Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 маусымдағы N 460 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 26 ақпандағы № 117 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.02.2016 № 117 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы  Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса беріліп отырған мемлекеттік электрондық ақпараттық
ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2007 жылғы 5«маусымдағы
N 460 қаулысымен   
бекітілген      

  Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес деректерінің тізбесі

Р/с
N
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың
құрамына енгізілетін жеке тұлғалардың дербес
деректерінің атауы

1.

Тегі

2.

Аты

3.

Әкесінің аты

4.

Тегі мен атының транскрипциясы

5.

Туу туралы мәліметтер:
туған күні;
туған жері

6.

Ұлты

7.

Жынысы

8.

Отбасылық жағдайы

9.

Азаматтығы туралы мәліметтер:
азаматтығы (бұрынғы азаматтығы);
Қазақстан Республикасы азаматтығын алған күні;
Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан күні

10.

Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)

11.

Портреттік бейнесі (цифрланған фотосуреті)

12.

Қолы

13.

Заңды мекен-жайы, заңды мекен-жайын тіркеген (тіркеуден шығарған) күні

14.

Жеке басын куәландыратын құжаттың деректері:
құжаттың атауы;
құжаттың нөмірі;
құжатты берген күні;
құжаттың қолданылу мерзімі;
құжатты берген орган

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады