамат Құрманбайұлы - "Самғау" ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы;
      Ким Виссарион Валерьевич - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры;
      4) "Қазақстан телекоммуникациялары" (КАТЕЛКО) акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамынан Ардақ Дүкенбайұлы Досжанды, Мұрат Арыстанбайұлы Жүсіповті, Бахтияр Мүсірәліұлы Үкібаевты шығаруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады