Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 2 маусымдағы N 453 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2015 жылғы 31 қазандағы № 870 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 27 сәуірдегі N 470  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 19, 243-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру қорларын құру, олардың жұмыс істеу мен тарату және астық қабылдау кәсіпорындарының астық қолхаттары бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдік беру жүйесіне қатысу ережесінде:
      12-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады