Маңызды стратегиялық мәні бар мемлекеттік сатып алу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 маусымдағы N 479 Қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 21-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес заңды тұлғалар Қазақстан
Республикасы Қарулы Күштерінің мұқтажы үшін 2007 жылы сатып алудың
маңызды стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды берушілер мен
қызметтерді көрсетушілер болып белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) 2007 жылға арналған республикалық бюджетте 001 102 "Инфрақұрылымды ұстау" бюджеттік бағдарламасымен көзделген қаражат шегінде осы қаулыға қосымшада көрсетілген беруші заңды тұлғалармен тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттар жасасуды;
      2) осы қаулыға сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсау қағидатын сақтауды, сондай-ақ "Мемлекеттік сатып алу туралы"»Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 3 және 4-тармақтарын орындауды;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы«Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

                                              Қазақстан Республикасы
                                                     Үкіметінің
                                             2007 жылғы»8 маусымдағы
                                                   N 479 қаулысына
                                                      қосымша

            Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің
          мұқтажы үшін 2007 жылы сатып алудың маңызды
       стратегиялық мәні бар тауарларды, жұмыстарды беруші
      және қызметтерді көрсетуші заңды тұлғалардың тізбесі

Р/с
N

Тауарларды,
жұмыстарды
берушілер
мен қызметтерді
көрсетушілер
Объектілер-
дің
орналасқан
жері
Тауарлардың,
жұмыстар мен
қызметтердің
атауы

1.

"Күрделіқұрылыс+"
ЖШС
Өскемен қаласы

Аягөз қаласы,
Оңтүстік
әскери
қалашығы

Ғимараттар мен құрылыстарды
күрделі жөндеу

2.

"Күрделіқұрылыс+"
ЖШС
Өскемен қаласы

Аягөз қаласы,
Оңтүстік
әскери
қалашығы

Әскери қалашықтың
аумағын жайластыру

3.

"Күрделіқұрылыс+"
ЖШС
Өскемен қаласы

Аягөз қаласы,
Оңтүстік
әскери
қалашығы

Мемлекеттік сараптама
жүргізе отырып,
жобалау-сметалық
құжаттаманы әзірлеу
және Аягөз гарнизонының
күрделі жөнделетін
объектілерін зерттеу

4.

"Жамбылжолқұрылыс"
ЖШС
Тараз қаласы

Гвардейск
қүк.,
әскери
қалашық

Ғимараттар мен
құрылыстарды күрделі
жөндеу

5.

"Жамбылжолқұрылыс"
ЖШС
Тараз қаласы

Гвардейск қүк.,
әскери
қалашық

Әскери қалашықтың
аумағын жайластыру

6.

"Жамбылжолқұрылыс"
ЖШС
Тараз қаласы

Гвардейск
қүк.,
әскери
қалашық

Мемлекеттік сараптама
жүргізе отырып,
жобалау-сметалық
құжаттаманы әзірлеу
және Гвардейск гарнизонының күрделі
жөнделетін объектілерін
зерттеу

7.

"Агат-7" ЖШС
Балқаш қаласы

Балқаш қаласы

Балқаш гарнизонының
ғимараттары мен
құрылыстарын күрделі
жөндеу, шектес аумағын
жайластыру

       Ескерту. Тізбеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.10.12.  N 942 Қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады