Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексінің 130-бабына және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы Созақ ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Созақ орман мекемесі) орман қоры жерінен алаңы 500 гектар жер учаскелері өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауыл шаруашылығы емес мақсаттағы жерлер санатына ауыстырылсын.
2. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданында орналасқан Мойынқұм кен орнының N 1 (Оңтүстік) учаскесінің оңтүстік бөлігінде уран өндіруді жүргізуге арналған 2000 жылғы 26 қыркүйектегі тіркеу нөмірі N 543 келісім-шартқа сәйкес уран өндіруге "Тау-кен компаниясы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелерін беруді қамтамасыз етсін.
3. Серіктестік қолданыстағы заңнамаға сәйкес орман алқаптарын орман шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін оларды алып қоюдан туындаған орман шаруашылығы өндірісінің шығындарын республикалық бюджеттің кірісіне өтесін және алынған сүректі Созақ орман мекемесінің теңгеріміне бере отырып алаңды тазарту жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі